Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011


«Ей,  иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарға және өз



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата16.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#108213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
«Ей, 
иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарға және өз 
араларыңдағы ұлықтарыңа бойсұныңдар. Егер 
өзара бір нәрсеге келісе алмасаңдар, оның жайын 
Алладан, пайғамбардан сұраңдар. Аллаға, қиямет 
күніне сенетіндерің рас болса, бұл сендер үшін 
қайырлы әрі тиімді» 
(«Ниса» сүресі, 59-аят), – деп 
ескертеді. 
Шариғаттың негізгі мәселелері Құран мен 
хадисте қамтылған. Сондықтан хазіреті Мұхаммед 
пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ислам қауымына: 
«Ей, 
мұсылмандар! Мен сендерге екі нәрсені қалдырып 
барамын. Егер оларды бекем ұстап, амал етсеңдер, 
ешқашан адаспайсыңдар. Олар – Алланың кітабы 
(Құран Кәрім) және Алла елшісінің сүннеті»,

деген. 
Уақыт өте мұсылмандардың саны көбейе түсті, 
жаңа мәселелер туындай бастады. Өйткені, өмір мен 
тіршілік үнемі өзгеріп, өркендеп, жаңарып, дамып 
отырады. Бұндай жағдайда, сахабалар өз білімдеріне 
сүйеніп, шариғат шеңберінде ол мәселелерді шешіп 
отырды. 
Мысалы, Әбу Бәкір (р.а.) өзінің халифалық кезінде 
бір мәселеге байланысты шешім шығарар алдында 
Құран аяттарына сүйенген, ол мәселенің жауабын 
аяттардан таба алмай қалған жағдайда, хадистерден 
іздеген. Ол жерден де таба алмаса, білімді де беделді 
сахабалардың басын қосып, олармен сол мәселелер 
туралы кеңесіп, ойларын тыңдап, содан кейін ғана 
шешім қабылдайтын.
Кейінірек Ислам діні өзге халықтар, ұлыстар 
арасына таралды. Олар араб тілін де, дінін де 
білмейтін. Діни үгіт – насихат пен тағылым істерін 
оларға жеткізу сахабалар үшін оңай емес-тін. Бұл ретте 


q
q
7
Имам Ағзам Әбу Ханифа
сахабалар ислам дінін бүге-шігесіне дейін үйренемін 
дегендерге ұстаздық етті. Сол ұстаздар қатарына 
хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың ұлық 
төрт халифасы, сондай–ақ Абдулла ибн Масъуд 
(590–653), Абдулла ибн Омар (612–643), Абдулла 
ибн Аббас (619–686), Абдулла ибн Әмр ибн Аас 
(571–664), Зәйд ибн Сәбит (615–665) және Айша 
(613–678) (р.а.) анамызды жатқызуға болады. Олар 
өз заманының дара адамдары еді. Абдулла ибн 
Аббастың (р.а.) үйі «білім ордасы» атанған.
Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз оларға: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет