Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет65/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   113

дамуы  жəне  шығу  тарихы»  Ізбедер  əдісінің  негізін  қалаушы-Альфонсо  Бертильон-полиция 

картотекасының жазушысы, ол құрметті статистик-дəрігер. Ізбедердің шығуы бір адамның дене 

өлшемдері  екінші  адам  өлщемдеріне  ешқашанда  сəйкес  келмей-тінін  статистикалық  жəне 

ғылыми тұрғыда анықтау. Ол қылмыскерлердің арнайы өлшем-дерін алып (9 өлшем: бой,қолдың 

серпілуі, төстің өлшемі, бастың өлшемі, сол табаның ұзындығы, сол қолдың ортанғы саусағы, сол 

құлақ)  өлшемдерді  карточкарларға  жазып  жəне  сол  арқылы  тіркелген  адамдарды  танығысы 

келеді.1891 жылы Европада бертиль-онаждың басталған кезі. Одан бұрын болған ізбедер əдістері 

бұрыннан бері қолданылып келе жатқан суреттерін салып жəне сол арқылы қылмыскерді табу. 

Бұл үшін көптеген қылмыскерлер «шеруін» қолданып, оларды қатысқан полиция қызметкерлері   

жаттаған.  Оларға  көмек  болған  суреттер  мен  негізгі  сурет  түсіру  əдістерін  Бертильон 

құрастырған. Бертильонамен қатар ізбедер əдісі де өмірге келген: Вильям Хершель-колониялық 

инспек-цияның  жұмыскері,  Индияда  адамның  қолындағы  ізін  зерттеп,олардың  өмір  бойында 

өзгермейтінін дəлелдеді.Френсис Гальтон-антропометрия бойынша ең атақты ғалымдар-дың бірі 

жəне  ізбедер  əдістің  бертильонаждан  бірнеше  есе  артық  екенін  Лондонда  ең  бірінші  айтқан 

ғалым. Жуан  Вучемичаның  еңбегін  де  сипаттамай  кетпеуге  болмайды, ол  бірнеше жыл бұрын 

ізбедер  əдісін  шығарып  жəне  оны  оңтүстік  Американың  полицейлері  қолданған. 1914 жылы 

Бертильонның  қаза  тапқан  жылы    бертильонажды  қолданудың  ең  соңғы  жылы  болып  жəне 

дактиласкопияның жеңуі болды [1,2] 

 Иманалиева Индира: «Тері  бетінің құрылысының бөлшектері» Тері бетінің құрылы-сының 

негізі алақан бөлімінен жəне мынадай бөлімнен тұрады: 



Флексор сызығы (латын тілінен – иілуі) саусақтар мен қолдың қозғалысы кезінде пайда болған 

терең сызықтар.  



Папиляр сызығы – саусақ пен алақан беттерінде терең емес, тері беттеріндегі сызықтары саусақ 

пен  алақан  беттерінің  анатомиялық  құрылысы  бойынша  əр  түрлі  көлемде,  айналма-лы, 

қайталанбас өрнектермен кескінделген. 

Саусақ асты сызығы – сызықтардың төменгі негізіндегі папиляр сызықтары дөңес өрнегі (61,0-

9505%), ілмешекті (13,5-37,5%), айналмалы өрнегі (1-11%) өте сирек кездеседі. 

Тері  бетінің  негізгі  бөлшегін  құрайтын  папиляр  сызықтарына  түскен  əр  түрлі  механикалық 

жарақаттар (шрам, тыртықтар, терінің кесіліп қалуы) сияқты əр түрлі кəсіби салада (тері ауыруы, 

сүйел  т.б.)  кезінде  терідегі  папиляр  сызықтары  өз  қалпында  өзгеріссіз  келеді.  Тек  қана 

тыртықтардың  терең  кесілген  жерінің  папиляр  сызықтары  кесінді  түрінде  қалады.  Саусақ 



сүйектеріндегі  папиляр  өрнектері.  Бірнеше  папиляр  сызықтарының  топтасқан  түрі,  саусақ 

жастықшасының  (саусақ  басынан  аяғына  дейін)  орналасқан.  Папиляр  сызық-тары  саусақ 

сүйектерінің  сыртқы  бетіне  қарай  аяқталады.  Əрбір  саусақ  сызықтарының  арасында,  саусақ 

сүйектер  арасындағы  иілген  жерлерінде  əжімдер  қыртысы  бар.  Кримина-листика  саласында 

салыстыру  барысында  осы  папиляр  сызықтарының  жалпы  жəне  сирек  кездесетін  белгілерімен 

анықталады. 

565


Тері көздері ішіндегі кескіндері геометриялық түрде (домалақ, сопақша, төрт бұрыш-ты, үш 

бұрышты,  бес  бұрышты,  көп  қырлы,  жартылай)  папиляр  сызықтары  арасында  ерек-ше  орын 

алады [3]. 

Рефлексия 1. Оқушылар сендер бір-біріңді тыңдай отырып өздерің осы семинардан қандай ой 

түйдіңдер



2. Бүгінгі сабақтан сапалы, мəн-мағыналы, өнегелі тəрбие мен білім алдыңдар.Ұрпағы білімді

халықтың  

       Болашағы  бұлыңғыр  болмайды,-дегендей  сендер  де  тəуелсіз  мемлекетіміздің 

еңбекқор, кəсібін терең түсінетін,өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана алатын маман 

иелері болады деп сенемін. 

Балнұр: Қазір жасөспірімдер арасында насыбайды пайдалану кең өріс алуда.Мен осы тақырыпқа 

шағын  жоба  жазып,  насыбайдың  адам  ағзасына  өте  үлкен  зиян  тигізетінін  айтып,  түсіндіргім 

келеді. 

Əділет:  Қазіргі  кезде  қаламызда  аллергиялық  жəне  тері  аурулары  кең  етек  алып  барады,  мен 

болашақта дəрігер болып осы ауруларды емдегім келеді. 



Оқушылардың өзін- өзі бағалау парағы бойынша білімдерін бағалау 

Үйге  тапсырма.    I.Мына тақырыптарға шағын жоба жазып келу. 

1.Жасанды тері əдісі.  

2.Тері күтіміндегі қателіктер.

Биология пəнінен оқушылардың  оқу жетістіктерін 

бағалаудың жалпы критерийлері 

  Критерийлер 

Оқушы жетістіктерінің жоғарғы көрсеткіші 

А      Ынтымақтастық 

   6 

В      Коммуникативтілік 



   6 

С      Ғылыми білімі мен түсініктері  

   6 

Барлығы  



  18

 Ұпайды  бағалау межесі  18-16 ұпай - баға «5»  (100%- 89%)15-13 ұпай - баға «4»  (88%- 

75%)12-11 ұпай - баға «3»  (74%- 61%),   10- ұпай - баға «2»  (60% ) 

   Оқушының өзін-өзі өлшемді бағалау парағы: 

Жетістік 

деңгейлері 

   А  Критерийі 

   Дескрипторлар 

ұпайы 

0 

Төмендегі берілген деңгейлерге қол жеткізе алмадым 

1 

Берілген  терминдердің  мағынасын  түсініп  қолдана  алмады,  жауап 

мазмұны толық емес. 

2 

Берілген  сұраққа  жауап  беремін,  бірақ  өздігімнен  мысал  келтіруге, 

анықтамалар беруге қиналамын. 

3 

Жауап 

репродуктивті 

берілген, 

терминдердің 

жауаптарын 

шатыстырамын,  мысал келтіре алмаймын. 

4 

Терминдерді білемін, мысалдар арқылы дəлелдеймін, бірақ нақты жүйелей 

алмаймын.  

5 

Ақпараттарды толық білемін, бірақ қарапайым қателер жіберемін. 

6 

Анықтамалар  мен  түсініктерді  ғылыми  тілде,  нақты  мысалдар  бере 

отырып жеткіземін.  

566


Жетістік 

деңгейлері 

     В Критерийі    

    Дескрипторлар 

ұпайы 

0 

Берілген деңгейлердің ешқайсысына қол жеткізе алмадым 

1 

Терінің адам өміріндегі қызметі мен маңызын білдім 

2 

Терінің құрылысын, терінің қабаттарын білдім 

3 

Тері ауруларының түрлерін білдім 

4 

Адам терісінің зақымдалған кезінде көрсетілетін алғашқы көмек пен алдын 

алу шараларын  білдім 

5 

Тері гигиенасын сақтаумен шынықтырудың адам өміріндегі маңыздылығын 

білдім  

6 

Терінің із бедерін анықтаудың  қоғамдағы қажеттілігін білдім 

Жетістік 

деңгейлері 

  С Критерийі    

 Дескрипторлар 

ұпайы 

0 

Жетістік деңгейлерінің ешқайсысына қол жеткізе алмадым 

1 

Берілген    биологиялық  тапсырмаларға  толық  жауап  жоқ,  қосымша 

мəліметтер келтіре алмадым  

2 

Берілген    биологиялық  тапсырмаларым  толық  емес,  репродуктивті 

деңгейде дəлелдемелер мен нақты шешімдерім жоқ  

3 

Берілген    биологиялық  тапсырмаларды  толық  орындадым,  зерттеу 

жұмысының қорытындысын толық аша алмадым 

4 

Берілген    биологиялық  тапсырмаларды  толық  орындадым,  зерттеу 

жұмысының əлеуметтік маңыздылығын толық аша алмадым 

5 

Ақпаратты  өзіндік  көзқарасыммен,  қисынды,  ғылыми  ізденістерімен 

қабылдай аламын 

6 

Өзіндік  ғылыми  идеяларымды  жəне  біліктілігімді  өмірдегі  əр  түрлі 

жағдаяттарды шешуге қолдана білемін 

Оқушы аты-жөні________________________________________________________ 



Жалпы ұпай саны  «      »                                                     Бағасы  «        » 

567


Оқу  əрекетін  жаңаша  ұйымдастыру  арқылы  жүргізілген  сабақтар  яғни  оқушының    өз 

еркімен игерілген білімі ғана оның қажетіне айналады. 



Əдебиеттер тізімі 

1.Торвальт Ю. «Век криминалистики». Москва: Прогресс, 1991.

2. Поврезнюк Г. И. «Справочник следователя». Алматы, 1998.

3. Руководство по дактилоскопической регистраций.

МВД  СССР Главный научно-исследовательский центр управления и информаций. Москва, 1982. 

4. Очкур Е., Аманжолова Л., Жұмабаева  Р. Биология 8-сынып.

5. Петровский Б.В. Популярная медицинская энциклопедия.

6.

http://www.youtube.com/watch?v=oBZirFx822o



   «Күн сəулесінің теріге əсері» Бейнефильм

7.

http://kivvi.kz/watch/77uigd272wzm/



     «Қышыма қотыр кенесі» Бейнефильм

8.

http://www.youtube.com/watch?v=k6UMCl4a9hM



 Терінің құрылысы

9.

http://kz.zaman.com.tr/kz/newsDetail_getNewsById.action?newsId=54781&columnistId=0



Ахан 

Құнды


з 

Амант


аева 

Ә

йгері



м

Ә

бено



ва 

Рауша


н

Байыр


шанов 

Жасұл


ан

Бектіб


ай 

Балнұ


р

Жухан


ов 

Ә

ділет



Кариб

аева 


Алтын

ай 


Кәкімб

ек 


Бейба

рыс


Құрма

нғали


ева 

Анель


Қыды

рбай 


Нұрсұ

лтан


Қошм

ағанб


етова  

Аққу


Мұхан

бетжа


нова 

Ақсая


Сауқы

мова 


Диана

Төлен 


Алмас

Имана


лиева 

Инди


ра

ұпайы


17

16

18



18

18

18



17

18

18



17

16

18



16

18

18



бағасы

5

5



5

5

5



5

5

5



5

5

5



5

5

5



5

пайызы 94%

89% 100% 100% 100% 100% 94% 100% 100% 94%

89% 100% 89% 100% 100%

0

5

10



15

20

Өзін - өзі бағалау  нəтижесі

568


ЖАҢАША ӨЗГЕРУ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ 

Ербатырова А. Ж.

 

Көкөзек ауылындағы Қуат Терібаев атындағы орта мектеп 

Ақсу ауданы,  Алматы облысы  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Бұл  мақалада  Алматы  облысы  Ақсу  ауданы  Қуат  Терібаев  атындағы  орта  мектебінің 

ұжымының жалпы жаңаша өзгеруге деген  көзқарасы  туралы айтылған. Мектеп мұғалімдері 

енгізіліп  жатқан  жаңа  əдіс-тəсілдердің,  оқытуда  қолданылатын  стратегиялардың  оқу 

үдерісіне қолдануға болатыны туралы мəлімет берілген. Мұғалімдердің жаңа өзгеріске деген 

көзқарасы, оқушылардың қызығушылықтарының артқаны туралы жазылған.  



Аннотация: 

В  этой  статья  говорится    о  взгляде  на  изменение  общего  стиля  работы  коллектива 

государственного учреждение  «Средняя школа имени Куата Терибаева с дошкольным мини-

центром»  Аксуского  районного  отдела  образования  Алматинской  области.  Дана 

информация  о  внедрении  в  практику  учителями  школы  новых  методов  и  приемов

применении стратегии в учебном процессе. В данной статье написано о взгляде учителей на 

новые изменения в образовании, о повышении интереса учащихся. 

Abstract 

 In this article was spoken about  a look to the newly change of general style of work of 

collective of state  of  the Secondary school  after Kuat Teribaev of Aksu district of  Almaty region. 

The information  about introductions in practice by the teachers of school of new methods of 

receptions, application of strategy in an educational process is given. In this given  article  the look 

of teachers to new changes of  education, about the increase of interest of students are  written. 

Əлемде  болып  жатқан  өзгерістер    əлемдік  білім  беру  жүйесіне  өзіндік    əсерін  тигізіп 

отырғаны белгілі. Өйткені ХХІ ғасыр -  білім ғасыры. Сол білімді ұрпақты тəрбиелеу жəне 

сол заман талаптарына сəйкес өмір сүре білетін жеке тұлға тəрбиелеу – ұстаздар қауымының 

еншісінде.  Менің  мектебім  Қуат  Терібаев  атындағы  орта  мектебі,  мектепке  дейінгі  шағын 

орталығының  ұжымы  қашан  да  заман  ағымындағы  өзгерістерді  енгізуге  жəне  оған  қолдау 

көрсетуге əрқашан дайын. Олай дейтінім, 1-деңгей бағдарламасының «Бетпе-бет» 1-кезеңін 

аяқтап  келгенімде  тəжірибе  кезеңін,  мұғалімдер  мен  оқушыларды  зерттеу  барысында    көз 

жеткіздім.  Алғашқы  кезде  мен  неліктен    оқыту  тəсілдерін  өзгертуге  тиіспін?  Мен    мұны 

қалай істеймін?  Өзгерту үшін  мен не істеуім керек? деген сұрақтарға жауап іздедім. Осыны 

мақсат  етіп  негізге  алдым. «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  мен  Педагогикалық 

шеберлік  орталығы  Кэмбридж  университетінің  білім  беру  факультетімен  бірлесе  жасалған 

деңгейлік  бағдарламамен  ұжымды  таныстыра  келе,  білім  сапасын  көтеру  үшін  заман 

ағынына  карай  өзгеруді  қажет  екенін  айттым  жəне  өзімді  ұжымның  қолдау  көрсеткенін  

аңғардым. 

 Оқушылар мен мұғалімдердің оқу үдерісіне қатысты пікірлері мен көзқарастарын білу 

мақсатында аудит жүргіздім. 

Мұғалімдерден,  ата  аналардан,  оқушылардан  алынған  сауалнама  түгел  талданды, 

сауалнама  бойынша  анықталған  проблемалардың  барлығын  шешу  мүмкін  емес  екенін 

569


білемін,  дегенмен  мені  қызықтырғаны  мектептегі  басымдық  ретінде  «Сабақта  жаңа  əдіс – 

тəсілдер  арқылы  белсенді  топтық  жұмыстарды  қолдану»  деген  тақырыпты  таңдадым. 

Оқытудың  амал-тəсілдері  туралы  білім  мен  бірлескен  тəжірибенің  негізінде  анықталған 

проблемалардың шешу жолын қарастыру  үшін  өз мектебімде  білімді қолдану мен тарату 

əдістері бойынша жұмыс жүргізуді жоспарладым.   

          Мектеп  оқушыларын    мінез-құлқы  мен  қарым-қатынастарын  сараптағанда: 

оқушылардың  басым  көпшілігі  мектептен  себепсіз  қалмайтындарын,  мектепке  жəне  пəн 

мұғалімдеріне  қанағаттанатынын  жəне  мектепке  сенім  білдіретіндерін  жазып  өздерінің  игі 

қабылдайтын  оқушылар  қатарына  жататындықтарын  дəлелдеді. XXI ғасыр  оқушыларының 

дағдыларын  ескерсек,  ықпал  ететін  оқушылар  санатына  сəйкес  болу  үшін,  келешегін 

анықтауға  жəне  жоспарлауға  ұмтылады,  мұғаліммен  оқыту  мен  оқудағы  проблемаларын 

талқылауға  ұмтылады,  ұйымдастыру  жұмыстарын  жүргізуге,  жауапкершілігін  алуға  дайын, 

құрдастарына  көмектесуге  дайын  болуы  керек.  Нақты  осы  дағдыларды    оқушы  бойына 

игерту  үшін    ең  бірінші  оқушылардың    жауапкершілігін  арттыру  керек    деп  ойлаймын

Мұғалімдердің  көшбасшылығы  бірқатар  тəсілдермен  олардың  тиімділігін  арттыра  алады. 

Үздіксіз  оқуға  жəне  оқытуды  жетілдіруге  ерекше  назар  аудару  жекеленген  мұғалімдердің 

жұмыс жақсартуы мүмкін, ал сонымен бірге əріптестерімен пайдалы тəжірибе алмасуға баса 

көңіл бөлу барлық мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру мүмкін.  

Мектебімнің  мұғалімдерінің  сабағына  қатыстым.  Мұғалімдер  түрлі  стратегияларды, 

əдіс-тəсілдерді орынды пайдаланады, бірақ сабаққа қатысқан кезде байқағаным əлі де жаңа 

əдіс-тəсілдермен  толықтыру  керек  екенін  байқадым.  Мектебімнің  мұғалімдері 

шығармашылық  тақырыптар  бойынша  іздену  жұмыстарын  жүргізеді,  жұмыс  нəтижелерін 

мақала  ретінде  газет-журналдарға,  конференция  жинақтарына  енгізген  бірінші  санатты 

ұстаздар  да  жоқ  емес  (Жоғары  санатты  мұғалімдер  жоқ).  Осы  ұстаздардың  мектепте  басқа 

мұғалімдермен    кəсіби  тұрғыдан  үнемі  көмек  көрсететіні  белгілі,  демек  мектепте  кəсіби 

қоғамдастық бар. Кəсіби қоғамдастық  өте тиімді жəне бірігіп, бірлесіп жасалған жұмыстың 

алда  беретін  нəтижесінің  де  болатынын  ұжым  мүшелері  түсінеді.  Мектепте  кəсіби 

қоғамдастық  жұмысын  əлі  де  жандандыру  керек  екені  байқалады.  Мұғалімдердің    кəсіби 

қоғамдастығы олардың кəсіби дамуына əсерін тигізетіні анық.  

          Мектепті дамыту  жоспары  бойынша жоспарланған жұмыстар, коучинг сессиялар мен 

тəлімгерлік отырыстар өткізіліп тұрады. Өткізілген коучинг сессиялар, тəлімгерлік үдерістер 

мектептегі  əріптестердің  диалогтік  оқытуда  сын  тұрғысынан  ойлауына,  оқыту  үшін 

бағалаудың, орта мерзімді жоспардың, «Белсенді емес сынып пен белсенді сынып» тəсілінің  

оқу  үдерісіне  əсер  етуіне    оң  ықпалын  тигізді.  №1  Коучинг  сессиясы  «Оқушылардың 

қызығушылығын арттыру мақсатында диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбында өтілген 

болатын.  Коучинг  сессиясында  коуч  мұғалім  бастамасын  жағымды  психологиялық  ахуал 

тудыртып,  топқа  бөлді,  алғашқыда  топ  мүшелеріне  жалпы  диалог  ұғымы  туралы  мəлімет 

берілді.  Мағлұматпен  танысқан  соң  Мерсердің  зерттеуіне  сəйкес  диалогтің  үш  түрін  топқа 

бөлініп  беріліп  əрқайсысы  түрлеріне  қатысты  постерге  сызбасын  көрсете  отырып  талдады. 

Ондағы  табыс  критерийлері:  Оқушылар  диалогтың  түрлерін  біледі,  өз  ойларын  ашық  айта 

алады.  тəжірибеде  қолдану  арқылы        оқу,  оқыту  үдерісінде  оқушылардың        бірлескен 

əрекеті,  белсенді  қарым-қатынас  қалыптастыра  алады;  пікіралмасу,  талқылау,  зерттеу 

барысында    оқушылардың  сыни  тұрғыдан  ойлауға  мұғалім  түрткі  болып  отырады.  Осы 

аталған  табыс  критерийлеріне  қаншалықты  қол  жеткізілді  деген  ой  мені  мазалады.  Мен 

көшбасшы  ретінде  коучинг  сессиялардың  аралық  бақылауларына    назар  аударып, 

əріптестерім үшін қаншалықты тиімді болғандығын білгім келіп, мектепте орыс тілі пəнінің 

мұғалім Гүлайым Əбітайқызы Рахымбаевадан құрылымдалмаған сұхбат алдым. Ол өз ойын 

570


былай  жеткізді: «Қазақстан  Республикасының  білім  саласында  көптеген  өзгерістер  орын 

алуда.  Ол  мұғалімдердің  деңгейлік  курсынан  өтуі.  Бұның  қажеттілігі  неде?  Қазіргі  заман 

ақпараттық технологияны кеңінен меңгерген заман.

 

Оқушы жай, дəстүрлі бор мен тақтамен 



оқытқан сабақты қабылдағысы келмейді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен 

сұхбаты  үлкен  пайда  келтіретіндігін  көрсететін  дəлелдер  жеткілікті  Оларды  қызықтыру 

керек. Қызықтыру үшін мұғалім əр түрлі əдіс - тəсілдерді пайдалануы қажет. Сол себептен 

мұғалім  шығармашылықпен  жұмыс  жасау  қажеттілігі  туындауда.  Мұғалім  өзі  сөйлеп, 

сабақты  оқушыға  дайын  күйінде  беру,  бұл  кешегі  күн.  Оқушы  өзі  ізденуі  керек.  Диалогтік 

оқытудың зерттеушілік əңгіменің маңызы зор екенін білдік. Сабақта мұғалім бағыт - бағдар 

беріп, оның шығармашыл тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ету керек. Əңгіме дебатта, 

кумулятивті  əңгімеде  оқушы  өз  ойын  жетік  айта  білуі,  өз  ойын  дəлелдей  білуі  қуанарлық 

жайт.  Ол  ертең  өзін  қорғай  алады,  өмірде  тиімді  жерде  қолдана  білетіні  сөзсіз.»  Осы 

сұхбаттан  кейін  коучинг  сессиясының  тиімді,  əрі  оқушыға  жəне  мұғалімге  қажеттілігін 

анықтадым.

 

Сыныптағы  оқушылардың  бірлескен  сұхбаты  үлкен  пайда  келтіретіндігін 



көрсететін  дəлелдер  жеткілікті.   Олар: 1. Оқушылардың  тақырып  бойынша  өз  ойларын 

білдіруіне  мүмкіндік  береді; 2. Басқа  адамдарда  түрлі  идеялардың  болатындығын 

оқушылардың  түсінулеріне  ықпал  етеді; 3.Оқушылардың  өз  идеяларын  дəлелдеуіне 

көмектеседі; 4.мұғалімдерге  оқушыларды  оқыту  барысында  олардың  оқушылары  қандай 

деңгейде  екендігін  көмектеседі.  Жалпы  №1  коучинг  сессиясын  жалпы  саралап, 

мұғалімдердің сабақтарындағы өзгерістерді бақылау, талдау, кеңес беру арқылы мұғалімдер 

қажеттіліктерін  тиімді  жерде  қолдана  келе,  келесі    №2  коучинг  сессиясы  өткізуге  мұғалім, 

оқушы  қажеттіліктеріне  сай  «Диалогтік  оқыту  барысында  оқытуды  бағалау  жəне  оқу  үшін 

бағалаудың  маңызы»  тақырыбында  жүргізілуі  жоспарланды.  Ондағы    табыс  критерийлері: 

оқушылар  өзін-өзі  жəне  өзгені  бағалауды  біледі,  мұғалім  бағалау  тəсілінің  тиімділігін 

түсінеді, мұғалім формативті бағалауды өз сабағында  қолданады, бағалаудың əділ екендігіне 

сенімді болады, мұғалімнің оқыту үшін  бағалау туралы білімі жинақталады. Коучинг сессия 

барысында  мұғалімдерге  «Галерея»  əдісі  бойынша  постерге  жылқының  суретін  салғызып, 

өзара  бағалады.  Коучер  мұғалім  интербелсенді  тақта  арқылы  жалпы  бағалау  туралы 

мəліметтерді  түсіндіріп,  түрлі  мысалдарды  келтірді.  Коуч  соңында  мұғалімдердің 

рефлексиясынан формативті жəне суммативті бағалау туралы білімдері қалыптасқанын, олар 

бағалау  түрлерін  ОҮБ  мен  оқу  үшін  бағалауды  бір-бірінен  ажыратып,  өз  сабақтарында 

қолдануға қызығушылық білдірді 

Коучинг сессиялары кезінде мұғалімдер тақырыпты жақсы қабылдап, өз сабақтарында 

алдағы  уақытта    пайдаланатындықтарын  айтып,  ризашылықтарын  білдіріп  жатады.  Топпен 

жұмыс  барысында,  постерлермен  жұмыс  істегенде  сырт  көзге  мұғалімдердің 

ынтымақтастықта жұмыс жасағаны  байқалды. Берілген сұрақтарға топ болып жауап беруге 

тырысты.  Мұғалімдердің  жалпы  мектептегі    орын  алып  жатқан  өзгерістерге  оң  көзбен 

қарайтыны əрине бізді қуантады.  

Оқыту  ортасын  əзірлеуде,  іске  асыру  басқару    жəне  жоспарлауды  əріптестерімен 

бірлесіп  жүргізуге  мүмкіндік  береді.   Өйткені  жаңа  оқу  жылы  басталғаннан  кейін,  жаңа 

бағдарлама  мазмұнымен  танысқан  кезден  бастап,  əдістемелік  бірлестік    жұмыс  жасауға 

кіріседі.  Біздің  мектепте  төрт  əдістемелік  бірлестік    бар.  Гуманитарлық,  жаратылыстану, 

техникалық,  бастауыш  сынып  бірлестіктері  жұмыс  жасайды.  Бірақ  жалпы  мектепте  пəндік 

бірлестіктерге  бөлінбей  өзара  тəжірибе  алмасып  жататыны  дұрыс  жолға  қойылған.  Олар 

өзара  оқыту  ортасын  бірлесіп  əзірлейді,  іске  асырады.  Əр  жылда  өткізілетін  апталықтар, 

онкүндік  жоспарлары,  аудандық,  облыстық  іс-шараларға  қатысу  кезінде  бірлесіп  жұмыс 

571


жасайды. Өйткені топпен бірлесіп жасалған жұмыстың əрқашан нəтижелі болатыны белгілі.

Мектеп  мұғалімдері  енгізіліп  жатқан  жаңа  əдіс-тəсілдердің,  оқытуда  қолданылатын 

стратегиялардың оқу үдерісіне жəне оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына жəне одан 

əрі жақсаруына көмегі тиетініне сенеді. Оқу үдерісіндегі жаңа бағыттар əрине бізді қуантады 

жəне біздің ұстаздар жұмыс сапасын арттыратын ондай оңтайлы өзгерістерге қуана кіріседі. 

Бірінші  ұйымдастырылған  кездесуден    бастап  өздерінің  қызығушылықтарын  танытып, 

түсінбеген жерлерін қайта сұрап, өз сабақтарында түрлі əдістерді пайдалануға ниет білдіріп 

жəне  ең  бастысы  бағалаудың  əділ  болатынына  қуанып  осы  жайлы  пікірлерімен  алмасып 

жатты. 

Даму жоспары мектептің перспективалық жұмыс жоспарының тиімді жəне  негізгі бөлігі 



болашақта  мектептің  келешегіне,  қадамдық  мүмкіндіктерінің  жүзеге  асуына,  оқушылардың 

білімге ынталануына, оқушылардың сабаққа қызығушылығының артуына, мұғалім беделінің 

көтерілуіне,  ата-анамен  жұмыстың  жандануына,  білімді  жетілдіру  үдерісінің  дұрыс  жолға 

қойылуына    еш  күмəніміз  жоқ.  Сондықтан  ең  бірінші  оқушы  бойына  метасананы 

қалыптастырып,  дұрыс жолға қойылу керек деп ойлаймын.   

Мектеп  жұмысы  мен  оқушы  жетістіктерін  өрістетудегі    негізгі  тұлға – мұғалім. 

(Strong 2011). Демек,  оқушы  жеке  дара  тұлға.  Оқушының  білім  алудағы  қажеттілігін 

қанағаттандыру ұстаздар ұжымының еншісінде.  

Қашанда қай елдің болмасын даму деңгейі ел білімі мен ғылымынан көрінеді. Елбасы əр 

жылғы  жолдауында  отандық  білім  беру  жүйесіне  басты  назар  аударады.  Қоғам  назары  да 

білім мен мектепте болуы керек. Онда жас ұрпақ тəрбиесі мен білімі, өмірі мен өнегесі бар. 

Болашаққа үміт көзімен қараған ұтады. Өмірге келген, қоғам мүшесі саналған əрбір адамның 

білім-білікке  қол  жеткізуі,  ол  үшін  бар  жағдайдың  жасалуы  ұлттық  мұрат  пен  елдік 

ерекшелігімізді  айқын  аңғартады.  Бұл – мемлекеттік  мəселе,  жауапты  міндет  екенін  жақсы 

түсінемін жəне осы міндеттің орындалуына өз үлесімді қосамын. Алда талай биік асулардың 

тұрғаны  белгілі  сондықтан  ұстаздарға  артылар  жүктің  салмағы  да  ауыр.  Тəуелсіз  еліміздің 

ұрпақтары  болашағының жарқын болуы олардың дұрыс, терең білім алуында екенін жақсы 

түсінеміз. Сондықтан алда талай жауапкершілікті іс тұр. Сол істің жүйелі жүруіне əр ұстаз өз 

үлесін қосады деп сенеміз. 

 Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты ол 

біздің – тəуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білімі 

мен  тəлімді  тəрбиесіне  байланысты  болмақ.  Болашақта  ұстаздар  жаңа  заманның 

оқушыларына  тəлім – тəрбие  беруде  оқушылардың  өмір  тəжірибесіне  сүйеніп,  пəнаралық 

байланысты  пайдаланып,  тəлім – тəрбиені  əр  саладан,  соның  ішінде  экономикалық 

білім  мен  тəрбие  беруге  болатын  болса,  оқушылардың  білім  сапасы  артатынына  сенім 

білдіруге болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет