часть, группировавшаяся вокруг журнала
«Айқап» (М. Сералин, Д. Сейдалин), стояла
на пантюркистской позиции блока с татарской
буржуазией, за объединение всех тюрков. Она
выдвигала требования оседания казахского
населения и стояла за развитие татарских
новометодных школ. Другая группировалась
вокруг газеты «Казах», начавшей выходить
в 1913 г. (Букейханов, Байтурсынов, Дулатов и
др.). Эта часть требовала развития казахского
языка, считая что «блок с татарами» приведет к
ассимиляцию. Эта группа была и против оседа-
ния, полагая, что резкое изменение казахского
хозяйственного быта отразится крайне вредно и
болезненно на казахском хозяйстве» [4, 225-б.], –
деп жазып, екінші топтың беделдірек болғанын
«Вторая группа, более многочисленная...» деген
сөзімен шет жағалап білдіре кетеді.
Бұдан сəл бұрынырақ Т. Рысқұлов та осы
пікірді алға тартқан-ды: «В 900-х годах роль
предводителя и выразителя национальных
интересов начинает играть зарождающаяся
казахская
национальная
интеллигенция.
...Это течение (националистическое течение
интеллигенции во главе С.А. Букейхановым,
А. Байтурсыновым и др.), группировавшееся
во круг газеты «Казах» побеждает панислами-
чески настроенную группу интеллигенции, объе-
динив шуюся вокруг журнала «Айкап». ...кладет
начало оформлению литературного казахского
языка и т. д. Подготовляя союз казахской
верхушки с либеральной русской буржуазией,
эта интеллигенция в то же время высказывается
против обрусительной политики царизма,
земельных захватов и ряда других недостатков»
[5, 159-160 б.].
Мінеки революция алдындағы қазақ оқы-
ғандарының қимыл-əрекетімен жіті таныс əрі
тарихи оқиғаларға талдау жасап, орнықты пікір
айта білер тарихшылар қазақ қоғамындағы
саяси-идеялық қозғалыста екі түрлі топтың
болғандығын сонау кездің өзінде-ақ нақты
көрсетіп отыр. Мұны батысшылдық топтың
басшыларының бірі Əлихан Бөкейханов кезінде
сөз арасында болса да ескертіп кеткен-ді. Саясат
тамыршысы қазақ зиялылары арасындағы
топтардың
бірте-бірте
алшақтап
бара
жатқандығын жіті аңғарып, 1910 жылы-ақ мұның
неге алып барып соғары жөнінде өзінің ойын
былайша білдіреді: «Жақын болашақта, шамасы,
далада, қазақ ортасында пайда бола бастаған екі
саяси ағымға сəйкес екі саяси партия ұйымдасып
қалар. Олардың бірі – діни-ұлттық деп аталуы
мүмкін жəне оның мұраты қазақтарды басқа
мұсылмандармен діни тұрғыдан біріктіру болып
табылады. Екіншісі – батыстық бағыт, олар
қазақ даласының болашағын кең мағынадағы
батыстық
мəдениеті
жүзеге
асырумен
байланыстырады. Алғашқысы, шамасы, үлгі
ретінде мұсылман, татар партияларын алар,
ал екіншісі оппозициялық орыс партияларын,
соның ішінде халық бостандығы партиясын
алар»[6, 5-б.].
Алғашында олардың айтысы маңдайға біткен
жалғыз журнал «Айқап» беттерінде өрбіді. Бұл
журнал 1911 жылдың январынан 1915 жылдың
авгусына дейін Троицк қаласында шығып тұрды.
Оның барлығы 83 саны жарық көрді. Редакторы
– көрнекті ағартушы-демократ Мұқаметжан
Сералин. Ол түрікшілдікті жақтаған топ жағында
тізгін ұстады.
«Айқап» бетіндегі түрлі айтыстар, батыс-
шылдық топтың өз басылымын ұйымдастыруға
итермеледі.
Жəне
мұның
қажет тілігінің
екінші бір себебі «Айқап» журналының өз
мүм кіндігінен туындайтын «жарты айлық
шабандылығында», сондықтан да өмірдегі
өзгерістерге ілесе алмай қалып жатуында болса
керек. «Қазақ» осы олқылықтардың орнын
толтырудағы жаңа бір қадам болуы тиісті еді.
Сондықтан да, «батысшылдар» идеялық-саяси
бағыттарының мақсат-мəнін халыққа толық
жеткізу үшін халықтың «көз-құлағына» айналар,
шын мəніндегі газетаны шығаруды мақсат тұтты.
Жалпы, «Қазақ» жарық көрген 1913 жылы
қазақ ұлттық баспасөзі үшін жаңа бір өрлеу
жылы десе де болады. «Қазақстан» газеті қайта
шыға бастаса, 1913 жылдың сентябрь айынан
Петропавл қаласында екі тілде (қазақ, татар)
«Ешім даласы» газеті бір жыл шамасы шығып
тұрды. Бұл газет шағын көлемде, жетісіне үш
«Қазақ» газетінің тарихы
84
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
рет «Ишимский край» газетінің баспаханасында
басылып тұрды.
Яғни 1913 жылы қазақ оқырмандарына 4
басылым ой тастады: «Айқап», «Қазақстан»,
«Қазақ», «Ешім даласы». Бұлардың ішіндегі
беделдісі де, мол тираждысы да «Қазақ». Бұл
газет қазақ зиялыларының 1905 ж. күресіне
адалды ғын сақтаған, қазақ халқының ұлттық
тұтастығын, ел мен жер бірлігін жақтаған,
сол арқылы» бостан дық жолындағы күрестен
айнымаған басылым болды. Яғни бұл басылым-
ның төңірегіндегі зиялы қауым таптық мүддені
емес,
жалпыұлттық,
жалпыдемократиялық
мақсат тарды жүзеге асыруға күш салды. Сон-
дықтан да «Қазақ» алғашқы бейресми жалпы-
ұлттық саяси газет болып табылады.
Қазақ зиялыларының өзіндік баспасөзін
өмірге келтіріп, сол арқылы қазақ ұлтының
көкейкесті
мəселелерін
көтеріп,
газетті
ұйымдастыру орталығына айналдыруға ұмтылуы
бірден-бір дұрыс бағыт, сара жол болатын-ды.
Қазақ халқының қоғамдық өмірінде, даму
тарихында ерекше рөл атқарған «Қазақ» газеті
1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласында
«Қаримов,
Хусаиновтар
баспаханасынан»
шықты. Жоғарыда аталғандай, газет саяси орган
болуымен қатар, қазақ мəдениеті, əдебиеті мен
өнері, журналистикасының дамуындағы үлкен
бір биік белес болды. «Қазақ» – ұлт азаттығы
мен мəдени-ағарту жолында салиқалы қызмет
атқарған, тұшымды ой, татымды пікірлерге жол
басшы, саяси үні батыл басылым.
«Қазақ» газетінің мезгілі... қазақ жұрты 1905
жылдың өзгерісін өткізіп, ел дертінің себебін
ұғып, емін біліп енді қазақты оятып, күшін бір
жерге жиып, патша саясатына қарсылық ойлап,
құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай
аяқ басамыз деп, талап қыла бастаған уақытына
келді... Бұл тұтынған жолында «Қазақ» газеті өз
міндетін дөп атқарды» [7].
«Қазақ» жетісіне бір рет апталық газет
ретінде шығып тұрды. Басылымның «Қазақ»
аталуында екі түрлі мағына барлығы аңғарылады.
Біріншіден,
газет
жалпы-ұлттық
газет
болғандықтан, мақсаты жері бөлшектеніп, елі
бытырап жүрген қазақ халқын топтастырып,
бір ортаға біріктіру болғандықтан да ұлт атын
иемденіп «Қазақ» аталды. Екіншіден, кітаби,
əдеби, ғылыми айналымда қазақ аты аталмай,
қырғыз аталып келгендігі белгілі, сондықтан
туған халқының төл атын қайта оралту
мақсатында, қазақ зиялылары өз баспасөзін
осылай атауды мақұл көрген. Ахаң сөзімен
айтсақ: «Аталы жұртымыздың, ауданды
ұлтымыздың аруақты аты деп, газетамыздың
есімін «Қазақ» қойдық» («Қазақ». – 1913. – №1).
Мұның өзі газеттің символикалық бел гі ле-
рінен де көзге шалынады. «Қазақтың» бірінші
бетінің оң жақ шекесіне қазақтың киіз үйі,
оның етегінде ірі араб графикасымен«Қазақ»
деп жазылған. Газет үлкен форматты, 4 беттік
болып жарық көрген. Тұрақты айдарлары ның
ішінде «Ішкі хабарлар», «Сыртқы хабарлар»,
«Басқармадан»,«Өлең-жыр» үнемі сақталған,
кей-кейде «Оқшау сөз» айдарымен де мақала лар
жарияланған, ал тарихи, қоғамдық өзгеріс терге
байланысты «Соғыс», «Газеталардан» деген ай-
дарлары болған. Сонымен қатар келелі ой лар, кең
толғаныстар бас мақалаларда айтылып, оларда
көбіне саяси-əлеуметтік тақырыптар сөз болған.
Ал экономикалық, шаруашылық жəне мəдени-
ағартушылық мəселелерін сөз етер мақалалар
бірнеше нөмірлерге жалғасып, се риялы түрде
шығып отырған.
«Қазақтың» бірінші санында оқырманға
арнап жазған «Хурметлу оқушылар!» атты
мақаласында Ахмет Байтұрсынов газеттің қо-
ғам өмірінде атқарар айрықша рөлін айқындап
өтеді. Мұнда газеттің аса бағалы 4 қасиеті
сараланған: «Əуелі газета халықтың көзі, құлағы
һəм тілі... Екінші – газета жұрттың ылақбасына
қызмет ететін нəрсе... Үшінші – газета халыққа
білім таратушы. Төртінші – газета халықтың
даушысы... Жұртым деп халықтың арын арлап,
зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары
газета арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын
қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін
шұқытпасқа тырысады» («Қазақ». – 1913. – №1).
Бұл бас мақала жалпы газеттің емес, тікелей
«Қазақ» атқарар, алға қойған орасан зор істердің
қысқа программалық нұсқасы десе болғандай.
Сол тұстағы қазақ басына төнген үш қатер:
жерден айырылу, бас біріктірер саяси биліктен
айырылу не ана тілінде оқымай, не орыс тілінде
жарытып білім алмай, сарсаң күйге салып қойған
патшалық саясат бүтіндей бір халықтың ұлт
ретінде жойылып кету тығырығына жеткізген
болатын. Газет оның соңғы үміті, соңғы тірегі
тұғын. Сондықтан да Ахаң «Сөз қару; ...сөзін
жұртты түзеуге жұмсай бастаған жұрттың өзі
түзелуге бет алғанын көріп тұрмыз», – деп жазды
осы мақаласында.
Ө. Əбдиманұлы
85
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
«Қазақ» газетінің бас жазушысы (редакторы)
Ахмет Байтұрсынов, шығарушысы (издатель)
Мұстафа Оразаев болды. Газеттің ол кезде де
қазақ даласынан тыс жатыр деп саналатын,
кейінгі астанада Орынборда дүниеге келуі
сарабдал санаткер, көшбасшы күрескер Ахмет
Байтұрсыновтың өмір жолының сол бір кезеңі
осы қаламен тағдырласып қалуына байланысты
болса керек.
1905 жылдан кейінгі оқиғалар барысында
халық қамын жеген қайраткер ретінде көзге
түскен Ахмет Байтұрсынов 1913 жылдар
кезеңінде саяси күрес аренасында көсемдердің
бірі ретінде танылған еді. Кейінгі зерттеулерде
көбіне айтылмай немесе біржақты қаралған
Байтұрсыновтың қызметінің бұл қыры жаппай
жазалауға
дейінгі
зерттеулерде,
ғылыми
басылымдарда айтылып отырған. Мəселен, 1929
жылы Мəскеуде шыққан «Əдеби энциклопедия»:
«Перед революцией 1905 г. принимает «участие
в революционном движении. С 1905 г. является
руководителем революционных казахских масс.
В период реакции продолжает свою борьбу в
подпольных организациях» [8, 305 б.], – деп
тайға таңба басқандай етіп жазылған.
Бұл қысқа анықтаманы патша əкімшілігінің
деректері бекіте түседі. Орынбор генерал-
губернаторы Н.А. Сухомолинов Россия ішкі
істер министрлігіне жолдаған хатында: «...Бай-
тұрсынов 1905 жылдан бері Қарқаралыдағы өз
пəтерінде жəне аралаған ауыл мектептерінде
қазақтарды ештеңе төлемеуге, қандай жағдайда
да шаруа күйіне көшпеуге үгіттеп, қазақ
арасында мазмұнды қылмыстық іс таратты, ал
облыстық басқармаға алымды жинамауға кеңес
беріп, Россиядағы миллиондаған шаруаларға түк
істемей отырғанын көрсеткен», – деп жазды.
Қазақ зиялыларының бостандық жолындағы
үлкенді-кішілі істерінде А. Байтұрсыновтың
өмірбаянынан, шығармашылығынан көп мағ-
лұмат берген қанаттас серігі Міржақып Дулатов
Ахаң өмірінің бұл кезеңіне байланысты «...
күрес керлер арасында сатқын бар екен (Т. Шың-
ғысов), ол А. Б-ны жəне оның жолдастарын
ұстап береді. Осылайша, 1909 жылы июльдің
бірі күні жандармдар А. Б-ны үйін тінтіп, оны
тұтқындайды. 1910 жылдың 21 февраліне дейін
Семей түрмесінде отырған А. Б-ға екі жылға
дейін қазақ жерінің шекарасынан оның жер
аударылғандығы туралы шешімді жария етеді»
[9, 20-б.]
,
– деген дерек береді. Қай жерде тұруды
калау еркі Байтұрсыновтың өзіне берілген соң,
ол Орынборды қалайды.
Себебі бұл кезде Россияның шығысқа
шығар қақпасы Орынбор қаласы шығыс
пен батыстың кіндігі іспетті саяси орталық
ордасы болатын. Мұнда татар зиялыларының
күшті тобы топтасқан-ды. Жəне «Қазақтың»
бірінші санында Ахаң тілге тиек еткен
«...татар қандастарымыздың 30 шамалы газета,
журналдарының» он шақтысы осында шығып
тұратын. Алыстан болжап, ақылмен шешетін
А. Байтұрсыновтың араб графикалы, мұсылман
тілді, газет шығаруға қолайлы баспахана, т.б.
алғы шарттар жетерлік Орынборды қалауын-
дағы негізгі мақсат – жалпықазақтық баспасөз
шығару еді.
Мемлекеттік Думаның жұмысына қатысқан
мұсылман делегаттарының көбі Қазан-Орынбор
баспа орындарымен тікелей байланысы бар
жандар еді. Осы мұсылман фракциясында жұмыс
істеген делегаттардың көпшілігі кейін мұсылман
партиясының Орталық комитетіне мүше болып
сайланды. 1906 жылғы 16-21 авгусінде өткен
III мұсылман съезінің шешімімен сайланған
бұл Орталық комитеттің 8 мүшесі газет-
журнал айналасындағы басшылар мен іскерлер.
Олар «Үлфəт» жəне «Тилмиз» газеттерінің
редакторы Рашид Ибрагимов, «Қазан-Мүкбири»
газетінің қызметкері О. Акчурин, «Тəржіман»
газетінің редакторы Исмаил Гаспринский,
«Каспий» газетінің редакторы, «Геят» газетінің
шығарушысы
Али-Марданбек
Топчибаев,
«Юлдуз» газетінің редакторы Хади Максутовтар
болатын. Олардың қазақ газетінің жарық
көр уі не септігі тигендігі шындық.
Негізінен, «Қазақ» газетінің тікелей дайын-
дығының ауыртпалығын көтерген – Ахмет Бай-
тұрсынов. Өйткені газеттің шығуына алғашқы
дайындықтар басталып, жұмыс қызған шақта
Əлихан Бөкейханов Самараға жер аударылған
болатын (1909), ал Міржақып Дулатов Семей
түрмесінде жатқан-ды. «Қазақ» жариялаған
жандармдық деректерде бұл жайттар былай
сипатталады: «Дулатов 1911 жылы июль
ішінде «Оян, қазақ!» атты кітабын таратқаны
үшін Семейде абақтыға жабылды. 103 һəм 129
статьялар бойынша айыпталып, Семей окружной
судының үкімі бойынша 19 крепоста отырды»
(«Қазақ». – 1917. – № 247).
«Ахмет Байтұрсынов 1910 жылы 10 мартта
Орынборға келісімен Торғай-Орал қоныс-
«Қазақ» газетінің тарихы
86
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
тандыру партиясына айына 60 сомға еркімен
жұмысқа кірді», – деп жазды жоғарыға
жолдаған құпия мəлімдемесінде Орынбор
жандармериясының бастығы Бабич. «Қазақ»
газетінің 1913 жылдың басында жарық
көргендігін еске алсақ, онда Ахаңа газет шығару
дайындығына 3 жылдай уақыт бөлуге тура
келгендігін есептеп шығару қиын емес. Өйткені
Орынбор губерниясының губернаторы Н.А. Су-
хом линов А. Байтұрсыновтың бұл қызметке
1913 жылдың 15 январында бекітілгенін айтады.
1912 жылдың аяғында түрмеден шығысымен
Орынборға жеткен М. Дулатов газеттің алғашқы
санын даярлауға (1913) кіріседі. Кейінірек
«Қазақта» жарияланған «Қай жерде қалай?» атты
мақаласында осы тұстағы өзінің қызметінің бір
көрінісі туралы: «Өткен январь жұлдызының
ақырында «Қазақ» шықпай тұрып, шығады деген
хабарды естіген соң, Павлодар ауданында жатып,
«Қазаққа» алушы қарастырдым; 4-5 күннен соң
хабарды естіген Павлодар қазақтары өздері
келіп жаздыра бастап, аз күннің ішінде 150-
дей алушы болды» («Қазақ». – 1917. – №247),
–
деп жазды.
Тұңғыш салиқалы газет шығарудағы Ахмет
Байтұрсыновтың ерекше еңбегін осынау қиын-
қыстау кезеңде үзеңгілес болған əріптестері
аса зор бағалай білді. М. Дулатов: «Публицист
ретінде А.Б. ешқандай қаражат қоры болмаса
да 1913 жылдың басында, Орынборда шын
мəніндегі тұңғыш қазақ газеті «Қазақтың»
негізін қалап, оның бетінде қазақ халқының мұң-
мұқ тажын батыл сөз етіп отырды» [9, 21-б.], –
деп шын көңілден мақтанышпен жазды.
А. Байтұрсынов жəне оның айналасындағы
азаматтардың ерен еңбегі, істің көзін таба білер
іскерлігі мен қабілеттілігі «Қазақ» газетін өз
тұсындағы газет-журналдар арасында көр-
кемділігі мен сапалылығы жəне таралымы жө-
нінен алдыңғы қатарға шығарды.
Газет алғашқы жылдың өзінде-ақ 3 мыңнан
астам тиражбен тарады. Бұл жөнінде «Қазақта»
берілген таралым ауқымы жайлы деректерге
жүгінейік: «Торғай – 694, 2. Семей – 612, 3.
Ақмола – 586, 4. Сырдария – 327, 5. Орал –
301, 6. Жетісу – 157, 7. Ішкі ордалық – 136, 8.
Ферғана – 30, 9. Самарқан – 8, 10. Закаспий – 5,
өзге жерлерден: 1. Орынбор – 37, 2. Уфа, 14, 3.
Қазан – 13, 4. Қытай қазағы – 10, 5. Петербург –
9, 6. Түркия – 5, 7. Мəскеу – 3, 8. Томск – 3 жəне
басқа – 57»
2
. Көріп отырғанымыздай, қанатын
кеңге жайып, тамырын тереңге жіберген «Қазақ»
тиражы – 3007 дана.
Сол кездегі «Айқап», «Қазақстан» басы-
лымдарымен салыстырғанда бұл үлкен жетістік
еді. Мəселен, беделді журнал болған «Айқап»
туралы «Оренбургский край» жариялаған
«Мусульманская печать» атты мақалада оның
тиражы туралы: «...Солидный двухнедельник,
имеющий небольшой 900–1200 экземпляров»
[10, 70 б.], – деген мəлімет берілген. Осы
салыстырулардан байқайтынымыз, «Қазақ» өз
тұсындағы ең мол тиражды газет болғандығы
шындық. Əрине, үнемі бірқалыпта сақталып,
ұдайы өсіп отыруы мүмкін емес-ті. «Қазақ»
та барлық басылымдарға тəн құбылыс өрлеу,
бəсеңдеу кезеңдерін басынан өткізді.
Қазақ жұртшылығының көңілін тауып,
«...шыққалы берлі қазаққа не керегін, ол керегіне
қолы жетуі үшін не керегін» («Қазақ», 1914,
№51) жазып тұрған «Қазақ» осылай дүниеге
келген еді. Енді алда жетілдіре түсу мақсаттары
тұрды. Алғашқы кезеңде газет жолына екі
ауырлық кесе-көлденеңдеп тұрды. Алдымен,
қаржы мəселесі, сонан соң патша əкімшілігінің
«қырағы көзі» – цензурасы. Əсіресе соңғысының
ауыр соққандығын «Жер аудару» деген мақала
басылған 9 нөмірінен бастап кешегі өзгеріске
шейін тергеу, тексеру, тінтіу, абақты, штрафтан
«Қазақтың» көзі ашылған жоқ» («Қазақ». – 1917.
– № 247) деген сөздер дəлелдеп тұрған жоқ па?
Қаржы мəселесінде «Қазаққа» ел-жұрт
көмегін аянып қалған жоқ. 1915 жылғы бірнеше
сандарында көмек көрсеткен тілеулестерін
атап керсетті де. Газеттің қаржы жағынан
қиындықтан шығуының жолында «Азамат
серіктігін» ашуы өте ұтымды болды. «Қазақ»
газеті серіктікті ұйымдастырудағы мақсатын
түсіндіру үшін 1913 жылдың желтоқсанында
жазылған «Алаш азаматтарына» атты үндеу-
хатта Ахмет Байтұрсынов: «Баспасөздің əуелі
керектігін түсініп, білу қажет, екінші білгеннен
кейін баспасөзбен жұрттың пайдалану жағын
ойлап, іс қылу керек. Басқа жұрттарға қарасақ,
олар мұндай істерді екі түрлі жолмен жүргізіп
жатыр», – дей келе өздерінің екінші жолды
таң дағанын айтады. Бұған себеп «əуелгі жол-
мен іс жүргізуге пұл міндетін көтерерлік
қазақтан байлар шықпады. ...Байлар жомарттық
қылмады деп қарап отыруға бола ма? Екінші
жолмен іс жүргізуді ойлап тұрмыз. Қазақта
кесек сома шығарарлық байлар аз болғанымен,
Ө. Əбдиманұлы
87
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
аз сомасымен, адамгершілігімен көмектессе
серіктікке аз емес: «Қазақ» газетін мұнан бы-
лай Алаш азаматтарының серіктесіп қо сыл-
ған пұлымен жүргізбекшіміз»
(«Қазақ». – 1913.
– №42), – деп жазып, ой тастады.
Осынау Ахмет сөздерін оқи отырып, «Қазақ»
қазақ байларының қолдауымен, солардың қар-
жы сымен шықты, сондықтан да «солардың
сойылын соқты» деген пікірсымақтың жалған
екендігін кереміз.
«Азамат серіктігінің» ...басты мақсаты
«Қазақ» газетінің аяғын нық бастырып, жүргізіп
жібермек. Онан басқаларын кезінде шамамызға
қарай көрмекпіз. Серіктікке кіретін азаматтарға
лайықтағанымыз бір басына жүз сом», – деп
жалғастырады одан əрі Ахмет ойын, сөйтіп,
«Азамат серіктігіне» жалғыз байлықпен емес,
көбі азаматтықпен кіріседі деп үміт етеміз», –
деп түйіндейді. Ахаң бастаған абыройлы істі
қазақтың алдыңғы қатарлы азаматтары көтеріп
кетіп, «Азамат серіктігіне» кірді. Олар кімдер
еді? «Қазақ» берген тізім бойынша олардың
ішінен бүтін қазаққа таныс есімдерді тағы да
кездестіреміз: М. Дулатов, А. Байтұрсынов,
Бадрисафа Байтұрсынова, Арғынғазы Боштаев,
Ғабдолла Нүсіпбаев, Ғалихан Бөкейханов,
Мұхаметжан Тынышпаев, Əубəкір Алдияров,
Бірмұхамбет
Алдияров,
Медеу
Оразбаев,
Қаражан Үкібаев, Шəкəрім Құдайбердиев,
Ғабдікен Құнанбаев, Тұрағұл Құнанбаев, Жə-
мила Бөленова, т.б. («Қазақ». – 1914. – №56).
Бұл кезде «Қазақ» шығарған басылымның
ұзаққа бармасына үйренген жергілікті патша
шенеуніктері «Қазақ» ұзамай жабылады деген
үмітте болды. 750 сомдық
(«Қазақ». – 1914. –
№49) ҚОРЫМЕН іске кіріскен газеттің ұзаққа
бармасына сенген əкімшіліктің сенімі орынды
да еді. Бірақ газет тиражы күрт түсіп кеткен
жылдарды да бастан өткеріп, «мың өліп, мың
тіріліп», феникстей түлеп отырды. Мұндай
қиындықтар тұсында жазылған «Ауқатты алаш
азаматтарына» деген мақалада: «газет биыл мың
алты жүзге түсіп қалды... Он облыс қазақ ұлты
үшін шыққан бір журнал, бір газет еді, журнал
алдырушы аздығынан тоқталды, енді жалғыз
газет қалды» («Қазақ». – 1914. – №115) – деп
реніш-өкінішін білдіреді.
Ал 1915 жылғы 4 январьдағы санында
жарияланған «Құрметті оқушыларымыз» атты
мақалада жаңа жылдан бастап аптасына екі рет
шығатынын оқушыларына жеткізеді. Газетті
жетісіне екі рет шығаруға кірісеміз дей келіп,
Ахаң газет шығарудың қиындығына тоқтала
кетеді: «Қазақша газет шығару қиын жұмыстың
біреуі. Қиын екендігін «Қазақ» газеті шыққаннан
кейін біліп отырмыз.
Заман тар, жер жолсыз, қалып тəртіпсіз, іс
– құралсыз, халық – аңсыз. Заман тарлығынан
газет ісіне қандай ауыртпалық барлығын
оқушыларымыз айтпасақ та білер дейміз»
(«Қазақ». – 1915. – №93).
Бір бүйірден қаржы-қаражат қысып, оның
қыспағынан бүкіл ел болып, көптеп көмектесуі-
нің арқасында құтылса, жандармерия лық цен-
зура мен 1914 жылы 20 шілдеде пайда болған
əс кери цензура («Қазақ». – 1914. – №73) алдында
бұл күш əлсіз еді. Ол күндерде «Қазақты» қай күні
жауып тастайды, өзімізді қай күні айдап жібереді
деген қауіп зор еді» «Қазақ» төңірегіндегілерде.
Бұл туралы «Ахмет Байтұрсынов» деген мақа-
ласында Міржақып Дулатов толыққанды мəлі-
мет тер келтірген: «Редакцияда жиі-жиі тінту
болып тұратын, А. Б-ны губернаторға не жандарм
бастығына жиі жауапқа шақыратын. 1914 жылы
«Қазақ» газетінің 80-нөміріндегі МВД. (ішкі
істер министрлігі. Ө.Ə.) жасап ұсынған қа-
зақ өлкесін билеу туралы Ережесін А.Б.
сы на ғаны үшін («Қазақта» 1914 ж., 80-115
сан дарында жарияланған «Закон жобасы» атты
үл кен мақаласы. Ө.Ə.) Орынбор губернаторы
Сухомлинов оған редактор ретінде 1500 сом
айып салды, ал ондай сома төленбеген жағдайда
А.Б-ны 3 ай абақтыға жабумен алмастыру
жө нінде бұйрық берді, 1500 сом төлеу газетті
жабу мен бірдей болғандықтан А.Б. денсау лы-
ғының нашарлығына қарамастан... кесімді мер-
зімге отыруға келісім берді. Қазанның 20-да
А. Б.-ны түрмеге жапты.
Осы жолдардың авторы əртүрлі қалаларға
телеграммалар салып, А.Б.-ның достарына
хабар жіберді. Кешікпей редакция адресіне
телеграфпен аударылған ақшалар жауып кетті,
осының арқасында А.Б. айыпты толық төлеген
соң, 4-5 күн отырмастан босатылды. «Қазақ»
газеті бұдан кейін де талай рет əртүрлі сомаға,
тіптен, кейде 3 000 сомға жетерлік (1916 ж.)
айыпқа тартылды» (9, 23-24 б.).
Иə, «Қазақ» тарихы – еркіндік шежіресі.
Жоғарыдағыға қосарымыз 1914 жылы 31
августағы 76 санында Бас мақаланың орны
«Қазақ» газетінің тарихы
88
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ашық қалдырылып, бұған басқарманың кінəсіз
екені (кімнің кінəлі екені белгілі) ескертілсе,
1914 жылғы 22 декабрьдегі 91-санында «Бұл
қалай?» деген мақала үшін 50 сом айып немесе 2
апта абақтыға жабуға үкім шығарылған.
«Қазақ»
газетінің
соңына
түсушілер
қазақ арасында да кездесіп отырды. 1914
жылы 23 октябрьде «Ғали Алдабергенұлы,
Садық Бекенұлы» деген белгісіз есімдерді
жамылып, арызданушылардың жазбаларынан
Міржақып өзінің «Қазақ» баспаханасы» деген
мақаласында ұзақ үзінділер келтіреді. «Біз
«Қазақ» газетінен өзіміз үшін һəм балаларымыз
үшін қорқамыз. Төменшіктік жүзбен өтінеміз.
Ахмет Байтұрсыновты һəм Мир Якуб Дулатовты
Орынбордан айдап жіберсеңіз екен. Мұндай
зиянды адамдар Орынборда түрса, қазақпен һəм
қазақ жастарымен араласпай тұрмайды» I. Бұл
арызға желі болып тартылған күнəлардың жалпы
əуені осыған саяды. М. Дулатов келтірген екінші
дерек – 1916 жылғы 12 августағы Орынбор
жандарм мекемесінің бастығы полковник
Кащинцевтің Орынбор губернаторына жазған
8680 нөмірлі құпия рапорты. Онда «Қазақтың»
бас жазушысы туралы: «Ахмет Байтұрсынов
1909 жылы Қарқаралыда мемлекетке қарсы
іс істегені үшін абақтыға жабылған адам.
Министрдің жарлығы бойынша екі жылға жер
аударылған. 1905 жылдан бастап, Байтұрсынов
қазақты құтыртқан, алым төлеме, недоимке
берме, 15-тен жер алма, өкімет ешнəрсе қыла
алмайды деп»
(«Қазақ». – 1917. – №247), – деп
жазылған.
Ахаң еткен əрбір істі жіпке тізгендей
деректер Сухомлиновқа қазақтар арқылы
келгендігі белгілі. Қай облыста болмасын,
полицияның
қазақ
арасында
жасырын
тыңшылары болғаны рас. Патша əкімшілігінің
кейбір қазақ қызметкерлері де осындай деректер
берумен айналысқан. 1917 жылдың 2-8 апрелі
аралығында Орынбор қаласында ашылған Торғай
облыстық қазақтар съезінің мəжілістік хаты
(протоколы) мынадай сыр тартады: «Прежде
чем приступить к очередным делам, сотрудник
газеты «Қазақ» Мир Якуб Дулатов с разрешения
съезда охарактеризовал прошлую деятельность
вероучителя средних учебных заведений города
Оренбурга Абдрахмана Мачиева и переводчика
Тургайского областного правления Мухамед-Яра
Тунганчина, состоявших на службе в качестве
агентов местного жандармского управления...
По выслушиванию заявления Дулатова съезд
постановил Мачиева и Тунганчина, как лиц
вредных обществу, исключить из собрания»
[11, 15-б.]. «Қазақта» жарияланған «Қазақ хал-
қының тұңғыш съезі» атты бас мақалада (12
апрель 1917 ж.) бұл оқиға туралы былай деп
жазылған: «...Қазақ едім деп ойламаған, халықты
ішкі үкіметпен бірге жеген, езген бұл күнде
көлгірсігені сыртымен қуанғансып іште жүрген,
газетке цензор болған, кезінде ел үшін етіліп
жатқан істі ескермеген Ғабдрахман Мочиев
пен губернатор переводчигі Мұхамеджар
Тунганчинді съезге жолатпауды тілеп... ішімізден
шықсын, қарасын көрсетпесін деп Мұхамедияр
Тұнғаншинді қуып шықты. Мачиев Орынборда
жоқ еді» («Қазақ». – 1917. – №225).
Тұнғаншиннің «Қазақ» газеті турасында
істеген «жақсылықтары» жайында інісі Ахмет
Тұнғаншин осы съезде ақтай сөйлеп: «Бір күні
ағамның үйіне барсам, ол кісі «Қазақ» газетінің
бір мақаласын аударып отыр екен. Мұны неге
аударасың дегенімде, ол: қайтесің, губернатор
аудар деген соң аудармасқа амалым бар ма? –
деді», – деп шындықтың бетін ашады.
«Қазақ» 1913 жылдың февралінен 1918
жылдың күзіне дейін шығып тұрды. Қазақтың
ұлттық баспасөзінің қалыптасу дəуірінде
мұндай ұзақ уақыт жарық көріп тұрған басылым
жоқ. Оның осы 5 жылға созылған аз ғұмыры
тарихи оқиғалардың бай шежіресімен оны
қазақ ұлтының знциклопедиялық басылымына
көтерді. Қазақ қоғамының сан саласына көз
жіберіп, қалам сілтеген оның публицистері бас
жазушы Ахмет Байтұрсынов басшылығымен
дəуір сүретін неғұрлым шынайы бейнелеуге
тырысты.
Патшалық Россия тұсында бірнеше рет
тоқтатылып,
бірақ
жабылмаған
«Қазақ»
газетін толық жабу туралы бірінші нұсқауды
Кеңес үкіметі берді. Омбы атқару комитетінің
1918 жылы 4 мартта Орынбор Совдепіне
берген телеграммасында: «В виду того, что
киргизский орган партии Алаш «Казах» является
контреволюционным, открыто выступает против
Советской власти, организуя Алаш-Орду, просим
немедленно закрыть газету» [12, 95-б.], – деген
сппатта нұсқау жолданды.
Бұл үкім жедел түрде жүзеге асырылды. Сөй-
тіп, «Қазақ» өзінің 265 санынан кейін тоқтатылды.
Бұл ұлт аймақтарындағы «өзгеше» ойлаушы лар-
дың болашақта түбіне жетер тұңғыш соққы еді.
Ө. Əбдиманұлы
89
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
Осылайша кеңестік қудалаудың сталин-
дік сипаттары алғаш көрініс тауып, бола-
шақ «халықтар кесемі» басқарған Ұлттар
Комиссариаты 1918 жылы ондаған контрево-
люциялық деп табылған ұлттық ұйымдарды,
қоғамдық жəне баспасөз органдарын жапты [13,
74-б.]. Бұл науқан, əрине, Сталинге тəн «у нас рука
не дрогнет» тəсілі
арқылы, алдымен, мылтықтың
күшімен, сонан соң «қаламның ұшымен» жүзеге
асты.
Достарыңызбен бөлісу: |