Issn 1563-0242 Индекс 75869



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата03.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#5513
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

Əдебиеттер
1 Брайн С., Шафиро Ш. Очерки по историей 
Алаш Орды / под редакцией Н. К. Ванаг. – Алма-
Ата, 1935. – 297 с.
2  Бейсенбиев  К.  Очерки  истории  общес-
твенно-политической  и  философской  мысли 
Казахстана  (дореволюционной  период). – 
Алматы: Казахстан, 1976. – 89 с.
3 Зиманов С.  В. И. Ленин и советская нацио-
нальная  государственность  в  Казахстане. – 
Алма-Ата, 1970. – 88 с.
4  Асфендияров  С.  История  Кзахстана  (с 
древнейших времен.) т. І. – Алма-Ата-М., 1935. 
– 257 с.
5 Рыскулов Т. Избранные труды. – Алма-Ата: 
Қазақстан, 1984. – 377 с.
6 Букейханов  А. Киргизы // Казахи орус ских 
до 1917 года. – Оксфорд, 1985 –167 с.
7  Əуезов  М. (Қоңыр),  Қазақ  əдебиетінің 
қазіргі дəуірі // Шолпан. – 1923. – № 4-5.
8 Литературная энцклопедия. Т 1. – Москва: 
Ком. Академия, 1930. – 577 с.
9  Труды  общества  изучения  Киргизского 
края. – Вып. ІІІ. – Оренбург, 1992. – С. 20-27.
10  Зиманов  С.,  Идирисов  К.  Общественно-
политические  взгляды  Мухамеджана  Сералина. 
– Алма-Ата: Наука, 1989. – 70 с.
11  Мартыненко  Н.  Алаш  Орда  (Сб.  доку-
ментов),  Документ  №11. – Кзыл-Орда, 1929. – 
167 с. 
12 Победа Вел. Окт. Революции в Казахстане 
и образование КазАССР, документ №46. – Алма-
Ата, 1947. – 197 с.
13  Песекина  Е.И.  Народный  Комиссариат 
по  делам  нацинальностей  и  его  деятельность  в 
1917-1918 гг. – М., 1950. – 274 с.  
  О.   Абдиманулы
История газеты «Қазақ»
Cтатья  посвящена  истории  создания  казахской  национальной  газеты  «Қазақ»,  которая  впервые  была  опубликована    в 
1913  году.  Наряду  с  газетой  «Қазақ»  в  свет  вышли  такие  издания,  как  «Айқап», «Қазақстан», «Ешім  даласы».  Но  самым 
востребованным  и  многотиражным  изданием  стала  газета  «Қазақ».  Она  сохранила  верность    идеям  борьбы  казахской 
интеллегенции  1905 г., и не переставала бороться за свободу во имя справедливости, выступая за единство и сплоченность 
казахского  народа.  Казахская  интеллигенция,  сплотившаяся  вокруг  общенародной  газеты,  выдвигала  общенациональные, 
демократические цели, а не классовые интересы. Поэтому газета «Қазақ» является первым общенациональным и  политическим 
изданием. 
Ключевые  слова:  журнал  «Айкап»,  газеты  «Казахстан», «Казак», «Ешим  даласы»,  казахская  национальная  печать, 
казахская интеллегенция, Ш.Букеев, редактор Е.Бурин, видные деятели как А. Байтурсынов,А. Букейханов, М.Дулатов, видный 
просветитель-демократ М. Сералин, «Общество Азамат».
O. Abdimanylu
The history of “Kazak” newspaper
The article is devoted to history of creation of the Kazakh national newspaper “Kazak” which was published for the fi rst time in 
1913. Along with the newspaper “Kazak” to the public there were such editions, as “Aikap”, “Kazakhstan”, “Eshim dalasy”. But the 
newspaper “Kazak” became the most demanded and multiproduction edition. It kept fi delity to ideas of fi ght of the Kazakh intellectuals 
of 1905, and didn’t cease to fi ght for freedom for the sake of justice, supporting unity of the Kazakh people. The Kazakh intellectuals 
which have rallied round the public newspaper, put forward the national, democratic purposes, instead of class interests. Therefore the 
newspaper “Kazak” is the fi rst national and political edition.
Keywords: “Aykap” journal, newspapers: “Kazakhstan”, “Kazakh”, “Eshim Dalasy”, Kazakh national press, Kazakh intellectuals, 
Sh. Bukeev, editor E.Burin, famous persons as A.Baytursynov, A.Bukeykhanov, M. Dulatov, prominent-democrat educator M. Seralin, 
“Society of Azamat”.
Keywords: Keywords: 

Аударманың түрлері
90
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ƏОЖ  81’373; 001.4
А. Есенқұлова 
Мемлекеттік тілді дамыту институты, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: ak_muslima@mail.ru
Аударманың түрлері
Аңдатпа.    Мақалада  аударманың  анықтамасы,  аудару  принциптері,  аударма  түрлерінің  пайда  бо-
луы,  шетелдік  аудармашы,  ғалымдардың  аударманы  қандай  түрлерге  бөліп,  жіктегені  баяндалған. 
Сонымен  қатар  аударма  ғылымын  зерттеуге  өз  үлестерін  қосып  жүрген  қазақ  ғалымдарының    да 
пікірлеріне шолу жасалған. Жəне де əр аударма түрлерінің өзіне тəн ерекшеліктері, ғалымдардың 
берген анықтамалары жүйелі түрде қарастырылған. Аударма түрлерін анықтауда бірізділіктің жоқ 
екендігін атап көрсеткен. Мақала ғылыми-көпшілік стильде жазылып, қалың оқырманға арналған.
Түйін сөздер: кемел құнды аударма, метафраз, трансмутация.
Аударма – тіл  қызметінің  бір  түрі  ретінде 
бір  тілде  айтылған  ойларды  басқа  тілдің 
құралдарымен  соған  сəйкестікте  немесе  толық 
құндылықта  беру  процесі. «Аударма»  сөзінің 
астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін ауыз-
ша  немесе  жазбаша  мəтінді,  сөзді  басқа  тілде 
қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге 
аударма  сөйлеу  қызметінің  бір  түрі  болғандық-
тан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта 
құру  болып  табылады,  нəтижесінде  мазмұнның 
өзгеріссіз  жоспары  сақталумен  бірге,  ойды 
жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен 
ауыстырылады.
Аудару  принципі  мен  аударманың  дəлме-
дəлдігі  туралы  ұғым  заманалар  озған  сайын 
өзгеріп  отырады.  Мысалы,  орта  ғасырларда 
əріпшілдік, сіреспе аударма басым болса, бертін 
келе жаңғыру дəуірінде, XVII-XVIII ғасырларда 
«еркін»  аударма  етек  алды.  Одан  соң  əдебиет 
əлемінде балама аударма пайда болды. 
Алдымен,  шетелдік  аудармашы,  ғалымдар-
дың  аударманы  қандай  түрлерге  бөліп,  жікте-
геніне аз-кем тоқталып өтейік. 
1680 
жылы 
ағылшын 
аудармашысы 
Дж.  Драйден  (1631-1700) аударманың 3 түрін 
ұсы нады: 
– Біріншіден, «метафраз» – түпнұсқаның дəл 
жеткізілуі, 
–  екіншіден, «парафраз» – түпнұсқаның 
түріне  емес,  ерекшелігіне  бағдарланып,  еркін 
жеткізілуі, 
–  үшіншіден, «имитация» (еліктеу) – 
түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма. 
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  ағылшын  
аударматануының  теориялық  жағын  дамытуға 
өз  үлесін  қосқан  Т.  Сэвори  «Аударма  өнері» 
кітабында (Лондон, 1952) аударманың мынадай 
4 түрін көрсетеді:
– Кемел құнды аударма – таза ақпаратты фра-
за хабарландырулардың аудармасы. 
– Барабар аударма – мазмұны ғана маңызды, 
баяндалуы 
аса 
маңызды 
емес 
сюжетті 
шығармалардың  аудармасы.  Аударманың  бұл 
түрінде  аудармашы  мағынасы  түсініксіз  сөзді 
немесе  тұтас  сөйлемдерді  түсіріп  тастайды  да, 
түпнұсқаны басқаша баяндайды. 
– Аударманың үшінші түрінің аты жоқ. Бұл 
– классикалық шығармалардың аудармасы. Онда 
форманың да, мазмұнның да сақталуы маңызды. 
–  Аударманың    төртінші  типі  «барабарға» 
(2-ші  типке)  жақын.  Бұл  ғылыми-техникалық  
материалдардың  аудармасы.  Олардың  пайда 
болуы  тəжірибелік  қажеттіліктерден  туады. 
Тəржіменің  бұл  түрі  аудармашыдан  түпнұсқада 
сөз болып отырған жайт туралы көп білуді қажет 
етеді[1, 103-104-бб.].

А. Есенқұлова 91
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
Ағылшын аударматануындағы «Аударманың 
лингвистикалық теориясы» еңбегінің (1965) ав-
торы  Дж.  Кэтфорд  аударманы  мынадай  түрге 
ажыратады: 
– толық жəне ішінара аударма: Толық аудар-
мада түпнұсқадағы бүкіл мəтін  аударылады, ал 
ішінара аудармада түпнұсқа мəтінінің бір бөлігі 
беріледі;  
–  жаппай  жəне  шектеулі  аударма:  Жаппай  
аудармада  түпнұсқа  барлық    тіл  деңгейлерінде 
аударылған кезде, қарапайым аудармаға ат беру 
ұсынылса, ал шектеулі аударма дегеніміз қандай 
да бір деңгейдегі фонологиялық, графологиялық, 
грамматикалық жəне лексикалық деңгейдегі ау-
дарма дегенді білдіреді.
Америкалық  лингвист  Дж.  Касагранде 
өзінің  «Аударманың  мақсаттары» (1954) атты 
мақаласында аударманы 4 түрге бөледі: 
– Прагматикалық аударма. Мұнда хабарлама-
ны барынша дəл жеткізу көзделеді. 
–  Эстетикалық-поэтикалық  аударма.  Əдеби 
немесе эстетикалық тұрпатты жеткізеді. 
–  Этнографиялық  аударма – түпнұсқаның 
мəдени контексін түсіндіреді.
–  Лингвистикалық  аударма.  Бұл  жерде  түп-
нұсқа морфемаларының мағыналары көр сеті леді 
[1, 113-б.].
ХХ  ғасырдың 80-жылдарында  аме рикалық 
ғалым  С.  Басснетт-Макгайр  «Аудар ма шылық 
зерттеулер»  атты  кітабында  аударманың  үш 
түрін көрсетеді:
– ойды басқа тілдік белгілер арқылы жеткізу 
(бір тілдің ішінде);
– аударманың өзі (бір тілден басқа тілге);
– трансмутация (бір семиотикалық жүйеден 
екіншісіне қайта құру).
Неміс  ғалымы  Отто  Каде  əрқайсысы 
белгілі  бір  талаптарға  сəйкес  келетін  əртүрлі 
категориядағы аударма түрлерін ұсынды:
– «Өңделмеген».  Бұл  жерде  аударма  тілінің 
нормаларынан ауытқуға болады.
– «Жұмыс».  Аударма  тілінің  нормаларын 
толық  сақтайды.  Бірақ  ақпараттардың  орнын 
толтыру үшін түсіндірулерді қолдану мүмкін.
– «Басылымға дайын». Түпнұсқаның барлық 
мазмұнын  береді  жəне  қабылдаушыға  қажетті 
əсер ете алады. 
Израильдік ғалым Гидеон Тури «Аударма тео-
риясын  іздеу» (1980) кітабында  аудармашылық 
қатынастардың    негізгі 4 түрі  барын  айтады: 
формалды қатынастың 2 түрі (этикалық): 1) бас-
тапқы тіл мен аударма тілінің арасындағы (тілдік 
түр), 2) бастапқы  мəтін  мен  аударма  мəтінінің 
мəтіндік  құралдары  (мəтіндік  түр);  сондай-ақ 
функционалды  қатынастың 2 түрі  (эмикалық):  
1)  бастапқы  тіл  мен  аударма  тілінің  тілдік 
құралдарының функциялары арасындағы (тілдік 
түр), 2)  бастапқы мəтін мен аударма мəтін функ-
циялары арасындағы (мəтіндік түр) [1, 133-б.].
Аударма  теориясының  көрнекті  маманы 
Л.С.  Бархударов    мəтінде  аударма  тілдің  қай 
деңгейінде жүзеге асады деген сұраққа төмендегі 
пікірімен жауап берген: 
1) фонема (графема) деңгейіндегі аударма; 
2) морфема деңгейіндегі аударма;
3) сөз деңгейіндегі аударма;
4) сөз тіркесі деңгейіндегі аударма;
5) сөйлем деңгейіндегі аударма;
6) мəтін деңгейіндегі аударма [2, 176-184 бб.]. 
Бұл пікірге былайша кеңірек түсінік береміз: 
фонема деңгейіндегі аудармаға аударатын тілдегі 
бірліктерді  аударылатын  тілдің  фонетикалық 
заңдылықтарына  сай  икемдеу  болса,  аудара-
тын  тілдегі  бірліктерге  аударылатын  тілдің 
морфологиялық  қосымшаларын  жалғау;  ал 
қалған  деңгейлердегі  аударма  түрлері  аударма 
процесімен  айналыспайтындарға  да  түсінікті 
деп ойлаймыз [3,  9-10 бб.].
Сонымен  қатар  Л.С.  Бархударов  құрылым-
дық сипатына қарай аударманы төрт  түрге бөліп 
көрсетеді:
1)  жазбаша-жазбаша  аударма  немесе  жазба-
ша мəтіннің жазбаша аудармасы; 
2)  ауызша-ауызша  аударма  немесе  ауыз-
ша  мəтіннің  ауызша  аудармасы  (ізбе-із  немесе 
ілеспе аударма);
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша 
мəтіннің ауызша аудармасы;
4)  ауызша-жазбаша  аударма  немесе  ауызша 
мəтіннің жазбаша аудармасы  [2, 47-48-б.].
В.Н.  Комиссаров  «Слово  о  переводе»  ең-
бегінде    аударманы  жанрлық-стилистикалық 
түрлеріне қарай былай бөледі: 1) көркем аудар-
ма; 2) ақпараттық  аударма; 3) ғылыми  аударма; 
4)  ресми  аударма; 5)публицистикалық  аударма; 
6) жарнамалық аударма [4, 94-108-б.].
М.О. Əуезов 1955 жылы жазылған «Көркем 
аударманың кейбір теориялық мəселелері» атты 
мақаласында  аударманың  үш  түрін  атап  өтеді. 
Бірінші – сөзбе-сөздік,  əріпқойлыққа  негіздел-

Аударманың түрлері
92
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ген аударма. Екінші – еркін аударма, аудармашы-
ның  əңгімелеп  отырғанына  өте  ұқсас  келеді. 
Соңғысы  аударманың  өте  қонымды  ғылыми 
дəлелденген түрі – шығарманың мазмұнын да, 
формасын  да  толы ғырақ  беретін  ғылыми  дəл, 
балама аударма [5]. 
Аударманы,  негізінен,  төмендегідей  екі 
үлкен түрге бөлуге болады: 
1.  Ауызша  аударма – бұл  тəржіманың  жаз-
баша  түріне  қарағанда  күрделірек  құбылыс; 
ақпараттың  мазмұн  межесін  (план  содержания) 
жəне  құрылым  межесін  (план  выражения)  жаз-
бай, ауызша жеткізу түрі. Сөйлеген сөздер, баян-
дамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетел-
дерден келген  ресми өкілдер мен қонақтардың 
пікір алысуына аудармашылар көмектеседі. 
Ауызша аударманың екі түрі бар: 
– ілеспе (синхронды) аударма; 
– ізбе-із аударма.
Ілеспе  аударма  –  бастапқы  мəтінді  тыңдап 
қабылдай отырып, ілесе, қосарласа,  бір мезгілде  
аудару.  Аударудың  бұл  түрі  түпнұсқа  мəтіннің 
айтылуымен қатар жүріп отырады. Арнаулы ка-
бинеттерде ілеспе аударма  түпнұсқаның мəтінін  
сөйлеушіге  (мəтіннің  авторына)  ілесе  отырып 
оқу  арқылы,  кей  жағдайда  сөйлеушінің  ауыз-
ша  баяндалған  сөзін    алдын  ала  дайындықсыз 
тікелей аудару арқылы жүзеге  асырылады. 
Ғалым  Ə.  Тарақов  ілеспе  аударманың  күр-
делілігін  танытатын  төмендегідей  белгілерді 
атап өтеді:
а) бір мезгілде тыңдап əрі сөйлеу қажеттілі-
гіне  байланысты  туындаған  психофизиология-
лық дискомфорт;
ə)  баяндамашы  не  жарыссөзге  шығушының 
микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты 
психикалық  кедергі.  Өйткені  баяндамашыны 
тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған 
сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы;  
б)  аударманың  қайталанбауына  жəне  үлкен 
аудитория тыңдаушыларына байланысты психи-
калық  кедергі.  Аудармада  қателескенді  қайта 
түзеуге  болмайтындығы  əрі  кешірім  сұрауға 
келмейтіндігі;
в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты 
психофизиологиялық кедергі [6, 36-б.].
Ізбе-із аударма – мəтін тыңдалып болғаннан 
кейін  жасалатын  ауызша  аударманың  түрі. 
Ізбе-із  аударманы  шартты  түрде  екіге  бөлуге 
болады.  Олар:  парақтан  аудару  жəне  абзац-
ты-фразалы  аударма.  Ауызша  аударманың  бұл 
түрі жауапты келіссөздер, саяси, экономикалық-
қаржылық,  құқықтық  жəне  басқа  да  мəселелер 
төңірегіндегі  ресми  кездесулер  кезінде,  пресс-
конференцияларда,  семинарлар  мен  дөңгелек 
үстелдер кезінде жүзеге асады. 
 2. Жазбаша аударма – жазбаша түрде жаса-
латын тəржіма түрі; қағазға түсірілген жазбаша 
мəтінді екінші тілге жазбаша түрде  аудару жəне 
бұдан  алынған  нəтиже.  Барлық  хат-хабар,  рес-
ми құжаттар, ғылыми жəне көркем шығармалар 
жазбаша  аударылады.  Түпнұсқа  мəтін  алдын 
ала танысу, көру, ойлау, пайымдау, талдау, зерт-
теу,  сөздіктерді,  басқа  да  лингвистикалық  жəне 
лингвоелтанымдық, когнитивтік мағлұматтарды 
беретін  анықтамалықтарға  иек  арту  арқылы 
екінші тілге жазбаша түрде түсіріледі [7, 23-б.]. 
Түпнұсқаның түрі мен мəніне қарай аударманың 
да  қолданылатын  əр  алуан  амал-тəсілдері 
бар.  Мысалы,  ресми  құжаттарды  аударғанда, 
түпнұсқаны  қаз-қалпында  бұлжытпай  толық 
жеткізу  көзделсе,  ғылыми  жəне  техникалық 
шығармаларды  аударғанда,  белгілі  салалардың 
терминологиялық  ұғымдарын  дұрыс  беру 
көзделеді. 
Жазбаша аударма өз ішінде екі түрге бөлінеді: 
1. Көркем аударма – көркем əдебиет шығар-
ма ларын,  яғни  негізгі  қызметі  оқырманға 
көркемдік-эстетикалық  əсер  ету  болып  табы-
латын  мəтіндерді  аудару.  Бұл  процестің  өтуі 
барысында  аудармашының  мүмкіндігі  шексіз; 
ол  екінші  тілде  жасалған  мəтінді  өңдеп,  реттей 
алады.  Əдеби  немесе  көркем  аударма  дегеніміз 
–  бір  тілде  жазылған  əдеби  туындыны  екінші 
тілдің  құралдары  көмегімен  оқырмандарға 
жеткізу  жəне  түпнұсқасының  стильдік,  көр-
кемдік  ерекшеліктерін  мейлінше  нақты  сақтап 
көрсету.  Бұл  жерде  аудармадағы  ең  қиын 
нəрсе – лингвистикалық  ерекшелігі  емес,  ол 
түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, 
яғни  аудармашы  туындының  образдық  əлемін, 
автордың  идеясын,  позициясын  жəне  стилін 
нақты,  дəл  көрсете  білуі.  Көркем  аударманың 
бүгінгі əдеби процестегі алатын орны үлкен [8, 
150-б.].
Жақсы  аударылған  көркем  аударма – сол 
тілдегі  төл  шығармалармен  бірге  өсіп,  жымы 
білінбей біте қайнап сабақтасып кетеді. Ел мен 
елді  таныстырады,  жақындастырады,  ұлттық 
мəдениетті байытады. Мұнда автор мен аударма-
шы өнер жарысына түседі, тіл мен тіл жарысқа 
түседі. Бұл – ел мен елдің өнер жарысы. Демек, 

А. Есенқұлова 93
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
аударма  шығармалар  ұлттың  ұлылығын,  елінің 
елдігін дəлелдеудің бір жолы [9, 40-б.].
Ғалым  А.  Алдашева  көркем  аударманың 
төмендегідей айырым-белгілерін ұсынады:
а)  көркем  аударма – ойлаудың  образдылық 
типінің  жемісі;  демек,  мұнда  индивидуалдық 
даралық, шығармашылық ізденіс бар; бірақ
ə)  ізденістің  шеңберіне  шек  қойылады, 
өйткені аудармашының алдында жатқан мазмұн  
құрылымы  дайын  мəтін  шығармашылық  ер-
кіндікке жібермейді;
б)  көркем  аударма  да  төл  əдебиет  сияқты 
эстетикалық қызмет атқаруы керек; 
в)  көркем  аударма  да  төл  əдебиет  сияқты  
тұшымды, кедір-бұдырсыз оқылуы қажет;
г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи 
күйі, сөз қолдану, емлелік нормалары сақталуы 
тиіс [10, 26-б.]. 
2. Ақпараттық аударма – қандай да болмасын 
ақпаратты,  мəліметтерді  беру  болып  табылады. 
Ақпараттық  аударманың  өзі  өз  ішінде  мынадай 
түрлерге жіктеледі: 
–  ғылыми-техникалық  аудармаға  ғылыми 
мақалалар,  монография,  техникалық  сипатта-
ма  жатады.  Əр  саланың  өзіндік  қолданылатын 
қалыпты  стилі,  термині,  мəтіндік  құрылымы 
болады.  Бұл  саладағы  шығармаларды  ау-
даруға  сөздік  те  аздық  етеді,  кəсіби  маман 
білі міне,  тəжірибесіне  де  сүйенген  дұрыс. 
Ғылыми  мəтіндер  қатаң  морфологиялық  жəне 
синтаксистік  құрылымға  ие,  сөздің  бірыңғай 
орамдары, біркелкі стиль қалыптасқан. Ғылыми-
техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді 
қажет  ететіндіктен,  бұған  білікті  кəсіби  маман 
ретінде бейімделген жөн [11, 57-б.].
– ресми-іскери аударма. Ресми-іскери стиль-
дің қарапайым үлгілерінен (өтініш, арыз, мінез-
деме жəне т.б.) бастап күрделі түрлеріне (жарғы, 
жарлық,  ереже,  келісім  жəне  т.б.)  дейін  қазақ 
тілінде көрініс тапты жəне олар түгелдей дерлік 
аударма процесі арқылы жүзеге асырылады. 
–  газеттік-ақпараттық  аударма – жаңа  мə-
ліметтерді,  тың  деректерді,  тосын  оқиғаны 
оқырмандарға  жеткізу.  Мұндай  мəтіндер  əр 
алуан  сипатта:  қысқаша  ақпараттық  хабар-
лар,  ресми  хабарлар,  мақалалар,  шағын  жəне 
кең  көлемді  сұхбаттар,  тақырыптық  əрі  белгілі 
бір  мəселеге  қатысты  мақалалар,  хабарланды-
ру,  репортаж,  т.б.  түрде  беріледі.  Алайда  газет-
журналдың  қалыптасқан  өзіндік  бірыңғай,  дер-
бес  стилі  болады.  Спорт  газеттерінде  спорттық 
стиль  қалыптасқан  сөз  қолдану  үлгісі  болса, 
мəдениет  баспасөзі  эстетикалық,  өнер  ғылымы 
мəтіндеріне негізделеді. Əр саладағы баспасөздің 
өзіндік  мақсат-мүддесі,  идеологиялық  ныса-
ны,  тақырыптық  бағыт-бағдары  қалыптасады. 
Газеттік-ақпараттық  аударма  өз  ішінде  екіге 
бөлінеді: 
1). Газет мəтіндерін аудару. Түпнұсқаға деген 
дəлдік тұжырымын қатаң сабақтастыру негізінде 
жүргізіледі.  Бұл  көбінесе  ресми  ақпараттық 
хабарлар,  саяси  келісімдер,  қаулы,  жарғылар, 
қысқасы  үкіметтік  маңызды  құжаттарда  қатаң 
сақталынады.
2).  Публицистиканы  аудару – қоғамдық 
өмірдің  өзекті  мəселелері  мен  құбылыстарына 
арналады. Публицистикалық мəтіндер оқиғалық, 
ақпараттық,  сыншылдық-талдамалық,  саяси 
пікір таластық  болып  келеді.  Ғылыми-ақпарат-
тық  мəтіні  процесті,  шындық  құбылысын  си-
паттайды,  түсіндіреді,  талдайды,  алдын  ала 
пайымдайды,  шындықты  теориялық  тұрғыдан 
дəлелдейді.
–  тұрмыстық  аударма – тұрмыстық  немесе 
іскери ауызекі сөйлеу тақырыптарына  тіларалық 
жəне 
мəдениетаралық 
қарым-қатынастың 
диалогтік  формасы  жағдайында  туындайды. 
Мұндай  жағдайларда,  негізінен,  қандай  да  бір 
мақсатқа  қол  жеткізуге  арналған  өзара  қарым-
қатынасқа  бағытталған ауызша мəтіндер  жаса-
лады [1, 38-б.].
Жазбаша  аударма  процесіндегі  ең  бас-
ты  құрал – сөздік.  Қазіргі  «ақпараттар  легі» 
ғасырында  аудармашының  жұмысын  сөздік-
терсіз  елестету  мүмкін  емес.  Сонымен  қатар 
аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы 
үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері 
бар екенін жəне оларды қандай ретпен əрі қалай 
пайдалану керектігін білуі қажет. 
Ақпараттың  барлық  дереккөздерін  екіге 
бөлуге болады:
1.  Жалпы  дереккөздерге  жалпы  қолда нысқа 
ар налған  сөздіктер  мен  энциклопедиялар  жата-
ды.
2. Арнайы дереккөздерге – арнайы сөздік тер, 
арнайы энциклопедиялар, анық тамалықтар жəне 
ғылым  мен  техниканың  əртүрлі  салаларына 
арналған арнайы əдебиеттер жатады [12, 38-б.].
Зерттеуші-ғалым  А.Қ.  Жұмабекова  «Ау-
дар ма танудың 
негіздері» 
атты 
кітабында 
аудармашылық  қызмет  субъектісінің    сипаты 
мен  оның  аударылып  отырған  мəтін  авторы-

Аударманың түрлері
94
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
на  қарым-қатынасы  бойынша  ажыратылатын 
аудармалардың мынадай түрлерін келтіреді:
1.  Дəстүрлі  (қолжазбалы)  аударма – адам 
жасайтын  аударма.  Дəстүрлі  аударманың  келесі 
түрлері ажыратылады:
1. Авторлық емес аударма (немесе жай аудар-
ма) – түпнұсқа  мəтінінің  авторы  болып  табыл-
майтын аудармашының тəржімасы.
2.  Авторлық  аударма  (немесе  автоаударма) – 
түп нұсқа мəтіні авторының өзі жасаған аудармасы.
3.  Автор  мақұлдаған  аударма – автор 
талқылауынан  өткен  түпнұсқа  мəтінінің  аудар-
масы [1, 34-б.].
2.  Машиналық  (автоматты)  аударма     –  ар-
найы  бағдарлама  бойынша  компьютер   жаса-
ған  аударма.  Машиналық  аударма  негізгі  үш 
жағдаяттарда  сəтті  қолданылуда [13]. Бі рін-
шіден,  бағдарлама  лексикалық  жəне  грамма-
тикалық  құрылымы  шектеулі,  стандартты,  тар 
шеңберде  мамандандырылған  мəтіндерді  ауда-
ру  үшін  құрастырылады.  Екіншіден,  машина 
арқылы  түпнұсқаның  жалпы  мазмұны  жайлы 
түсінік беретін көп көлемді аударманы алуға бо-
лады.  Үшіншіден,  жұмысқа  редактор  кіріседі. 
Ол  мəтінді  аударуға  дайындайды,  яғни  машина 
үшін қиын сөздерін алып тастап немесе басқаша 
жазып қайта редакциялайды немесе аударылған 
мəтіндегі  қателер  мен  дəлсіздіктерді  түзетеді 
[14, 338б.].
3.  Аралас  аударма – мəтіннің  дəстүрлі 
(неме се  машиналық)  өңдеуінің  едəуір  үлесін 
пайдалану арқылы жасалған аударма.
Аудармаға  қойылатын  басты  талап – 
автордың  стилистикалық  өзіндігін  сақтау,  яғни 
адамдардың  келбет-бітімі,  жүріс-тұрысы  бір-
біріне  қандай  ұқсамаса,  олардың  сөз  саптау 
машығы да бір-біріне сондай ұқсамайды, ендеше 
сол ерекшелікті айыра білу керек.
«Классtime»  газетінің 15 ақпандағы  №3 
санында  шыққан  Жолымбет  Мəкішев  «Тұр-
пайы  аудармалар  шаршатып  жіберді»  де-
ген  мақаласында: «Өкінішке  орай,  біздегі 
аудармашылардың  көбісі  осы  салада  баяғыдан 
бері  келе  жатқан  «аудармашының  міндеті  ау-
дару  емес,  қазақша  сөйлету»  деген  қарапайым 
қағиданы  біле  бермейді.  Сенің  еңбегіңді  жұрт 
аударма емес, түпнұсқаның өзі екен деп қабыл-
дауы  қажет  емес  пе?  Бұған  қабілеті  жетпеген-
дерді тəржімаға жақындатпаған жөн. Ал бұл са-
лада  білдей  маман  атанып  жүргендердің  көбісі 
«аудармашының міндеті қандай?» деген сұраққа 
«аудару»  деп  қарабайыр  жауап  қайтаратынына 
сенімдімін. Мұндай тұрпайы түсінікпен біз қазақ 
тілін  өрге  бастырмаймыз.  Онсыз  да  қазақ  тілі 
қазір  шала  сауатты  «мамандардың»  кесірінен 
аударма тіліне айналып кетті. Тіпті жай ғана ау-
дарма  тілі  емес, «түсініксіз  тəржіманың»  тіліне 
айналды» [15] деп  қазіргі  аудармалардың  сын 
көтермейтіндігін қинала жазғанын көз көрді.
Сөз  түйінін  М.В.  Ломоносовтың  мына 
сөзімен  қорытындылағым  келеді: «Егер  белгілі 
бір ойды өз ана тілімізде дəл бере алмасақ, мұны 
тіліміздің оралымсыздығынан көрмей, өзіміздің 
дəрменсіздігімізден көруіміз қажет».

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет