Жұмыс орнының жарықтануына аса мән беру керек. Парта мұғалім үстелі мен терезеге жақын бірінші орында орналасуы керек. Оқушы диктофонды пайдалануына болады (оның конспектілеу тәсілі). Мүмкіндігіне қарай, әртүрлі сабақта қолданылатын құралдар тек қана көрнекі емес сонымен қатар, қолымен ұстау үшін болуына жағдай жасалануы керек.
Берілген жеке тапсырмаларды, карточкаларды үлкен кеңейтілген қарпімен әзірленуі тиіс.
Арнайы педагог – тифлопедагог.
Есту кемістігі бар оқушылар
Сипаттамасы
Нашар еститін балалардың естімейтін балалардан айырмашылығы қалдық есту мүмкіндігін оқу процесінде қоршаған ортаны тану және адамдармен қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін. Есту қабілеті жоғалған бiрақ сөйлеу тілі сақталған, кейіннен естімей қалған балалардың да артықшылықтарын атап кету керек.
Сипаттамасы
Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500-ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты ажыратады. Сөзді нашар еститіндердің дамымаған және бұрмаланған сөздiк қорының жетіспеушілігі байқалады, сөздердің лексикалық мағынасы дұрыс меңгерiлмеген, грамматикалық құрылымдарды дұрыс емес, мысалы: әртүрлi санаттарды араластырған, олардың мәнін дұрыс түсінбеу және соның салдары ретінде өз сөзінде оларды дұрыс пайдалана алмауы.
КИ бар оқушылардың жалпы білім беретін мектептерде оқытылуы
Кохлеарлық имплантация (КИ) есту-сөйлеу арқылы керең балаларды оңалтудың тиімді әдісі ретінде және Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту аясында белсенді дамып келеді. Кохлеарлық имплантация, аппарат ретінде есту жүйкесінің афференттік талшықтарын тікелей электрлік ынталандыру арқылы есту сезімін қалпына келтіру мақсатында ішкі құлаққа электрод жүйелерін қосуды білдіреді.
КИ бар оқушыларды оқыту кезеңінде, олар нашар еститін балалар санатына жатпайды, имплант толығымен есту функциясын қамтамасыз етеді. Оқушыларға толық тіл дамытуын және толықтыруын қажет.