Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІСІН



Pdf көрінісі
бет25/29
Дата30.03.2017
өлшемі7,23 Mb.
#10629
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІСІН 
ҚҰРУ ҮШІН КӨП ЕСЕПТІК ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ 
НЕГІЗІНДЕ ТИІМДІ ЖЕЛІЛІК ШЕШІМДЕРДІ ТАҢДАУ
А.Е. БАЛМАХАНОВА, 
техника магистрі
Г.Ж. НҰРОВА, 
математика магистрі,
 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,  
Қазақстан Республикасы
Соңғы 5 жылда ақпараттық технологияның дамуы біздің елімізде қарқынды дамыды. Дербес ком­
пьютердің даму процесі күннен­күнге даму үстінде, болашақта компьютерлер кез­келген мекеменің 
ауыстырымсыз және қажетті атрибуты болып табылады. 
Ақпараттық  технологияның  интенсивті  дамуының  себебі  болып  ақпараттың  сапалы  да,  тез  өң­
делуінің жоғарылауы болып табылады.  Компьютерлерді желіде байланыстыру еңбектің өнімділігін 
жо ғарылатуға  мүмкіндік  берді.  Компьютерлер  өндірістік  қажеттіліктер  үшін  және  білім  алу  үшін 
қолданылады.
Компьютерлік желілерді түрлі белгілері мен қасиеттері бойынша бөлуге болады, бірақ көбіне тер­
риториялық қасиеттері бойынша, яғни желінің қамту аумағы бойынша жіктейді. Егер жалпы желіге 
бір­бірінен  айтарлықтай  қашықтықтағы  компьютерлер  немесе  жергілікті  желілер  біріктірсе,  онда 
мұндай  құрылымды  таратылған  немесе  аймақтық  желі  деп  атайды.  Қазіргі  кезде  ірі  компьютерлік 
желілер саны жүздеген мыңдармен есептеледі.
Компьютерлік техниканың дамуымен жұмыс процесінде қолданылатын бағдарламалық өнімдерді 
өндіру көлемі артты. Сәйкесті әрбір жеке жобаларға қатысты бағдарламаның саны да артты. Сонымен 
қатар осы ұжымдар бір­бірінен географиялық алыс қашықтықта орналасуы мүмкін. Осының барлығы 
жеке компьютерлер арасында өзара байланыстың тиімді әдісін құру қажеттігін туғызды.
Компьютер аралық байланысты ұйымдастырудың үш негізгі тәсілі бар: 
–  қатар  тұрған  компьютерді  олардың  коммуникациондық  порттарын  басып  өтетіндей  арнайы 
кабельдермен қосу; 
– бір компьютерден екіншісіне модем арқылы өткізілген немесе спутниктик байланыстың көмегі­
мен мәлімет жіберу; 
– компьютерлерді компьютерлік жүйеге біріктіру (қосу).
Дербес компьютердің құрылымы екі компьютерді байланыстыру үшін тізбектелген коммуникация­
лық  порттардың  болуын  қарастырады.    Осы  технологияның  дамуы  локальді  есептеуіш  желілердің 
пайда болуына әкеп соқты. Бірінші желілер стандартты коммуникациялық порттар негізінде құрылды. 
Бірақ олардың ақпарат алмасу жылдамдығы өте төмен болды. Осы мәселені шешу мақсатында ақпарат 
26­56

202
беру жылдамдығы компьютердің ішкі шинасының жылдамдығына тең, разъемы бар арнайы желілік 
тақшалар жасалынды.
Бір немесе бірнеше машиналар мынадай арнайы функциялар атқарады:
1. Файлдарды ортақ пайдалану. Файлдарды бір мезгілде пайдалану үшін рұқсат беру.
2. Файлдарды жіберу. Сыртқы тасымалдауыштарды пайдаланбай ақпарат жіберу
3. Файлдарды және ақпаратты пайдалануға рұқсат беру. Кез келген жұмыс станциясында қол­
данбалы бағдарламаларды жүктеу
4. Қолданбалы бағдарламаларды пайдалану. Бір уақытта бірнеше жұмыс станциясында бір бағдар­
ламаның көшірмесімен жұмыс істеу.
5. Қолданбалы бағдарламаларға бір мезгілде берілгендерді енгізу. Осы функциялардың барлығын 
файл­сервер деп аталатын арнайы бөлінген машина орындайды.
6.  Принтерді  пайдалану.  Жергілікті  есептеуіш  желілер  бірнеше  пайдаланушыларға  бір  немесе 
бірнеше принтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
7.  Электронды  пошта.  Хаттарды,  қызметтік  қағаздарды  есептерді  және  тағы  басқа  құжаттарды 
басқа пайдаланушыларға жөнелтуде пайдаланылады.
Жергілікті  есептеуіш  желілердің  архитектурасы  әлде  қайда  күрделі  болып  табылады.  Кейбір 
жағдайларда шина топологиясы емес жұлдызша немесе сақина құрылымдары пайдаланылады. Күрделі 
желілерді құруда қосымша құрылғыларды пайдалану қажеттігі туындайды. Егер жергілікті есептеуіш 
желісі бірнеше сегменттерге, мысалы, екі және одан да көп географиялық  кластарға бөлінсе, онда 
осы сегменттерді байланыстыру үшін хаб – кабельдік орталық пайдаланылады. Әр типті хаб әр алуан 
кабельдер жүйесінің сегменттерін біріктіруге мүмкіндік береді. Хаб портына жеке торды да, сондай­ақ 
басқа хабты да немесе кабельдің сегментін қосуға болады.
Әр түрлі желілер арасында байланыс орнату үшін маршрутизатор пайдаланылады. Маршрутизатор 
жалпы протокол мен жүйелерді көпірге қарағанда тиімді біріктіреді. Ол, мысалы, үлкен хабарлама лар­
ды өте ұсақ бөлшектерге бөлуге мүмкіндік туғызады да, осынысы арқылы әр түрлі көлемдегі пакеттері 
бар локальды жүйелердің өзара әрекеттерін қамтамасыз етеді. Нарықта осындай құрылғыларды шы­
ғаратын фирмалар бар. Бірақ бұл құрылғылар анықталған шарттар негізінде  нақты бір мәселені ше­
шуге арналған. Сондықтан бірінші мәселе – аппараттық мәселе туындайды. Желіні құруда аппараттық 
құ рыл ғылар арасындағы өзара үйлесімділік болу қажет.
Екінші мәселе – бағдараламалық қамсыздандырылуы. Желіде жұмыс істеу үшін желілік операциялық 
жүйелерді (Network Operating System – NOS) өндірушілер бар.
Қазіргі  таңда  IDC  компаниясының  бағалауы  бойынша  келесі  операциялық  жүйелер  кеңінен 
қолданылады.
– NetWare v2.х и vЗ.х, Novell Inc. 65 %
– LAN Server, IВМ Согр. 14 %
– LAN Manager, Microsoft Corp. 3 %
– UNIX5 %
– Windows NT Advanced Server 10 %
Осы аталған желілік операциялық жүйелер негізінде жғары оқу орнының тиімді желілік ортасын 
құру маңызды болып табылады. Осыған байланысты келесі мәселере туындайды:
1. Жоғары оқу орнында үлкен көлемді компьютерлер бар және бірі бірімен ақпарат алмасу мүмкінді­
гі шектеулі.
2. Ақпаратты сақтау мен өңдеудің әртүрлі әдістері және үлкен көлемді ақпарат негізінде жалпыға 
ортақ берілгендер қорын құру мүмкін еместігі.
3. Жергілікті есептеуіш желісінде бірнеше  компьютерлер тек нақты есептерді шешеді.
4. Жинақталған бағдарламалық және ақпараттық қамсыздандыру толық көлемде пайдаланылмайды 
және сақтаудың жалпы стандарты жоқ.
5. Ауқымды желіге қосылу мүмкіндігі болған жағдайда барлық пайдаланушыларды топқа біріктіріп, 
топ арқылы ақпараттық арнаға қоосылу қажет болады.
Осы мәселелерді шешу мақсатында жоғары оқу орнында ортақ ақпараттық желіні құру ұсынылды. 
Ортақ ақпараттық желісі келесі функцияларды орындауы қажет:

203
1.  Берілгендерді  өңдеу  мен  әр  түрлі  уақытта  және  типте  сақталған  ақпараттарды  барлық  пайда­
ланушыға қолдануға мүмкіндік беретін ортақ ақпараттық кеңістікті құру.
2. Ақпаратты жоғалту мен бұзылуларға төзімді есептеуіш жүйені құру арқылы ақпараттың дәлдігі 
мен сақтау сенімділігін арттыру. Сонымен қатар, берілгендер мұрағатын құру мүмкіндігін пайдалану.  
3. Ауқымды берілгендер қорын құру арқылы технологиялық, технико­экономикалық және қаржы­
лық­экономикалық ақпаратты жинақтау, сақтау және іздеу жүйесін құру.
4. Ауқымды есептерді шығару және тиімді шешім қабылдау мақсатында берілгендерді өңдеу мен 
осының негізінде талдау мен болжау жүйесін құру.
5. Авторизацияланған пайдаланушыларға ақпарат алуға рұқсат беру.
 
Әдебиеттер:
1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети, принципы, технологии, протоколы. – СПб.:  Пи­
тер, 2000.
2. Хамахер К., Вранешич З., Захи С.  Организация ЭВМ. – СПб.: Питер, 2003. – 848 с.
3. Гук В.В. Аппаратные средства IBM PC . – СПб.: Питер, 2002. – 928 с.
4. Галкин В.А., Григорьев Т. Телекоммуникации и сети. – М.: Изд. МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2003. – 608 с.
5. Компьютерные сети. Учебный курс. – М.: Русская редакция, 2004. – 576 с.
6. Блэк Ю. Сети ЭВМ: протоколы, стандарты, интерфейсы. – М.: Мир, 2003.
7. Нанс Б. Компьютерные сети.  – М.: БИНОМ, 1996.
Резюме
Учитывая  экономические  возможности  вуза,  на  основе  имеющейся  информационной  базы  пред­
лагается  построить  комьютерную  сеть,  обеспечивающую  требования  к  сети  и  применение  сетевых 
решений с помощью операционных систем. 
Summury
Based on these operating systems to build a network solution applicable to the construction of a network of 
high school with the necessary requirements for the network, based on available hardware base, as well as the 
economic opportunities of the university.
ӘОЖ 37.016
  
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ 
ДИНАМИКАСЫН СТАТИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
З.Ж. БАЙМАНОВА, 
техника магистрі,
 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
«Динамика» сөзі гректің «dynamikos» деген сөзінен алынып, «күшке тиісті, күшті» деген мағынаны 
береді. Бұл термин қозғалыс­әрекетті, өсу­даму жағдайын білдіреді.
Құбылыстардың белгілі бір уақыт ішінде өзгеруі статистикада динамика деген атпен, ал осы процес­
ті  сипаттайтын  көрсеткіштер  қатары  динамика  қатарлары  деген  атпен  жүргізіледі.  Құбылыстардың 
белгілі бір уақыт аралығында өзгеруін сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер қатары динамикалық 
қатар деп аталады.
Динамикалық қатарлар екі бөліктен тұрады: бірі – уақыт моменттері иемесе кезеңдер, ал екінші­
сі – оларға тиісті көрсеткіштер. Қарастырып отырған даму уақытының жалпы ұзындығын аралықтарға 
бөліп қарасақ, әрбір қиылысу нүктесі момент (сол сәт, мезет, мезгіл) деп аталады, ал бір моменттен 
екіншісіне өткен уақыт аралығы (жыл, тоқсан, ай, күн және т.б.) кезең деп аталады.

204
Динамикалық  қатарлар  ұзақ  мерзімді  тенденцияларды,  кейбір  кезеңдерге  тән  циклдік  немесе 
локалдық өзгерістерді, күнделікті тербелістер мен маусымдық өзгерістерді өз бойына жинақтай  алады.
Динамикалық қатардың төмендегідей сипаттары бар:
– ұзақ мерзімді қозғалыс бағыты, яғни жалпы ғасырлық тенденция;
– қысқалау кезендерге тән циклдік немесе локалдық өзгерістер;
– кейбір жылдарға тиісті тербелістер мен маусымдық өзгерістер. 
Статистикада динамикалық мә ліметтерді құрамдас бөліктерге (компоненттерге) жіктеу және өлшеу 
әдістері, оларды есепке алып, келешекте күтіліп отырған даму болашағын бағалау жолдары жасалған. 
Динамикалық қатардың көрсеткіштері салыстырмалы болуға  тиіс.
Динамикалык қатарларды мезеттік немесе кезендік етіп құру ерікті іс емес, ол қарастырылып отырған 
құбылыстың маңызына, оның мөлшерін анықтау әдісіне байланысты. Динамикалық қатарларды бас­
тапқы абсолют шамалар және өнімдік көрсеткіштер негізінде құруға болады. Өнімдік, яғни нәтиже лік 
көрсеткіштер дегенде, абсолют шамаларды қайта өндеу нәтижесінде алынған салыстырмалы орташа 
шамалар негізінде құрылған қатарларды түсінеміз.
Динамикалық қатарларды талдау процесінде бірқатар көрсеткіштер табылады:
1) абсолют қосымша өсу (яки азаю);
2) өсу (яки азаю) коэффициенті немесе қарқыны;
3) қосымша өсу (яки азаю) коэффициенті немесе қарқыны;
4) 1% қосымша өсудің (яки азаюдың) абсолют мәні. 
Жоғарыда атап көрсетілген көрсеткіштерді жан­жақты қарап шығайық.
1. Абсолют косымша өсу немесе азаю әрбір кейінгі кезеңнің дәрежесінен бастапқы кезеңнің немесе 
өзінен бұрынғы кезеңнің дәрежесін азайту жолымен анықталады. 
2. Өсу яки азаю коэффициенті немесе қаркыны әрбір кейінгі
 
кезеңнің дәрежесі бастапқы кезеңнің 
немесе өзінен бұрынғы кезеңнің дәрежесіне қарағанда неше есе яки неше пайыз үлкен не кіші екендігін 
көрсетеді.
3. Қосымша өсу (азаю) қарқыны да екі әдіспен анықталуы мүмкін. Бірінші әдісті қолданғанда, әрбір 
кейінгі кезеңнің дәрежесінен бастапқы кезеңнің дәрежесі азайтылып, 100­ге көбейтіледі де, бастапқы 
кезеңнің дәрежесіне бөлінеді.
Ал екінші әдісті қолданғанда, бастапқы кезеңнің дәрежесі әрбір кейінгі кезеңнің дәрежесінен азай­
тылып, 100­ге көбейтіледі және өзінен бұрынғы жылдың дәрежесіне бөлінеді.
Кезеңдік қатарларда орта дәреже арифметикалык орташа формасында есептеледі.
4.  1%  қосымша  өсудің  (азаюдың)  абсолют  косымша  өсу  мәні  шынжыр  тәрізді  қосымша  өсу 
қарқынына бөлінеді.
Трендті орталықтанған сырғанақ орташа дәрежелер арқылы есептеу жолымен анықтау мәселесінің 
қорытындысында  назарларыңды  мынаған  аударғымыз  келеді:  бұл  түпкі  маңызы  тұрғысынан  тақ 
сан ды дәрежелерден хронологиялық орташаны есептеп табуға негізделеді. Расында да жоғарыдағы 
мысал да алғашқы сырғанақ орташа – бастауыш дәрежеден бастап төрт қатар шектерінің жиындысын 
төртке бөлу жолымен анықталады, яғни:
,                                                           (1)
ал екіншісі екінші дәрежеден бастап тағы төрт қатар шектері жиындысын төртке бөлу нәтижесінде 
алынады, яғни
                                                           (2)
Содан соң олардан қарапайым арифметикалық орташаны есептеп, алғашқы орталықтанған сырғанақ 
орта дәрежені табамыз, яғни:
                                                                   (3)

205
Бұл теңдіктегі   және  ­лердің орнына олардың тең өрнектерін қойсақ, онда бес дәрежеден есептеп 
шығарылатын хронологиялық орташаның формуласы келіп шығады:
                          (4)
Басқа орталықтанған сырғанақ орта дәрежелер де нақ осындай тәртіппен анықталады.
Динамиканың тенденциясын анықтау мақсатымен қатарларды өңдеу әдістері ішінде ең қолайлысы – 
тренд теңдеуін құру және сол негізде тегістелген дәрежелерді есептеу болып табылады. Бұндай жағ­
дайда бастапқыда қатар мәліметтері бойынша даму тенденциясын өрнектеу үшін ең тиімді функция 
таңдап алынады, ол аппроксимациялаушы функция деп аталды. Содан соң бұл функция шағын квад­
раттар әдісінің көмегімен шешіледі, ал қарапайым тренд тендеулері келтірілген:
1) Түзу сызықты функция түріндегі теңдеу: 
2) Көрсеткішті функция түріндегі теңдеу: 
3) Екінші ретті парабола тәріздес теңдеу: 
Бұл жерде:   – қатардың теориялық дәрежелері (« t  бойынша тегістелген игрек» деп оқылады);
t – уақыттың шартты белгісі, әдетте кезеңдер реттік санмен белгіленеді. Мысалы, t: 1, 2, 3, ...п.
а
0
, a
t
 және а
2
 – аналитикалық функцияның көрсеткіштері (белгісіз шектері).
Маусымдық тербелістер – кейбір мезгілдер мен айларда көп жылдық қатарларда ұдайы байқалатын 
тұрақты тербелістер.
Маусымдық  тербелістер  дегенде  біз  жылдың  кейбір  мезгілдері  мен  айларында  құбылыстар  мен 
процестердің көп жылдық динамикасында ұдайы байқалып тұратын тұрақты тербелістерді түсінеміз.
Статистикада маусымдық тербелістерді зерттеу төмендегі  мақсаттарды көздейді:
– қатар дәрежелерінде байқалатын маусымдық тербелістерді айқынырақ сипаттау және өлшеу;
– көрсеткіштерді маусымдық ықпалдан тазартып, олардың ай сайынғы, кезең сайынғы өзгерістерін 
таза күйінде өлшеп практикалық мәселелерді шешу кезінде пайдалану;
–  экономикалық  даму  перспективаларын  белгілеу  кезінде  маусымдық  тербелістерді  есепке  ала 
отырып, тиісті көрсеткіштерді анықтау.
Маусымдық толқынды әдістер бар. Олардың арасында ең қарапайымы – маусымдық индекстерді 
жасау.  Бұл  үшін  жылдық  орта  дәрежені  есептеп,  оны  кейбір  айдың,  тоқсанын  немесе  жылдың  дә­
режелермен салыстыру керек, яғни:
                                                               (5)
Маусымдық  индекстерді  есептеу  динамика  қатарларында  байқалатын  маусымдық  тербелістерді 
бағалаудың  бір  жағы  болып  табылады.  Оның  екінші  жағы  –  дәрежелердің  жалпы  құбылмалықтың 
қалыптасуында маусымдық толқындардың иеленетін орнын анықтау. Ал бұл жалпы құбылмалылық 
дәрежесін кездейсоқ тербеліске, трендке және маусымдық толқындар үлесіне бөлу мәселесін туын­
датады.  Оны  дисперсиялық  талдаудың  көмегімен  шешуге  болады.  Бұндай  талдау  сатылы  түрде  тө­
мендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
1.  Барлық  жылдар  үшін  айлық  немесе  тоқсандық  мәліметтер  негізінде  тренд  теңдеуінен,  не  көп 
дәрежелерден сырғанақ орташаны есептеп тауып, олар негізінде тегістелген дәрежелер анықталады: 
 – бұл жерде 
 – жылдың рет саны, маусымның 
 (ай, тоқсан, т.б.) рет саны;
2. Әрбір шынайы дәреже тиісті тегістелген дәрежеге бөлініп, маусымдық индекстер –   есептеп 
шығарылады;
3. Әрбір ай немесе тоқсан үшін орташа жылдық маусымдық индекстер табылады;

206
4.  
             Бұл жерде: т – жылдар саны;
5.  Тиісті  айлар  немесе  тоқсандар  үшін  тегістелген  дәрежелер  орташа  маусымдық  индекстерге 
көбейтіледі.  Соның  нәтижесінде  маусымдық  толқынды  есепке  алатын  тегістелген  дәрежелер  пайда 
болады:
                                                                               (6)
6.  Маусымдық  толқынның  ықпалы  арқылы  туындайтын  айырмалар  мен  олардың  квадраттары 
есептеп шығарылады:
және
(7)
7. Кездейсоқ тербеліс есебінен пайда болған айырмалар мен олардың квадраттары анықталады:
және
(8)
8. Тренд есебінен пайда болған айырмалар және олардыи квадраттары есептеп табылады:
және
(9)
9. Ең соңында жалпы айырмалар мен олардың квадраттары табылады:
және
(10)
Айырмалардың маңыздылығы Фишер   – өлшемінің көмегімен анықталады.
Әдебиеттер:
1. Абдурахманов М.А. Статистика. – Астана, 2008. – 400 с.
2. Береславская В.А., Стрельникова Н.М., Хинканина Л.А. Теория статистики: Учебное пособие. – 
Йошкар­Ола: МарГТУ, 2004. – 136 с.
3.  Голуб  Л.А.  Социально­экономическая  статистика:  Учебное  пособие  для  студентов  высших 
учебных заведений. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003. – 272 с.
4. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. Общая теория статистики. – М.: Финансы и статистика, 2002. – 300 с.
5. Ефимова М.Р., Петрова Е.В., Румянцев В.Н. Общая теория статистики: Учебник. 2­е изд., испр. и 
доп. – М.: ИНФРА­М, 2005. – 416 с.
Резюме
Статья основана на использовании точного аналитического метода числа в исследовании большого 
количества экономичных появлений и процессов в  наше время экономичной жизни. Это позволяет 
развить некоторые части математики, а именно, математического прогноза, экономично­статистических 
методов,  в  частности,  методы  выгодного  планирования  и  управления  широко  развиты.  Следующие 
аналитические  методы  используются  для    решения  предположения,  показанной  во  время  процесса 
работы и проверки прогноза: анализа теоретических и практических исследований, правительственного 
стандарта высшего образования, программ и учебников, литературы и электронного ресурса, изменения 
населения, наблюдения, прогноза и экспериментов.
Summary
This work is based on the usage of exact number analysis method in investigating the large number of  
economical  appearances  and  processes  in  nowadays  economical  life.  It  enables  to  develop  some  parts  of 
mathematics ,namely mathematical prognosis, economical­statistical methods and etc. Especially methods of 
beneficial planning and controlling are widely developed. The following analysis methods were used to solve 
the assumptions displayed during the work process and to check the revealed prognosis: analysis of theoretical 
and practical investigations, governmental higher education standard, programs and textbooks,  literature and 
electronic resource, alteration of population, investigating the observation, prognosis and experiments.  

207
ӘОЖ 374.3:004.451.8
БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛДАРЫН РЕСУРСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫРУ  
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
С.С.ҮСЕНОВ, 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Д.М. БАЛТӨРЕЕВ, 
магистрант,
 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
 Қазақстан Республикасы
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық 
технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрон­
дық басылымдарды оқытуға ендірмейінше, кез келген әлеуметтік­экономикалық саланың алға басуы 
мүмкін емес.  
Білімді  негізгі  қоғамдық  капиталға  айналдыру  және  білім  алуға  байланысты  табыстың  өсуі  осы 
тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және накты бір мекеменің пайда табуына байланыс­
ты болып отыр.  Оқу процесінде ақпараттық технологиялар маңызды емес, оларды білім беруде қолдану 
қаншалықты жетістікке жеткізетіндігі маңызды. 
Білім  беру  процесінде  қазіргі  заманның  талабына  сай  қымбат  технологияларды  қолдануға  қа­
рағанда,  күнделікті  қолданып  жүрген,  бағасы  да  төмен  технологиялар  тиімдірек.  Өйткені  қымбат 
тех нология лар талапқа сай нәтиже беру, бермеуі белгісіз. 
Білім  беру  жүйесінде  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологияны  дамытудың  тиімді 
құрылымы  білім беру порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті – жоғары технология лы 
оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қоса тын 
маңызды  функциялармен  толықтырылады.  Порталдың  білім  және  технологиялық  саясаты,  сонымен 
бірге, оның ағартушылық қызметі әдістемелік және технологиялық арнаға ақпараттандыру процесін 
бірте­бірте ендіру әдісі болып табылады.
Компьютерлер  мен  желілерді  пайдаланудың  технологияларын  дамытудың  қазіргі  заманғы  тұжы­
рымдамасы тек ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау, кіріктіру немесе орын ауыстыру үшін ғана емес, 
және де өзара әрекеттестік ортасы ретінде бастауын бірінші компьютерлік желіден алады. Интернет 
технологиялардың  көмегімен  хабарламалар  алмасу  ретінде  ұсынылған  компьютерлік  же лідегі  өзара 
әрекеттестіктің  ортасына  өзара  әрекеттестіктің  келесі  модельдерін  жатқызады:  элект рондық  пошта 
бойынша пошта хабарламаларын алмасу (біреу біреуге); жөнелту тізіміндегі пошта хабарламаларын 
алмасу  (көп  көпке);  пайдаланушылар  мен  веб­сайттардың  авторларының  арасында  хабарламалар 
алмасу;  (көп  біреуге  және  біреу  көпке).  Бұған  ғылыми  және  оқу­әдістемелік  ресурстарды  алмасуға 
арналған  порталдың  технологиясын  үстемелеуге  болады.  Портал  білім  беру  процесінің  бар лық 
деңгейінде бірлестіктен бастай және аймақтықтан аяқтай отырып, ресурстарды кіріктіруге қызмет ете 
алады [1].
Портал  – бұл шапшаң қатынас құруға, дамыған пайдаланушылық интерфейске және алуан түрлі 
мәліметтің,  қызметтер  мен  сілтемелердің  кең  ауқымына  ие  болатын  желілік  телеқатынастық  торап, 
бұл бағыт көрсету мен баптауға қарапайым интерфейс арқылы ақырғы пайдаланушыға ұсыну үшін 
ресурстарды біріктірудің, ақпарат көздерін таңдаудың парасаттық аспабы [1].  
«Портал» термині алғашқыда архитектура саласына жатқан болатын, ол ғимараттағы ең басты, ше­
рулік кіретін жерді білдіреді. Интернеттің орталықсызданған табиғаты алғашқыда оған арнаулы кіретін 
жерді  ұйғармаған  болатын.  Ұзақ  уақыт  бойы  іс  жүзінде  Интернетке  кірудің  жалғыз  ғана  нүкте лері 
іздестіру мәшинелері мен каталогтар болды. Сонымен, Интернеттегі «портал» терминімен алғашқы да 
AOL, Excite, Yahoo, MSN секілді сайттарды атай бастады, атап айтқанда, пайдаланушылардың көпші­
лігі оларды желіге өздерінің саяхатын  жөнелту нүктесі ретінде  қолданды. 

208
Қазіргі  заманғы  Интернет­порталдар  анықтамалық,  талдаушылық,  қатынастық,  білімдік  және 
басқадай  ақпараттық  қызметтер  көрсетуге  бағдарланған  жеткілікті  түрде  ірі  және  күрделі  желілік 
ақпараттық­технологиялық  кешендер  болып  табылады.  Дайындау  кезінде  терең  және  жан­жақты 
тұжырымдамалық зерттеу жолдары мен бірлестік ақпараттық желілерді құру мүмкіндіктерін, бағыты 
әртүрлі  салалық  пен  аймақтық  ақпараттық  желілік  ресурстарды  қалыптастыру  тәсілдерін  ғылыми­
әдістемелік және технологиялық негіздеуді талап етеді [5].  
Білім  беру  порталы  келесі  функцияларды  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді:  мамандарға  ақпарат 
пен қатынас құралдарын ұсыну, бөлімдер мен ресурстар арасындағы байланысты жақсарту, авторлық 
құқықты сақтау, оқу курстарына, білім технологияларына, білім қызметтеріне конкурстар жариялау, 
ақпарат алмасу мүмкіндігі, әр түрлі сервистерді ұсыну (ЧАТ, форум, пошталық таратулар) [1].
Білім  беру порталы – бұл оқу порталы (білімді бақылау, беру, құру және қол жеткізген білім өлшемін 
дәлелдеуі). Егер де  порталда оқыту функциялары жоқ болса, онда мұндай портал білім жүйесінің тек 
ақпараттық порталы болады [1]. 
Оқыту  мақсатына  арналған  құрылымданған  контент,  гетерогенді  мәліметтер  көзінен  ақпарат  алу 
(реляциялы  және  көпөлшемді  мәліметтер  базасы,  құжаттарды  басқару  жүйесі,  электронды  пошта 
жүйесі, web­серверлер, гипермәтін сақталатын серверлер мен түрлі файлдық жүйелер, ­аудио, ­бейне­
ақпараттар),  клиенттік  ортаны  ұйымдастыру  мүмкіндіктері  болуы  керек,  сонымен  бірге  жүйедегі 
жұмыстың орындалуын нақты адамның немесе топтық қауымның қадағалауын ұйымдастыру.
Қазақстанда, Ресейде Интернет желі домендерінде орнатылған университет порталдарының бірқа­
тар өз кемшіліктері бар. Осы кемшіліктер порталдың дамуына шектеу қояды және оларды қолдану 
тиімділігін төмендетеді.
Көп жағдайда портал әр түрлі негіздегі қолданушылар тобын құрайды және  порталға енудің бір 
ғана  жолы  болғандықтан,  қолданушылар  жалпы  ақпараттардан  хабардар  болғаннан  кейін  барып, 
өзіне қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады, яғни әрбір қолданушының сұранысы мен қажеттілігі үшін 
Интернет желісінде жеке ақпарат құралдарын беру мүмкіндігі қарастырылмаған, сонымен қатар, басқа 
да көптеген шектеулер кездеседі. Бұл шектеулер Интернет желі базасында орналасқан бүгінгі білім 
жүйелеріне тән.
Порталда  ақпаратты  дербестендіру  қызметін  ұйымдастыру  үшін  қызметтері  білім  порталына 
сәйкесті қолданушылардың негізгі категорияларын анықтау қажет.  
Ақпаратты білім ортасының ресурстары мазмұны бойынша көптеген әр түрлі ұйымдастыру көз­
дерінен тұрады: лекциялық және ақпарат беру материалдарынан, оқыту модельдерінен, иллюстративті 
материалдардан, эксперимент зерттеу нәтижелерінің материалдарынан, әлеуметтік зерттеу нәтиже­
лері және басқа да ғылыми­педагогикалық қоғамның қызығушылығын тудыратын және мекеменің 
ғылы ми­білімінің  әрекетін  көрсететін  нәтижелерден.  Ресурстардың  ерекше  түрін  белгілі  ғылыми 
зерттеулерді  жүргізетін  және  практикалық  жұмыстарды  Интернет  желісі  арқылы  орындауға  ар­
налған  жабдықтарды  қолдануға  рұқсат  беруді  қамтамасыз  ететін  бағдарламалық  және  аппаратты­
бағдарламалық жинақтар құрайды.
Портал ресурстарын  келесі түрде жүйелеуге болады:
Ресурстардың бірінші категориясы – бұл үлестірілген кітапхана қоры. Әрбір бөлек ресурсты ұйым­
дастыру жабдықтары, форматы және түріне тәуелсіз оқу орындарындағы оқу процесінде виртуальды 
өкілдікті қолдануға арналған барлық ресурстар жинақталған. Ақпараттық ресурстар берілген ресурс­
тың құру­ұйымдастыру электрондық кітапханасында сақталады, сонымен қатар олар портал катало­
гында бір мезетте бейнеленеді. 
Ресурстардың екінші категориясы – портал ережесі бойынша каталог жасайтын және оны бейнелей­
тін ақпаратты білім ортасынан тыс серверлерінде орналасқан ішкі ресурстар. Бұл түрдегі ресурстарға 
зертханалық  практикумды,  жобалау  және  модельдеу  жүйелерін  және  басқа  да  мультимедиалық 
ресурстарды  жатқызуға  болады.  Берілген  категорияның  барлық  ресурстары  бірінші  категория 
ресурстарының базасына қосыла алады және деңгейі әр түрлі портал каталогына ену мүмкіндігі бар.
Ресурстардың  үшінші  категориясы  –  бұл  ұйымдастыру  үшін  оқу  орындары  ұсынған  әртүрлі 
міндеттері бар ресурстар. Порталдың кез келген  өнімін ұсына алатын электронды магазин құрылады 
(Интернет магазин). Өнімді алу үшін  төленетін ақы мен өнімді алу ретін қамтамасыз етуді анықтайды.

209
Ресурстардың төртінші категориясы – бұл оқу орнында өткізілетін іс­шаралар мен конференциялар, 
семинар  жайлы  ақпараттардан  тұрады.  Кез  келген    категориядағы  ресуртарды  құру  оқу  орнының 
виртуальды  өкілдігінде  жүргізіледі,  ал  портал  жабдықтары  ақпаратты  білім  ортасының  барлық 
қолданушыларына ақпаратты жеткізу, тарату, ақпаратты алу кезінде бірыңғай ашық ақпаратты білім 
кеңістігін  құруды  қамтамасыз  ете  отырып,  барлық  ортада  ақпаратты  тарату  мен  каталогын  құруды 
қамтамасыз етеді.
Порталды ақпаратпен толықтыру жөнінде сөз болған жағдайда, контент пен ресурс түсініктерінің 
айырмашылықтарын білу қажет.
Контент  –  бұл  мәтін,  графика,  мультимедиа  және  басқа  да  ақпараттық  толықтырулар  жинағы 
(34.012­200, п.3.6 СТ  РК сәйкесті анықталған).
Ақпараттық  ресурстар  –  бөлек  құжаттар  немесе  бөлек  құжаттар  массиві,  ақпарат  жүйесіндегі 
құжаттар массиві мен құжаттар жинағы (кітапхана, архив, қорлар, мәліметтер базасы, басқа ақпараттық 
жүйелер).
Яғни, контент оқыту құралы емес. Контент – бұл электрондық басылымдарды құрайтын элементтер, 
яғни ақпараттық ресурстар.
Стандарт  бойынша  пәннің  контентінің  құрылуына  жауапты  адам  пәнді  өңдеуші  (құрушы)  деп 
аталады [3]. Активті оқу қызметін қамтамасыз ететін және қашықтықтан оқыту мақсаты мен міндетін 
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жинағын жүйенің бағдарламалық жабдықтамасы деп 
атайды [3, п.3.14].
Яғни контент пен ресурс тікелей бір­бірімен байланысты екенін байқауға болады.
Контент  оқу  құралдарын  құруға  арналған  материал  қызметін  атқарады.  Оқыту  құралдары  – 
бұл  оқу  мазмұнын  ұсыну  формаларының  бірі.  Көп  жағдайда  оқу  құралдары  компьютерлік  және 
телекоммуникациялық технологиялар арқылы құралады.
Әдебиеттер:
1. Нұрғалиева Г.Қ., Тажиғұлова А.І., Туенбаева Қ.Т. Білім беру порталдарын жасау әдістемесі.  – 
Алматы, 2010. 
2. 2005­2010 жылдарға арналған ҚР Білім жүйесін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
3.  СТ  ҚР  34.012­2004.  Қашықтықтан  оқытудың  техникалық  және  бағдарламалық  жабдықтары. 
Жалпы техникалық талаптар; № 596 18.04.2008 ж. Білім жүйесін лицензиялау Ережесі.
4. Семин Ю.Н. Интегративный подход к проектированию содержания общеинженерной подготовки 
в техническом вузе // Образование и наука. Изв. Уральск. науч.­образов. центра РАО. – 2000. – №3 (5). – 
С. 48­58.
5. Шлыкова С.А., Бурсин И.Л., Запольская Л.С., Насадкина О.Ю. Информационно­образователь ные 
ресурсы  Интернет­библиотеки  Карельского  виртуального  университета:  проблемы  и  перспективы  // 
Всероссийская научно­методическая конференция Телематика 2002. – СП, 2002;  http://tm.ifmo.ru/db/
doc/get_thes.php?id=196.
Резюме
В  статье  рассматриваются  образовательные  порталы  и  особенности  их  дополнения  ресурсами. 
Представлены систематизация ресурсов портала, данные о ресурсах и контенте.
Summary
This article discusses the educational portals and their features add resources. A well presented systematization 
portal resources, resource data and content.
27­56

210
ӘОЖ 347.731:637.1:1.(574.54)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет