Issn 1607-2782 Республикалық



Pdf көрінісі
бет1/18
Дата28.12.2016
өлшемі2,96 Mb.
#636
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 
ISSN 1607-2782
 
 
Республикалық 
 
ғылыми
-
әдістемелік 
 
журнал
 
Республиканский 
 
научно
-
методический
 
журнал
 
 
 
 
 
Қорқыт
 
Ата
 
атындағы
 
Қызылорда
 
мемлекетт
i
к
 
университет
i
н
i
ң
 
______________________________________________________________________________________ 
 
1999 жылғы наурыздан
 
бастап шығады
 
№ 
1 (42) 2014 
______________________________________________________________________________________ 
 
ХАБАРШЫСЫ
 
 
 
 
 
 
Бас редактор
 

БИСЕНОВ Қ.А. 
 
техника ғылымдарының 
 
докторы, 
профессор
 
 
 
Бас редактордың 
орынбасары
 

ШАЛБОЛОВА Ү.Ж. 
 
экономика  ғылымдарының докторы, 
профессор
 
 
 
Жауапты редактор
 

ОМАРОВ Қ.Ә. 
 
география ғылымдарының кандидаты, 
профессор
 
 
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
 
 
Аруова Л.Б.
 
Баканов Ғ.Б.
 
Досжанов М.Ж.
 
Ибадуллаева С.Ж. 
 
Кәрібозұлы Б.
 
Қарлыханов Т.Қ.
 
Қожақұлы Ө.
 
Қошқаров С.И.
 
Майгелдиева Ш.М.
 
Сәдуақасұлы Ж.
 
Сәтбай Т.Я.
 
Сейсенов Б.
 
Тоқтамысов Ә.М.
 
Үдербаев С.С.
 
Шомантаев А.Ә.
 
Майгелдиева Ж.М.
 
 

техника ғылымдарының докторы, профессор 
 

физика
-
математика
 
ғылымдарының докторы, профессор 
 

техника ғылымдарының докторы, профессор 
 

биология
 
ғылымдарының докторы, профессор
 

филология ғылымдарының докторы, профессор
 

техника ғылымдарының докторы, профессор
 

тарих ғылымдарының докторы, профессор
 

техника ғылымдарының докторы, профессор
 

педагогика ғылымдарының докторы, профессор
 

филология ғылымдарының докторы, профессор
 

тарих ғылымдарының докторы, доцент
 

философия ғылымдарының докторы, профессор
 

ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент
 

техника ғылымдарының докторы, профессор
 

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
 

филология ғылымдарының кандидаты, доцент
 
 
 
 
 


 
 
ОҚЫРМАНҒА!
 
Құрметті оқырман қауым!
 
Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінің 
Хабаршысы 
-  «
ҚМУ  Хабаршысы»  1999  жылғы  наурыздан  бастап,  жылына 
екі  рет  шығады.  Хабаршы  ғалымдардың  жүргізген  зерттеулерінің  маңызды 
тақырыптарын  қамтитын  мақалалары  мен  материалдары  көпшілікке 
танымал  беделді  ғылыми  басылым.  Оның  беттерінде  елімізді  үдемелі 
индустриалдық

инноваңиялық  дамытудың  өзекті  ғылыми  мәселелері, 
халықаралық  деңгейде  бәсекеге  қабілетті  мамандар  даярлау  тәжірибесі 
мен  болашағы  талқыланып,  білім  беру,  ғылым  мен  өндіріс  салаларын 
интеграңиялаудың озық үлгілері жарық көреді. Сонымен қатар, үздіксіз білім 
беру  жүйесіндегі  жаңа  технологиялар  мен  оқу
-
әдістемелік  жұмыстар  әрі 
руханият,  мәдениет,  спорт  және  өнер  саласындағы  ізденістер  жарияланып 
отырады.  Журналда  еліміздің,  алыс  және  жақын  шетел  ғалымдарының 
еңбектері,  университет  базасында  откен  ғылыми  конференңиялардың 
материалдары,  танымдық,  тәлім
-
тәрбиелік  мақалалар,  жастардың  ғылыми 
шығармашылығы,  оқу  орнымыздың  тыныс
-
тіршілігі  туралы  ақпараттар  мен 
жаңалықтар көпшілік назарына ұсынылады.
 
«
ҚМУ  Хабаршысы»  ғылыми
 
журналы  профессор
-
оқытушыларға, 
мұғалімдерге,  ғылыми  қызметкерлерге,  жас  ғалымдар  мен  студенттерге, 
сондай
-
ақ  Қазақстанның  білім  беру  мен  ғылым  саласындағы  жетістіктері 
және жаңалықтарымен танысқысы келетін зиялы қауымға арналған.
 
Құрметті  қауым,  Сіздерді
 
журналдың  белсенді  авторы  және  оқырманы 
болуға шақырамыз!
 
Редакция алқасы
 
 
 
 


 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
 
 
ӘОЖ  626/627:631.6 
 
ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ НЕГІЗДЕР МЕН 
 
ІРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ БАСТЫ ПРИНЦИПТЕРІ
 
 
А.М.БУДИКОВА, 
 техника ғылымдарының кандидаты,  
А.Б.НҰРМҰРАТОВА, магистрант,
 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы 
 
Аңдатпа
 
Мақалада  ерекше  жағдайдағы  негіздер  мен  іргетастарды  жобалаудың  негізгі  принциптері 
келтірілген.  Бұзылған  құрылымдағы  лессті  топырақты  сынау  арқылы  алынған  зертханалық 
көрсеткіштердің,  нәтижелері  қарастырылған.  Ғимарат  деформацияларының  себебін  талдау 
ғимаратты 
жобалауда 
әлсіз 
топырақтардың 
барлық 
топтарына 
жататын 
үш 
негізгі 
ерекшеліктерімен  сипатталады.  Сондықтан  да  әлсіз  топырақтардың  әртүрлі  топырақтардың 
әртүрлі  химиялық  және  минералогиялық  құрамы  сығылу  және  беріктілік  қасиеттерімен 
ерекшеленеді. 
Суға  қаныққан  осал  сазбалшықты  саздақтар  мен  құмдақтар;  тұнбалар,  шымтезекті 
топырақтар;  борпылдақ  құмдар  және  тағы  басқа  сығылғыштығы  жоғары  топырақтар  қатарына 
жатқызылады,  себебі  бұлардың  құрылыстық  қасиеттері  тұрақсыз,  физикалық-механикалық 
көрсеткіштерінің мәндері төмен. 
Тоңдалған  топырақтар  және  мәңгітоң  топырақтары  қатқан,  табиғи  күйлерінде  берік, 
көтергіштік қабілеттері өте жоғары болады. Бірақ, еріген кезде құрылым бұзылу  салдарынан осы 
қасиеттерден лезде айырылып қалады. 
Сары  топырақтар  (лёсс)  табиғи  құрғақ  күйінде  тұрақты, ал  ылғалдылық  деңгейі  көтерілген 
жағдайда,  қатты  түйіршіктер  арасындағы  құрылымдық  байланыстар  бұзылады  да,  топырақтың 
беріктік  жоғалуына  себеп  болады.  Сазбалшықтың  құрамында  монтмориллонит  минералы  көп, 
сазбалшықты топырақтар ылғалдылық дәрежесі өзгеру барысында ісіп, кебеді. 
Топырақ құрамына, оның түріне байланысты, белгілі мөлшерде (≥5÷10%) тез  еритін тұздар 
мен  гипс  енетін  болса,  олар  топырақта  суффозиялық  құбылыстар  туғызып,  құрылыс  мәселелерін 
қиындатып  жіберетіні  белгілі.  Міне,  сондықтан,  тұздалған  топырақтар  да  құрылымы  тұрақсыз 
топырақтарға жатқызылады. 
Жалпы,  қорыта  келе,  топырақтың  құрамын  зерттей  отырып,  өте  күрделі  жағдайда  жаңа 
әдістер қолданып, іргетастардың дұрыс орнатылуын қамтамасыз ету шарттарын ұсындық. 
Кілт  сөздер:
  негіз,  іргетас,  шөгінді  топырақ,  лесс,  зертханалық  көрсеткіштер,  іргетасты 
жобалау принципі. 
 
Аннотация
 
В  статье  предлагается  основные  принципы  проектирования  оснований  и  фундаментов  в 
особых  условиях.  Приводятся  результаты  обработки  лабораторных    данных,  полученных  при 
испытаниях лёссового грунта нарушенной структуры. 
Анализ  причин  деформаций  сооружений,  расположенных  на  рассматриваемых  грунтах, 
показал, что их характеризуют три основные  особенности, специфичные для всей группы слабых 
грунтов,  которые  необходимо  учитывать  при  проектировании  сооружений.  Эти  особенности 
слабых грунтов при использовании их в качестве оснований сооружений позволяют выделить их в 
группу  грунтов,  хотя  и  имеющих  различное  происхождение,  различный  химический  и 
минералогический  состав,  но  обладающих  одинаковыми  характеристиками  сжимаемости  и 
прочности. Поэтому могут быть разработаны единые методы строительства на таких грунтах
Свойства  лессовых  грунтов  в  процессе  их  просадки  резко  изменяются.  Сопротивление 
замоченного  грунта  сдвигу  снижается  в  несколько  раз  это  показывает,  что  несущая  способность 
лессовых  грунтов  после  нарушения  их  структурной  связности  в  процессе  просадки  при 
замачивании под нагрузкой чрезвычайно падает, и грунты легко выдавливаются из-под подошвы 
фундаментов. 
Характер  протекания  деформаций  во  времени  на  просадочных  грунтах  определяется  их 
влажностью. В связи с тем что просадочные грунты обычно находятся в маловлажном состоянии, 


 
деформация  сжатия  их  от  внешней  нагрузки  происходит  в  течение  сравнительно  короткого 
времени. Просадка грунта, а в равной степени и осадка в водонасыщенном состоянии, протекают в 
течение  более  длительного  времени,  так  как  эти  процессы  связаны  с  фильтрацией  воды  через 
толщу грунта. 
При  оценке  общей  деформации  лессовых  грунтов,  подверженных  замачиванию  с 
одновременным  загружением,  необходимо  учитывать  следующие  три  составляющие:  осадку, 
обусловленную  уплотнением  грунта  (т.  е.  уменьшением  пористости  при  увеличении  давления), 
просадку, возникающую в результате коренного изменения структуры грунта при переходе его из 
макропористого  структурного  состояния  в  бесструктурную  водонасыщенную  массу,  и 
послепросадочную деформацию грунта, вызванную медленным нарушением кристаллизационных 
связей, суффозией (вымывом) мельчайших частиц и ползучестью скелета грунта при длительном 
действии фильтрации. 
Ключевые  слова:
  основание,  фундамент,  просадочные  грунты,  лессовые  породы, 
лабораторные показатели, принципы проектирования фундамента. 
 
Annotation 
In the article the basic principles of design of the bases in special conditions. Results of processing 
of the laboratory data obtained at tests of loessial soil of the broken structure are given. 
The analysis of the reasons of the constructions deformations located on the considered soil showed 
that  they  are  characterized  by  three  main  features  specific  to  all  group  of  weak  soil  which  need  to  be 
considered  at  design  of  constructions.  These  features  of  weak  soil  when  using  them  as  the  bases  of 
constructions  allow  to  distinguish  them  in  group  of  the  soil  though  having  various  origin,  various 
chemical  and  mineralogical  composition,  but  possessing  identical  characteristics  of  compressibility  and 
durability. Therefore uniform methods of construction on such soil can be developed. 
Properties of loessial soil in the course of their sag sharply change. Resistance of the wetted  soil to 
shift  decreases  several  times,  it  shows  that  the  bearing  ability  of  loessial  soil  after  violation  of  their 
structural  connectivity  in  the  course  of  sag  when  soaking  under  loading  extremely  falls,  and  soils  are 
easily squeezed out from under a sole of the bases. 
Nature of deformations in time on collapsible soil is defined by their humidity. Because collapsible 
soil is usually in a low-damp state, deformation of their compression comes from external loading during 
rather short time. Sag of soil, and equally and a deposit in a water-saturated state, proceed during longer 
time as these processes are connected with a water filtration through thickness of soil. 
At  an  assessment  of  the  general  deformation  of  the  loessial  soil  subject  to  soaking  with  a 
simultaneous,  it  is  necessary  to  consider  the  following  three  components:  a  deposit,  caused  by  soil 
consolidation  (i.e.  reduction  of  porosity  at  increase  in  pressure),  the  sag  resulting  from  basic  change  of 
structure  of  soil  upon  its  transition  from  a  macro-porous  structural  state  to  the  unstructured  water-
saturated  weight,  and  the  post-collapsible  deformation  of  soil,  caused  by  slow  violation  of  crystal-
lizational connections, a suffusion  of the smallest particles and creep of a skeleton of soil at long action 
of a filtration. 
Key  words:  basis,  base,  collapsible  soil,  loessial  breeds,  laboratory  indicators,  principles  design 
base. 
    
Табиғи  құрылымы,  белгілі  жағдайлар  сақталғанда  ғана  тұрақты  топырақты 
құрылымы-тұрақсыз  топырақтар деп аталады. 
Құрылымы-тұрақсыз топырақтар тобына: 
-
 
сығылғыштығы жоғары, осал топырақтар; 
-
 
тоңдалған топырақтар мен сары топырақ тәріздес топырақтар; 
-
 
тығыз сазбалшықты ылғалдылығы төмен топырақтар; 
-
 
тау-кен қазбалары жүргізілетін аймақтардағы топырақтар еңгізіледі. 
Суға  қаныққан  осал  сазбалшықты  саздақтар  мен  құмдақтар;  тұнбалар,  шымтезекті 
топырақтар;  борпылдақ  құмдар  және  тағы  басқа  сығылғыштығы  жоғары  топырақтар 
қатарына  жатқызылады,  себебі  бұлардың  құрылыстық  қасиеттері  тұрақсыз,  физикалық-
механикалық көрсеткіштерінің мәндері төмен. 
Тоңдалған топырақтар және мәңгітоң топырақтары қатқан, табиғи күйлерінде берік, 
көтергіштік қабілеттері өте жоғары болады. Бірақ, еріген кезде құ  
Сары  топырақтар  (лёсс)  табиғи  құрғақ  күйінде  тұрақты,  ал  ылғалдылық  деңгейі 


 
көтерілген жағдайда, қатты түйіршіктер арасындағы құрылымдық байланыстар бұзылады 
да,  топырақтың  беріктік  жоғалуына  себеп  болады.  Сазбалшықты,  құрамында 
монтмориллонит  минералы  көп,  сазбалшықты  топырақтар  ылғалдылық  дәрежесі  өзгеру 
барысында ісіп, кебеді. 
Жоғарғы  қабаттары  біртіндеп  отырып  қалатын,  ал  жердің  бетінде  сырғу  немесе 
шөгу  мульдасы  болып  табылатын,  тостаған  сынды  ойыс  пайда  болатын,  тау-кен 
жұмыстары  жүргізілетін  аймақтардағы  топырақтар  да  құрылымы  тұрақсыз  топырақтар 
тобына енгізілген.  
Топырақ  құрамына,  оның  түріне  байланысты,  белгілі  мөлшерде  (≥5÷10%)  тез 
еритін тұздар мен гипс енетін болса, олар топырақта суффозиялық құбылыстар туғызып, 
құрылыс  мәселелерін  қиындатып  жіберетіні  белгілі.  Міне,  сондықтан,  тұздалған 
топырақтар да құрылымы тұрақсыз топырақтарға жатқызылады.  
  
Қатты сығылатын осал топырақтарға орнатылатын ғимараттар негіздерінің есептеу 
ерекшеліктері. Есептеу шекті күйлер жағдайларының екі тобы бойынша жүргізіледі.  
Шекті  күйлер  жағдайларының  бірінші  тобы  бойынша  есептеу  міндетті  болып 
табылады.  Негіздің  көтергіштік  қабілетін  анықтағанда  топырақтардың  кернеулік  күйінің 
тұрақтандырылмағандығы есепке алынуға тиіс.   
Осал топырақтардан құралған негіздерді шекті күйлер жағдайларының екінші тобы 
бойынша есептеудің өз ерекшеліктері бар, атап айтқанда, егер тікелей іргетас табанының 
астында, қалыңдығы іргетастың енінен асатын осал топырақтың қабаты орналасқан болса, 
негіздің  шөгуі  іргетастың  табаны  бойынша  әсер  ететін    қысымның  толық  мәніне 
есептелінеді.  
Кейде,  осал  топырақтарда  жобаланатын  ғимараттарды    шектен  тыс  шөктірмеудің 
бір жолы, іргетастардың салу тереңдігін ұлғайту немесе «қалқымалы» іргетас орнату.  
Егер  осал  топырақтардан  құралған  негіздердің  есептік  шөгу  мәні  шекті 
мөлшерлерден  астам  немесе  олардың  көтергіштік  қабілеті  жеткіліксіз  болса,  онда 
құрылыс жобалау сенімділігін қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды қолданады.  
Іргетастар  мен  топырақтардың  түрлеріне,  олардың  физикалық-механикалық 
қасиеттеріне, құрылыс алаңдарының гидрогеологиялық жағдайларына байланысты келесі 
арнайы іс-шараларды өткізу ұсынылады.  
Суға  қаныққан  осал  сазды  топырақтар  мен  тұнбалар  құрылысқа  дейін,  уақытша 
немесе  тұрақты  қосымша  салмақ  салу  арқылы  тығыздалады.  Қосымша  салмақ  түсіру,  
кобінесе,  құмды  топырақ  немесе  басқа  материалды  құрылыс  алаңының  бетіне  салу 
арқылы жүзеге асырылады.  
 Осал  топырақтарды  терең  орнатылатын  іргетастармен,  мысалы,  қадалармен  кесіп 
өту  (толық  немесе  жартылай)  тиімді  шаралардың  бірі  болып  саналады,  сондай-ақ  кейде 
осал  топырақтарды  (толық  немесе  жартылай)  сығылатын  қалыңдыққа  дейін  құммен, 
қиыршық тастармен, ұсақталған тас кесектерімен ауыстырады. 
Құрамында  құмдақтар,  саздақтар,  сазбалшық  пен  тұнбалар  кездесетін    борпылдақ 
құмдар  құмды  қадалармен  терең  тығыздатылады.  Тығыздау  осал  қабат  табанының 
тереңдігіне дейін немесе бүкіл сығылатын қабат қалыңдығы бойынша жүзеге асырылады. 
Ғимараттардың шөгуге деген әсералғыштығын төмендететін сындарлы іс-шаралар. 
Арнайы шаралар  қолданылмаса,  ғимараттар іргетастарының шөгуі, олардың құрылыстық 
құрылғыларында ішкі, қирататын күш-әсерлер туғызбай қоймайды. Ол, әрине, топырақты 
негізге  байланысты  десек  те,  ғимараттың  түрін,  конструктивтік  шешімін  және  қаңқа 
материалын  қабылдағанда  жобалаушы  ескеру  керек.  Сондықтан  осал  топырақтарда 
ғимарат  негізіне  берілетін  қысымды  азайту  мақсатымен:  тұтас,  тақталы,  қиылысатын 
таспалар  түріндегі  жалпақ,  табаны  жайылған  іргетастар  жиі  қолданылады.  Мұндай 
іргетастар ғимараттың жалпы қатқылдығын арттырып, шөгу қиғаштығын түзетеді. Кейде, 
осал  топырақтар  жағдайында,  жақсы  нәтиже  беретін  шара-іргетастар  мен  қабырғаларды 
темірбетонды белдіктермен тартып тастау. Төменгі белдіктер  іргетас табаны және жетесі 
арқылы,  ал  жоғарғылары  әрбір  қабат  сайын  өткізіледі.  Ғимарат  әсералғыштығын  шөгу 


 
жіктерімен  бөлшектеу  арқылы  да  төмендетуге  болады.  Қарастырылып  отырған  мәселе 
ғимараттың иілгіштігін арттыру арқылы да шешіледі. Бұл шешу жолдарында, ғимараттың 
іргетасы    мен жоғарғы жағы  қирамай, топырақты негізін  қуалай отырып иіледі. Жалпы, 
қорыта  келе,  кез  келген,  өте  күрделі  топырақтық  жағдайда  барлық  сындарлы  әдістер 
қолданылынып,  ғылыми  негізінде  тұрғызылған  зәулім  ғимараттардың  саны,  әлемдік 
тәжірибеде көбейіп келетіні анықталды.  
Сары  топыраққа  орнатылатын  іргетастар.  Сары  топырақта  орнатылған  негіздер, 
топырағының  ылғалдылығы  белгілі  бір  деңгейден  жоғары  көтерілген  жағдайда,    сыртқы 
салмақ пен өз салмақтары  әсерінен қосымша шөгуі (лықсып шөгуі) ескеріліп жобалануға 
тиісті. 
 Берілетін  қысымдар  мен  ылғалдылықтың  арту  деңгейімен  анықталатын  сары 
топырақ  шөгуінің сандық сипаттамасы түрінде салыстырмалы лықсып шөгу қабылданған.  
Салыстырмалы лықсып шөгу:  
 
                                      
g
n
p
sat
p
n
sl
h
h
h
.
.
.
/
)
(



,                                                    (1) 
 
формуласы бойынша анықталады. 
          Осы  формулада  h
n.p
    –    z  тереңдікте  әсер  ететін  қысымға  немесе  o
zp
  қосымша 
кернеуге  тең  келетін  h
ng 
қысыммен  сығылған  табиғи  ылғалдылықтағы    топырақ 
сынамасының биіктігі h
sat.p 
-  сол сынаманың сумен қанықтырылғандағы биіктігі; h
ng 
- сол 
сынаманың табиғи қысыммен сығылғандағы биіктігі. 
Лықсып  шөгетін,  шөкпе  топырақтардың  έ
sl   
көрсеткішімен  қатар  p
sl
  -бастапқы 
лықсып  шөгу  қысымы  мен  бастапқы  лықсып  шөгу  ылғалдылығы-  w
sl
  негізгі 
сипаттамалары болып табылады.  
Лықсып шөгетін топырақтар  ғимараттардың  негіздері болып жобалану барысында 
оның ылғалдылығын ұлғайып кету мүмкіндігін ескеру керек.  
 Осы мүмкіндіктер келесі жағдайларда орын алу мүмкін:  
-
 
топырақтар  суланған  кезде  –  жер  бетінен  су  басқанда  және  (немесе)  жер 
астындағы сулар дейгейі көтерілгенде;  
-
 
топырақтағы ылғалдылық біртіндеп, түрлі себептерден жинақталған кезде;  
-
 
ылғалдылық  бойынша  лықсып  шөгетін  топырақтардың  келесі  есептік  күйлерін 
ажыратады: 
-
 
оларды сулану мүмкіндігі орын алғанда – толық суға қанығу (S
r
>0,8);  
-
 
олар суланбайтын жағдайда – тұрақты ылғалдылықтың w
eg
 мағынасы.  
Лықсып  шөгетін  топырақтар  тараған  құрылыс  алаңдарының  топырақтық 
жағдайлары екі түрге бөлінеді:  
І - негізінен  s
sl.p
 топырақ  сыртқы салмақтан ғана лықсып шөгуі мүмкін болып табылатын, 
ал  өз  s
sl.g
  салмағынан  лықсып  шөгу  жоқ  болғанда  немесе  5  см  аспағандағы  топырақ 
жағдайлары;  
II  -  s
sl.p
  сыртқы  салмақтан  лықсып  шөгумен  бірге,  топырақ  өз  салмағынанда  лықсып 
шөгеді және оның мөлшері 5 см астам болып табылатын топырақ жағдайлары.  
Сары топырақ жағдайларындағы негіздер мен іргетастарды жобалау ерекшеліктері. 
Негіз топырағының есептік кедергісі:  
-
 
топырақтардың  сыртқы  салмақ  салынуынан  іргетас  табанының  астындағы 
қысымды азайту арқылы бастапқы лықсып шөгу тудыратын қысымға (R= p
sl
) тең;  
-
 
ҚНжЕ  формуласындағы  φ
ІІ
  мен  с
ІІ
  беріктілік  көрсеткіштерін  пайдалана  отырып, 
суға қаныққан жағдайда анықталған есептік кедергіге тең; 
-
 
лықсып  шөгетін  топырақтардың  сулану  мүмкіндігі  жоқ  болғанда  R  негіз 
топырағының  w
eg
  тұрақталған  ылғалдылық  жағдайында  ҚНжЕ-нің    формуласы  бойынша 
анықталған есептік кедергісіне тең; 
-
 
шөгу  бойынша  есептеу,  лықсып  шөгетін  топырақтардағы  іргетастар  негіздерін 
жобалаудың  аса  маңызды  бөлігі  болып  табылады,  өйткені  лықсып  шөгудің  абсолюттік 


 
мәні шекті мәнінен бірнеше рет артық болуы мүмкін. Іргетастардың шөгулері мен орнату 
әдістерін белгілеу негізінде топырақтардың табиғи күйін пайдалану мүмкіндіктері немесе 
топырақтар қасиеттерін жақсарту қажеттілігі туралы шешім қабылданады.  
 
Топырақтардың  лықсып  шөгу  қасиеттерін  жою  жөніндегі  іс-шаралар  көзделмеген 
жағдайда  немесе  осы  қасиеттер  тек  жартылай  ғана  жойылатын  болғанда  және  сулануға 
қарсы  қолданылатын  іс-шаралар  жеткіліксіз  болып  табылатын  жағдайларда  негіздің 
лықсып шөгуін есептеп анықтау жүзеге асырылады.  
 
Негіздерді  лықсып  шөгу  бойынша  есептеу  барысында  іргетас  жұмысының 
жағдайлары мен сулану жағдайлары нақтыланып қарастырылады. Негіздің шөгуі: 
 
                                                          
u
sl
s
s
s


                                                        (2) 
 
формуласымен анықталады. 
Осы  теңдеуде 
 
-топырақты  негіздің  нығыздалу  заңына  сай  шөгу  мәні,  s
sl
  –негіздің 
лықсып шөгу мәні; s
u
 - негіз бен ғимараттың бірлескен шөгуінің шекті мәні.  
Лықсып шөгетін топырақтар жағдайларындағы іргетастар орнатудың негізгі әдістері: 
Сары топырақтардың сулану мүмкіндіктері бар болғанда:  
-
 
топырақтардың  лықсып шөгу қасиеттерін жою;  
-
 
лықсып шөгетін топырақ қалыңдығын терең іргетастармен кесіп өту.  
-
 
судан  қорғайтын  және  құрылымдық  іс-шаралар  қарастыру  іс-шаралары  жүзеге 
асырылады.  
 
 
Сурет 1 - Лықсып шөгетін топырақтардың І тип жағдайларындағы негіздер мен іргетастар: 
1- тығыздалған топырақ; 2- лықсып шөгетін топырақ; 3-лықсып шөкпейтін топырақ;         
4-лықсып шөгетін топырақтың төменгі шекарасы; 5-топырақтық төселгіш; 6-қадалар;         
7 -толтырылған немесе қағып орнатылған іргетас, қысқа пирамидағы ұқсас іргетас;           
8- топыраққа таптап кіргізілген шақпақтас. 
 
          І-типті топырақтық жағдайларында топырақтардың лықсып шөгу қасиеттері негіздің 
тек жоғарғы жағында  ғана, алайда, осы көрсеткіш оның  биіктігінен 2/3  кем болмауға, ал 
есептелген шөгу мәні шекті мәнінің 50%-нан аспауға тиіс. 
          І-типті  топырақтық  жағдайларында  топырақтың  лықсып  шөгу  қасиеттері                    
1-суретінде көрсетілгендей:  
-  іргетастардың  табаны  бойынша  таратылатын  қысым  негіздегі  бастапқы  лықсып 
шөгу қысымынан аз болған мөлшерге дейін азайтылған жағдай;  
-  топырақты  салмағы  5-10т  және  онан  да  көп  етіп  таңдалатын  ауыр  тоқпақтармен 
тығыздау барысы (а);  
- топырақтық төсем салу жағдай (б); 
-  ашық  қазаншұңқырда  толтырылған  қысқа  немесе  пирамида  іспеттес  қадалар 


 
орнатылған жағдай (в);  
- лықсып шөгетін қалыңдық қадалармен кесілген жағдай әдістері арқылы жойылады.  
 
ІІ типтегі топырақтық жағдайларында іргетастар орнатудың 2-суретінде көрсетілген:  
-
 
лықсып 
шөгетін 
қалыңдықты 
қадалармен 
немесе 
терең 
орнатылатын 
іргетастармен кесіп өту (а);  
-
 
топырақтарды бекіту;  
-
 
топырақтарды  алдын-ала  суландырып  терең  жарылыстармен  және  тоқпақтау 
әдісімен тығыздау (в);  
-
 
негізді топырақтық қадалармен тығыздау (г) әдістері жүзегі асырылуы мүмкін.  
 
 
 
Сурет 2 - ІІ типті топырақтық жағдайлардағы негіздер: 
1 – лықсып шөгетін топырақ; 2 – лықсып шөкпейтін топырақ; 3 - бекітілген топырақ; 4 -  
топырақтық қадалармен тығыздалған топырақ; 5 - топырақтық қадалар; 6 –толтырылған 
қадалар; 7 - тығыздалған топырақ; 8 - ауыр тоқпақтармен тығыздалған топырақ. 
 
ІІ  типті  топырақтық  жағдайларында  сондай-ақ  судан  қорғау  іс-шаралары  мен 
жердің  табиғи  бедерін  сақтау  қарастырылады.  Топырақтардың  мәселе  туғызатын  қабаты 
тығыздалғаннан немесе бекітілгеннен кейін олардың іргетас есептеуінде пайдаланылатын, 
физикалық–механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері анықталады. 
 
Әдебиеттер: 
1. Байтасов Т.М., Оразалы Е.Е., Жакулин Ә.С. Геотехника. – Алматы: «Дәуір», 2011.-200б. 
2.  Мирцхулава  Ц.Е.  Опасность  и  риски  на  некоторых  водных  объектах  и  других  системах. 
Виды, анализ, оценка. Том I и II. –Тбилиси: Мицниереба, 2003. 
3.  СП  50-101-2004.  Проектирование  и  устройство  оснований  и  фундаментов  зданий  и 
сооружений. 
4.
 
ҚР  ҚНжЕ  5.01-03-2002.  Бағаналы  іргетастар.  -  Астана:  ҚР  МИТ  құрылыс  ісі  жөніндегі 
комитет, 2002.- 84б. 
5.
 
ҚР  ҚНжЕ  5.01-01-2002  Ғимарат  пен  құрылыс  негізі.-  Астана:  ҚР  МИТ  құрылыс  ісі 
жөніндегі комитет, 2002.- 82б. 
6.
 
Негіздер  және  іргетастар/Б.И.Далматовтың  редакциясы  бойынша  –  М.-Санкт-Петербург: 
АСВ, 2002. – 387б. 
7.
 
Цытович Н.А. Топырақ механикасы.- М.: «Жоғары мектеп», 1983.- 288б. 
 
 
 
 
 


 
 
УДК 666.973.6 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет