Issn 1607-2782 Республикалық


ҚОҚАН ХАНДЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ ТОЛҚУЛАРЫ МЕН КӚТЕРІЛІСТЕРІ ЖӘНЕ ОРЫС-



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата06.03.2017
өлшемі2,95 Mb.
#7958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ҚОҚАН ХАНДЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ ТОЛҚУЛАРЫ МЕН КӚТЕРІЛІСТЕРІ ЖӘНЕ ОРЫС-
ҚОҚАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ 
 
Ӛ.ҚОЖАҚҦЛЫ,  тарих ғылымдарының докторы, профессор 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Хандықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын есепке алып қарасақ Нарбота 
(1770-1801  ж.ж.)  және  Омархан  билігі  кезінде  халықтың  наразылығы  күшейе  түседі.  Халық 
алымның  кӛбеюіне,  хан  мен  феодалдардың  қанауына  қарсы  болды.  Бұл  толқулар  хандықтың 
орталығында  да,  шеткері  бӛлігінде  де  болып  отырған.  Кӛтерілістерді  сипаты  жағынан 
прогрессивті және реакционды деп бӛліп қараймыз. 
 
Прогрессивті халық кӛтерілістеріне: 1709 жылғы Шадан қожаларының толқуларын; 1748-

 

49  жылғы  қыпшақтар  кӛтерілістерін;  1808  жылғы  Ташкент  кӛтерілісін;  1821  жылғы  Тентектӛре 
бастаған  кӛтеріліс;  1841  жылғы  Қоландар  кӛтерілісі;  1842  жылғы  Қоқан  халық  кӛтерілісі;  1847 
жылғы Ташкенттегі халық кӛтерілісі; 1853 жылғы Қыпшақтар толқуы; 1858 жылғы Уратӛбеліктер 
кӛтерілісі; 1858 жылғы Әулиеата кӛтерілісі; 1873-76 жылғы Пұлатхан кӛтерілісі жатады.   
Реакционды  кӛтерілістерге:  1799  жылғы  Қожабек  бастаған  кӛтеріліс;  1800  жылғы  Шуст 
толқуы және 1843 жылғы қыпшақтар кӛтерілісі жатады.  
Архив  материалдарының  жетіспеуіне  байланысты  тӛмендегі  кӛтерілістердің  сипаты  әлі 
анықталған  жоқ:  Абдураим  би  билік  еткен  кездегі  Андижан  кӛтерілісі,  Кабул  кӛтерілісі,  1849 
жылы  Сарыбағыш,  Қаратегін,  Ыстық  кӛл  қырғыздарының  кӛтерілісі;  1850  жылғы  Ташкент 
толқуы,  1854  жылғы  кӛтеріліс;  Рустамхан  мен  Мырза  Муновар  бастаған  кӛтеріліс,  1857  жылғы 
кӛтеріліс,  1858  жылғы  Ходженттіктер  толқуы,  1859-60  жылғы  қазақтар  кӛтерілісі,  60  жылдағы 
қырғыздар кӛтерілісі, 1871 жылғы сох кӛтерілісі.  
Зерттеулер кӛрсеткендей бұл кӛтерілістердің кӛбінің сипаты ұлт-азаттық болған. Мысалы 
қырғыздар  мен  қазақтар  кӛтерілісі.  Ал  ӛзбек  халқы  негізінен  феодалдар  қанауы  мен  салық 
системасына  қарсы  болған.  Кӛтерілістер  ұйымдаспаған,  стихиялы  түрде  болған.  Қазақтар  Қоқан 
хандығының  деспотынан  құтылып  Ресей  бодандығына  кіргісі  келетіні  кӛрсетіледі.  Қырғыздар 
қоқан  хандығының  салық  саясатына  қарсы  болып,  тәуелсіз  билікке  ұмтылған.  Тәжіктердің  де 
мақсаты  қырғыздардікіне  ұқсас  болған.  Қыпшақтар  ӛз  руының  ӛмірі  үшін  және  жоғарғы  билік 
шендері  үшін  күрескен.  Бірақ  кӛтеріліске  ӛзбектер,  қыпшақтар,  тәжіктер,  қырғыздар  біріге 
қатысып  отырған  кездері  болған.  Оған  1842  жылы  Қоқан  халық  кӛтерілісі  және  1873-76  жылғы 
Қоқан хандығының бүкіл халқы қатысқан кӛтерілістер мысал бола алады. Зерттеу материалдарына 
сүйенсек  Қоқан хандығында  әрбір  екі жылда бір кӛтеріліс  не  толқу  болып  тұрған. Тек  1800 бен 
1876 жылдар аралығында Қоқан хандығында хандығына елшілік жіберуді сұрады. Осыған сәйкес 
Ресей Әлімханның атына елшілік жібереді. Бірақ орыс елшілігі Түркістанға жеткенде Әлімханның 
ӛлтірілгенін және тоққа Омарханның отырғанын естиді. Бірақ Түркістан бегі елшілікті кӛндіреді. 
Сонымен  1810  жылы  Қоқанға  орыс  елшілігі  келеді.  Омархан  оларды  қуана  қарсы  алып,  Санкт- 
Петербургке  ӛз  елшілерін  де  жібереді.  Бірақ  Петропавл  қаласында  қоқан  елшісі  ӛлтіріледі.  Бұл 
1812 жылы болған оқиға еді. 1813 жылы орыс үкіметі Филипп Назаровқа бұл инцидентті жӛндеуге 
тапсырма береді. Сол жылы Назаров Қоқанға барып, 1814 жылы жақсы хабармен Ресейге оралады.  
Мұхаммед Али хан- (1822-1841) билігі кезінде Ресейге бірнеше қоқан елшілері жіберіледі. 
Архив документтеріне сенсек, 1825 жылы Ташкент басшысы «Батыс Сібір генерал-губернаторына 
императорға хат жолдаған елшілігін ӛткізбегені туралы айтады [1]. Ал 1828 жылы Мұхаммед Али 
хан  Ресейге  елшілерін  жібереді,  олар  «жылы»  қабылданады.  1830  жылы  Қоқан  хандығына 
хорунжий  Потанин  барады.  Ол  1830  жылы  Ресей  сарайында  болған  елшілермен  бірге  сапар 
шеккен еді [2]. 
1831  жылы  Ташкент  басшысы  Мұхаммед  Али  ханға  Санкт-Петербургке  елші  жіберуді 
кеңес етеді  [3]    және  Ресейден  екі  тау  инженерін (геолог),  «Қытай  әскерімен  соғысуға»  бірнеше 
артиллерия қаруы мен тәжірибелі офицерлер сұрайды. Бірақ елшілік қабылданбайды. Себебі Ресей 
патшалығы  Қытай  үкіметімен  жанжалға  барғысы  келмеді.  Осыған  байланысты  орыс-қоқан 
қатынастары шиеленіседі. 1843 жылы кӛктемде Ташкент күшбегісі мен Сұлтан Саржан Қасымов 
Ресейге  бағынышты  қазақтарға  шабуыл  жасайды.  Сӛйтіп  1834  жылы  Сібір  корпусының  штаб 
басшысы  генерал-мойор  Броневский  басқарған  орыс  жазалаушы    отряды  құрылады.  Бұл  отряд 
1834  жылы  28  маусымда  қоқан  қамалы  Ұлытауды  қоршап,  110  жылқыны  және  5  қарулы 
ташкенттікті  қамауға  алады.  Бір  тұтқынды  қамалға  жіберіп,  сӛзсіз  берілуді  талап  етеді.  Бірақ 
жауап  алмаған  орыс  әскері  бір  сағаттан  соң  6  қарудан  тұратын  батареядан  оқ  атады.    Атыс  2 
сағатқа  созылады.  Қамал  міз  қақпаған  қалпында  тұра  береді.  Сонда  шабуылға  екі  жаяу  әскер 
ротасы  сапқа  тұрғызылады.  Қорыққан  қамал  қоршаулылары  берілуге  келіседі.  Гарнизон 
тұтқындалып,  қамал  орыс  әскерінің  басшылығына  ӛтеді.  Мұхаммед  Али  хан  мәселенің 
қиындығын  түсініп  1841  жылы  Ресеймен  достық  қатынас  орнату  мақсатымен  Мұхаммед  Халил  
Сахиб-  зедені  елші  етіп  жібереді.  Патша  үкіметі  елшінің  барлық  ӛтінішіне  оң  жауап  қайтарады. 
Бірақ  елшілікке  талқыланған  мәселелер  орындалмайды.  Осыған  байланысты  Қоқан  ханы 
Мұхаммед  Али  хан  тақтан  бас  тартып,  орнына  інісі  Сұлтан  Махмұдты  отырғызады.  1841  жылы 
Сұлтан Махмұд ӛзінің таққа отырғанын хабарлап Ресей императорына хат жолдайды. 1842 жылы 
сәуірде  Бұхар  әмірі  Насрулла  Қоқанды жаулап  алады  да  Сұлтан  Махмұд  ханды,  Мұхаммед  Али 
мен басқа да хан тұқымдарын ӛлтіреді. Қоқан елшісі оқиғадан хабардар болғаннан соң, ӛз ӛміріне 

 
10 
қауіп  туғанын  біліп  Семипалатинскіде  қалады.  Сонымен  қатар  1844  жылы  Омскіге,  1847  және 
1851 жылы Петропавловскіге барған қоқан елшілері жӛнінде архив материалдары сақталған.    
 
1852  жылы  генерал  Перовский  қоқан  қамалы  Ақмешітке  шабуылы  сәтсіз  болады.  1853 
жылы Қоқан елшілігі Ресейге жіберіледі, ол Омскіге 1853 жылы 17 маусымда жетеді. Осы кезде 
орыс  генералдары  Ақмешітке  шабуыл  жасауға  дайындалып  жатқан  болатын.  Архив 
материалдарына  сүйенсек,  20  күндік  қоршаудан  кейін,  1853  жылы  28  шілдеде  Ақмешіт  қамалы 
алынады.  Орыс  офицерлері:  қоқандықтар  күшті  қорғанды.  Гарнизондағы  400  адамның  74-і  ғана 
тұтқынға  алынды,  оның жартысы қатты  жараланған.  Бізде  9  тӛменгі  шен офицері  ӛлді, 46  обер-
офицер  мен  солдаттар  жараланды  [4].  Сонымен  қоса  Батыришкиннің  айтуы  бойынша  қоршау 
кезінде тағы 10 адам ӛліп, 20-сы жараланған» [5] деген. Сонда орыс әскерінен 19 адам ӛліп, 20-сы 
жараланды. Ақмешіт қамалының есімі Перовский фортына ӛзгертілді. Ақмешітті қоршау кезінде 
орыс әскері Жӛлек қамалына да шабуыл ұйымдастырады. Бірақ алдын-ала хабардар болған Қоқан 
әскері қашып кетеді. Қамал қабырғаларын орыс әскері қиратып, ішкі құрылысты жағып жібереді. 
Осы  оқиғалардан  кейін  орыс-қоқан  қарым-  қатынастары  тынышталады.  Жалпы  алғанда  Ресей 
патшалығының  саясаты  Қоқан  хандығының  бірнеше  қамалын  жаулап  алуға  бағытталады. 
Сондықтан достық елшілерін ресми түрде қабылдағысы келмеді.  
 
1859  жылы  19  қаңтардағы  Батыс  Сібір  генерал-губернаторының  жазбаларында  «Шу 
ӛзенінің жоғарғы ағысын басып алу» айтылды. Бұл мәселе оның алдында да Император Николай I 
кезінде  талқыланған  еді.  Оны  талқылауға  бұрынғы  әскер  министрі  князь  Долгоруков,  граф 
Перовский мен генерал Г. Гасфорд қатысты. Нәтижесінде Тоқмақ, Пішпек, Әулие-Ата, Созақ және 
Түркістан  қамалдарын  жаулау  мақсат  етілді.  Осымен  оңтүстік  сызық  Батыс  Сібірді  Орынбор 
сызығымен түйістіру кӛзделді. Билікке жаңа Қоқан ханы Малли бектің келуін білген орыс үкіметі 
мақсатты  тез  іске  асыруды  жоспарлады.  Ал  орындауды  1861  жылдан  кейін  қалдыруға 
болмайтының  айтты  [6].  «Жоспар»  1859  жылы  24  қаңтар  Император  қатысуымен  тағы  да 
талқыланады. Г. Гасфордтың «жоспары» мақұлданады. Сӛйтіп «ерекше оқиға» болмаса, жоспарды 
1860 жылдан қалдырмай орындау керектігі шешілді. Малли хан шекара мәселесіне кӛп мән берді. 
Ол ӛз әскеріне орыстармен қақтығысқа түспеуге бұйрық етті [7]. 
Қоқан  ханы  Ресеймен  достық  қатынас  орнатуды  кӛздеді.  Осы  мақсатпен  ол  1859  жылы 
кӛктемде  елшілік  жіберуді  жоспарлады.  Бірақ  орыс  генералдары  оған  мүмкіндікті  бермеді.  Оған 
дәлел Орынбор генерал-губернаторы Қоқан елшілігін Перовский фортында ұстай тұруы.  
1860  жылы  8  шілдеде  қоқандықтар  3000  адамымен  Қастекке  шабуыл  ұйымдастырады. 
Бірақ  орыс  әскері  алдын-ала  хабарланып  қойылып,  қоқандықтарды  күтіп  алады.  Нәтижесінде 
қоқандықтар  кӛп  шығынмен  кейін  шегінуге  мәжбүр  болады  [8].  1860  жылы  23  тамызда  орыс 
әскері  екі  колонналық  отрядпен  Тоқмаққа  аттанады.  26  тамызда  колонна  қамалға  жақындаған 
кезде, полковник Циммерман қоқандықтарға қамалды беруді талап етеді. Бірақ жауап берілмеген 
соң  қорғанға  5  мортирка  мен  бір  қару  қойылады.  Кешкі  сағат  алтыда  оқ  атып,  атыс  бір  сағатқа 
созылады. Осы уақытта жарылатын 50 снаряд атылады. Кешке таман Хаккули комендант бастаған 
Тоқмақ горнизоны беріледі.  Ал 1860 жылы 27 тамызда орыс әскері қамалды бұзады. 1860 жылы 
23  тамызда  орыс  әскері  полковник  Циммерманның  басқаруымен  Пішпекке  шабуылға 
дайындалады.  Таңертең  қоқандықтар  оларды  тауып  алып,  қамал    қаруларынан  оқ  жаудыртады. 
Сағат 5-те батареядан жауапты оқ атылып, атыс кешке дейін созылады. 2 және 3 қыркүйекте де 
атыс  болады.  1860  жылы  4  қыркүйекте  Пішпек  бекінісінен  627  адам  мен  38  жасӛспірім  шығып, 
беріледі. Қоқандықтарда 20 адам ӛліп, 50 адам жараланады. Орыс әскері бұл кезде 954 снаряд пен 
бірнеше ракета және 12869 патрон құртып үлгіреді. Ол адам шығынына келетін болсақ, бір обер 
офицер жараланып, бір адам  ӛледі, бір  тӛменгі  шен  офицері  есінен  айырылады [9].  Кейін  қамал 
бұзылып, күлге айналады. Пішпекті алғаны үшін полковник Циммерманға генерал  – майор шені 
беріледі. 1861 жылы 21 маусымда Санкт- Петербургте Ресей императорының ӛзі қатысқан ерекше 
комитеттің жабық жиналысы ӛтеді. Онда орыс әскерінің Орта Азиядағы әрекеті талқыланады.  
Қоқан  хандығы  бойынша  Ресей  саяси  және  стратегиялық  жағынан  бұрынғы  шекараны 
сақтау дұрыс емес екені анық болады. Шекараны алға жылжыту анықталады. Бірақ орыс әскерінің 
Қоқан хандығына одан әрі ене түсуін комитет қолдамайды. Сондықтан егер Қоқан ханы келіссӛз 
жүргізуге  келген  жағдайда  Сібір  корпусының  командирі  бейбітшілікке  келісім  жасауға  тиісті 
болды [10]. 
Бұған  қарамастан  1862  жылы  20  қаңтарда  15  сағаттық  блокададан  және  ұзақ  шайқастан 
кейін қоқан қамалы Дін-Қорған орыс әскерімен алынып, келесі күні бұзылады [11]. Ал 1862 жылы 

 
11 
6 мамырда орыс әскері еш қарсылықсыз Ақсу, Піштӛбе, Шалдавар қамалдарын жаулайды. 
Қоқан хандығындағы ішкі қайшылықты пайдаланып орыс әскері 1863 жылы 25 мамырда еш 
қарсылықсыз Түркістанға еніп, 30 мамырда Созақты алады. 8 шілдеде Шолақ-Қорған ӛз ниетімен 
орыс  бодандығын  мойындайды  және  бестамғалы    қазақтардың  бір  бӛлігін  Ресей  империясы 
құрамына кіргенін жариялайды. Осыдан кейін отряд еш қарсылықсыз Жӛлекке оралады [12].  
1864  жылы  шілдеде  Орынбор  мен  Сібір  корпустарындағы  әскери  қимылдарды  біріктіру 
мақсатымен генерал-майор М.Г. Черняевке Шу ӛзенінен Жаңақорған  бекінісіне дейінгі аймақты 
бағындыру тапсырылды. Сол жылы орыс әскері Түркістанды жаулайды. 
1864  жылы  28  желтоқсандағы  генерал  Черняев  хабарламасына  сенсек,  Шымкент  қаласына 
Ташкент  билеушілерінің  бастығы  Абдурахманбек  келеді.  Ол  Қоқан  мыңбасшы  Аликулға 
наразылық  білдіреді.  Ташкентте  наразылар  саны  кӛбейе  түседі.  Ташкент  қазақтары  орыс 
иелігіндегі қалаларға кӛше бастайды. Осыған байланысты генерал Черняев қалада тӛңкеріс болған 
жағдайда не істеу керек екендігі жайында сұрап, әскер министріне хат жолдайды.(14) 
1865  жылы  3  ақпандағы  жауапта  былай  делінген:  «Жоғарғы  Мәртебелі  император  кӛмек 
жібермейінше    еш  қадамға  бармауды  және  Ташкент  тұрғындарымен  байланысқа  түспеуді 
бұйырды. Бірақ ыңғайы келгенде кӛмек берілетіні туралы сендіруді ӛтінеді».  
Бірақ  оқиғалар  басқа  сипатта  ӛрбиді.  М.Г  Черняевтің  сӛзіне  қарағанда:  «Ниязбек 
тұтқындалғаннан  кейін  Ташкентке  шабуыл  жасалатыны  анықталып  қалған  болатын.  Сондықтан 
Ташкент  горнизонының  тікелей  ықпалымен  Ташкентті  кейін  ығыстырып,  бізге  тәуелді  етуге 
тырыстым» дейді [3]. Осы мақсатпен генерал Черняев Ниязбекті тұтқындағаннан кейін Ташкентті 
сумен қамтамасыз етіп тұрған Шыршық ӛзенінің екі саласын қаладан тыс жерге бұрып жібереді. 
Ташкент  тұрғындары  Ресейге  бағынуға  келісетіні  жӛнінде  ресми  емес  болса  да  айтады.  Сӛйтіп 
1865 жылы 7 мамырда Ниязбекте горнизон қалдырып, қалған әскерімен Ташкенттен 8 шақырым 
жерге бекінеді.  
1865  жылы  8  мамырда  қаланың  солтүстік-шығыс  жағында  рекогносцировка  жасалынады 
генерал  Черняев  пен  Ташкент  тұрғындары  арасындағы  келісімге  сәйкес,  Черняев  жағындағы 
ташкенттіктер  қоқан  горнизонын  қарусыздандырып,  қала  қақпасын  ашып  беруге  тиісті  болды. 
Бірақ  сол  күні  Қоқаннан  Ташкентке  6  мыңдық  әскері  мен,  40  қаруымен  Али-Кул  келеді.  Сӛйтіп 
сатқындықтың алдын-алады. 9 мамырдың орыс әскерімен және Ташкент қорғаушылары арасында 
шайқас  болады.  Қоқандықтар  жағында  300  адам  ӛледі,  соның  ішінде  Мулла  Алимкұл  болатын. 
Генерал Черняев: «құйылған қарулары ӛте сапалы, біздің тау единорогы сипатта жасалған. Бірақ 
үлкен  калибрлі  болып  келеді.  Лафеттері  біздікіне  ұқсас  бірақ  ӛте  сапалы  орындалған.  Барлық 
қарулары  біздікі  секілді  құйылған  және  штык-пышақтары  бар.  Сонымен  бірге  Бұхарлық 
қаруларды  да  таптық.  Біздің  жағымыздан  10  тӛменгі  шен  офицері  жараланды,  12-сі  есінен 
айырылды. Арасындғағы бір офицері- прапорщик Янышев». 
Келесі  айда  генерал  Черняев  орыс  әскерімен  тағы  да  Ташкентке  шабуыл  жасауға  аттанды. 
1865  жылы  14-нен  15-не  маусымға  қараған  түні  Ташкент  қаласы  мен  цитаделі  алынады.  Патша 
әскері қатарында 135 тӛменгі шен офицері және 25 адам ӛледі, ал 7 обер-офицер жараланады [15]. 
Атыс  тоқтағаннан  кейін  орыс  әскеріне  Ташкент  ақсақалдары  келіп,  бодандықты 
мойындайды.  Бірақ  кешке  таман  ташкенттіктер  қайта  оқ  жаудырады.  Черняев  рапортында 
айтылғандай  қарсыласу  үдейе  түседі.  Қолына  айбалта  ұстаған  адамдар  қарулы  орыс  әскеріне 
қарсы шығып, аяушылық сұрамай ӛлген де оқиғалар болған. Қаланың әр кӛшесінде қарсылықтар 
кӛрсетілген.  Ең  үлкен  қарсылық  қала  қақпасынан  орталық  базарға  апаратын  кӛшеде  болған.  16 
маусымда  кешке  таман  барлық  кӛшелерде  тыныштық  орнап,  кӛше  ақсақалдарына  Черняевтың 
ертең  кіретіні  айтылды.  1865  жылы  17  маусымда  қала  ақсақалдары  мен  құрметті  тұрғындары 
Черняев  алдында  басын  иіп,  тәуелділігін  мойындады.  XIX  ғасырдың    60  жылдарындағы  қоқан-
орыс қатынастарын толық зерттеуге М.Г. Черняев естеліктері кӛп жәрдемдеседі.  
Әскери министр Васильчиковқа жазған хатында М.Г. Черняев ӛзін Орынборға қызмет етуге 
рұқсат сұрайды. Жаңа ғана Орынбор генерал-губернатор болған Крижановский оған рұқсат береді. 
Крижановский  Ташкентті  қатты  жаулап  алғысы  келді.  Сӛйтіп  М.Г.  Черняев  қаланы  жаулау 
жоспарын  жасауды  бастайды.  Алдымен  Бұқар  және  Қоқан  күштерін  ажыратып  тастау  кӛзделді. 
Жау  күштері  шашырап  кеткенде  орыс  әскері  қала  қақпасына  жақындайды.  Қала  қорғаушылары 
ұйықтап  жатқан  кезінде  ӛлтіріледі.  Полковник  Краевский  цитадельге  шабуыл  жасады.  Қоқан 
гарнизоны  қарама-қарсы  қақпаға  қарай  қашады.  Қала  әкімшілік  басқаруда  болған  және  халқы 
батыр  еді.  Олардың  сұлтаны  қазақ  батыры  Кенесары  Қасымовтың  ұлы  болды.  Қаланың 

 
12 
басқарушысы  етіп  оны  ӛзі  тағайындаған  еді.  Ол  қала  қорғаушыларының  жартысын  цитодельге 
жіберудің  орнына,  барлығын  қамал  қабырғаларын  күзетуге  қойды.  Крижановский  Ташкент  ӛзі 
басып  алғысы  келеді.  Ол  Орынбордан  келе  жатқан  жолда  әскерге  бірнеше  рет  тексеріс  жасады. 
Солдаттарға  жекіріп  ұрса  берді.  Крижановский  ӛзінің  келуін  үлкен  ерлікпен  байланыстырғысы 
келді.  Сондықтан  да  қоқанды  жаулауды  ұсынды.  Қоқан  бұл  кезде  Бұхар  әмірінің 
шапқыншылығына  ұшырап  ӛте  әлсіз  еді.  Ал  мен  де  (Черняевте  -  Ӛ.Қ.)  тек  1100  әскер  болды. 
Сонымен қатар қалайша жаңа ғана жауланған қаланы тастап кетем, әскер де шаршаған еді. Бірақ 
Крижановский  маған  Романовскийді  жіберіп  Қоқанға  экспедиция  жасауды  ұсынды.  Мен  (    М.Г. 
Черняев  -  Ӛ.Қ.)  қаладан  кетем  дедім,  себебі  сіз  әрине  табысқа  жетесіз,  бірақ  біз  қалайша  бұл 
қалада әскерсіз қаламыз [16]. Ташкентті жаулағаны үшін генерал М.Г. Черняевке ӛмір бойғы 3000 
рубль кӛлеміндегі пенсия тағайындалды [17]. 
1867  жылы  жауланған  территориялардан  Түркістан  генерал-губернаторлығы  құрылды,  ал 
К.П.фон  Кауфман  оның  алғашқы  генерал-губернаторы  болып  тағайындалды.  Орыс-Қоқан 
қатынастарында 1868 жылы полковник Шауфус басқарған елшілік үлкен маңызға ие болды. Қоқан 
хандығы  туралы  мәліметтер  жинау  үшін,  елшіліктің  құрамына,  түрлі  ведомстволардан 
зерттеушілер  кіргізеді.  Түркістан  генерал-губернаторы  К.П.  Кауфман  елшілік  нәтижесіне  ӛте 
қуанды: «жиналған мәліметтер бұл ӛлке туралы бізге кӛп ақпар берді» - деді [18]. 
Елшілік  жинаған  мәліметтер  бойынша  Қоқан  хандығында  екі  партия жұмыс  істеді:  «Біреуі 
бізге  жақ,  екіншісі  бізге  (орыстарға  -  Ӛ.Қ.)  қарсы  болды.  Ал  орыс  партиясының  басшылығында 
ханның  ӛзі  тұрды.  Бірақ  оны  ашық  айтуға  батылы  жетпеді,  қарсы  партияның  кӛрнекті  ӛкілдері 
дадхох  Шерали  мен  Автобачиден  қорқады.  Халық  бізді  қолдамады,  мен  (К.П.  Кауфман  -  Ӛ.Қ.) 
жіберген шенеунік адамдарды жақтырмады. «Хан ӛз иеліктерін Ресей Үкіметіне сатып жібереді» 
деген лақаптарды таратты». 1868 жылы келісімнен кейін орыс-қоқан қатынастары жақсара түседі, 
елшіліктер жіберіліп, сауда каравандары қатынайды. 1872 жылы Н. Раевский былай деп жазады: 
«Мұсылман  фанатизміне  қарамастан,  соңғы  8-9  жыл  ішінде  біз  олардың  иелігінің  кӛп  бӛлігін 
тартып  алдық,  билеушілерін  биліктен  тайдырдық.  Осыдан  кейін  біз  олардың  достығына  қалай 
сенеміз?    Сондықтан  біз  ӛз-ӛзімізді  алдамауымыз  керек»  [19].  Одан  кейінгі  Қоқан-Орыс 
қатынастары  Пұлат-хан  кӛтерілісімен  жалғасады.  Кӛтерілісті  басуға  орыс  әскері  белсене 
қатысады. 
Әдебиеттер: 
1. Ресей Мемлекеттік әскери тарихи мұрағаты (РМӘТМ) 483 қор, 1 тізбе, 11іс, 4п. 
2. Вестник ИРГО, 6 кітап, СПБ, 1856 
3. Ресей Мемлекеттік тарихи мұрағаты (РМТМ) 1264 қор, 1 тізбе, 348-іс, 202 п 
4. РМТМ 853 қор, 2 тізбе, 57 іс, 2 п 
5. РМТМ 1021 қор, 1тізбе, 102 іс 80п. 
6. Ӛзбекстан Республикасы (ӚРОММ) И-715 қор, 1 тізбе, 21-іс 89-92, 101-103пп. 
7. ӚРОММ и-715 қор 1 тізбе 22-іс, 354, 133 пп. 
8. ӚРОММ  и-715 қор, 1 тізбе 23-іс, 209п. 
9. ӚРОММ и-715 қор, 1 тізбе 24-іс, 14-19пп. 
10. ӚРОММ и-715 қор, 1 тібе 25-іс, 335-336 пп. 
11. ӚРОММ и-715 қор, 1 тізбе 26-іс, 52п. 
12. ӚРОММ и-715 қор 1тізбе, 26 «б»-іс, 168п. 
13. Институт востоковедения Ан РУз рукопись, 
      Ин-в №1011178, 63-67 бб. 
14. РМӘТМ 1442 қор, 1 тізбе 10 іс, 5, 10-13пп. 
15. РМӘТМ 483 қор, 1 тізбе, 83 іс, 43, 66пп. 
16. Санкт-Петербург, РНБ, отдел рукописей
      1008 қор, 4-іс 10-12 пп. 
17. Санкт-Петербург, РНБ, отдел рукописей, 1009 қор, 6-іс,4 п. 
18. РМТӘМ, 1396 қор, 2 тізбе, 44-іс, 43-44 пп. 
19. РФ Мемлекеттік ежелгі актілер мұрағаты. 1274 қор, 1 тізбе, 931 «а» -іс 1п.        
 
Резюме 
  В  статье  рассматриваются  и  анализируются  народные  восстания  и  социальное  движение 
народов  в  Кокандском  ханстве,  направленные  против  местных  правителей.  Отмечается,  что 

 
13 
некоторые  народные  волнения  и  восстания  носили  прогрессивный  характер,  также  имели  место 
народные  бунты  и  волнения  реакционного  характера.  Анализируются  первые  русско-кокандские 
политические связи и постепенное завоевание ханства царской Россией. 
 
Summary 
This  article  examines  and  analyzes  public  rebellion  and  social  movement  of  people  in  Kokan 
Khanate  directed  against  loyal  rulers.  It  is  meutioued  that  some  public  troubles  and  rebellion  had 
progressive  nature  and  there  was  public  revolt  of  reactionary  nature  and  unrest.  It  also  analyzes  first 
Russian-Kokan political relations and conquest of Tsar’s Russia Khanate.  
 
 
 
 
ӘОЖ 316.74:821:303.425.6 
 
О. СҤЛЕЙМЕНОВ:  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЗАМАНАУИ  ТАРИХЫ  ХАҚЫНДА 
 
Д.СӘТБАЙ, тарих ғылымдарының докторы, доцент 
Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
О.Сүлейменов тарихи кӛзқарастарының құрамдас бӛлімдерін оның Қазақстанның жаңа және 
қазіргі  заман  тарихына  қатысты  пікірлерінің  кешені  құрайды.  60-шы  жылдардың  басында 
Отандық тарихтың негізінен кӛне және орта ғасырлары кезеңін зерттеуге жүйелі түрде ден қойған 
ақын ара-кідік, жол-жӛнекей Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихының негізгі оқиғалары 
мен  кезеңдеріне  қатысты  пікірлерін  білдіріп  отырды.  Бұл  оның  алғашқы  ӛлеңдері  мен  ӛткір 
публицистикалық  мақалаларында  бейнеленді.  Олар  негізінен  ХІХ-ХХ  ғасырлардағы  қазақ 
халқының  жалпы  тарихи  тағдырына,  мәдениеті,  ӛнері  мен  әдебиетіне,  қазақ  зиялыларының 
қоғамдағы  орнына,  ұжымдастыру,  репрессия  жылдарына,  Ұлы  Отан  соғысы  мен  тың  және 
тыңайған  жерлерді  игеру  науқандарына,  тоқырау  жылдарына,  республика  мен  КСРО 
басшыларының  жекеленген  тұлғаларының  қызметін  бағалауға,  Қазақстанның  қазіргі  заман 
тарихын  кезеңдерге  бӛлу,  желтоқсан  оқиғасына  және  посткеңестік  Қазақстан  тарихына  қатысты 
болды.  
О.Сүлейменовтің  Қазақстанның  жаңа  және  қазіргі  заман  тарихына  деген  кӛзқарастарының 
негіздеріне  үңілу,  Қазақстанның  ХХІ  ғасырдағы  тарихи  тағдырына,  әлеуметтік-экономикалық, 
саяси  бағыт  бағдарын  бажайлауға  жәрдемдесері  хақ.  Барлық  мамандарды  қанағаттандырып 
отырған  сапалы  жазылған  жаңа  Қазақстан  тарихы  оқулығына  зәрулік  те,  кәсіпқой  тарихшылар 
тарапынан  О.Сүлейменовтің  тарихи  тұжырымдамаларына  деген  қызығушылықты  арттыратыны 
сӛзссіз. 
О.Сүлейменовтің  ХІХ-ХХ  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихына  кӛзқарасына  тән  нәрсе, 
эмоциональдық  кӛзқарастардан  жоғары  тұрып  барынша  объективтілікке  ұмтылатындығы.  Оған 
тарихи  ризашылық  пен  шаттану  немесе  қайғырып  салы  суға  кету  сезімдері  жат.  А.  Пушкин 
тілімен  айтқанда  «уайымы  да  нұрлы».  «Менің  Шоқаным»  атты  шағын  мақаласының  ӛзі  қазақ 
халқының  тарихындағы  аса  күрделі  кезеңді  кешенді  түрде  ұғынуға  септігін  тигізер  еді.  «ХІХ 
ғасырда  халық  бӛтен  отбасындағы  ӛгей  ұл  болды.  Халықтың  ұлдары  деп  атауға  лайықсыз  оның 
ақсақалдары,  қымбат  тарихи  уақытын  сұлтандық  немесе  болыстық  қызметтер  алу  үшін  ӛзара 
қағаз-басты  ұрыс-керістермен  ӛткізумен  болды.  Жазғыш  немесе  урядник,  тым  құрығанда  салық 
жинаушы  болғысы  келді.  Жас  Шоқан  «сауаттылық  далаға  ӛсек-аяңды  кӛбейту  үшін  келді»  деп 
жазған  еді.  Далада  жаулар  еш  уақытта  осыншалықты  кӛп  болған  емес  және  олардың  саны  хат 
таныған  әрбір  жаңа  орташаның  есебінен  де  кӛбейіп  отырды.  Патша  ӛкіметі  ақша  тӛлеп  отырған 
округтегі жалғыз қызметті алу құқына ие болу үшін жүздеген және мыңдаған басқалардан оларда 
қалысқысы келмеді. Халықтан жоғары кӛтеріліп, асып-тасыдым деп есептеген бұл адамсымақтар 
ӛздерінің  адамгершілік  және  ұлттық  борыштарын  ұмытып  ӛздерінің  арын  сатты,  халықтың  ар-
намысын саудаға салды. Отанымыздың басына түскен қайғы-қасіретке солар кінәлі. Қағаз-басты 
ұрыс-керістер астында қорқынышты істер жүріп жатты: Шоқанның, Абайдың, Сәкеннің, Ілиястың, 
Бейімбеттің... ажалдарына солар кінәлі» [1]. 

 
14 
Отаршылдықтың  Далаға  үлкен  қасірет  алып  келгені  рас,  бірақ  отаршылдармен 
ауызжаласқан жергілікті мансапқорлардан халықтың кӛрмеген қорлығы да аз емес. Ұлттық дертке 
айналған  бұл  құбылысты  О.  Сүлейменов  қазақ  үшін  кӛкейтесті  етеді.  «Мен  академиямыз 
шығарған «ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихы құжаттарда» атты екі томдықты қарап шыққан едім. 
Мұрағаттан  үлкенді-кішілі  Дала  билеушілерінің  бірінің  үстінен  бірі  жазған  мыңдаған  арыз-
шағымдардан,  ӛсек-аяңдарынан,  жапқан  жалаларынан  басқа  құжаттар  табылмады.  Бұл  жолдан 
ӛтпей Шоқан сұлтан бола алмайтын еді. Егер сұлтан болған жағдайда Шоқан бола алмайтын еді. 
Сӛйтіп ол ондай мүмкіндіктен бас тартты. Ол оның жауларының бірі сипаттағанындай «Аса таза 
және аса адал адам» болып қалды. Ол болашақтың адамы еді - ӛткенде ӛмір сүрді [1]. Алайда жаңа 
тарихи  жағдайды  түсінуге  келгенде  ақынға  барынша  объективтілік  тән,  отаршылдықтың  бұғау 
болуымен қатар, оның ғасырлар бойғы тарихи томаға тұйықтықты жеңу кезеңі болғанын да есте 
ұстайды. «ХІХ ғасырда Ресейдің отары болдық. ХХ ғасырда біз бірге бақытсыздыққа ұшырадық, 
жеңіске де жеттік, тізерлеп бүгіліп қайта тұрдық, сӛйтіп тәуелсіздікті де Ресейдің қолынан алдық. 
Мұны есте ұстауға тырысуымыз керек. Біз метрополия ретінде Ресейсіз  -  күнімізді кӛре аламыз. 
Ресейде отары ретінде – бізсіз күнін кӛре алады. Бірақ болашақта тарихи ӛзара тәуелділіктің тірі 
тамырларымен  байланысып  қалған  егеменді  мемлекеттер  ретінде  біз  бір  бірімізсіз  ӛмір  сүре 
алмаймыз»  [2,  112-113  б.].  О.  Сүлейменовтің  ойынша,  Ресей  мен  Қазақстанды  ӛткен  тарихи 
отаршылдық кезең қарсылас емес, табиғи одақтас етуі тиіс. «Пушкалар мен Пушкиндердің келгені 
де шындық» [3, 164 б.]. 
1917  жылғы  Қазан  тӛңкерісінен  бастау  алған  кеңестік  тарихтың  мәнін,  болмыс  бітімін, 
қайшылықтарын түсінуде де О. Сүлейменовтің қысқа да нұсқа пікірлері кәсіпқой тарихшыларды 
бей-жай  қалдырмасы  анық.  «Романтикалық  арман  -  монархияның  қираған  құландыларында  бір 
дегеннен принциптік жағынан мүлдем жаңа пролетарлық, шынайы адами, халықтық мемлекеттік 
бірлестік құру жүзеге аспай қалды. Бюрократиялық құрылым бұрынғыдан алынған болып шықты. 
Тіпті,  ескі  чиновниктік  институттардың  жаңа  атаулары  да  құтқармады.  Ақырғы  соңында  сӛз 
жамылғылар  ұшып  кетіп,  халық комиссарлары  қайтадан  министрлер  деп  атала  бастады.  «Алтын 
погондар»,  «Генералдар»,  «Генералиссимустар»  да  қайтып  оралды.  Одақтас  республикалардың 
Сталиндік схемасының «біртұтас» және «бӛлінбейтін» дейтін сызбалармен сәйкес келуі кездейсоқ 
емес» [4]. 
О.Сүлейменовтің ойынша, 1917 жылғы оқиғалар тапты тапқа қарсы қойып қанды қырғынға 
жол берген - әлеуметтік революция. Орыс социалистерін революцияның мұраттарынан тайдырған 
пендешілік  билік  үшін  күрес  болды.  Орыс  большевиктері  марксистік  ұрандарды  сӛз  жүзінде 
басшылыққа  алғанымен  іс-жүзінде  одан  мүлде  алыс  еді.  Революция  жылдарын  1917-1921 
жылдардың  хронологиялық  шеңберімен  шектеп  қоюға  болмайды.  Ол  тоқтаусыз  жүргізілген 
эксперимент болды. Түптің түбінде большевиктер шығыстық үлгідегі жаңа феодалдық мемлекет 
құрды.  В.И.  Ленин  «марксизм  догма  емес,  іске  басшылық»  дегеніне  қарамастан,  ілім 
догмаландырылды. «Билік кӛксеушілік Ресей социалистерін қоғам дамуының объективті заңдарын 
елемей,  енді  ғана  капитализмге  аяқ  басқан  Ресейді  басқаша  атауға  болмайтын  жаңа  үлгідегі 
феодалдық  даму  жолына  түсірді,  -  дейді  О.  Сүлейменов.  -  Сталин  күшті  феодалдық  мемлекет 
құрды.  Орта  ғасырлардағы  Шынғысхан  мен  Тимурдың  астам  державаларынан  оның 
айырмашылығы неде? Тек терминдерінде, ұйымдық зымияндығында, мимикриясында. ... Ғылыми 
социализм утопия емес. Маркстің теориясы осы ғылымның басы ғана. Ол ӛзінің дамуында тоқтап 
қалды.  Оның  жекеленген  кӛрегендік  қағидалары  кемелденген  капитализм  елдерінде  жүзеге 
асырылуда» [5, 22-23 б.]. 
О.Сүлейменовтің  кеңестік  тоталитарлық  жүйенің  орнығуына  қатысты  пікірлері  де  осы  бір 
құбылыстың  мазмұнын  ашуға  жәрдемдесе  алады.  Әдетте,  тарихшылар  кеңестік  тоталитарлық 
жүйенің  табиғатына  талдау  жасағанда  субъективтілік  факторларға  баса  назар  аударып,  оны 
тудырған  сыртқы  геосаяси  факторларға  жеткілікті  мән  бермейді.  Герман  фашизмін  тудырушы 
факторлардың бірі ретінде 1929 жылы АҚШ-тан басталған әлемдік экономикалық дағдарыс дұрыс 
аталып ӛтеді де, оның КСРО-ға қатысты салдарларына үстірт қарайды. О. Сүлейменовтің ойынша, 
әлемдік экономикалық дағдарыстың КСРО-ға да нақты теріс ықпалы болды. Дағдарыс «ол кезде 
алып  цунамидың  толқындарындай  бүкіл  әлемді  шарпыды.  Америкадан  қарқын  алған  екпін, 
Европа мен Азияны шайып ӛтті. Не себептен біздің тарихшылар 30-шы жылдардағы КСРО-дағы 
апатты тасқынды сол әлемдік бақытсыздықпен байланыстырмайды? Сол жылдардағы аштық пен 
жоқшылық билікке фашистік тәртіптерді алып келді және нығайтты. Тарыққан бұқара Гитлердің 

 
15 
де, Сталиннің де репрессиялық биліктерін қолдады» [6, 22 б.]. 
Қазақ халқының басына тӛнген аштық мәселесіне келгенде де, О.Сүлейменов тек Сталиндік 
саясатты  әшкерелеумен  шектелмей,  оның  терең  тарихи  әлеуметтік-экономикалық  себептеріне 
назар аударды. ХІХ ғасырдан бастау алған дәстүрлі экстенсивті мал шаруашылығының созылмалы 
дағдарысы  ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  шырқау  шыңына  жетті.  «1929  жылғы 
энциклопедиялық анықтамалардың куәландыратынындай Кеңес Одағындағы қазақтар 6 миллион 
200 мың болған. Елдегі ең ірі түркі тілдес халық! Салыстыру үшін: ӛзбектер ол кезде 4 миллионға 
жуық болды. Қорқынышты аштық неліктен ӛзбектерді айналып ӛтті? Ӛйткені олар бұрыннан, тіпті 
кӛшпелі  болып  жүріп  те  мал  шаруашылығымен  қатар,  егіншілікпен  белсенді  түрде  айналысты. 
Жартылай  кӛшпелі  экстенсивті  мал  шаруашылығы  ХХ  ғасырда  экономикалық  жағынан  тиімсіз 
болып  қана  қойған  жоқ,  сондай-ақ  ұлттық  апатты  ӛндіріс  тәсілі  болып  шықты.  Сталиннің  адал 
нӛкерлері  жүргізген  саясатты  әшкерелеумен  шектелмей,  біздің  30-шы  жылдардағы  аштық 
қасіретінен  алуға  тиісті  сабақтарымыздың  бірі  осы.  Бірақ  біздің  ғалымдар  да  саясатшылар  да 
сабақты  ұғынған  жоқ.  Экстенсивті  мал  шаруашылығы  ӛндірістің  жетекші  ұлттық  саласы  болып 
қала  берді,  әлі  күнге  дейін  солай  болып  отыр...  Мен  үшін  бір  нәрсе  анық  -  ұлт  тек  бір  ғана 
малшылар мен қызметшілерден тұра алмайды», - дейді О. Сүлейменов [7].  
О.  Сүлейменовтің  Кеңес  Одағындағы  1937  жылғы  репрессия  тарихына  қатысты 
кӛзқарастары  да  назар  аударуды  талап  етеді.  Қызыл  Армияның  ұлттық  бӛлімдерін  таратудан 
басталғанына баса назар аудара келе, ақын: «1936 жылы ұлттық бӛлімдер таратылды. Менің әкем 
қызмет еткен атты әскер полкы барлық сержанттары мен офицерлерінен айырылды. Соғыста емес, 
1936  жылдың  аяғында.  Біреулер  түрмеге  отырғызылды,  енді  біреулері  атылды.  Осылайша 
республикалардағы 37 жыл дайындалды. Тарихтың бұл беттерін біз біле бермейміз. Бізде бірде бір 
ғылыми  немесе  кӛркемдік-зерттеу  жұмыстары  жоқ»  [2,  329-330  б.],  -  деп  тұңғыш  қазақ  атты 
әскерінің тағдырына қатысты мәселеге аялдай кетеді. О. Сүлейменовтің ұғымында халықтың Ұлы 
Отан соғысы жылдарындағы қасіретін қуғын-сүргін науқанынан бӛліп алуға болмайды. Бұл - бір 
тізбектегі қасіреттер. Ақын, Қазақстандағы Кеңестік Сталиндік кезеңнің қызметін сараптай келе, 
халықты тұлғалық қасиетінен айырып, әлеуметтік-психологиялық жағынан біржолата тұралатқан 
Сталиндік  үш  соққыны  айрықша  атап  кӛрсетеді.  Біріншісі,  ұжымдастыру  және  ол  тудырған 
аштық.  Бұдан  кеңес  халықтарының  ішінен  айрықша  жапа  шеккен  украиндықтар  мен  қазақтар. 
«Аштық  -  халықты  бұзады»  -  бұрыннан  белгілі  мақал.  Аштық  -  этностың  сандық  қана  емес, 
сапалық  дамуына  әсер  етеді.  Моральдық-адамгершілік  мінездемесіне  де.  Дауылдай  ұйытқып 
шиеленіскен, қалай да тірі қалу инстинкті ғасырлар бойы тәрбиелеген тұлғалық қасиеттерді  - ар, 
ұят,  қайғыға  ортақтасу,  ізгі  сезімдерді  ӛртеп,  аяқ  асты  етеді...  Нақ  осы  қасиеттер  адамдарды 
хайуандардан  ерекшелендіреді.  Олардың  жетіспеушілігі  ұжымдастырудан  кейінгі  қуғын-сүргін 
жылдарында  айқын  сезілді»  [8].  Екінші  соққы  Сталиндік  репрессия  болды.  Бұл  жылдары  О. 
Сүлейменовтің  ойынша,  кеңестік  республикалардағы  билік  пен  зиялылардың  сұрқай  топтары  ӛз 
халқының  дарынды  ӛкілдеріне  қарсы  соғысты  бастады,  негізгі  себебі  -  кӛре  алмаушылық  пен 
қызғаныш.  «1936-1937,  1938  жылдары  дарынсыздардың  қызғанышы  әрбір  кеңестік  этностардың 
шығармашылық  әлеуетін  ӛшіріп  жатты.  Мәскеуде  де,  Алматыда  да,  Тбилисиде  де  ғалымдар, 
жазушылар,  чиновниктер  босаған  пәтерді  алу  үшін  әріптестерінің  үстінен  арыз  жазып  отырды» 
[8]. Ҥшінші соққы, ақынның ойынша Сталин арандатқан соғыс болды. 1937 жыл болмағанда 1941 
жыл да болмас еді. Сталин «1938 жылы генералдардың қастандығынан қорқып Қызыл Армияның 
бүкіл  басшы  құрамын  рота  командирлеріне  дейін  құртып  жіберді.  Оның  жаңадан  болған 
командирлері - кешегі лейтенанттар мен капитандар - соғыстың алғашқы екі айында бес миллион 
солдаттың  ӛлгені  бар,  тұтқынға  түскені  бар,  тӛрт  миллионынан  айырылды.  Тек  күзгі  лайсаң, 
жолсыздық,  ал  сонан  соң  бұрын  соңды  болмаған  қардың  жаууы  мен  генерал  «Аяз»  немістердің 
Мәскеуге  жылжуын  кідіртті.  Бұл  жаппай  мобилизациялау  жолымен  асығыс  жиналған, 
үйретілмеген  миллиондарды  майданға  айдап  кууға  мүмкіндік  берді.  Бүкіл  әлеммен  бірнеше 
құрлықтарда  соғысқан  Гитлер  бейбіт  тұрғындарын  қосқанда  8  миллион,  Сталин  27  миллион, 
Жуков естеліктерінде айтқандай 35 миллион адамнан айырылды» [8]. Бұдан әрі қарай Сталиннің 
саяси технологиясының адам шығынына есептелгенін еске сала отырып О. Сүлейменов салыстыру 
үшін Қазақстан шығынының 350 мың адам болғанын, ал соған сәйкес АҚШ шығынының 150 мың, 
ал Англия шығынының 200 мыңды құрағанын алға тартады. Ақынның ойынша, «осы үш ұлттық 
апат біздің жалпыкеңестік тарихымыздың сталиндік кезеңінің толық сипаттамасы. Осы апаттарды 
ғылыми, мемлекеттік және кӛркемдік тұрғыда ұғынбайынша болашақ қауіпсіздігімізді ақылға сай 

 
16 
етіп жоспарлау мүмкін емес» [8]. 
О.Сүлейменов  -  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Қазақстанның  жеңіске  қосқан  үлесін 
нақтылау  мәселесіне  келгенде  де  мұқияттылық  танытады.  Жауға  атылған  он  оқтың  тоғызы 
Қазақстанда  дайындалды  деген  дәйекті  кезінде  Д.Қонаевтың  баяндамасына  енгізген  О. 
Сүлейменов  екенін  басқа  тұрмақ,  тарихшылар  да  біле  бермейді.  «Жеңіс  мүшел  тойларының 
бірінде, мен Д. Қонаев үшін баяндама дайындауға қатысқан едім. Кӛптеген ғылыми әдебиеттерді 
оқып  шықтым.  Қазақстан  соғыс  жылдарында  оқ-дәрілер  жасалатын  -  қорғасын,  мыс,  цинк  және 
басқа  түсті  металлдардың  бүкілодақтық  кӛлемінің  97%-ын  ӛндірген  екен.  Металлдар,  хром, 
марганец  және  басқалар  туралы  айтпағанның  ӛзінде.  Баяндамада  айтылған:  «Жауға  атылған  он 
оқтың тоғызы Қазақстанда жасалынды» деген формула сол кезде дүниеге келді» [9]. 
О.Сүлейменовтің ойынша, соғыс жылдарында қазақ халқының ұлттық мінез желісі де ерлік 
пен  гуманизмнің  биік  талаптарына  жауап  беріп, үлкен  сыннан  лайықты  ӛтті.  «Қазақстанға  бірде 
бір  фашистік  бомба  түскен  жоқ...  Бірақ  сан  жағынан  шағын  қазақ  халқы  Ұлы  Отан  соғысы 
майдандарында  Англия  мен  Американың  адамдарын  қоса  есептегенде,  оларға  қарағанда  кӛп 
шығынға  ұшырады.  Басқа  түскен  қасірет  дәрежесі  біздің  халқымызға  тән  қайғыға  ортақтасу 
сезімінің  кемелдігін  айқындайды»  [10,  20  б.].  Кәсіптік  тарихшылар  мен  саясаткерлер  тарапынан 
барлық уақыттарда және әлі күнге дейін Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске деген 
баға біркелкі болған емес. О. Сүлейменовтің берген бағасына объективтілік пен орнықтылық тән 
болып, Ұлы  Жеңістің мемлекеттен гӛрі, халықтың сипатын аша түсуге септігін тигізері хақ. «45 
жылғы  Жеңіс  -  бұл  Пиррдің  жеңісі  болды.  Жиырма  жеті,  кейбір  мәліметтер  бойынша  отыз  бес 
миллион адам құрбан болды. Қазан тӛңкерісінен кейін Кеңес Одағында 60 миллионға жуық адам 
ӛз ажалынан ӛлген жоқ. Лагерьде оққа ұшты, аштан ӛлді. Осындай момақан да кӛпкӛнбіс халқы 
болған Сталиннің жолы болды. Бірақ халқының кӛсемдерге жолы болмады» [10, 330 б.]. 
О.Сүлейменов  кеңес  басшылығы  тарапынан  жүргізілген  Қазақстандағы  аграрлық-
экстремистік  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  саясатының  жергілікті  халық  үшін  зиянды 
салдарларын  да  атап  кӛрсетеді.  «1954  жылдан  бастап  Ресейден,  Украина  мен  Беларуссиядан 
келген еріктілер Орталық және солтүстік Қазақстандағы жайылым жерлерді жыртып тастады. Мал 
шаруашылығы  -  жерді  егіншілікке  пайдалануға  болмайтын  жартылай  шӛлейтті  және  шӛлді 
аймақтарға  ығыстырылды.  Осылайша,  ондаған  экологиялық  апатқа  ұшыраған,  мәдени  артта 
қалған,  тек  қана  қазақтар  тұратын  аудандар  пайда  болды»  [7].  Ақынның  ойынша,  ұлттар  да 
адамдар  сияқты  бір  бірінің  қасіретіне  ортақтаса  білуі  керек.  Қазақстандық  орыстар,  украиндер, 
немістер мен ұйғырлар және т.б. халықтар ӛздерінің қазақ бауырларының қайғысын жүректеріне 
жақын  қабылдаса,  қазақтар  тарапынан  да  үлкен  жылылыққа  ие  болып,  жалпы  жағдайды  түзеуге 
кӛмектеседі. Сондай-ақ мемлекетте қарап қалмауы тиіс. 
Соғыстан  кейінгі  жылдардағы  кеңес  тарихын  шартты  түрде:  -  «кейінгі  сталинизм»  - 
«жылымық»  -  «тоқырау»  жылдары  кезеңдеріне  бӛлу  схемасы  да  О.Сүлейменовтің  ой-
толғамдарына сәйкес келмейді. «Мен еліміздің тарихын екі кезеңге бӛлемін,- дейді О.Сүлейменов. 
Біріншісі, 1953 жылға дейінгі лениндік-сталиндік кезең. 1956 жылдан бастап баяу да болса қайта 
ӛрлеу  кезеңі  басталды,  ол  біркелкі  емес,  іркілістер  үзілістермен  жүрді,  бірақ  жүрді.  Елмен  бірге 
халықта есін жинады. Әдебиеттегі біздің ұрпақ ӛздерінің шығармашылық міндеттерін, елін қайта 
ӛрлеу  бағытында  ілгерілетуден,  ар-намысын  қайтарып  беруден  кӛрген  алғашқы  ұрпақ  еді»  [11]. 
Кӛріп отырғанымыздай   О.Сүлейменов кеңес елінің тарихын шағын кезеңдерге бӛлмей, ең негізгі 
екі эволюциялық дәуірін алып отыр.  Екінші кезең  - 1953 жылдан 1985 жылға дейінгі аралықты 
қамтиды, сондықтан ақынның кеңестік Қазақстанның «тоқырау жылдары» дейтін кезеңіне күрделі 
кӛзқарастары  тарихшылар  тарапынан  да  байыпты  зерттеу  нысаны  болуы  тиіс.  Ӛйткені,  қазіргі 
Қазақстан  ғана  емес,  Ресей  тарихшыларының  бұл  құбылысқа  беріп  отырған  бағаларынан,  О. 
Сүлейменовтің  беріп  отырған  бағасы  және  кезеңдерге  бӛлу  мерзімдері  принциптік  жағынан 
ерекшеленеді.  «Бұл  құбылыс  Ресейдің  кейбір  аймақтарында,  әсіресе,  ӛңдеуші  аймақтарында 
байқалған шығар, бірақ ӛндіруші Қазақстан Республикасында тоқырау болған жоқ. 60-70 жылдар - 
Республика  агро-ӛнеркәсібінің  қарқынды  дамыған  уақыты,  шахталар,  тың,  кен  орындары  мен 
зауыттар  бүкіл  кеңес  одағына  жететін  қуатпен  жұмыс  істеді.  Қазақстанда  тоқырау  тек  1985 
жылдан  кейін  басталып,  нәтижесінде  кӛптеген  ӛндіріс  орындарының  іс  жүзінде  тоқтауына  алып 
келді» [12]. 
Бұдан  әрі  қарай  О.Сүлейменов  «тоқырау  жылдарына»  деген  тұжырымдамаларын  тағы  да 
нақтылай  түседі  де,  кеңес  жүйесінің  басқару  практикасына  басқа  қырынан  келіп,  оның  кеселді 

 
17 
табиғатын, пайдаланылмай қалған мүмкіншіліктеріне, субъективтілік факторларға, күрделі микро 
адами  элементтерге  назар  аударды.  «Мен  үшін  және  әріптестерім  үшін  60-шы,  70-ші  жылдар 
шығармашылық  жылдар  болды.  Бұл  ондаған  жылдық  соғыстар  мен  сталиндік  зорлық-
зомбылықтардан  кейінгі  елдің  қайта  ӛрлеуі  уақыты  еді.  Егер  партия  -  басшылардың  алмасып 
отыруы заңдылығына күш салғанда, қайта ӛрлеу жалғасқан болар еді. Елді құртқан ӛмірлік билік 
құру институты. Бес жыл - бұл табиғи цикл. Бес «санының» ежелгі замандардан құдайландырыла 
бастауы  кездейсоқ  емес.  Адам  да  бес  саусақты...  Тарихымызды  бес  жылдықтарға  бӛлгенімізбен, 
біз  бұл  заңдылықты  бұздық.  Сталин  билігінің  алғашқы  бес  жылдығы  шығармашылықты  болды. 
Жұмысшы табының салтанат құруы үшін шаруаларды, зиялыларды жою жылдары кейін басталды. 
Алайда,  қоғамдағы  таптардың  ӛзара  тәуелсіздігі  заңын  бұзғаннан  гегемон  ұтты  ма?  Хрущевтің 
алғашқы  бесжылдығы  қайта  ӛрлеудің  басы.  Одан  әрі  -  ядролық  жарылыс,  келесі  жаһандық 
сынақтар.  Л.И.  Брежневтің  алғашқы  бесжылдығы  КСРО  тарихындағы  ұлттық  жалпы  ӛнімнің  ең 
жоғарғы  кӛрсеткіші.  Онан  әрі қарай  тоқтаусыз  тӛмендеу  болып,  моральдік  қаусауға  дейін жетті. 
Андропов пен Черненконың пешенесіне табиғат ана бесжылдықтарды жазбады да» [13]. Ақынның 
ойынша  «тоқырау  жылдарында»  ауылшаруашылығы  мен  ӛнеркәсіп  дамуының  баяулағанына 
қарамастан  Қазақстан  Одақ  кӛлемінде  ӛзінің  орнын  нық  сақтап  тұрды,  сонымен  қатар  мәдени 
құрылыста  үлкен  табыстарға  қол  жетті.  «Екі  он  жыл  /60-шы  жылдардың  басы  -  80-ші  жылдар 
басы/ біздің тарихымызға кӛп ұлтты кеңес мәдениетінің қайта ӛрлеген кезеңі ретінде кіреді. Бұл 
«мәуелі»  жылдарда...  Ӛнер  мен  ғылымның  барлық  салаларында  қаншалықты  таланттар  шықты 
десеңізші» [14, 16 б.]. 
О.Сүлейменов  кеңес  басшылары  Н.С.  Хрущев  пен  Л.И.  Брежнев  қызметтеріне  берген 
бағаларында да сырт кӛзге байқала қоймайтын жәйіттерге назар аударады. Қазіргі тарих ғылымы 
мен қоғамдық пікірде 1964 жылдың қазан айында Н.С. Хрущевтің орнынан алынуын Л.И. Брежнев 
пен  М.А. Сусловтың және т.б залымдық қастандығының нәтижесі ретінде ғана қарастырады. Бұл 
логика  бойынша  Брежнев  қасқой  қаскүнем,  ал  Хрущев  оның  құрбаны.  Бар  болғаны  осы. 
О.Сүлейменовтің  ойынша,  Хрущевтің  орнынан  алынуы  әлемді  ядролық  соғыстан  аман  алып 
қалды.  Ӛйткені,  тарих  кӛрсеткеніндей  тоталитарлық  елдерде  кӛптеген  тағдырлы  шешімдер 
жоғарғы  билік  иесінің  жеке  кӛңіл  күйіне  байланысты  қабылданатын.  Мұны  бүгінде  кішкентай 
солтүстік  Корея  кӛрсетіп  отыр.  Кеңес  басшысы  Н.С.  Хрущев  психологиялық  жағынан  ұстамсыз 
болып, оның болжауға болмайтын мінезі жаңа ядролық соғысқа ұрындыруы мүмкін еді. Ақынның 
пікірінше  келесі  сондай  дағдарысты  Н.С.  Хрущев  психологиялық  жағынан  кӛтере  алмас  еді. 
«Хрущев ондай тест-сынақтан ӛте алмас еді. Ол білімі таяз және шамданғыш адам болды, - дейді 
О.Сүлейменов. - Мен, Хрущевтің шығармашылық зиялылармен болған екі кездесуінде де болдым. 
1962  жылдың  17  желтоқсанында  және  1963  жылдың  наурыз  айының  басында.  Оны  іс-жүзінде 
кӛрдім - аса кӛрнекті жазушылар және суретшілермен қалай сӛйлескенін. Ол оларға айқай салып 
үстелді ұрғылады. Еліктеу үлгісі ретінде фамилиясы Махиня есімді шахтердің ӛлеңдерін келтірді. 
Ол физиктерді сутегі бомбасының күшін кӛптеген есе арттыруға мәжбүрледі. Жаңа жер үстінде, 
атмосферада  жасалған  сынақ  жарылыстар  батыс  әлемінің  ғана  емес,  бұл  «бұйымның»  кеңестік 
авторларының да зәре құтын қашырды. Мұндай сынақтар - адамзатқа қарсы бағытталған атомдық 
соғыстың  актілері  болғаны  барлығына  да  айқын  болды.  Сынақтарды  жалғастыра  бергеннің  ӛзі 
жеткілікті еді. Сӛйтіп, жердегі тіршілікті де тоқтатуға болатын» [15]. 
Атақты ғалымдар А.Д.Сахаров, И.В.Курчатовтың ядролық сынақтардың зардаптары туралы 
ӛте  сақтықпен  айтқан  ойларының  ӛзі  Н.С.Хрущевтің  зығырданын  қайнатты.  А.Д.  Сахаровтың 
ядролық  сынақты  тоқтату  туралы  ұсынысын  Н.С.Хрущевке білдіргенде  кеңес  билеушісі:  «Ең  оң 
саясат - күш қолданумен жүргізілген саясат. Егер Сахаровтың айтқанын тыңдай берсем, онда мен 
нағыз  «аңқау»  болған  болар  едім»  [16,  178  б.]  -  деп  дүрсе  қоя  берді.  Хрущев  -  бұдан  да  күшті 
соғыс  құралдарын  дайындауға  үстін-үстін  тапсырмалар  берумен  болды.  О.  Сүлейменовтің 
пікірінше,  егер  Рой  Медведев  деңгейіндегі  тарихшы  болса,  осы  тұстағы  Л.  Брежнев  пен  оның 
«тобының»  ұнамды  қызметін  кӛруге  болар  еді.  «Байбаламға  берілген»  Хрущевты  сабасына 
түсіруде  бұл  «топ»  -  тосқауыл  механизмі  болды.  1963  жылғы  кезекті  кеңестік  сынақтан  кейін 
әлемнің барлық ғалым физиктері БҰҰ-на хат жазып, жер үстінде, ауада және су астында ядролық 
сынақтарды  тоқтатып,  ондай  соғыстарды  жер  астында  кем  дегенде  жүз  метр  тереңдікте  ғана, 
шектеп жүргізуді талап етті. «Батыс бірден қол қойды. «Топтың» Жоғарғы Кеңес Президиумының 
тӛрағасы  ретінде  Брежневтің  КСРО-ның  атынан  ӛзінің  қолын  қоюға  Хрущевті  кӛндіргеніне 
сенімдімін» [15] - дейді О. Сүлейменов.  

 
18 
Н.С.  Хрущевтің  валюнтаризмінен  Кеңес  елі  ғана  емес,  бүкіл  әлем  зардап  шекті.  «Салқын 
соғыстың»  ауыр  салмақтарын  Қазақстан  халқы  ӛз  иығымен  кӛтерді.  Ядролық  сынақтар  Семей 
полигонында  ғана  емес,  республиканың  он  бір  елді  мекенінде,  -  кӛпшілігі  Батыс  аймақтарында 
жүргізілді.  Әдетте,  мамандар  Арал  теңізінің  құрғауы  жӛнінде  ұзақ-сонар  құрғақ  ғылыми-
экономикалық  талдамалармен  әуестеніп  кетеді.  О.Сүлейменов  Арал  теңізі  «Салқын  соғыстың» 
құрбаны»,  -  деп  бірден  қысқа  қайырады:  «1962  жылы  оған  үкім  шығарып  қойған  Хрущев  еді. 
Қайсысының  ядролық  арсеналы  күштірек  және  жеткізу  құралдары  алысырақ  ұшса,  КСРО-АҚШ 
текетіресінде  басымдыққа  сол  ие  болатын.  Ядролық  жарысты  күшейту  және  құрғақ  зымыран 
отыны  үшін  қажетті  шикізат  -  мақта  ӛндірісінің  деңгейін  күрт  ӛсіру  талап  етілді.  Әскери 
доктринаның осы бір екі міндетінің екі ұшы да Қазақстанға соққы болып тиді. Хрущев - мақтаны 
Ӛзбекстанда  егілетін,  бір-ақ  дақыл  етті.  Сӛйтіп,  бұл  республикаға  мақта  егістігі  үшін  Шымкент 
облысының бірнеше оңтүстік аудандарын жомарттықпен беріп жіберді. Стратегиялық бірдақылды 
-  сумен  қамтамасыз  ету  үшін,  Сырдария  мен  Амударияның  сулары  ағатын  бірнеше  жаңа  су 
қоймаларын  салу  жоспарланды.  Бұл  шешімге  КОКП  Орталық  комитетінде  Д.А.  Қонаев  қарсы 
шығып,  сол  үшін  1962 жылдың  16 желтоқсанында  орнынан  алынды.  1964  жылы  Брежнев  келіп, 
Қонаев қызметіне қайта тағайындалды, бірақ Аралды жою механизмі іске қосылып кеткен еді...» 
[2, 367 б.] 
Аралды құтқару керек болды. Ол үшін КСРО Ғылым академиясы солтүстік ӛзен суларының 
бір  бӛлігін  Аралға  бұру  жобасын  ұсынды.  Бірақ,  жоба  -  орыс  «патриот»  жазушыларының 
қарсылығынан  іске  асырылмай  қалды.  «Біздің  суларымызды  бӛтен  жерлерге  бермейміз».  Басқа 
сӛздермен  білдірілгеніне  қарамастан,  олардың  кӛкейіндегі  ой  осылай  естілді,  -  дейді  О. 
Сүлейменов.  -  Бір  қызығы,  сол  айтыс-тартыстан  кейін  екі  он  жылдық  ӛткеннен  соң  Ресей 
ғалымдары  бұл  мәселені  қайта  кӛтеріп  отыр.  Мұқият  жүргізілген  ӛлшемдер  ағын  судың  шағын 
бӛлігін,  айталық,  Обь  ӛзенінің  бір  бӛлігін  бұрғаннан  орта  Азияның  ғана  емес,  артық  текше 
километр  сулармен  мидай  батпаққа  айналған  Солтүстік  Ресейдің  экологиясына  да  пайдасын 
тигізбекші» [2, 367-368 б.]. 
О.Сүлейменовтің Қазақстанды нақ осы жылдары басқарған Д.А. Қонаев туралы пікірлері де, 
ақынның  қазіргі  заманғы  Қазақстан  тарихының  осы  беттеріне  деген  тұжырымдамаларын 
толықтыра  түседі.  «Қазақстанды  -  Қазақстан  еткен  Қонаев  еді.  Яғни,  экономика  мен  мәдениетте 
шынында да кӛп нәрсеге қол жеткізген Қазақстан ӛзімен санасуға тұратын республикаға айналды. 
Қазақстанды сол кезде сол жүйеде «дербес» ету үшін қайсар қыңырлық кӛрсету керек еді. Қонаев 
оны кӛрсетті, сондықтан оны екі рет орнынан алды. Бір күнде, тағдырдың бумерангі солай болды. 
Бірінші  рет  1962  жылдың  17  желтоқсанында  оны  Хрущев,  ал  1986  жылдың  17  желтоқсанында 
қайта құру басшылығы орнынан алды» [17]. Айта кететін жәйт, тоқырау жылдары мен қайта құру 
кезеңіне қатысты Д.Қонаевтың кӛзқарасы О.Сүлейменов кӛзқарастарымен үндес келеді [18]. 
2006  жылы  «желтоқсан  оқиғаларының»  20  жылдығы  қарсаңында  Қазақстан  тарихшылары 
оны қайта қарап «кӛтеріліс» деп бағалау мәселесін кӛтерген еді. Алайда, 1996 жылы осы оқиғаның 
10  жылдығына  орай  О.Сүлейменовтің  тап  осындай  баға  бергенін  ӛкінішке  орай  ұмытып  кетті. 
«1985  жылы  Горбачев  Бас  хатшылыққа  сайланды.  Сӛйтіп,  саяси  Бюроны  жаңарта  бастады. 
«Карттарды» жанжалдармен, жемқорлық және басқа да басшылық күнәлар тағумен шығарып сала 
бастады.  Ескі  гвардияның  ең  соңынан  1986  жылдың  желтоқсанында  Қонаев  отставкаға  кетті. 
Оның кетуі қазақ жастарының кӛтерілісін туғызып, біздің тарихымызға - «желтоқсан оқиғалары» 
деген жеңілдетілген атаумен енді» [19]. 
Қазақстан тарихының қолдан жасалынған «ӛзекті» проблемаларының бірі - қазақ халқының 
жүздік құрылымы. Бұл тарихтың ӛзі ұсынған халықтық ұйымдасудың қалыпты түрі. Оған кейбір 
зиялылардың  кеселді  қарайтынына  қарамастан  -  саясаттандыруға  болмайтын  соқыр  сенімдердің 
бірі.    О.Сүлейменовтің  түсіндірулері  бұл  мәселені  барынша  жұмсартып,  ұлт  болып  қалыптасуға 
септігін тигізеді. «Этностардың үшке бӛлінуі қазақтарға ғана тән емес. Үлкен, кіші және Ақ Русьті 
еске  түсіріңіз,  әртүрлі  елдердің  геральдикасындағы  үшбірлікті  еске  алыңыз.  Егер  білгіңіз  келсе, 
үш бірлік - Шумер, Египет заманынан келе жатыр,  - дейді О.Сүлейменов. ... Иә, біз түсіндірсек, 
жеңілденеміз,  яғни  адамдар  бұл  мәселеге  оңай,  надандық  жайлаған  соқыр  сенімдерсіз  қарайтын 
болады...  қажетсіз  реніштерімізді  жасырмай  бір  бірімізден  едәуір  жеңіл  қатынасамыз»  [20]. 
О.Сүлейменовтің Қазақстан тарихының тәуелсіздік жылдарындағы жүріп ӛткен жолдарына, елдің 
саяси элитасына, қоғамдық психологиясындағы ментальдық ӛзгерістерге қатысты сыни пікірлері 
де  ӛзінің  ӛзектілігін  жоймақ  емес.  Сондай-ақ,  О.Сүлейменовтің  қазіргі  Қазақстан  тарихындағы 

 
19 
саяси және мәдени үрдістерге қатысты пікірлері билікті де, оның оппоненттерін де ақырына дейін 
қанағаттандырып  отырған  жоқ..  Біздің  ойымызша,  мәселе,  Бас  қаһарман  О.Сүлейменовтен  гӛрі, 
оның  тӛңірегіндегі  мәселелерде.  О.Сүлейменов  жастық  шақтан  таңдап  алған  «аласартпай 
тауларды - асқақтатсам даламды» ұстанымынан бір елі де ауытқымай - тапжылмай тұр. Керісінше, 
оның  маңаиындағы  мәдени-саяси  ахуал  мен  қоғамдық  пікірлердің  үнемі  ӛзгеріс  үстінде 
тұрғандығында. Сондықтан О.Сүлейменовтің имиджі бұдан 20-30 жыл бұрынғыдай қабылданбақ 
емес.  О.Сүлейменов  70  және  80-90-жылдардың  шебінде  кеңестік  кезеңнің  және  қайта  құрудың, 
тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарының  саяси  бұрқасындарын  бастан  кешті.  Оның  республикадағы 
имиджінің қалыптасуында саясат аз рӛл атқарған жоқ. Алайда қазіргі кезеңнің күрделілігі сонда, 
О.Сүлейменовтің  тұлғалық  мәдениетін  саяси  контексте  қарауға  болмайды.  Ол  -  А.  Солженицын 
немесе  А.Сахаров  тұрпатындағы  саяси  қайраткр  емес  және  оған  ұмтылған  да  емес.  Оның  ӛзі 
мойындағанындай - «мен саяси күрестер үшін жаралмағанмын». Сондықтан - О.Сүлейменовті ел 
ішіндегі  немесе  ТМД  кеңістігіндегі  саяси  «жанжалдарға»  тарту  немесе  әркімнің  «ӛз  лагерінен» 
кӛруге  тырысушылық  әрекеттерінің  барлығы  мағынасыз.  Жаһандық  тұрғыданда  солай.  Оны 
жаһандық  «жанжалдарға»  тарту  да  мүмкін  емес,  атап  айтқанда,  О.    -  Батыс  ӛркениетіне  немесе 
орыс  мәдениетіне  жақындығы  үшін  сынау  қандай  мағынасыз  болса,  Шығыс  мәдениетіне  іш 
тартатындығы үшін сӛгу де сондай мағынасыз. Ӛйткені оның барлық шығармалары мен қоғамдық 
қызметінің  негізгі  тақырыбы  мен  мазмұны  этникалылықтан,  ұлттылықтан,  ӛркениетшілдіктен 
жоғары - Тұлғалық және Мәңгілік бастаулар.  
О.Сүлейменов - Евразияның негізгі халықтары түркілер мен славяндардың ежелгі және орта 
ғасырлардағы  тарихын  концептуалды  зерттеумен  шектелмей,  Қазақстанның  жаңа  және  қазіргі 
заманғы  тарихына  қатысты  құнды  ой-толғамдарын  білдіріп,  республиканың  қоғамдық  ғылыми 
ортасында  қызығушылық  туғызып  отырды.  Ақын  тұжырымдамаларының  күрделілігіне,  ішкі 
тартыстылығына  қарамастан  жалпы  алғанда  Қазақстан  тарихшыларының  тұжырымдары  мен 
нәтижелеріне  қайшы  келмейді.  Керісінше,  кейбір  қалтарыста  қалып  бара  жатқан  мәселелерге 
назар  аударып,  кем-кетігін  толықтыруға  септігін  тигізеді.  Атап  айтқанда,  О.Сүлейменовтің 
пайымдары,  тарих  ғылымындағы  кейбір  эмоционалдық  элементтерден  арылуға  жәрдемдесіп, 
тарихъ  ғылымының  мәртебесін  кӛтеруге  септігін  тигізеді.  О.Сүлейменовтің  Қазақстанның  жаңа 
және  қазіргі  заман  тарихына  кӛзқарастары  -  болашақ  сапалы  оқулықтар  дайындау  барысында 
кәдеге жарайтыны айдан анық. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
 Сулейменов О. Мой Чокан. // Ленинская смена. – 1965. – 21 апреля. 
2.
 
 Сулейменов О. Собр. соч. - Алматы: Атамұра, 2004. - Т. 7. - 432 с. 
3.
 
 Сулейменов О. Солнечные ночи. – Алма-Ата: Казгослитиздат, 1962. – 181 с. 
4.
 
 Сулейменов  О.  Возвысить  степь,  не  унижая  горы.  //  Казахстанская  правда.  -1987.  -  27 
января.  
5.
 
 Из дневниковой записи О.Сулейменова. // ҚРОММ. 2225-қор, 1-тізбе, 77-іс. 
6.
 
 Сулейменов О. Об особой роли писателей. // Свобода слова. –2008, - №39 (183). – С.23. 
7.
 
 Сулейменов О. Мы должны жить богаче и докажем это себе, миру, если сохраним мир у 
себя.//Казахстанская  правда.  1992.  –  29  октября;  Соныкі,  Строить  здания  на  казахском 
фундаменте. // Вечерняя Алматы. – 1992. – 6 июля. 
8.
 
 Сулейменов  О.  О  жизненности  эволюционного  принципа.  //  Свобода  слова.  –  2008,  -  4 
сентября. 
9.
 
 Сулейменов О. Мой месяц – май. // Мегаполис. – 2004, – 20 мая. 
10.
 
 Сулейменов О. Собр. соч. – Алматы: Атамұра, 2004. - Т. 6. - 472 с. 
11.
 
 Сүлейменов О. Игра в бисер на соляном куполе. // Индустрильная Караганда. – 1995.  - 28 
октябрь.  
12.
 
 Доклад  председателя  партии  ИКК  Олжаса  Сулейменова.  //  Народный конгресс.  –  1991. – 
№ 4 (20). 
13.
 
 Сүлейменов О. Все мы дети одних родителей. // Казахстансакая правда. – 1994.  - 18 июня. 
14.
 
 Сүлейменов О. Исправляя метафорой мир. - Алматы: Қаржы - қаражат, 1996. - 288 с. 
15.
 
 Сулейменов О. Казахстан, если можешь, прости! // Свобода слова. -2009. – 26 февраля. 
16.
 
 Әбішев М. Халықпен тағдырлас азамат ақын. // Жұлдыз. – 2006. - № 10. -175-182 бб. 

 
20 
17.
 
 Сүлейменов  О.  «...Но  людям  я  не  лгал,  хотя  и  мог».  //  Казахстанская  правда.  –1997.  -17 
мая. 
18.
 
 Кунаев Д. От Сталина до Горбачева. – Алматы: Санат, 1994. – 352 с.; Соныкі, Ӛтті дәурен 
осылай. – Алматы: Санат, 1992. – 448 б. 
19.
 
 Сулейменов О. Пока жужжат москиты. Утренние заметки. // Труд. –1996. – 19 ноября. 
20.
 
 Сулейменов  О.  У  народа,  который  помнит  своих  поэтов,  есть  будущее.  //  Известия-
Казахстан. – 2003. – 4 апреля.  
 
Резюме 
В  статье    рассматривается    оценка  О.Сулейменовым,  ученым,  поэтом,  общественным 
деятелем Республики Казахстан, основных событий истории современного Казахстана.   
Для широкого круга читателей и специалистов О.Сулейменов  известен  как  исследователь 
древности  и  средневековья,  основоположник  научной    тюркославистики,  но    его    видения  
основных    событий    советского    периода      истории    Казахстана  ещѐ  не  cистематизированы  
отечественной  исторической  наукой. Отмечается, что подход  поэта  к изучению  отечественной   
новейшей    истории    и  оценка    эволюции    советской    системы    выгодно    отличается    от  
исследователей    исторической    науки.  Анализируются    оценка  О.Сулейменовым    взглядов  
деятельности    первых    руководителей    Советского    Союза      Н.С.  Хрущѐва,  Л.И.  Брежнева    и  
М.С.Горбачѐва , а  также  первого  руководителя   республики  Д.А. Кунаева. 
 
Summary 
Historical  versions  of  the poet,  the  scientist  and  social  person  of  Republic  of  Kazakhstan  on  
main  events  of  history  of  modern  Kazakhstan  are  worked  out  in  the  article ― O.Suleimenov  about  
the  newest  history  of  Kazakhstan‖. 
O.Suleimenov  is  famous  as  researcher  of  ancient  and  middle  century,  the  basic  scientific  
turkslavistics  for  wide  side  of  readers  and  specialists, but  his  versions  of  main  events  of  Soviet  
period  of  history  of   Kazakhstan  are  not  systemized  by  historical  science.  It  is  meant,  that  the  
style  of  the  poet  in  learning  the  newest  history  and  the  mark  of  evolution  of  Soviet  system  is  
probity    differed    from    the    researchers    of    historical    science.    The    marks    which    are    given    by  
O.Suleimenov  for  the  activities  of  the  first  leaders  of  Soviet  Union  N.S. Khruschev, L.I. Brezhnev,   
and  also  the  first  leader  of  republic  D.A. Kunaev  are  analyzed  here. 
 
 

 
21 
 ӘОЖ  347.97:342.725 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет