Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата16.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#108213
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
еттім»,
–дейді. Әбу Ханифа: 
«Алла сізден разы 
болып, істеген ізгі амалыңызды сауаптан жазғай»
,–
деп бата береді. 


q
q
20
Имам Ағзам Әбу Ханифа
Бостандық алған құл Имам Ағзамға рахметін 
айтып, одан: 
«Ұстаз, бір сұрағым бар. Екі апта бұрын 
айтқан өтінішімді неге бүгін ғана орындадыңыз»,
– 
деп сұрайды. Әбу Ханифа: 
«Ол күні құл азат етуге 
жететін ақшам жоқ еді. Сол үшін екі апта бойы 
жұмыс істеп, ақша жинадым. Базардан құл сатып 
алып, оны азат еттім. Содан рухани жеңілдік 
пен әлдеқандай рахатты сезіндім. Бұл амалды 
өзім істемей тұрып басқаға бұйырғанымда, оның 
ешқандай әсері болмас еді, қожаң да саған азаттық 
бермес еді»,
–деген екен [3, 104].
Әбу Ханифа – ұлық имам, мәшһүр ғалым
Ия, ол жайлы пікір білдірген замандастары 
мен оны өзіне ұстаз санаған немесе ғалым, білімге 
қол созғандардың барлығы да Әбу Ханифаның өз 
заманының озық ғалым болғандығын мойындайды. 
Әбу Жағфар ар-Рази (р.а.): 
«Мен Әбу Ханифадан 
артық ғалым әрі тақуа адамды кезіктірмедім»,
– десе, 
Жағфар ибн Раийғ (р.а.): 
«Мен Әбу Ханифамен бес 
жыл бірге тұрдым. Одан аз сөзді жанды көрмедім. 
Ал одан бір-ақ нәрсе жайлы сұраса, ол ашылып, сел 
тәрізді ағылар еді»,
–деп еске алады.
Ал, Йазид (р.а.): 
«Тақуалық пен ақыл-
парасаттылықта Әбу Ханифаға (р.а) тең келетін 
адамды көрмедім»,
–десе, Әбу Асим Нубәйл (р.а.): 
«Әбу Ханифа (р.а.) намазды қадалып көп оқығандығы 
үшін, көпшілік оны «қазық» деп атап кеткен»,

дейді.
Уакиъ (р.а.): 
«Әбу Ханифа (р.а.) аманатқа өте 
адал, аса ұлық Алла тағаланың есімін жүрегінің 
түкпірінде сақтайтын. Сондықтан да ол кез-келген 
жағдайда Алла разылығын бірінші орынға қоятын. 


q
q
21
Имам Ағзам Әбу Ханифа
Алла тағала үшін қылыш азабын көруге де дайын 
еді»,
–дейді.
Мәккий (р.а.): 
«Куфалықтармен бірге болдым
араларынан Әбу Ханифадан (р.а.) өткен тақуаны 
көрмедім»,
– деп еске алады.
Яхья әл–Қатъан (р.а.): 
«Әбу Ханифаның (р.а.) 
жүзіне қарап, Алланың шынайы пендесі екенін 
байқадым»,
–десе, Абдулла ибн Мүбарак (р.а.) 
Суфъян Сауриға (р.а.): 
«Ей, Әбу Абдулла, Әбу 
Ханифаның ғайбат айтуына қандай іс тосқауыл 
болды екен, бір рет те ғайбат айтқанын көрмедім»,

деді.
Сонда Суфъян (р.а.): 
«Әбу Ханифа (р.а.) дана 
кісі, өзінің жақсы амалдарын жоятын іс-әрекетті 
ешқашан жасамайтын»,
–деген екен.
Ибн Мүбарак (р.а.): 
«Әбу Ханифаны (р.а.) еске 
алып: «Бұл кісі туралы не деуге болады? Оған мансап 
пен байлықты ұсынғанда, ол одан бас тартады
дүрелесе де бетінен қайтпайды. Басқалар отырған 
таққа ол азаптасаң да отырмайтын»
,–дейді.
Хасан ибн Салих (р.а.): 
«Әбу Ханифа (р.а.) 
аса тақуалығына байланысты харам істерге 
жоламайтын, күмәнді нәрсеге де қол сұқпайтын, ол 
кісідей өзіне, біліміне өте сақ адамды көрмедім»,

деген.
Сәһл ибн Мадхим (р.а.): 
«Әбу Ханифаның (р.а.) 
үйіне кіріп едік, үйінен бұйрадан (қамыстан жасалған 
төсеніш) басқа ештеме көрмедік»,
–дейді.
Мүжаллид (р.а.): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет