Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


ОТАНДЫҚ СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІН



Pdf көрінісі
бет26/29
Дата30.03.2017
өлшемі7,23 Mb.
#10629
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

ОТАНДЫҚ СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІН
 ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ
А. ҚАЗБАЙҚЫЗЫ, 
экономика ғылымдарының кандидаты
Қ. ҚАЙЫРБАЙ, 
магистрант,
 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімі құрылымында көлемнің үштен екі бөлігін ала 
отырып, мал шаруашылығы өнімдері жетекші орынға шықты. Оған саланың тұрақты түрде серпінді 
дамуы және соған сәйкес өнім өндіру көлемінің артуы әсер етті. 
Сүт  және  сүт  өнімдерін  өндіруде  оңтүстік  өңірдің  мүмкіншілігі  мол,  ауа­райы  қолайлы,  табиғи 
ресурстарға бай, өнеркәсіптік негіздегі ірі өндіріс ошағына айналуға әлеуеті жеткілікті. Сүт өндіруді 
ұлғайту үшін тауарлы сүт фермалары мен мал бордақылайтын орындарды көптеп салу керек.
Дегенмен, отандық өнімнің қарқынды дамуына кері әсерін тигізетін бірнеше себептер бар. Елімізде 
сүт  өнімдерін  кайта  өңдеу  кәсіпорындарының  өндірістік  қуатының  толық  іске  қосылмағандығы, 
негіз гі шикізат сапасының төмендігі, сүтті сақтау және тасымалдау жүйесінің дұрыс жолға қойылмаған­
дығы бұл іске қолбайлау болып отыр. Тұтынушылардың талғамына сай отандық сүт және сүт өнімдерін 
дайындау үшін сапалы шикізат көзін қалыптастыру мәселесі маңызды орын алады.
Қызылорда  облысы  ауыл  шаруашылығы  саласы  дамыған,  еліміздің  негізгі  аграрлық  аймақтары­
ның бірі болып саналады. Қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайлары мен өндірісті ұйымдастыру 
формалары  шаруашылық  етудің  соңғы  нәтижесі  –  рентабельділік  деңгейіне  әсер  етіп  отыр.  Мал 
шаруашылығының негізгі өнімдерінің республика және Қызылорда облысы бойынша рентабельділік 
деңгейі 1­кестеде келтірілген. 
Кесте 1. Мал шаруашылығы өнімдерінің 2008-2011 жылдардағы  рентабельділік деңгейі, %.
Өнім түрлері
ҚР бойынша
Қызылорда облысы
2008
2009
2010
2011
2008
2009
2010
2011
Сүт
21,6
23,4
21,6
23,2
18,2
19,1
25,0
15,9
Ірі қара мал еті
­0,9
3,6
7,2
8,5
­5,8
­4,5
2,1
3,7
Қой еті
12,6
10,0
11,2
12,5
8,6
7,1
7,5
8,1
Шошқа еті
0,2
0,2
3,2
3,9
­4,2
­4,0
1,2
2,0
Жұмыртқа
10,1
19,8
17,8
16,9
12,7
13,7
15,3
16,7
Ескерту – ҚР Статистика агенттігінің  мәліметтері негізінде 
2011  жылы  республика  бойынша  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  орташа  рентабельділігі  23,8% 
болса,  оның  деңгейі  мал  шаруашылығында  27,1%.  Қызылорда  облысы  бойынша  сәйкесінше  15,3% 
және  11,8%  болды.  Өсімдік  шаруашылығында  соңғы  5  жылда  рентабельділік  деңгейі  7­68%  ара­
лығында  ауытқыса,  мал  шаруашылығында  соңғы  жылдары  ғана  табыстылық  байқалады.  Мұндай 
жағдай 2011 жылы астық бағасының екі еседей жоғарылауына байланысты өсімдік шаруашылығының 
рентабельділігінің өсуімен байланысты. 

211
Мал шаруашылығында сүт өндірісінің маңызы үлкен, біріншіден, 2011 жылғы ауыл шаруашылы­
ғы  өндірісіндегі  сүт  өндірісінің  үлесі  15,7%,  ал  мал  шаруашылығы  өніміндегі  үлесі  34,3%  болса, 
екіншіден,  сүт адамзаттың тұтынуындағы міндетті және айырбасталмайтын тағам. Соңғы жылдары 
республикамызда сүт өндірісі тұрақтанып, сүт және сүт өнімдері нарығының дамуы байқалуда. Оның 
жыл сайынғы орташа өсімі 4,9% құрап отыр. 
Сүт  өндірісі  жыл  сайын  өсіп  отырғанымен,  ол  ішкі  сұранысты  толық  қамтамасыз  ете  алмайды. 
Ішкі  нарықтағы  жетіспеушілік  импорт  есебінен  қанағаттандырылып  отыр.  Елімізге  әкелінетін  сүт 
өнімдерінің импортының көп бөлігін сыр, қойытылған сүт, құрғақ сүт, сары май алады. Ал экспорт 
көлемі  жыл  сайын  кеміп  келеді.  Оның  негізгі  себептері  ретінде    ішкі  нарықта  құрғақ  сүтті  тұтыну 
көлемінің өсуі мен  отандық өнімдердің бағалық бәсеке қабілетсіздігін атап өтуге болады. Сонымен 
бірге,  сүт  өнімдерінің  ішкі  нарығын  зерттей  келе,  сүт  өндірісіне  қатысты  екі  мәселені  атап  өту 
керек: шикі сүттің сапасы және сүт өндірісінің маусымдылығы. Бұл сүт өндірісінің аз көлемде ұсақ 
шаруашылықтарда шоғырлануына, сүтті өңдеу технологиясының дамымауына байланысты [1].
Сүт және сүт өнімдерінің ассортиментінің көптігі мен өндірістің түрлі технологияларын қолдануға 
байланысты және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын реттеудің міндетті тетіктерінің болмауы­
на байланысты бір облыстың шегінде бағаның түрлі болуы орын алады: 1 л сүттің бағасы 80 теңгеден 
бастап  250 теңге немесе одан артып кетіп жатады. Ал аймақтар бойынша баға айырмашылығы өте 
үлкен.  Айтарлықтай  баға  айырмашылығы  жергілікті  жердің  экономикалық­әлеуметтік  және  табиғи 
климаттық, т.б. көптеген тікелей және жанама факторлардың әсерінен әр түрлі қалыптасқан. 
Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан «РЗА» сүт зауытының ерекшелігі – табиғи 
шикізат сүтті сиырдан сауылысымен­ақ өңдейді. Басты ұстанымы – қоспасыз табиғи өнімдер шығарып, 
тұтынушыға  ұсыну.  Сүт  өнімдерін  технологиялық  талаптарын  қатаң  бақылап,  өндірістің  жоғары 
мәдениетін  сақтап,  қолжетімді  бағамен  ұсыну.  Кешенде  Венгрия  елінен  әкелінген  сүт  бағытындағы 
асылтұқымды ең жоғары өнімді мүйізді ірі қара малы бағылуда. Әкелінген малдың өнімділігі жылына 
10­13  мың  литрдің  аралығында.  Яғни,  қажетті  жемшөп  қора,  мал  дәрігерлік  талаптары,  күнделікті 
күтімі  жолға  қойылған.  Барлық  талаптарды  қамтамасыз  ету  үшін  бір  бас  малға  540,88  мың  теңге 
көлемінде шығын жұмсалуы қажет. Шығынның негізгі бөлігі мал азығына кетеді. Ауданда мал азығы 
дақылдарының өнімділігі өте төмен және тиісінше өзіндік құны да жоғары.
Индустрияландыру картасына сәйкес Қызылорда облысының Қазалы ауданында салынған тауарлы 
сүт фермасының қазіргі жұмысы қалыпты. Басында бұл жоба Индустрияландыру картасына еніп, оны 
іске асырудың бірінші сатысына 2 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған болатын. Бұл соманың 
85 пайызы «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қоржынынан келіп түссе, қалғанын «РЗА» акционерлік 
қоғамы  бөлген.  Фермаға  сиырлар  Венгриядан  әкелінсе,  қажет  қондырғы  мен  құрал  –  жабдықтар 
голландиялық  «Дер  мастер»  компаниясынан,  48  сиыр  қатар  сауылатын  «параллель»  қондырғысы 
Ирландиядан жеткізілген. Жалпы, өндірісте сүт кластері жақсы жолға қойылған. Келешекте сүт өңдеу 
зауытынан арнайы балалар тағамдарын шығару жоспарланып отыр.
«Рза» Акционерлік қоғамының бүгінге таңда өндіретін сүт және сүт өнімдері бойынша Қызылорда 
облысында өнімдері тұтынылатын бәсекелестер ретінде төмендегі  компанияларды айтуға болады: сүт 
өнімдері кең ассортиментті «Фудмастер» компаниясы; «Адал» компаниясы; «Маслодел» компаниясы. 
Бәсекелес кәсіпорындар өнімдерінің бағасы нарықта 5­10%­ға артық.
«Рза Агро» ЖШС Республикалық Индустрияландыру картасына енген және сүтті мал шаруашы­
лығының  интенсивтілігі,  тиімділігі  жөнінен  тек  Қызылорда  облысында  ғана  емес,  республикадағы 
алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі. Германиялық сүт зауытында дайындалатын сүт өнімдеріне 
сұраныс  өте  жоғары.  2011  жылы  Қызылорда  облысының  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарында  
өндірілген сүттің  30%­ға жуығы осы кәсіпорынның үлесіне келеді [2].  
Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының жоспарын жасаудың маңызы зор. Жоспардың мақсаты 
азықтандырудың,  бағып­күтудің  және  бағыттап  төл  өсірудің  жағдайын  жақсартудың  шараларын 
белгілеп, іріктеу – сұрыптау жұмыстарын жетілдіріп, малдың тұқымдық және өнімдік сапасын арттыру.
Сонымен, ірі қара мал шаруашылығын жүргізуде төмендегідей тиімділікті арттыру резервтерін және 
одан мүмкін болатын тиімділік шамасын бағамдадық. (Кесте 2).

212
Кесте 2. Сүт өндірудің тиімділігін арттыру резервтері 
р/с
Орындалатын іс-шаралар
Тиімділігі
1
Жайылымдардан  жиналатын  шөпті  18ц/га­дан  34  ц/га­ға 
жеткізу
Жалпы өнім 
18%­ға артады
2
Азық  рационына  фосфор,мырыш,  кобальт,  иод  микро эле­
менттерін қосу 
Қосымша салмақ 16,7%­ға, сүттілігі
12%­ға артады
3
Жүгері  сабанын  амиак  суымен  және  белокты  минералды 
қоспалармен өңдеу
Концентраттар шығыны 30­35%­ға кемиді
4
Мал дәрігерлік, профилактикалық шараларды қолдану
Мал ауруы 5%­ға кемиді
5
8 танапты күріш ауыспалы егісі мен күздік бидайды қатар егу 6% су үнемделеді
6
Күріш  дақылдарына  азот  және  фосфор  тыңайтқыштарын 
енгізу
өнімділік 5%­ға артады
7
Жүгері сүрлеуде бактериалды концентратты қолдану 
Концентраттар шығыны 80%­ға кемиді
8
Мүйізді ірі қараны тәулігіне 6­8 рет концентратты азықтармен 
азықтандыру
Сүттілікті 10,6% ­ға арттырады
9
Интенсивті жүгері егісін қолдану
Еңбек шығыны 1,06 сағ/цн­ге кемиді
Сүт және сүт өнімдері өздерінің химиялық ерекшеліктеріне қарай сақтауға және тасымалдауға та­
лап қояды. Сүт алысқа тасымалдуға және ұзақ уақыт сақтауға шыдамай ашып кетеді. Сондықтан сүт 
өндіретін фермаларды тұтынушыларға неғұрлым жақын орналастыру қажет.
Шаруашылықта қалыптасқан нақты жағдай мен оңтайлы жоспар бойынша  ай сайын төлдеуі тиіс 
мал басы, ай сайынғы сүт өндіру көлемі мен оны өңдеудің арасалмағы елеулі ерекшеленеді. 
Қорытындылай  келе,  сүт  және  сүт  өндіруші  кәсіпорындарда  тұтынушылар  сұранысын  талдап, 
сәйкес шешімдер қабылдап, өндіріс көлемін, өнім ассортиментін жаңартып, өнім сапасын жоғарылату 
шараларын қарастыру қажет. Ол үшін арнайы мамандандарылған орта және ірі тауарлық шаруашылық­
тар құру арқылы ішкі нарықты отандық сүт өнімдерімен қамтамассыз ету; тұтынушылар талғамы мен 
сұранысына  сәйкес  сүт  және  сүт  өнімдерінің  ассортиментін  кеңейту  арқылы  қажеттіліктерді  қана ­
ғаттандыру;  сүт және сүт өнімдерінің қазіргі күнге сай орамдар есебінен сақтау; сүт өнімдерін өн­
діруші кәсіпорындардың ең басты міндеті өнімнің сапасын арттыру құрамында май және ақуыз  басым 
өнім дерді  өндіру;  сүт  қабылдайтын  арнайы  дайындау  пункттерін  ашу;  орта  және  ірі  шаруашылық 
ны сандарын  ұйымдастыру  ісінде  экономикалық  қызығушылық  туғызу  және  осы  мақсаттар  үшін 
ауыл  шаруашылық  құрылымдары  мен  бюджеттен  берілетін  субсидияларды  кешенді  пайдалануды 
қамтамассыз ету; республикалық бюджет қаражаттарынан асыл тұқымды мал сатып алуға субсидия 
беру; мал шаруашылығы, сүт өнеркәсібі және қызмет жасау салаларының бәсекеге қабілетті маман­
кадрларын дайындау; сүт және сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға инвестиция тартуды қолдау. 
Әдебиеттер:
1.  Байдақов  А.Қ.  Ауыл  шаруашылығында  тәуекелді  бағалаудың  әдістері  және  оны  басқарудың 
принциптері // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. – Астана, 2007. –  №1. –  107­111 б. 
2. Табынбаев Ж. Сүт сауып, құт тауып тұр // Сыр бойы. – 2012. – 3 наурыз. 
Резюме
В статье были проанализированы производственный потенциал и возможности Кызылор динского 
региона  в  производстве  молока  и  молочных  продукции,  рассмотрены  факторы,  оказывающие  отри­
цательное воздействие на прогрессивное развитие отечественной продукции. Предложены мероприятия 
по обновлению ассортимента и улучшению качества продукции, резервы повышения эффективности 
производства молока.  
                                                  
Summary
In this article were analysed production potential and possibilities of the region in production of milk and 
dairy production, the factors making negative impact on progressive development of a domestic production are 
considered. And also, actions for updating of the range and improvement of quality of production, reserves of 
increase of production efficiency of milk were offered.

213
ӘОЖ 330.322.214
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 
М.А. ЕЛПАНОВА, 
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
М. КУЛАХМЕТОВ, 
магистрант,
 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
Құрылыс  Қазақстан  Республикасының  ең  белсенді  дамып  келе  жатқан  салаларының  бірі  болып 
табылады.  Қазіргі  жағдайда  елімізде  құрылыс  кешені  өзгермелі  болуда,  ұлттық  экономиканың  тұ­
рақсыз  секторы  болып  келеді,  ол  сыртқы  факторлар  әсерінің  күшеюі  жағдайында  қызмет  етудің 
тұрақсыздығымен, белгісіздігімен сипатталады. Оның тұрақты дамуы инвестициялық қызметті жан­
дандыруынан,  экономиканың  өндірістік  және  өндірістік  емес  салаларына  капитал  салымдарының 
кеңеюіне тәуелді болады.
Құрылыс саласындағы инвестицияның жіктелуін сурет 1­сурет үлгісінде көрсетілген.
Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын 
қамтамасыз  етуге  үміт  арта  отырып,  орналастыруға  болатын  кез  келген  құрал  [1].  Инвестицияның 
ұсынылған  жіктелуі  қазіргі  заманның  инвестициялық  жобалау  концепцияларын  толығырақ  түсіну 
үшін, құрылыста жүріп жатқан инвестициялық процестерді жан­жақты бағалау үшін қажет.
Жіктелу белгілері
Инвестициялардың түрлері
Құрылымы 
бойынша
Инвестициялау
нысандары
бойынша
Субьектілер 
бойынша 
инвестициялау
Жалпы  инветициялар  –  тозған  негізгі  капиталды 
ауыс тыруға  кеткен  шығындар  қамтылған  капитал 
жұм салымдарының барлық мөлшері
Таза инвестициялар – амортизациялық аударым дар­
сыз жалпы инвестициялар
Құрылыстың негізгі қорына инвестициялар –
кәсіпорынның өндірістік қызметі үшін қажетті 
ғимараттар құрылысы, ірі құрылыстар, 
құрал­жабдықтарға шығындар
Құрылыста инвестицияларды тиімді пайдалану
Сақтық қор инвестицияларды – алдағы уақытта 
өндірісте пайдалану мақсатында кеткен шығындар
Мемлекеттік, жекеменшік, сыртқы
Сурет 1. Құрылыс саласындағы инвестицияның  құрылымдық  жіктелуі

214
Құрылысқа жұмсалған инвестициялар жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, 
сауда және басқа кәсіпорындардың жаңа құрылысына, қалпына келтіруге, кеңеюіне және техникалық 
қайта  жарақтандырылуына  кеткен  шығындарды,  тұрғын  үй  және  мәдени­тұрмыстық  құрылыс­
қа  кеткен  шығындарды  қосады.  Құрылысқа  жұмсалған  инвестицияларға  құрылыс  жұмыстарының 
барлық  түрлеріне  жұмсалған  шығындар;  жабдықтарды  монтаждау  бойынша  шығындар,  құрылыс 
сметаларында  көзделген  монтаждауды  талап  ететін  және  талап  етпейтін  жабдықтарды  сатып  алуға 
жұмсалған шығындар; құрылыс сметаларына қосылған өндірістік құрал­саймандар мен шаруашылық 
мұқаммалдарын  сатып  алуға;  құрылыс  сметаларына  кірмейтін  машиналар  мен  жабдықтарды  сатып 
алуға кеткен шығындар; өзге күрделі жұмыстар мен шығындарға кеткен шығындар жатады.
Құрылыс  саласының  қызмет  ету  үрдісінде  жобалық,  бас  мердігерлік  және  кіші  мердігерлік 
құрылыс ұйымдары, құрылыс индустриясының кәсіпорындары және көлік ұйымдары инвесторлардың 
тапсырысы бойынша құрылыс өнімдерін жаратуға қатысады. Ақпараттық жарнама қызметін атқарушы 
ұйымдар, банктер, сақтандыру ұйымдары сатушылар (инвесторлар) мен сатып алушылар (мердігерлер) 
арасындағы  мердігерлік  қатынасқа,  яғни  құрылыс  өнімдерін  несиелеу  және  сақтандыру,  келісім­
шарттарды ұйымдастыру, жарнама жасау, кеңес беру,  т.б. жолымен қызмет көрсетеді.
Құрылыс  кешенінің  қызмет  етуінің  ерекшелігі  құрылыс  өнімдеріне  тапсырыс  берушілердің 
(инвесторлар) өздері ол өнімді пайдалануға қатыспауы мүмкін, оны жалға беруі немесе басқа тұлғаларға 
сатуы мүмкін. Осылай, құрылыс өнімдерінің соңғы тұтынушылары болып мемлекеттік және жергілікті 
басқару ұйымдарының қызметкерлері, сонымен бірге елдің тұрындары бола алады. 
Республикада 2003 ж. бастап мердігерлік құрылыс жұмыстарының көлемдерінің 424 млрд. теңгеден 
1 876 млрд. теңгеге дейін артуы байқалады, бұл және сәйкесінше физикалық көлемнің жағымды индексі 
көрсеткішпен бейнеленген. Әйткенмен, 2009­2008 ж. қарағанда экономикалық құлдыраудың жағымсыз 
зардаптардың нәтижесінде ­3% теріс динамика болды (2­сурет).
Құрылыс саласының тұрақты дамуы үшін Үкімет «2010­2014 жылдарға Қазақстан Республикасын­
да құрылыс өнеркәсібін және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту бойынша бағдарламасын» 
өңдеген  болатын,  ол  «2010­2014  жылдарға  Қазақстан  Республикасының  жылдамдатылған  индуст­
риалды инновациялық даму бағдарламасының» (ЖИИДБ) ішкі бағдарламасы болып табылады. Түрлі 
секторлардағы  шаралар  қатары  6,5  трлн.  теңге  мөлшерінде  мемлекеттік  қаржыландыру  болжай ды, 
оның ішінде құрылыс өнеркәсібінің дамуына 733 млрд. теңге мөлшерде, басқа салалардың дамуы бо­
йынша басқа мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуынан шектес нәтижені ескере отырып, 
құрылыс саласын қолдаудың жалпы көлемі көрсетілген инвестициялардың көлемінен жоғары.
Ескерту: ҚР Статистика агенттігі мәліметтері негізінде құрастырылған [2].
Сурет 2. Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының көлемі
                                       
Құрылыс саласының негізгі капиталына инвестициялар көлемі жыл сайын өсуде, бұл құрылыс ком­
паниялар негізгі қорларды әрі қарай жаңартуы, инвестициялауы туралы айтады (3 ­сурет). 

215
Ескерту: ҚР Статистика агенттігі мәліметтері негізінде құрастырылған [2].
Сурет 3. Құрылыс саласының негізгі капиталына инвестициялар көлемі, млн. теңге
 
Сонымен қатар, құралдарды инвестициялағанда кейбір салықтық жеңілдіктерге бағытталған мем­
лекеттік қолдау да орын алған. Құрылысқа салынған тікелей шетел инвестициялар 2006 ж. 5,3 млрд. 
АҚШ  долл.  өскенін  көрсетті,  сосын  бұл  көрсеткіш  1,2  млрд.  АҚШ  долл.  дейін  төмендеген.  Бұл 
өзгеріс энергия тасушыларға рекордтық бағалармен байланысты болды, және осыған орай азаматтық 
құрылыста, мұнай­газ және тау­кен өнеркәсібі салаларында инвестициялық жобаларға үлкен қаржылық 
қолдау көрсетілген. 
ҚР­ның Статистика агенттігі мәліметтері бойынша, инвестициялардың көлемдері оның ішінде бюд­
жеттік және жеке қаржыландыру, жыл сайын тұрақты өскенін көрсетті 0,95 трлн. теңгеден 2,7 трлн. 
теңгеге  дейін  немесе  27  есе  өскен.  Сонымен,  құрылыс  саласында  жалпы  инвестициялардың  және 
тікелей шетел инвестициялардың көлемі арта түседі.
Нәтижесінде  құрылыс  сектордағы  жалпы  жағдайды  келесідей  сипаттауға  болады.  Барлық  қа зақ­
стандық құрылыс саласының сегменттері мемлекет ірі тапсырыс беруші ролін сақтанды қажет етеді. 
Нарық механизмдердің ағымдағы жағдайды және экономикалық құлдырау зардаптарын ескере отырып 
тиімділігі төмен болып отыр. 
Сала  көрсеткіштерін  басқару  мемлекетке  ауысты,  ол  құрылыс  мердігер­компанияларды  жұмыс 
көлемдерімен қамтамасыз етеді.
Сонымен, жалпы құрылыс саласы өсуінің бірнеше катализаторын белгілеуге болады: 
– кең көлемді банктік және қорлық қаржыландырумен қатар экономиканың және ҚР ЖІӨ негізгі 
көр сеткіштерінің өсуі; 
– азаматтық құрылыста, мұнай­газ және тау­кен өнеркәсібі салаларындағы жобаларды мемлекеттік 
қолдау, әлеуметтік инфракұрылымда көлемді бюджеттік қаржыландырумен жәрдемдесу; 
–  тікелей  шетел  және  жеке  инвестициялардың  құйылуы  үшін  сұраныстың  артуы  және  салынған 
құралдардың  айналымдылығының  азаюы  мен  қайтарымдылығы  арқылы  құрылыс  саласының  тар­
тымдылығын жақсарту;
– тиімді инновациялық жобаларды қолдану арқылы өндірістік қуаттарды жаңарту мақсатында  құ­
рылыс материалдары және құрылыс индустриясы кәсіпорындарына жағдай жасау және ынта ландыру­
ды қамтамасыз ету.
Әдебиеттер:
1. Игонина Л.Л.  Инвестиции: Учебное пособие / Под ред. д.э.н., проф. В.А. Слепова. – М.: Эко­
номист, 2004. 
2. ҚР Статистика агенттігі мәліметтері, www.stat.kz ақпараттық сайты.
Резюме
В статье рассмотрены экономические основы и предпосылки инвестирования строительства в рес­
публике. Проанализированы строительная деятельность и объем инвестиций в строительство. Пред­
ложены вопросы стимулирования инвестиционной деятельности в Казахстане.

216
Summary
The economical bases of  investments to the construction in the Republic of Kazakhstan are described in 
the article. Analysis of construction construction activite and volume of  investments to the construction  for 
identified period are provided. Some matters of  investments stimulation in Kazakhstan are proposed.
ӘОЖ 338.433.4:338.436 (574.54)
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫ-
ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
К.А. ӨТЕГЕНОВА, 
экономика ғылымдарының кандидаты
А. МАМАНОВА, 
магистрант,
 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа  жолдаған «Қазақстан­2050» 
Стратегиясы  –  «Қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты    дәстүрлі  Жолдауында  «Біздің 
басты  мақсатымыз  –  2050  жылға  қарай  мықты  мемлекеттің,  дамыған  экономиканың  және  жалпыға 
ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деп атап көрсетті [1].
Ауылшаруашылық  өндірісінде  техникалық  база  ерекше  рөл  атқарады,  онда  әр  түрлі  өндірістік 
үдерістерді  орындау  қатаң  түрде  белгілі  бір  мерзімге  ие  болады.  Сондықтан  да  техникалық  еңбек 
құралдарының  құрамы  қолданыстағы  технология  мен  технологиялық  үдерістерді  орындаудың 
агротехникалық талаптарына сәйкес болуы тиіс. 
Ауыл  шаруашылығы  өндірушілерін  жеткілікті  мөлшерде  қаржыландыру  ауыл  шаруашылығы 
дақылдары егісінің ылғал сақтау және жер қыртысын қорғау технологияларын игеру арқылы дәнді, 
картоп, көкөніс, жеміс және басқа да дақылдарды өндірушілердің табыстарының өсімін арттырады, 
жылыжайлар құрылысын қамтамасыз етеді, тұқым сапасының сараптаушы зертханаларды, дайындау­
өткізу кооперативтерін, мамандандырылған мал бордақылау орындарын, қала және ірі елді мекендердің 
айналасында мамандандырылған «сүт» белдеулерін құрады, жануарлардың өнімділігін арттырады.
Ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  техникалық  қамсыздандырылуының  қалыптасқан  төмен  деңгейі 
оның тиімді дамуын тежеуші негізгі фактор бола отырып, дәнді дақылдарды өндіру технологиясының 
қарапайымдануына, арамшөптердің таралуына, өсімдіктердің ауыруына, топырақтық құнарсыздануына 
және де нәтижесінде өнімнің саны мен сапасының төмендеуіне әкелді. 
Қалыпты эксплуатациялық мерзімнің 7­10 жыл екендігіне қарамастан, Қазақстандағы қазіргі ауыл 
шаруашылығы машиналар паркінің орташа жасы 12­13 жасты құрайды. Қолда бар техниканың тех­
никалық  дайындық  коэффициенті  0,7­ден  аспайды  және  техника  бірлігіне  шаққандағы  жүктеме  қа­
лыпты жағдайдан 1,3­1,5 есе артық. 
Ауыл  шаруашылығы  дақылдарын  тиімді  өндіру  үшін  тиеселі  ауыл  шаруашылық  техникасы  қа­
жет. Пайдаланылатын техника әрі тұрақты жетілдірілуі тиісті: техникалық және эксплуатациялық 
қа сиетте рін жақсарту, егін жинау машиналардың өндіру қабілетін арттыру қажет. Ауыл шаруа­
шылығы ның  мәліметтері  бойынша,  2011  жылы  республиканың  ауылшаруашылық  бөлімдерінде 
154 725 трактор, 46 652 астық жинаушы комбайн, 1 786 азық жинаушы комбайн, 569 егін кешені, 
91040 тұқым себуші машина, 14 746 егін оратын машина, 315 900 топырақ өңдеуші техника, 
49 683 жүк көлігі және 134 940 бірлік басқа да ауылшаруашылық техникасы болды.
Ауылшаруашылық  техника  тозығының  деңгейі  75%­ды  құрайды,  бұл  индикаторлар  бел­
гілеген бастапқы мағынадан жоғары болып табылады. Тракторлар паркі 7 жыл ішінде 5,5% (ор­
та есеппен жылына 0,8%), комбайндар паркі  22,3% (орта есеппен жылына 3,2%) жаңарған.

217
Егер  облыстың  бір  агроқұрылымына  шаққанда  келетін  ауыл  шаруашылық  техниканың  болуын 
қарастырсақ, онда тракторлардың 0,4 данасы, астық жинайтын комбайндардың 0,7 данасы, жемшөп 
жинағыш  комбайндардың  0,1  данасы,  қызылша  жинайтын  комбайндардың  0,02  данасы,  трактор 
соқаларының 1,0 данасы, жүк автомобильдерінің 0,1 данасы келеді.
Сонымен,  ауыл  шаруашылық  құрылымдардың  көпшілігінде  өз  техникасы  жоқ  және  олар  МТБ 
қызметтеріне  жүгінеді.  Ескеретін  жағдай,  қолданылып  жатқан  отандық  техника  өзінің  сапалық 
параметрлері бойынша әлемдік деңгейден анағұрлым төмен, сондықтан олар ауыл шаруашылығы да­
қылдарының егісі мен жинауға байланысты технологиялық операциялардың минимальді жоғал тула­
рын қамтамасыз ете алмайды. Біздің жағдайда техникалық құралдардың тозуы өсірген астық өнімінің 
40% дейін жоғары жоғалтуларға әкеледі. Агроқұрылымдардың техникамен төмен жабдықталғандығы 
оны  лизингке  алудың  қатаң  шарттарымен,  екінші  деңгейлі  банктер  үшін  несие  алуға  кепілдіктің 
жоқтығымен байланысты болып отыр. Осының барлығы әр түрлі ұйымдармен ұсынылатын қымбат 
ауыл шаруашылығы техникасының кең ассортиментінің негізінде болып жатыр. 
Ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарының  техникамен  және  ауыл  шаруашылық  машиналармен 
қамтамасыз етілуі Батыс елдердің және АҚШтың фермерлік қожалықтарына қарағанда едәуір төмен. 
Мысалы, Германияның егістік жерлерінің 1000 гектарына есептегенде тракторлардың саны 115 дананы, 
Ұлыбританияда 82 дананы, АҚШ 32 дананы, ал Қазақстанда шамамен 17 дананы құрайды. Германияның 
дәнді дақылдардың егістік алқаптарының 1000 га 25 астық жинайтын комбайндар, Ұлыбритания мен 
АҚШ 19 дана, Қазақстанда 3,0 комбайн келеді [2].
Соңғы жылдары облыс ауыл шаруашылығының материалдық­техникалық ресурстары республика­
да 1994 жылдан бастап қолданылатын лизингтік қызметтерді пайдалану көмегімен толтырылып жатыр. 
Ауылдық тауар өндірушіге лизингтік қызметтер қаржы және натуралдық түрінде ұсынылады. Мысалы, 
натуралдық түрі кезінде лизинг  алушы арендаға беруші мен арендаға алушы арасында техниканың 
ұзақмерзімді арендасы туралы келісім­шарт жасайды, сол кезде аренданың төлемі ауыл шаруашылығы 
өнімімен жүргізіледі. Ал, лизингтің қаржылай түрі кезінде лизинг алушы техниканың құнын төлейді. 
Агроқұрылымдар  өздерінің  материалдық­техникалық  негізін  кеңейту  екінші  деңгейлі  банктерден, 
ауылдық несие серіктестіктерінен және әртүрлі қорлардан берілетін несиелік құралдардың көмегімен 
жасайды. 
Машина­тракторлық паркін толтыру түрлі көздердің қаржысы есебінен жүзеге асады, соның ішінде 
«ҚазАгроҚаржы» АҚ едәуір үлеске ие (1­кесте).
Кесте 1. Қаржыландыру көздері бойынша астық жинайтын комбайндар сатып алу (дана)
Жылы
Барлығы
Соның ішінде:
Жергілікті бюджет 
есебінен
АШТӨ 
қаржысы 
есебінен
«ҚазАгроҚаржы» АҚ 
қаржысы есебінен
Лизингтік 
компаниялар 
қаржысы есебінен
2006
3101
43
947
100
11
2007
1051
46
587
329
89
2008
1424
67
878
343
136
2009
1441
64
766
515
96
2010
1217
33
456
627
101
2011
1628
26
843
578
181
Ескерту: ҚР АШМ мен ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде
2011 жылы ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландырудың әр түрлі көздерінің пайдаланы луы 
агроқұрылымдарға  843,4  млн.  теңгеге  жаңа  ауыл  шаруашылығы  техникасының  223  данасын  сатып 
алуға мүмкіндік берді, ол 2009 жылмен салыстырғанда 101 данаға және 416 млн. теңгеге артық [3].
Облыста машина­тракторлық паркін жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр. Соңғы 
бес жыл ішінде (2007­2011 жылдар) облыстың машина­тракторлық паркін жаңартудың қарқындары 
тракторлар  бойынша  3,6%­ды,  тіркелетін  техника  бойынша  3,1%­ды,  астық  жинайтын  комбайндар 
28­56

218
бойынша  11,6%­ды  құрады.  Жаңартудың  мұндай  қарқындары  айтарлықтай  төмен.  Облыс  ауыл 
шаруашылығын  техникамен  және  ауыл  шаруашылығы  машиналармен  қамтамасыз  етудің  нақты 
қалыптасқан жағдайы өте күрделі деп бағаланады.
Қазіргі  заманғы  жағдайда  техникалық  еңбек  құралдарын:  ауыл  шаруашылығын  техникалық 
қайта жарақтаудың ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламасы бойынша; қаржылық лизинг бойынша; 
шаруашылық  субъектілерінің  өз  қаржылық  жинақтары  есебінен;  ауылшаруашылық  техникасының 
қайталама нарығында; машина­технологиялық станциялар арқылы; қызмет көрсетуші кооперативтер 
арқылы;  отандық  машина  жасау  кәсіпорындарының  делдалдық  қызметі  арқылы  сатып  алу  ауыл 
шаруашылығының техникалық базасын нығайту мен дамытудың негізгі бағыттары болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан­2050» Стратегия­
сы – «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  атты Жолдауы  // Сыр бойы. – 2012. – 15 желтоқ­
сан. 
2. Кузенков А.Л. О границах эффективности применения лизинга // Проблемы прогнозирования. – 
2003. – №6. – С. 153­158.
3.  Суеубаев Ж.  Оценка показателей конкурентоспособности  видов  транспорта // Матер. междун.
науч­практ. конф. «Наука и инновации на железнодорожном транспорте». – Алматы, 2007. – С. 169­175.
Резюме
Эффективность сельскохозяйственного производства, продовольственная безопасность страны во 
многом зависит от состояния ее технической базы. В статье проведена оценка организационно­эко­
номическим условиям развития технической базы сельского хозяйства. Рассмотрены основные нап­
равления развития базы сельского хозяйства в условиях рыночной конкуренции.
Summary
Efficiency of agricultural production, food security of the country in many respects depends on a condition 
of its technical base. In this article the assessment to organizational and economic conditions of development of 
technical base of agriculture is carried out. And also, the main directions of development of base of agriculture 
in the conditions of the market competition were considered
ӘОЖ 330.322.214:339.442 (574.54)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет