Əдебиеттер
1 Русская литература ХХ века. Очерки. Пор-
треты. Эссе. В 2 ч. Ч. 2 . – М.: Просвещение,
1994. – 383 с.
2 Қирабаев С. Ұлт тəуелсіздігі жəне əдебиет.
– Алматы: Ғылым, 2001. – 448 б.
3 Кенжебаев Б. Қазақ халқының жазба
əдебиетінің тарихы қайдан, кімнен басталады //
Қазақ əдебиеті. – 1960. – 22 мамыр.
4 Жұмалиев Қ. Қате пікір қағидаға айналма-
сын // Қазақ əдебиеті. – 1960. – 19 шілде.
5 Ақынжанов М. Халықтың құрылуы − жаз-
ба əдебиетінің түп қазығы // Қазақ əдебиеті. –
1960. – 5 тамыз.
6 Ерте дəуірдегі қазақ əдебиеті: зерттеулер. –
Алматы: Ғылым, 1983. – 360 б.
7 Кенжебаев Б. Қазақ тілі мен əдебиетінің
тарихы туралы // Лениншіл жас. – 1962. – 20
қараша.
8 Бердібаев Р. Ұстаз. Ғалым. Азамат //
Кенжебаев Б. Əдебиет белестері. Зерттеулер,
мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1986. – 400 б.
9 Ертедегі қазақ əдебиеті хрестоматиясы /
құрастырған Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншəлиев,
М. Жолдасбеков, М. Мағауин, Қ. Сыдиқов. – Ал-
маты: Мектеп, 1967. – 207 б.
10 Мағауин М. Қадым заман куəгері // Ал-
даспан. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ ақын,
жырауларының шығармалар жинағы / құраст.,
алғы сөзін, түсініктемелерін жазған М. Мағауин.
– Алматы, 1971.
11 Ақберен. ХV-ХХ ғасырлардағы қазақ
ақын, жырауларының шығармалар жинағы.
Құрастырып, баспаға əзірлеген, алғы сөзін
жазған Қабиболла Сыдықов. – Алматы: Жазу-
шы, 1972. – 220 б.
12 Дүйсенов М. Фольклор ма, əдебиет пе ? //
Қазақ əдебиеті. – 1972. – 2 шілде.
13 Алдамжаров Б. Тарих қойнауына көз
салсақ // Қазақ əдебиеті. 1972. 3 мамыр.
14 Кенжебаев Б. Қазақ əдебиеті тарихының
мəселелері. – Алматы: Ғылым, 1973. – 167 б.
15 Əбілқасымов Б., Ыбыраев Ш. Зерттеу
объектісі – əдебиет тарихы // Жұлдыз. – 1973. – № 7.
А.Б. Жумагулов, С.У. Такиров
Б. Кенжебаев и литература древней эпохи
В статье рассматриваются работы Б. Кенжебаева, посвященные исследованию древней эпохи истории казахской литерату-
ры древнетюрксого периода. Анализируется актуальность нового научно-методологического подхода изучения и периодизации
многовекого литературно-духовного наследия казахского народа в процессе исторической преемственности Б. Кенжебаева.
Ключевые слова: словарь «Кодекс Куманикс», уйгурская, арамейская алфавиты, Орхоно-Енисейсая, Таласско-Шуйская
письменности, Казахское ханство, литература древней эпохи.
A.B. Zhumagulov, S.U. Takirov
B. Kenzhebaev and literature of an ancient era
In the article the works of B. Kenzhebaev, which were dedicated to investigation of ancient history of Kazakh literature in ancient
Turkic period, were examined. The relevance of new scientifi c and methodological approach at study and literary periodization of
centuries-old spiritual heritage of Kazakh folks was analyzed in the process of historical B. Kenzhebaev’s continuity.
Keywords: Code of Kumaniks dictionary, Uigur, Aramaic alphabets, Orkhono-Eniseysaya, Talassko-Shuysky writings, Kazakh
khanate, literature of an ancient era.
Б.Ж. Исхан
101
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
ƏОЖ 81:001.12/.18
Б.Ж. Исхан
Мемлекеттік тілді дамыту институты, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: baiel_i@mail.ru
Қазақ тілінің қазіргі уақыттағы қоғамдық-əлеуметтік салалардағы
мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі
Аңдатпа. Мақалада қазақ тілінің ұлттық құндылықтар жүйесіндегі орны, оның ұлт тарихымен
тығыз байланыстылығы, қазіргі жай-күйі, мемлекеттік мəртебесі, егемен елдің мемлекеттік тілі
ретінде дамуы, қоғамдық қатынастардағы қолданылымы, осы бағыттағы күрделі мəселелері сөз
болған. Осы мəселелер таратылып айтыла келіп, мемлекеттік тілдің тəуелсіздігіміздің алғашқы жыл-
дарынан бүгінге дейінгі сан салалы қоғамдық-əлеуметтік қарым-қатынас қызметін кеңейту бойын-
ша атқарылған бірқатар жұмыстар көрсетілген. Алайда оның қордаланып қалған көптеген мəселесі
мемлекеттік мүдделермен астаспай жатқаны, бұл болса, ұлт жанашырларының жанын ауыртар
өзекті мəселеге айналғаны баяндалған.
Түйін сөздер: мемлекеттік тіл, қоғамдық қатынас, ұлт тарихы.
Тіліміз – сан ғасырлар бойы табиғи жол-
мен дамып өркендеген, тілдік құрылымы
əбден жетілген, өзіндік əдеби нормасы мен
функционалдық стильдері қалыптасқан, лек си-
калық қоры мен құрамы бай тіл. Оның тарихы ұлт
тарихымен тығыз байланысты. Ол ХХ ғасырдың
басына дейін өзінің табиғи бітім-болмысын
онша өзгеріске ұшыратпай жетті. Кейін кеңестік
идеологияның ықпалына ұшы рап, лексикалық
құрамы еш өзгеріссіз қабылданған бөгде тілдік
сөздермен қойыртпақталып қана қоймай, қол-
данылу аясы да біршама тарылып кетті. Өзінің
төл табиғатына қайтадан бет бұрып, сан сала-
лы қызметтік əлеуетін жұмсау кезеңі, негізінен,
өткен ғасырдың соңғы онжылдығында басталған
еді. Əсіресе, тəуелсіз Қазақстанның өмірге
келуімен байланысты қайта түледі.
Мемлекеттік тіл кез келген мемлекеттің
ұлттық құндылықтар жүйесінде дамуының
негізгі өлшемі болып табылады. Ол Қазақстан
Республикасының да əлемдік қауымдастықтағы
өзіндік орнын анықтауда саяси-идеологиялық,
қоғамдық-əлеуметтік маңызға ие болуға тиіс.
Тарихи
шындықты
мойындау
керек,
біздің ұлттық сана-сезіміміз Алаш арыстары
репрессияға ұшырап, атылып кеткеннен кейін
тым төмендеп кетіп, еліміз тəуелсіздік алып, еге-
мен мемлекет болған жылдардан бастап қайтадан
жанданып, ерекше мəн-мазмұнға, сыр-сипатқа
ие бола бастады. Экономикалық жағынан ғана
емес, рухани да тəуелсіз ел болуға ұмтылыс сол
жылдардан бастап кең өріс тапқан еді. Себебі
өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғына
қарай еліміздің еркіндігі мен елдігін, тəуелсіздігі
мен бостандығын көксеген, сол мақсат-мүдде
жолында саналы ғұмырын тұтастай арнаған,
тоталитарлық заманның саяси қуғын-сүргінін
көріп, репрессияға ұшыраған Алаш арыста-
ры ақталып, олардың ұлт мүддесі үшін еткен
еңбектерімен қалың жұрты қайта қауышқан
еді. Ал бұл болса, қазақ қоғамын кеңестік жүйе
саясатының улы ұйқысынан оятып, отаншылдық
сана-сезімдерінің оянуына айтарлықтай əсерін
тигізген болатын. Сөйтіп, осы тұста ұлттық сана-
сезім белсенді күйге келіп, «қазақ ұлты», «туған
жер», «атамекен», «отан», «ұлттық тіл», «ұлттық
діл», «ұлттық дін», «ұлттық құндылық», «ұлттық
ой-сана», «ұлттық салт-дəстүр», «ұлттық əдет-
ғұрып», «ұлттық мəдениет», «ұлттық əдебиет»,
«ұлттық өнер» сияқты, т.б. көптеген ұғымдар
алдыңғы қатарға шықты.
Əрбір адамның белгілі бір ел-жұртқа, ұлтқа,
Қазақ тілінің қазіргі уақыттағы қоғамдық-əлеуметтік салалардағы мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі
102
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ұлысқа жататыны жəне соны терең сезінуі
сол кезде ерекше сыр-сипат алған еді. Жоғары
деңгейдегі осындай психологиялық көңіл-күй
мен сана-сезім қазақ жастарын 1986 жылы
кеңестік режимге қарсы көтеріліске де əкелді.
Бұның да түп тамырында ұлтымыздың ежел-
ден келе жатқан бостандыққа деген асқақ рухы,
азаттықты көксеген қайсар мінезі, отансүйгіштік,
елжандылық сана-сезім жатқаны баршаға аян.
Сол бостаншыл рух «ұлы орыстық» отаршыл
саясатқа қарсы ұлт-азаттық көтеріліске бастап
шықты. Алайда сол уақытта, яғни 1986 жылы
кеңестік мемлекеттің құрамында болған жəне
өзі де жүздеген ұлт өкілдерінен тұратын ҚазКСР
қоғамының ой-санасы түрліше, қазіргімен
салыстырғанда тіптен өзгеше болғаны жалпы
жұртқа мəлім. Ал қазір еліміз тəуелсіздік алған
кезеңдегі Қазақстанның түрлі ұлт өкілдерінен
тұратын қоғамының басым көпшілігін жергілікті
ұлт қазақтар құрай бастады.
Ұлтымыз тəуелсіздікке қол жеткізіп, өз ал-
дына дербес ел болып, Қазақстан Республикасы
құрылғаннан кейін, 1992 жылы еліміздің ал-
ғашқы Ата Заңы қабылданды. 1989 жылы
иемденген мемлекеттік тіл мəртебесін (стату-
сын) қайтадан алды. Тіліміздің мемлекеттік
тіл мəртебесіне ие болуы қисынды жəне заңды
шешім болатын. Соның нəтижесінде қазақ
тілі егемен еліміздің мемлекеттік тілі ретінде
дамудың жаңа жолына түсті. ҚР-ның «Тілдер ту-
ралы» Заңы жəне «Тілдерді қолдану мен дамыту
туралы мемлекеттік бағдарлама» өмірге келді.
Осы маңызды құжаттарға сəйкес ол еліміздің
бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың
барлық саласында қолданыла бастады. Ол –
еліміздің мемлекеттік басқару, заң шығару, сот
ісін, ісқағаздарын жүргізу, білім беру, ғылымды
игеру тіліне айналды.
Еліміз тəуелсіздік алған жылдардан бастап
тіліміздің мəртебесін арттыру жолында көптеген
келелі істер тындырылды. Қазақстанның
1997 жылы 11 шілдеде қабылданған «Тіл ту-
ралы» Заңының 23-бабында: «Тілдің да-
муы мемлекеттік тілдің басымдылығын жəне
ісқағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-
кезеңмен көшіруді көздейтін Мемлекеттік
бағдарламамен қамтамасыз етіледі» [1], – деп
атап көрсетілді. Заңның осы талабын жүзеге
асыру мақсатында 2000 жылы «Қазақстан
Республикасы тілдерін дамыту бағдарламасы»
қабылданып, осы бағдарламаға Елбасының
2006 жыл 30 мамырдағы №127 Жарлығымен
толықтырулар енгізілді [2]. Содан бері осы
Жарлыққа сəйкес жергілікті атқарушы жəне
өкілетті органдарда ісжүргізуді мемлекеттік
тілде жүзеге асыру талап етіліп келеді. Дегенмен
еліміздің «Тіл туралы» Заңында айқын көр-
сетілген қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесі
нақты өмірде ойдағыдай жүзеге аспай келе
жатқаны жасырын емес. Сондықтан да қазіргі
кезде еліміздің əлемдік бəсекеге қабілетті ел
болып қалыптасып дамуымен тығыз байланыс-
ты қазақ қоғамын алаңдатып отырған маңызды
мəселелердің бірі – мемлекеттік тілдің жай-күйі,
болашағы болып отыр.
Қазақ тілі, қалай дегенмен ұлт руханияты -
ның өзегі жəне ол – ұлт болмысының бір көрінісі.
Оны егемен еліміздің барлық азаматы оқып-
үйреніп, жетік меңгеріп, өз өмірінің өзегі ретінде
пайдаланып, құрметтеуі тиіс. Кеңес үкіметінің
бастапқы кезеңінде А. Байтұрсынұлы, Х. Дос-
мұхамедұлы, Қ. Кемеңгерұлы, М. Дулатов,
М. Жұмабаев, С. Қожанов, С. Сейфуллин,
М. Əуезов секілді, т.б. ұлт зиялыларын алаң-
да тып, қатты толғандырған да тіл мəселесі еді.
Кез келген халықтың ұлт ретінде жойылып кетуі
тілдің жойылуымен тығыз байланысты. Ахмет
Байтұрсынұлы сөзімен айтсақ, «Сөзі жоғалған
жұрттың өзі де жоғалады» [3]. Мұны кезінде
Алаш азаматтары жақсы түсініп, ұлттық тілдің
қамын əріден ойлап, ерен еңбек еткен болатын.
Тіл мəселесіне қатысты өзінің өзек жарды
ойын Ахмет Байтұрсынұлы былай білдірген еді:
«Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мəдениетке,
оқуға ұмтылу керек. Өз алдына ел болуға, өзінің
тілі, əдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын
біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мəселеде біздің
халіміз онша емес. Осы күні орыс пен татар
мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілін
елеусіз қылып, хат жазса, өзге тілде жазып, қазақ
тілінен алыстап барады. Бұл, əрине, жаман əдет.
Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына
бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жаса-
маса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған
қазақ ұлтымен де мəңгі қоштасқанымыз деп білу
керек» [3, 150-б.].
1924 жылы 12-18 маусым аралығында өткен
білімпаздар съезі туралы Міржақып Дулатов:
«Бұл – біздің қазақ-қырғыз жұртында болған
жиылыстардың тұңғышы. Бұл жиылыстардың
мəні де басқа. Мұнда қайткенде мəдениет май-
данында артта қалған қазақ-қырғыз жұртын
Б.Ж. Исхан
103
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
қатарға қосу, мəдениетін өркендету үшін төте
жол, қолайлы құрал табу. Бұрынғы өктем өкімет
біз секілді өгей жұрттардың тілін де жоғалтпақ
болған, өнер-білімнен де «аман» алып қалу үшін
бар күшін жұмсаған. Енді ондай озбырлықтан
құтылып, білімпаздарымыз қазақ-қырғыз жұрты
үшін жөн-жоба көрсетіп отыр. Біздің ендігі
міндетіміз – солардың шығарған қаулыларын
жүзеге асыру, пайдалану» [4;104], – деген еді.
Алаш ардақтыларының бірі – Халел Дос мұ-
хамедұлы өзінің «Қазақ-қырғыз тіліндегі син-
гармонизм заңы» деген қазақ тіл білімі жəне
қазақ дүниетанымы үшін аса құнды еңбегінде:
«Қазақ-қырғыз жұрты оянғаннан бері мəдениет
бəйгесінде ілгері кеткен жұртқа жетудің қамын
қылып жатыр. Мəдениеттің негізі – білім.
Білімге тіл арқылы жетеді. Білімді жұрттың тілі
бай болады» [5], – деп сапалы білім алудың ең
маңызды тетігі тілді дамытуда жатқанын атап
көрсетіп кеткен еді.
Ал академик-жазушы М. Əуезов рухани
тəуелсіздіктің негізі тілдің қоғамдық қаты-
настағы кең қолданысында екенін ерте түсініп,
Алаш азаматтарының игілікті істерін əрі қарай
жалғастырды. Өзінің «жасқа жас» кезінің өзінде-
ақ ана тілінің қамын жеп, оның болашағына алаң
болып, «ойға кəрінің» сөзін айтты. Сол заманның
тынысын, қазақ ұлтының тұрмысы мен тіршілі-
гін, мəдениеті мен əдебиетін жандүниесімен
терең сезінген ол, жиырма жасының өзінде-ақ
1917 жылы қазақ тілінің тағдырына алаң бо-
лып, сол кездегі қазақ қоғамында араб пен орыс
жазуының қатар қолданылып жүруіне байланыс-
ты «Қайсысын қолданамыз» деген мақала жаз-
са, 1918 жылы өзінің редакторлығымен Семейде
шығып тұрған «Абай» журналының №7 санын-
да «Ғылым тілі» атты мазмұнды да көлемді тағы
бір мақала жариялап, қазақ зиялыларын ашық
пікірталасқа шақырған еді [6].
Еліміз бойынша «Қазақстандағы тілдерді
да мытудың 2000-2010 жылдарға арналған
бағ дарламасы» аясында көптеген жұмыс ат-
қарылды. Мəселен, тəуелсіздік алған жылдар-
дан бері қарай мыңға тарта қазақ мектебінің
ашылуы, тіліміздің қоғамдық-саяси өмірдің
бірқатар саласында қолданыс табуы, орыстілді
білім ошақтарында қазақ тілін мемлекеттік
тіл ретінде оқытылып-үйретілуі, еліміздің
бас ордасы Астана мен Алматыда жəне об-
лыс орталықтарында қазақстандық өзге тілді
ұлт өкілдері мен өз ана тілін жетік білмейтін
қандастарымызға мемлекеттік тілді оқытып-
үйрететін оқу-əдістемелік орталықтардың ашы-
луы мемлекеттік тілді дамытуға айтарлықтай
серпін əкелді. Бұған мемлекет тарапынан
жасалған қаржылай қамқорлық та жəрдемін
тигізді. Сондай-ақ тəуелсіздігіміздің алғашқы
жылдары мен бүгінге дейінгі уақыт аралығында
мемлекеттік тілдің сан салалы қоғамдық-
əлеуметтік қарым-қатынас қызметін кеңейту, оны
оқытып-үйретудің бағдарламаларын жетілдіру
мақсатында оқулықтар, оқу-əдістемелік құрал-
дар, сөздіктер, бағдарламалар еліміз бойынша
жеткілікті мөлшерде дайындалғандығына бай-
ланысты қазақстандық өз гетілді азаматтардың
мемлекеттік тілді үйренуіне толықтай жағдай
жасалды. Əсіресе мемлекеттік қызметкерлердің
мемлекеттік тілді біліп, қолдануларына аса мəн
беріліп, ересектерге мемлекеттік тілді тегін
оқытып-үйрететін орталықтар, арнайы курстар
еліміздің барлық мемлекеттік мекемелерінде
ашылып, қызмет көрсете бастады. Оларды
қазіргі заман талабы мен қоғам сұранысына
лайықтау жұмыстары əлі жалғасуда. Дегенмен
«Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесін іске асы-
рушылар мен билік жүйесінің арақатынасын
бірізділікке салу, қазақ тілінің мəртебесін көтеру
өз шешімін əлі күтуде» [7, 154-б.]. Еліміздің
мемлекеттік тілі бойынша қордаланып қалған
көптеген мəселесін оның ішкі-сыртқы саяса-
тына сəйкес дұрыс шешу үшін əлі ауқымды да
маңызды біраз жұмыс атқарылуы тиіс.
Бүгінгі күні қазақ тілінің даму жайы
мемлекеттік мүдделермен астаспай жатса да,
ұлт жанашырларының жанын ауыртар өзекті
мəселесіне айналды. Осы ретте қазіргі кездегі
стратегиялық маңызды мəселелердің бірі –
мемлекеттік тілдің ел өміріндегі сан салалы
ресми қарым-қатынастардағы қолданылу аясын
кеңейту мен дамыту болып отыр.
Қазақстан қоғамы 2009 жылы 22 қыркүйекте
«Тілдер туралы» Заңының қабылданғанына 20
жыл толуын атап өтті. Осы уақыт аралығында
қазақстандық азаматтардың мемлекеттік тілді
үйреніп-білуі қажет деген талап бірде күшейіп,
бірде əлсіреп кетіп отырды. Оған «аса лауазым-
ды тұлғаның» түрлі ұстанымы себеп болған еді.
Түк істелмеді деп ауызды қу шөппен сүрткен
дұрыс болмас, қалай дегенмен еліміздегі
тілдерді дамытудың он жыл мерзімге арналған
бағдарламасы аясында осы бағытта біраз жұмыс
атқарылды. Қазіргі уақытта «Тілдерді қолдану
Қазақ тілінің қазіргі уақыттағы қоғамдық-əлеуметтік салалардағы мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі
104
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы» əзірленіп, қоғамға
ұсынылды. Тіл мəселесі ұлт руханиятының ал-
тын қазығы болғандықтан, бұл бағдарламаға
қазақ қоғамы ерекше маңыз беріп, мемлекеттік
тіл саясатының келесі он жылдығы тіліміздің
болашақ дамуына қолайлы жағдай туғызады де-
ген үмітте.
Тəуелсіздік жылдарында қазақ мектептері
санының артуын ұлт руханиятының үлкен
жетістігі деп бағалауымыз керек. Дегенмен қазақ
тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мəдени-əдеби,
саяси-əлеуметтік, ғылыми-ақпараттық қызметін
жақсарту мен кеңейту, қоғамдық қызметі мен
қолданбалылық жағын жетекші орынға шығару
мəселесіне байланысты «Мемлекеттік тіл ту-
ралы» Заң қабылдануы қажет екенін бүгінгі
өмір шындығы көрсетіп отыр. 2011-2020
жылдарға арналатын тіл туралы мемлекеттік
бағдарлама осы мақсатқа орай, мемлекеттік
тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласындағы
қызметін жетілдіруге барынша жағдай жасай-
ды деп күтілуде.
Осы бағыттағы қоғамдық түрлі
пікірлерді зерделеп пайымдасақ, ешқандай
себепсіз қанша рет кейінге шегергенмен, əйтеуір
бір күні
«Мемлекеттік тіл туралы» Заң да
қабылданатынына сеніміміз мол.
Бұл істе, ең алдымен, қазақ мүддесін көздеген
қоғамдық ұйымдардың бірқатар жаңашыл баста-
масы тіл саясатында, соның ішінде мемлекеттік
тіліміздің қоғамдық өмірімізде кең көлемде
жүзеге асуына зор серпіліс туғызып келеді.
Оған бірнеше нақты дəлелдер бар. Осы ретте
мемлекеттік тілдің толғақты талай мəселесін
дұрыс шешу үшін Мемлекеттік тілді дамыту
институты сияқты, т.б. мекемелер тарапынан
ауқымды іс-шаралар қолға алынып жатқанын
ұмытуға болмайды.
Қалай дегенмен тіліміздің жай-күйі мем-
лекеттік тілге қатысты заңдар мен заңнамаларға
тікелей байланысты. Себебі тіліміздің қоғамдық
өмірден өзіне тиесілі орнын алуы үшін, алды-
мен, оның нормативтік-құқықтық жақтан толық
қамтамасыз етілуі қажет. Еліміздің «Ата Заңы»
мен «Тілдер туралы» Заңына сəйкес мемлекеттік
тіліміздің мемлекеттік жəне қоғамдық үде-
ріс тердегі алатын орны мен рөлін нақты бел-
гілеп, оны жүзеге асырып жатқандаймыз.
Шын мəнісінде, жоғарыда аталған басты
құжаттарымыздың өзінде мемлекеттік тіліміздің
мəртебесі, қай бапта болсын, «Орыс тілі рес-
ми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» не-
месе «Мемлекеттік тілде жəне орыс тілінде
қамтамасыз етіледі» деп айқындалған. Бұл
болса, мемлекеттік тілдің қолданылуы мен да-
муына едəуір қиындық келтіріп келе жатқаны
жасырын емес. Осыдан барып, кез келген ме-
кеме, ұйымдарда мемлекеттік тілді қоя тұрып,
үйреншікті тілде барлық құжатты толтырып, іс
барысында тек орысша ғана қарым-қатынас жа-
сау жалғасуда.
Дегенмен тəуелсіздік жылдары мемлекеттік,
мемлекеттік емес мекемелер мен түрлі ұйым-
дардың атауларын мемлекеттік тілде жазуды
жəне жер-су атауларының қазақ тілінде болуын
талап ететін біраз қаулылар жарық көрді. Бүгінгі
таңда мемлекеттік тілге қатысты атқарылып
жатқан жұмыстардың дені соларға негізделіп
жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік тілдің қазіргі
жай-күйімен санассақ, оның қоғамдық қарым-
қатынастық қызметін нығайту мен кеңейту
мақсатында əлі де бірқатар шараларды қолға алу
қажет екені туындап отыр.
Расында да мемлекеттік тілдің шын
мəнін дегі қолданысының нақты көрінетін
жері – мемлекеттік басқару орындары мен
мемлекеттік мекемелер, заң шығару органда-
ры мен халықаралық қызмет, сан алуан шетел-
дермен дипломатиялық қатынастар. Бұл мəселе
тəуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бері
қазақ қоғамын қатты толғандырып келеді.
Қазіргі уақытта еліміз бойынша мемлекеттік
тілді еркін меңгергендерді жұмысқа тар-
ту жөніндегі жұмыстар мемлекеттік деңгейде
қаралуы қажет екеніне байланысты қазақ
қоғамының талап-тілегі барған сайын күшейе
түсуде.
Мемлекеттік тіл саясатын жеделдете іске
асырудың бір жолы – оған деген қоғам мүше-
лерінің қажеттілігін туғызу болып табыла-
ды. Қоғамдағы қай қызмет саласында болсын
мемлекеттік тілді жетік меңгерген мамандар
қызмет етсе, олар қарапайым халыққа үлгі-өнеге
болады. Себебі халқымыз (қазақ қоғамы) өзінен
үлкен адамды сыйлағандай, қолында билігі бар,
мансабы жоғары адамдарды да қадір тұтқан.
Оларды ел бастайтын серке, ел көсемі деп
санаған. Олардың іс-əрекетін, əдет-қылықтарын
өздері ғана үлгі тұтып қоймай, ұрпақтарына да
өнеге еткен. Сондықтан да қазақ тілін білетін қай
маман болсын, олардың бойында мемлекетшілдік
Б.Ж. Исхан
105
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
немесе ұлттық рух болуы қажет-ақ. Ондай рух,
əлбетте, өз ана тіліне деген іңкəр сезім, шынайы
махаббат арқылы қалыптасады.
Ұлттың жан дүниесін терең түсінетін мем-
лекеттік қызметкерде отаншылдық сана-сезім
жоғары болады. Сондай жандар елімізді ке-
мел келешекке жетелейді. «Мемлекеттік тіл –
менің тілім» деген сана-сезімі бар мемлекеттік
қызметкер ғана тіліміздің абыройы мен беделін
көтеріп, елге барынша адал қызмет атқара ала-
ды. Демек, ең алдымен, басты жауапкершілік
мемлекеттік қызметкерлер мен билік басындағы
азаматтарға жүктелуі тиіс.
Қазақ тілі еліміздің мемлекеттік тілі бол-
ғандықтан, барлық қазақстандықтар оны тек
үйреніп қана қоймай, терең меңгерулері де керек.
Бұл орайда да мемлекеттік мекемелерде қызмет
ететіндер, əсіресе сол мекемелердің тұтқасын
ұстап отырған дөкей басшылар мемлекеттік
тілді жетік меңгерген болса, басқаларға
үлгі-өнеге болып, тағылым беретіні анық.
Сондықтан мемлекеттік қызметке тұратындарды
мемлекеттік тілді терең білетінін ескере оты-
рып қабылдау керек дегенді қазақ тіліне жана-
шыр тұлғалар көптен бері айтып та, талап етіп
те келеді. Осы шартты қатаң сақтай отырып,
қазақстандық қарымды да қабілетті жастар-
ды мемлекеттік іске тартсақ, олар ресми жəне
кеңсе ісқағаздарын мемлекеттік тілде жазып
немесе мемлекеттік тілде жүргізуге сеп болып,
тілімізді дамытуға өз іс-əрекетімен үлес қосары
сөзсіз. Ондай мемлекеттік қызметкерлер сол
əрекетімен басқалардың мемлекеттік тілді оқып-
үйренуіне, меңгеруіне деген қызығушылығы
мен қажеттілігін туындатады.
Мойындау керек, мемлекеттік тілді мем-
лекет шенеуніктері толық меңгермейінше,
тіліміздің қоғамдық қызметін қарыштатып алға
бастыра алмаймыз. Себебі тəуелсіздігіміз бен
елдігімізді сақтаудың бір тұтқасы мемлекеттік
қызметкерлердің білім-біліктілігіне, олардың
отаншылдық сана-сезіміне, айналып келгенде,
отаншылдықты қалыптастыратын өз ана тілін –
еліміздің мемлекеттік тілі болып отырған қазақ
тілін олардың жетік білуіне байланысты. Сол
себептен мемлекеттік маңызы жоғары қызметтік
лауазымдар мен орындарға қазақ тілін терең
меңгерген кадрларды тарту бүгінгі күннің басты
мəселесі болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |