РЕДАКЦИЯДАН
2012 жылғы 1819 қазанда Қазақстанның байырғы жоғары оқу орындарының бірі – Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған ісшаралар болып өтті.
Мерейтой шараларының аясында Халықаралық ғылымитәжірибелік конференция, университет
ғалымдары мен студенттерінің ғылыми жетістіктерінің көрмесі, мерейтойға арналып шығарылған
жаңа кітаптардың таныстырылымдары, спорттық ісшаралар, салтанатты жиналыс пен мерекелік
концерт ұйымдастырылды. Бұл ауқымды ісшараларға Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік
академиясының (ҚР ҰИА) мүшелері, еліміздің, Оңтүстік Корея, Украина, Ресей Федерациясы және т.б.
елдердің белгілі ғалымдары мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
ЖОО тарихынан: Университет негізінде 1937 жылы Қызылордаға көшірілген Қиыр Шығыс корей
педагогикалық институты базасында ашылған педагогикалық институт тұр. 1992 жылы Н.В. Гоголь
атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық
институты болып аталды, кейіннен ол Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті
болып қайта құрылды.
1976 жылы Қызылордада Жамбыл гидромелиоративтікқұрылыс институтының филиалы ашыл
ды. Кейіннен ол Ы. Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты
болып, 1996 жылы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды.
1998 жылдың наурыз айында Ы. Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты мен
Қор қыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті біріктіріліп, Қорқыт Ата атындағы Қы
зылорда мемлекеттік университеті (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) мәртебесін алды.
Бүгінгі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жоғары білімді маман
дар даярлауда өз дәстүрін, бірнеше ғылыми мектептердің бағыттарын қалыптастырған, республика
мыз дағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Жоғары оқу орнында білім алып,
бұл күндері есімдері алыс және жақын шетелдерге танымал болған көптеген ғалымдарды университет
лайықты мақтан тұтады.
Мамандар дайындау сапасын арттырудың басты мақсаты – олардың нарықтық экономика жағ
дайында бәсекеге қабілеттілігі және оқытушыпрофессор құрамының ғылыми әлеуетінің деңгейі жо
ғары болуы. Осы мақсаттарға жету жолында университет 60тан астам ғылыми орталықтармен және
шетелдік белді жоғары оқу орындарымен әріптестік қарымқатынастар орнатты. Бұл ынтымақтастық
тың негізгі бағыттары – студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, қос дипломды
білім бағдарламаларын жүзеге асыру, оқытушылардың біліктігін жоғарылату, халықаралық жобаларға,
конференциялар мен семинарларға қатысу, магистрлер мен ғылым докторларын даярлау.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті,
И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, В.П. Горячкин атындағы Мәскеу
мемлекеттік агроинженерлік университеті, Корей Республикасы Каннам университеті, РҒА Н.Н. Мик
лухоМаклай атындағы Этнология және антропология институты сынды шетелдік жоғары оқу орын
дары мен жетекші ғылыми орталықтардың магистратура, аспирантура, докторантурасын 40тан астам
бітірушілері еңбек етіп, жоғары білікті мамандарды даярлау әрі тәрбилеу ісіне белсене атсалысып жүр.
Қазіргі таңда университетте 27 мамандық бойынша 340 магистрант білім алуда, осы оқу жылынан
бастап PhD докторантураның 9 мамандығы бойынша жоғары білікті ғылымипедагогикалық мамандар
даярлау басталды.
Мерекелік ісшаралар 2012 жылғы 18 қазанда Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана да
басталып, онда «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ: қалыптасу және даму жолдары» кітабының тұсауке
сері болды. Кітапта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдық тари
236
хы баяндалады. Ісшара барысында көпшіліктің назарына «Фотошежіре», «Университет – баспасөз
беттерінде», «Біз – университет түлектеріміз» кітаптары да ұсынылды.
Әрі қарай университеттің шетелдерде білім алған жас ғалымдарының, сондайақ студенттер, ма
гистранттар, докторанттардың ҚР ҰИА Президиумы мүшелерімен, отандық және шетелдік белгілі
ғалымдармен кездесуі өтті. Кездесу барысында ғалымдар өздерінің тәжірибелерін жас әріптестерімен
бөлісті, ЖОО арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде пікірлер алмасты, уни
верситеттің жас оқытушылары мен студенттерінің сұрақтарына жауап берді.
Жас ғалымдар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді «дөңгелек үстел» басында талқылап,
өздерінің алған әсерлері, жоспарларымен бөлісуге мүмкіндік жасағандары үшін белгілі профессорлар
мен академиктерге өз ризашылықтарын жеткізді. Лауазымды қонақтар университеттің заманауи
ғылымитехникалық әлеуетіне, кешенді ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін материалдық
техникалық базасының мүмкіндіктеріне тоқталды.
Қазір университетте жас ғалымдардың жетекшілік етуімен бірнеше инновациялық жобалар орын
далуда. Көптілді білім беру жүйесін дамыту мақсатында университетте «Электронды оқуәдістемелік
оқулықтар кешені Virtual Learning» жобасы іске асырылуда. Ғылыми жобаның мақсаты – білім алушы
лар үшін Интернет арқылы үш тілде пәндердің оқуәдістемелік кешендерінің виртуалды нұсқалары
желісін жасау. Мұнымен қатар, «Қазақстанның мұнайды қайта өңдеуші зауыттарының олефинді
шикізатынан карбон қышқылдарының күрделі эфирлерін алудың қуатүнемдеуші және экологиялық
таза технологияларын жасау», т.б. инновациялық жобалар жүзеге асырылуда.
Сырдария өзенінің төменгі жағында орналасқан мәдени ескерткіштерге жүргізілген тарихи зерт
теулер мен археологиялық ізденістер нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу мақсатында университет
те 20112012 оқу жылында Археология және этнография ғылымизерттеу орталығы ашылды. Орта
лықтың ғылыми қызметкерлері – Н.Н. МиклухоМаклай атындағы Этнология және антропология
инс титуты, әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология
институтының бұрынғы аспиранттары, жас ғалымдар.
Мерекелік ісшаралар 2012 жылғы 19 қазанда жалғасын тапты. Түске дейін Қорқыт Ата атында
ғы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Жоғары кәсіптік білімнің инно
вациялық дамуы: тәжірибесі, мәселелері және келешегі» атты халықаралық ғылымитәжірибелік кон
ференцияның пленарлық мәжілісі жұмыс жасады.
Пленарлық мәжілісті университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.А. Би
сенов жүргізді. Конференция жұмысына Қазақстан, ТМД елдері мен алыс шетелдің белгілі ғалымдары
қатысты.
Конференцияға қатысушылар ғылым мен білім дамуының өзекті мәселелерін талқыға салды.
18 қазанда өткен конференцияның 4 секциясының жұмысы барысында Ресей, Украина, Корей
Республикасы, Түркия, отандық жоғары оқу орындарынан келген ғалымдар жоғары кәсіби білімді
дамыту мен білім, ғылым және өндіріс салаларындағы әріптестік байланыстар мәселелері тұрғысын
да пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Секциялық мәжілістерде барлығы 200ден аса баяндама
тыңдалды.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Еуропалық ЖОО ассоциациясының толыққанды мүшесі болып
табылады. Мерейтой университеттің әріптестік шекарасын айтарлықтай кеңейтуге жол ашты. Қорқыт
Ата атындағы ҚМУнің Каннам Университетімен (Корея Республикасы), Т.Г. Шевченко атындағы
Киев ұлттық университетімен (Украина), К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу аграрлық университеті мен
(Ресей) және басқа да жоғары оқу орындарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою
рәсімі жасалды.
Өзінің 75 жылдық тарихында Арал өңіріндегі білім, ғылым мен өнер орталығына айналған Қорқыт
Ата атындағы ҚМУ спортта да айтарлықтай жетістіктерге жетті. Екі мәрте олимпиада чемпионы,
бірнеше мәрте әлем чемпионы, Сыр өңірінің мақтанышы Илья Ильин – университет түлегі. Ғылыми
кеңестің шешімімен И. Ильинге Қорқыт Ата атындағы ҚМУ дене шынықтыру және спорт саласында ғы
құрметті докторы атағы берілді. Университет сондайақ, өзінің түлектері – Марина Вольнова, Алмас
Өтешов, Виктор Лептиков, Александр Зайчиков және т.б. республикамыздың белгілі спортшыларын да
мақтан етеді.
237
Мерейтойлық ісшара барысында спортшылардың құрметіне «Сыр Ана монументі – Орталық
алаң» бағытымен велошабандоздардың шеруі және «Қорқыт Ата ескерткіші – Орталық алаң» бағыты
бойынша жеңіл атлетшілердің жарысы өткізілді. Велошабандоздар шеруіне университеттің 500 сту
дентвелошабандоздары және 75 кәсіпқой велошабандоздар, жеңіл атлетикадан жарысқа Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ денешынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының 75 спортшыжеңіл
атлеттері қатысты.
Н. Бекежанов атындағы облыстық музыкалыдрама театрында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналысқа Қызылорда
облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі (ҚР БҒМ) өкілдері, арнайы
шақырылған меймандар, Қызылорда жұртшылығы қатысты.
Салтанатты жағдайда мерейтойлық марапаттар табысталды. Қызылорда облысының әкімі Б.Б. Қуан
дықов университеттің 18 студентіне оқуларына гранттық қолдау жасау туралы білім сертификатта
рын, сондайақ бірқатар ғалымдар мен оқытушыларға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс
етті.
ҚР БҒМ өкілі Д.К. Айтқұлов Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың атынан университет
тің оқытушыпрофессор құрамының мүшелеріне төсбелгілер мен құрмет грамоталарын табыс етті.
ҚР ҰИА бірінші вицепрезиденті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
түлегі Н.К. Надиров құттықтау сөз сөйлеп, университеттің бес ғалымын ҚР Ұлттық инженерлік
академия ның құрмет грамоталарымен марапаттады.
Мерейтойға келген қонақтар алдында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ бұрынғы ректорлары, шетелдік
қонақтар құттықтау сөздерін айтты. Университет ректоры айрықша мақтанышқа айналған түлектерді
«Университеттің үздік түлегі» мерекелік медалімен марапаттады.
Салтанатты жиналыс университет студенттері мен оқытушыпрофессорлар құрамының күшімен да
йындалған үлкен мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.
Аймақтың білім, ғылым, мәдениет орталығы болып қалыптасқан университеттің шын мәнінде бола
шағы жарқын, келешегі кемел.
238
МАЗМҰНЫ
Беркимбаев К.М., Мейірбекова Г.П., Керимбаев Б.Т. Болашақ мамандарды кәсіби даярлауда
ақпараттықкомпьютерлік технологияларды қолдану тенденциялары 3
Кервенев Қ.Е. Медеубаев Н.Қ. Пәнаралық зерттеулер нәтижесіндегі информациология
және оның негізгі бағыттары 8
Ділманова А.Т. Топырақтың азғындалуын математикалық модельдеу мәселесі 10
Бахтиярова С.Б., Жұманазарова Қ.А. Оқу үрдісінде интерактивті тақтаны пайдалана отырып,
оқушылардың ақпараттықкоммуникативтік құзіреттіліктерін қалыптастыру 14
Қожатай Б.Б. Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері мен тиімділігі 17
Алибекова А.О., Скакова В.С. Шетел тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаларды қолдану 21
Рахметуллаева Р.К, Әбілов Ж.А., Мун Г.А., Абдықалықова Р.А., Үркімбаева П.И., Тоқтабаева А.Қ.
Электрондық оқулықтың ақпараттықкоммуникациялық технологиядағы алатын орны 24
Нурланова Б.М., Медеубаев Н.К., Шаукенов Ж.Т., Джанысова Д.Д., Сейтмуратов А.Ж.
Мгновенное состояние среды, соответствующее некоторому фиксированному моменту времени
двухкомпонентного полупространства 27
Жанмолдаева А.Б., Жанмолдаев Б.Ж. Спутниктік байланыс жүйесінің қабылдаушы құрылғыларының
сапалылығын есептеу жолдары және оның математикалық моделі 31
Танибергенова С.С. Дистанционные технологии в обучении иностранному языку 35
Сүлейменова Ж.А. Ақпараттықкоммуникативтік технологиялар және оны ағылшын тілі
сабағына пайдалану 38
Остаева А.Б., Мырзабаева А.Ш. Проблемы обеспечения защиты корпоративных вычислительных сетей 42
Сұлтанбекова Г.Н., Серікқызы М. Шетел тілін оқытуда ақпараттықкоммуникативтік технологияларды
тиімді пайдаланудың маңызы 46
Бекмұратова Х.Қ., Айымбетова М.Т., Үргенішбаева Ж.Р. Қызылорда бекетіне келіп түсетін жүктерді
қабылдаужөнелту қызметінің ақпараттық жүйесін құрудың моделі
50
Айтимова У.Ж., Тажикова Г.Д. Оптимизация запросов в распределенных и параллельных системах
управления базами данных
53
Әйтимова Ұ.Ж., Ыбраева А.Ә. Компьютерлік желілерде маршруттау алгоритмдерін пайдалану
56
Әйтімова Ұ.Ж., Балмаханова А.Е. Webқосымшасындағы ақпараттық өзара қатынас интерфейстері
59
Дәуренбеков Қ.Қ, Еңсебаева Г.М., Егешова М.М. Мобильді силлабус кешені
62
Даутбаева А.О., Мырзахметова С.Е. Исследование наблюдающего устройства с повышенным
потенциалом робастной устойчивости 64
Даутбаева А.О., Иманова Ж.У., Бексеитова А.Б. Построение наблюдателя для однопараметрических
структурноустойчивых отображений
68
Еңсебаева Г.М., Есіркепова А.Ө. Мәліметтерді тасымалдау барысында жоғалған ақпаратты есептеуді
компьютерлік модельдеу
72
Есіркепова А.Ө. Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың негізгі мәселелері
75
Есіркепова А.Ө, Еңсебаева Г.М. Болашақ маманды даярлауда ақпараттық және коммуникациялық
құрылғыларды қолданудың артықшылықтары
78
Мырзабаева А.Ш., Мырзамұратова А.А. Корпоративті есептеу желісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
көпагенттік жүйелердің қолданылуы
81
Наурызбаев Е. А. Конвергентті желілер
85
Турешбаев А.Т., Омарова У.Ш., Мырзахметова С.Е, Умарсерикова Г.Г. Нелинейное моделирование
динамики орбитальных стационарных точек фотогравитационной ограниченной задачи трех тел
88
Тұрлығулова Н.Ә. Негізгі мектепте сапалы білім беру компоненттерінің бірі – алгоритмдік мәдениет
92
Айтимов М.Ж., Жусипбек Б.К. Googleдің бұлтты қызметтері
95
Айтимов М.Ж. Виртуализация технологияларының негізгі түрлерi
98
Минглибаев М.Ж., Сейтмұратов А.Ж., Арипбаева Ж.П. Өзара гравитациялаушы бейстационар
үш дене мәселесінің үшбұрышты дербес шешімдері
101
Аубакирова Ж.Қ., Тұрғанбаева Ә.Ж. Модульдік жүйе бойынша оқыту
106
Джарова С.А. Численный метод решения ретроспективной задачи теплопроводности
109
239
Жайсаңбаев Т.Р., Бекқожаев Ә. Жарық және оның қоршаған ортаға әсері туралы оқу материалының физика
курсында пайдаланылуы
113
Жарменова Б.К., Мукеева Г.И., Альменаева Р.У. Эффективность внедрения информационных
и коммуникационных технологий в образование
117
Избасаров Е.Ж., Тусупова Б.Б., Сейтмуратов А.Ж. Об использовании методов имитационного
моделирования для исследования сложных систем
120
Mamyrbaeva O.J. Mathematical methods in the speech recognition systems
122
Нысанқұлова Б.Ә., Құлмырзаев Н. «Elearning» – виртуальды оқытудың бірнеше бағыттары
мен оны қолданудың ерекшеліктері
127
Сейтмуратов А.Ж., Аймырзаева А.Б. Білім беруді ақпараттандырудың біріздендірілген
құралдарын жасау
130
Тулегенова А.Ж., Есимханова Н.И. Эффективность использования электронных учебников
в преподавании истории
132
Сейтмуратов А. Ж., Юлдашева Ұ.Б., Жанысова Д.Ж. Информатиканың соңғы жетістіктерін пайдалана
отырып есепті электронды есептеу машинасы көмегімен шығару
135
Искаков Ж., Қалиев Б. Физиканы оқытуда компьютерді және мультимедианы пайдалану
138
Жарбулова С.Т. Актуальные проблемы обучения профессиональному русскому языку в режиме online
142
Абеева А.А. Регуляризация уравнения ГельфандаЛевитана методом установления
145
Бақалбаева Г.А., Кенесары А.Б., Құлмырзаев Н.С. Сымсыз байланыс технологиясы – WiMAX
148
Усайнова Г.М., Ибрагимова Н.Ж. Электронды оқыту жүйелері, стандарттар мен спецификациясы
152
Кулакаева И.Ж. Виртуальные карточки коммерческих банков Казахстана и преимущества
их использования
155
Әбілмомынова М.Ш. Информатика сабағында power point бағдарламасын презентация әзірлеу
құралы ретінде оқыту
160
Ешпанова Д.Д. Методы выявления корреляционной связи при изучении демографических процессов
164
Коптилеуов А.Б. Обзор методов и средств имитационного моделирования производственных систем
170
Бахытұлы С., Қошқарова Ш.З. Кәсіби оқыту педагогтарын дайындауда ақпараттық коммуникациялық
технологияларды пайдалану
173
Мансуров К.Ж., Шорникова О.Н. Разработка модульной технологии обучения
и ее использование в учебном процессе вуза
176
Мұратбаева Г.А. Болашақ педагог мамандарын даярлау жүйесінде заманауи
білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін арттыру мәселелері 179
Тілеубай С.Ш., Бекмұратова Х.Қ., Тоқсанова С.Қ., Жалмурзаева А.Н. Bluetoothға қатысты
қорғалған байланысты құру
184
Диуанова Р.К. Шетел тілі сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану – заман талабы
187
Сулейменова О.Я., Абрамова Г.В. Болашақ химия оқытушыларын дайындау бағытындағы пәндердің
СӨЖ тапсырмаларында ақпараттықкоммуникативтік технологияларды қарастыру
190
Дәуренбеков Қ.Қ., Тулендиев К.Е. Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиялары
193
Остаева А.Б., Кабдолдина Н. Требование к платформам приложений серверной стороны
196
Ким С.Т. Методы интерактивного обучения в вузе
198
Балмаханова А.Е., Нұрова Г.Ж. Жоғары оқу орнының компьютерлік желісін құру үшін көп есептік
операциялық жүйелердің негізінде тиімді желілік шешімдерді таңдау
201
Байманова З.Ж. Әлеуметтікэкономикалық құбылыстардың динамикасын статистикалық зерттеу
203
Үсенов С.С., Балтөреев Д.М. Білім беру порталдарын ресурстармен толықтыру ерекшеліктері
207
Қазбайқызы А., Қайырбай Қ. Отандық сүт және сүт өнімдерін дайындау мәселесі
210
Елпанова М.А., Кулахметов М. Құрылыс саласын инвестициялаудың экономикалық аспектілері
213
Өтегенова К.А., Маманова А. Ауыл шаруашылығының материалдытехникалық базасын
дамыту мәселелері
216
Өтегенова К.А., Матназаров Қ. Аймақтағы құрылыс нарығының ағымдағы жағдайы
218
Сагынаева М.С., Алтаев И.М. Развитие и реализация индустриальноинвестиционных проектов
Қызылординской области 221
Әбдігаппарова А.Ж., Игенбаева Р.Т. Заманауи дидактикадағы интерактивті оқыту формасы мен әдістері 229
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттiк университетiнiң
ХАБАРШысы
1999 жылғы наурыздан бастап шығады Издается с марта 1999 года
____________________________________________________
Жылына екi рет шығады Издается два раза в год
Редакция мекен-жайы:
120014,
Қызылорда қаласы,
Әйтеке би көшесi, 29»А»
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда
мемлекеттiк университетi
Телефон: (7242) 26-17-95
факс: 26-27-14
E-mail: ksu@korkyt.kz
Адрес редакции:
120014,
город Кызылорда,
ул.Айтеке би, 29 «А»,
Кызылординский
государственный
университет
им. Коркыт Ата
Құрылтайшысы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетi
Учредитель: Кызылординский государственный университет им. Коркыт Ата
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi
берген 450Ж бұқаралық ақпарат құралын есепке алу куәлiгi, 29 қазан, 1998 ж.
Техникалық редактор: Күлманова С.А.
Редактор: Мұхиден Б.М.
Компьютерде беттеген: Скакова А.Е.
Теруге 15.11.2012 ж. жiберiлдi. Басуға 12.12.2012 ж. қол қойылды.
Форматы 60х84
1
/
8
. Көлемi 15,81 шартты баспа табақ. Таралымы 500 дана.
Тапсырыс 56. Бағасы келiсiм бойынша.
Сдано в набор 15.11.2012 г. Подписано в печать12.12.2012 г.
Формат 60х84
1
/
8
. Объем 15,81 усл.п.л.Тираж 500 экз. Заказ 0062. Цена договорная.
Жарияланған мақала авторларының пiкiрi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi.
Мақала мазмұнына автор жауап бередi.
Қолжазбалар өңделедi және авторға қайтарылмайды.
«ХАБАРШЫДА» жарияланған материалдарды сiлтемесiз көшiрiп басуға болмайды.
«Фолиант» баспасы.
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
Достарыңызбен бөлісу: |