ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Юрист,-Алматы, 2018. 34б.
2. А.Д. Байков "Этика профиссиональной защите по уголовным делам.
3. "Заң газеті" 1-октября 2001г., Адвокатская деятельность.
4. Қазақстан Республикасының процестік кодексі, Жеті жарғы,-Алматы, 2018.242б.
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
44
ӘОЖ230.85(574)
Бижан Н.Н.
з. ғ. к ., Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
Дайрабаева Г.М.
п. ғ.к., аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Шеримкулова Г.Д.
з. ғ. к., аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Акчабаев Ш.
доктор Phd , Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
КРИМИНОФАМИЛИСТИКАДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ
ЖАСАЛАҒАН ҚЫЛМЫСТАР БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Түйін. Мақалада авторлар криминофамилистикадағы кәмелетке толмағандарға қарсы жасалаған
қылмыстар бойынша жаза тағайындау мәселелерін қарастырған.
Тірек сөздер: заң, құқық, қоғам, криминофамилистика, объект,субъект.
Резюме. В статье авторы рассматривают проблемы при назначении наказания за преступления совер-
шенных в отношении несовершеннолетних в криминофамилистике.
Ключевые слова: закон, право, общество, криминофамилистика, объект,субъект.
Summary. In the article the authors consider the problems in sentencing for crimes committed against minors in
kriminalistika.
Keywords: law, law, society, criminofamilistics, object, subject.
ХХ ғасырда Америка Құрама Штатында тұлғалармен бас бостандығынан айыруды өтеудің
әлеуметтік, психолого-психиатриялық және араласқан тәсілдеріне негізделген түрлі вариант-
тары дайындалған. Әр-бір штатта тұлғалар өзіне ұнаған үлгіні қалап алып, отрыған. Онда, бас
бостандығынан айыруға байланысты емес жазаны өтеу негізінен қылмыстық және қылмыстық-іс
жүргізу Жарлықтарымен, ал бостандығынан айыру–пенитенциарлық нормалармен реттеледі.
Жазаны өтеуде айып төлеу, АҚШ–та өте кең таралған жазалардың бірі болып табылдаы. АҚШ-ы
заңы бойынша айып негізгі соныме қатар, қосымша жаза ретінде де қолданылуы мүмкін. Соңғысын
негізінен бас бостандығынан айыруға әлде пробацияға қоса қолданады. Айыпты тағайындау ол
қылмысты қостауға байланысты емес.
Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыруда жаза тағайындау маңызды, негізгі, басты кезең.
Қылмыс және жаза өзара байланысты құбылыстар. Жаза – бұл жасалған қылмысқа мемлекеттің бер-
ген реакциясы. Әділ, дұрыс жаза тағайындау қылмыстылықпен күресудің қажетті шарттарының бірі.
Әділ жаза тағайындау үшін қылмыстық заңға, нақты айтқанда жазаның жекешелендірілуі қағидасына
сүйенеміз. Қылмыстық жаза – мемлекетпен мәжбүрлеудегі маңызды шаралардың бірі. Қылмыстық
заң ғана қылмыс үшін жаза тағайындай алады. Қылмыстық құқықты тиімді ету үшін қылмыстық жа-
заны, оның мақсатын зерттеу қажет. Мұнан, мемлекет қылмыстар үшін жаза тағайындағанда қандай
мақсаттарды көздейді, деген сұрақ орынды туындайды.
ҚР ҚК 38-бабына сәйкес, жаза – соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу
шарасы. Жазаның мақсаты – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды
түзеу, сотталғанда, басқа адамдарды жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру. Жаза тән азабын
шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Қылмыстық жаза, оның мақсаты
жөнінде көне әлемдегі Платон, Аристотель, Цицерон, Сенена, XV-XVIII ғасырдағы Гуго Гроций,
Монтескье, Беккарианың еңбектерінде (толымды) пікірлер болды. Платон жазаның жекешелендірілу
44
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
45
қағидасын ұстады. Платон еңбегінде: жаза – қылмыскер үшін жанын қалпына келтіретін, тепе-теңдікте
ұстайтын игі,- дейді. Ол заңнамалар қылмыстың алдын алуға және де жазалаудың нәтижесінде
адамдардың хал-ауқатының жақсаруына, қоғамның алға ілгерілеуіне мүмкіндіктердің болу керектігін
айтты. Жаза тек жеке сипатқа ие болуы тиіс еді [1; 101б.].
Ал, Аристотель өз еңбектерінде жазаның ескертетін, қылмыстың алдын алудағы орнын
атап өтті. Себебі, деді ол, адамдар теріс әрекеттерден саналары жоғары болғандықтан емес, жазада
қорыққанынан тиылады, көпшілігі өз қажеттіктерінің қанағаттандырылуын артық тұтады. Аристо-
тель, қылмыстың нәтижесінде келген пайда неғұрлым маңызды, жоғары болған сайын, жаза да қатал
болуы тиіс, – деді ол, қылмыскер өз еркімен бұзылады, бірақ қожайын құлды билегендегі оның жаны
өз денесін, ал санасы инстинкті билеуі тиіс, деп есептеді [2; 6б.]. Гуго Гроций: «Жазаның мақсаты –
қылмыскерді түзеу, болашақта болатын қылмыстардың алдын алу, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз
ету», деп қарастырған.
Чезаре Беккариа: «Заң – ол осы уақытқа дейін тәуелсіз, бір-бірінен оқшау өмір сүріп келген
халықты қоғамға біріктіру үшін қойылған шарт. Бірде – бір адам бостандығының бір бөлшегінен де ай-
ырылмас еді, тек қажеттік қана оған мәжбүр етті. Адамның мемлекетке қиған бостандығының аз ғана
бөлшегінің өзі, оның өзін басқалардың қорғауына жол береді. Сол аз үлестердің жиынтығы жазалау
құқығын құрайды». Табиғи (рухани) саладағы саясат, адамзат табиғатына тән мәңгілік сезімге сүйенбесе,
моральдың түбегейлі өзгеріске ұшырауына үміттенудің қажеті жоқ. Бұл сезімдерге бағынбайтын кез-
келген заң, қарсыластарға тап келеді, олар түбінен алғанда күшті де. Мұнда адамдардың құқықтарын
қорғау және осы үшін құқықтарды шектеу мәселесі қарастырылады. Сотталушының түзелуі, деп ҚР
ҚК-де оның заңды түзелуін айтады. Сотталушының түзелуі – жазаны орындаудағы тиімді міндет.
Қылмыстың жалпы және арнайы алдын алу шаралары жазаның маңызды мақсаты болып та-
былады. Жалпы алдын алу бағытында-жаза қорқытады, ал арнайы алдын алуда – қорқыту міндет
емес, ол түзейді. Сазайын тарттыруды қылмыстық жазаның мақсаты ретінде тану, не танымау жөнінде
ғалымдардың арасында пікірталас бар. Қылмыстық жазада негізгі жатқан әлеуметтік әділеттілікті
қалпына келтіру және жазаның сазайын тарттыру мазмұнымен байланыстылығы, жаза қылмыскердің
сазайын тарттыру мақсатын көздемейді. Тіпті қатал жазаның өзі де тән және жан азабын шектіру үшін
қолданылмайды. Жазаның орындалуымен байланысты шектеулер әлеуметтік әділеттілікті орнатуды
көздейді, – деп есептейді А.Н.Ағыбаев [3; 8б. ].
Алайда, заң саласындағы әдебиеттерде бұл пікір жөнінде басқа да ойлар бар. Сазайын тарттыру –
жазаның мақсаты, деген бағытты ұстаушылардың бірі – Карпец И.И. Ол: Жаза сазайын тартырса белгілі
бір мақсаттарға жетеді, онсыз болмайды да, яғни сазайын тарттыру – жазаның мақсаты, оның пікірінше
өлім жазасында, ұзақ мерзім бас бостандығынан айыруда сазайын тартыру көрінеді [4; 12б.]. Зерттеуші
ғалым Н.А.Беляев те осы пікірді ұстайды: кек алу жазаның мақсаты ретінде құқықбұзушыға өзі жасаған
қылмысы үшін кек ретінде азап келтіру және шектеу [5; 7б.]. Сазайын тарттыру – жазаның мақсаты емес
деген бағытты Н.А.Стручков [6; 9б.] ұстайды. Жаза бір жағынан алғанда, адамды белгілі құқықтары мен
бостандықтарынан айырады немесе шектейді, ал екінші жағынан, ол сотталушыны түзеуді, жаңа қылмыс
жасаудың алдын алады, яғни заңда, жазаны сазайын тарттыру деп қарамау керек, деп ескертеді.
Дегенменде, Гернардскийдің «Әлемде ғылыми көзқарастан артық тәуелсіз ештеңе жоқ»-деген
ғылыми көзқарасын ескере отырып, жоғарыда аталған ғалымдардың әрқайсысының көзқарастарын
дұрыс, не бұрыс деп үзілді кесілді шешім қабылдауға болмайды. Әр ғалымның көзқарасы әр-түрлі
сияқты, қылмыскерлердің де мінез құлықтары әр-түрлі. Сол үшінде, әр құқықбұзушының келе-
шекте қылмыс жасамауына, қылмыстық заңмен қорғалатын біреудің объектісіне қол сұқпауды,
оған зиян келтірмеуді түсіндіруде де әр-түрлі мемлекет тарапынан қолданатын шаралар, яғни әр
қылмыскерге жеке дара сипаттағы көзқараспен қарау заман талады. Айталық, кей қылмыскерлерге бас
бостандығынан айырылғанша айыппұл төлеп, не басқа да жазалардың жеңіл түрімен жауапкершіліктен
құтылуды қаласа, кейбірі миллиондаған, миллиардтаған қаражатынан айырылғанша, төрт-бес жыл бас
бостандығынан айырылғандығын қалайды. Демек, әр қылмыскерге жаза тағайындауда судья психолог
болуы да міндет. Бұл, судья тарапынан тұлғаның ішкі жан дүниесіне қол сұғып, буынды жеріне пышақ
ұру арқылы қиянат жасау емес, оның қайта қылмыс жасамауына, келешек қылмыстың алдын алуға,
жалпы заң талаптарын бұзуға болмайтындығына жететін бір жол ретінде болуы тиіс.
Жаза тағайындаудың негізінде заңдылық, әділдік, жазаның негізділігі және оны үкімде міндетті
түрде негіздеу, жазаның жеке тұлғаға ғана қатыстылығы жатады. Осыларды басшылыққа ала оты-
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
46
рып, жаза тағайындауда сот бірінші кезекте Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі әр қылмысқа
қатысты бапта көрсетілген жауаптылықтың көлеміне, екіншіден Жалпы бөлімнің талаптарын ескере
отырып, үшіншіден қылмыстың қоғамға қауіптілігінің деңгейі мен жағдайына, кінәлінің жеке басы-
на, оның қылмысқа дейінгі мен кейінгі кезеңдегі мінез-құлықына, жазаны жеңілдететін және ауырла-
татын жағдайларына, жазаның сотталушының түзелуіне және оның жанұясы мен оның қарауындағы
мүшелерінің әсеріне де қатысты мән-жағдайларды ескеруі тиіс.
ҚР ҚК-і 2-бабы 2-бөлігі мен ҚР ҚПК-і 8-бабы 1-бөлігіне сай қылмыстық құқық бұзушылықтарға
бой алдырған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, қылмыстық заңды дұрыс
қолдану аталған заңнамалардың міндеттемелері болып табылады. Сондай-ақ міндеттемелерді жүзеге
асыру үшін заңнамалармен қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе
мемлекет үшін қандай қауіпті іс-әрекеттердің қылмыстық құқық бұзушылықтар болып табылатыны
айқындалады. Оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары
белгіленеді.
Қылмыстық-құқықтық ықпал ету іс-шараларына криминологиялық көзқараста кәмелетке
толмаған тұлғалардың себептік кешеніне берілетін жүйелік баға да адамның жеке басының әлеуметтік
ортаның сипаттамасы мен олардың өзара әрекеттесу жағдайлары да ескерілетіндігінде. Қылмыстық
заңнаманың мүмкіндіктері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің екіінші бабы, біріншіден,
қол сұққандық үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген қоғамдық қатынастарды қорғауды,
екіншіден, қылмыстың алдын алу деп қарастырған.
«Жасөспірімдерді құқықтық тәрбиелеу процесіне жалпы тәрбиелеу процесін сипаттайтын
құрылымдық белгілер тән, олар саналы кісі қалыптастырудағы тәрбиелік қызметтің мақсатын сипат-
тайды. Бұл жағдайда құқықтық тәрбие ықпалының тікелей объектісіне сананың белгілі бір саласы,
ішкі рухани өмір және соның негізінде қалыптасқан адамның құқықтық мәдениетінің деңгейі жатады.
Ал тікелей субъектіге құқықтық тәрбие беру ісіне белсеніп қатысып жүрген мемлекеттік органдар мен
лауазымды адамдар, яғни мемлекеттің өзі жатады. Бұл процеске қатысуы өзінің қызметтік борышы бо-
лып табылатын заңгерлермен қатар, құқықтық тәрбие ісіне, білім беру саласын, қоғамдық ұйымдарды
да қамту керек» [7; 12б.].
Қылмыстың алдын алу – адамның жеке басының сипаттамасын анықтау мен оған оң түзету енгізу;
адамның криминогендік және криминалдық ортамен байланысын мүлдем үзу; ол ортаны сауықтыру;
тиісті байланыстарға заң шенберінде қатаң әлеуметтік бақылау орнату шараларын көздейтіндігінде.
Кәмелетке толмаған тұлғалардың зорлық-зомбылық қылмыстылығының алдын алуға келетін
болсақ, әңгіме бұл жерде олардың жекелеген топтары жайында емес, әлеуметтік орта мен оның теріс
жақтарын жасөспірімнің қабылдау психологиясы арасындағы байланыс жайында. Сондықтан да,
қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бұл жерде бірінші тұруға тиіс, ал оған қол жеткізе алмаған
жағдайларда ғана қылмыстық жауапкершілікке тартуды қолдану керек. Сол себепті жеткіншектер
дамуының қазіргі кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алудың қылмыстық-құқықтық
тәсілдерін мүмкіндігінше кең пайдалану қажет деп санаймыз.
Жасөспірімдер қылмыстық құқық бұзушылықтарының алдын алудың қылмыстық-құқықтық
тәсілдерінің тобын құқық бұзуы мүмкін жастарға қолданылатын келесідей тәсілдері құрайды:
1) құқықтық насихат;
2) қылмыстық құқ бұзушылықтың кейбір санаттары бойынша құқық бұзатындарды алдын ала
ресми ескерту;
3) кәмелетке толмаған құқық бұзушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасаудан өз еркінен тыс
тартуға түрткі болу:
4) кәмелетке толмаған құқық бұзушыны қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысқаны не
тартылғаны үшін өкінуге көндіру;
5) оның жүріс-тұрысын бақылау, қайталап қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жібермеу.
Аталған іс-шаралар ересектерге қолданылатын шараларға ұқсас. Алайда, жасөспірімдердің
құқық бұзушыларға қолданылатын қылмыстық-құқықтық шараларда өзіндік ерекшеліктер бар, олар
ескерілуге тиіс. Қылмыстық құқық теориясының міндеті осы ерекшеліктерді айқындау мен бұл
шаралардың тиімділігін арттыру үшін не жасау керек екендігін анықтау.
Құқықтық насихат дегеніміз – идеологиялық қызметтің белгілі бір түрі, негізгі 3 міндеттің:
зерделеудің, таратудың, ұйымдастырудың бірлігінен оның мәні ашылады. Аталған идеологиялық
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
47
қызметтерде әлеуметтік шындықтың теориялық көрінісі және де әлеуметтік идеялардың халыққа
белсенді ықпалы үздіксіз байланыста болады. Насихаттың басты міндеттерді идеяларды, білімді,
әртүрлі рухани құндылықтарды, әлеуметтік ақпаратғы тарату.
Құқықтық насихатқа мыналар тән:
халықта, оның ішінде жасөспірімдерді құқықтық сана қалыптастыру үшін теориялық идеялар-
ды, құқықтық білімдерді, құқықтық тәжірибені тарту.
Құқықтық идеяларды, білім мен тәжірибені
халықтың игергеніне сүйене отырып, құқықтық насихат адамдардың іс-әрекеттерін демократия мен
заңдылық қағидаларына сай ұйымдастырады.
Кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты құқықтық
насихаттың мақсатын әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады:
– уақыт масштабына сай – стратегиялық (жақын арадағы, ұзақ мерзімді және алдағы уақытқа)
және тактикалық;
– жоспарланған нәтижелердің көлеміне сай – жалпы және жеке мақсаттар (мақсат объектінің
ерекшелігіне қарай нақтылануы мүмкін);
«Қылмыстық заңнаманы насихаттағанда жасөспірімдер қыздар мен ұлдар психологиясында
айырмашылық бар екендігін ескеру керек, кімге түсіндірілетіңдігіне баса назар аударған жөн.
Жасөспірімдер құқықтық тәрбиелеуде қалыптасып келе жатқан адамның ерекшеліктеріне, жеке
адамның және топтың психологиялық және жастық ерекшеліктеріне негізделген өзіндік сипат бар:
а) қоғамдық өзара қатынастар саласы шектеулі, өмір тәжірибесі аз болғандықтан құқықтық білім
көлемі де аз;
ә) қөзқарастары, білімі үстіртін, жан-жақты, терең ойластырылмаған;
б) өмір шындығына, оның әртүрлі қырларына терең үңілмейді;
в) қөзқарастардың, білімдердің, олардың жүйелерінің тиянақты жиынтығы жоқ, олар щашыранды;
г) өз құқықтарын жүзеге асырудың және міндеттерін орындаудың берік дағдылары қалыптаспаған;
д) өз қылығы үшін қоғам алдындағы жеке жауаптылықты ұғынбайды» [8; 7б.] .
Ал, белгілі ғалым заң ғылымдарының докторы, профессор Артықбай Ағыбаев жаза тағайындау
негіздері және түрлері атты ғылыми мақаласында: «Жаза тағайындау кезінде сот мына жағдайларды
ескеруі тиіс:
– Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі;
– Кінәлінің жеке басы;
– Кінәлінің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы;
– Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар;
– Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар;
– Тағайындалған жазаның сотталған адамның түзеуіне жіне отбасының немесе оның
асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы [9; 10б.].
Жасөспірімдердің қылмыстылығын алдын алуда олардың жанұядағы алынған тәрбие көздерінің
атқарар үлесі де баршылық. Осы орайда ұл қыз тәрбиелеп отырған әрбір ата анаған жүктелер
міндеттердің жауапкершілігі көп болмақ. Сонымен қатар, жасөспірімдердің тәрбиесі үшін қылмыстық
заңда ата-анаға қатысты қатаң жауапкершілік көзделгенін олардың назарына жеткізе отырып, заңда
көрсетілген заңдық жауапкершіліктермен ұдайы таныстырып отырған дұрыс. Мәселен:
– ата-ананың өзінің жасөспірімдер баласына қатыгездік көрсетіп, оны тәрбиелеу жөніндегі өз
міндетін орындамауы немесе дұрыс орындамауы салдарынан туындайтын жауапкершілік мәселелері
– жасөспірімдер балаларын бағып қарауға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден ата-ананың
ұдайы жалтаруы салдарынан туындайтын жауапкершілік мәселелері
Яғни біз қозғап отырған жағдайдағы насихат процесінің мақсаты жасөспірімдердің заң бұзбауы
көзделген талаптарды даярлау ғана емес, олардың бойында тиянақты оң қасиеттер қалыптастыру:
қажетті құқықтық білімді игеру; дұрыс жүріп, өз ісін дұрыс бағалауға дағдылану; санаға заңға деген
құрмет ұялату сынды жұмыстармен байланысты болмақ.
Жасөспірімдердің қылмыстылықтың алдын алу деген сөз болашағымызға салынған еңбек десек
те болады. Егер қалыптасқан, ересек адамды басқарудағы мақсат әртүрлі сылтауларды пайдалана оты-
рып, қалаған іс-әрекетке қол жеткізу болса, тәрбиелеудегі мақсат – іс-әрекетті (қызметті) тәсіл ретінде
пайдалана отырып белгілі бір сылтаунамалық құрылымды қалыптастыра отырып мақсатымызға жету
деген сөз.
Қызым үйде қылығы түзде деген ата бабаларымыз, әсіресе қыз баланың тәрбиесіне ерекше қарай
білген. Қызды қырық үйден тыя білген қазақ елдің абыройы ұрғашының бойында деген аталы сөзбен
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
48
өз тәрбиесін ұлға да қызға да саналы түрде жеткізе білген. Біздің тарихымызда мақтан тұтар батыр
аналарымыз бен жауды бір қолмен қайтарған жаужүрек апаларымыздың болғаны біздің ата бабалар
салған тәрбие жолының қисық емес екендігінің дәлелі.
Сондықтан да тәрбиелеу процесінде іс-әрекеттің немесе жекелеген қылықтың объективтік-
нәтижелік сипаттамасы ғана емес, психологиялық сипаттамасы да маңызды. Мысалы, бірдей жақсы
қылықтардын себептері әpтүpлi: жақсы да, жаман да, жеке бастыкі де болуы мүмкін сынды тәрбие
көздерін қәзіргі ұрпаққа жеткізе білген дұрыс.
Заман қарыштап дамыған сайын технологиялардың адам санасына біртіндеп еніп жатқан тұста
әсіресе жасөспірімдерге БАҚ арқылы насихат жүргізудің маңыздылығы артып отырған жәйі бар.
Ғаламтор бетін шарлаған небір әдіпсіз дүниелер мен ашықтан ашық жүргізіліп жатқан санамызға
теріс әсер етеілетін бейне жазбалардың үлесін айтпағанда қоршаған ортадағы күнделікті өзгерістердің
жасөспірім өміріне тигізер кері әсері оның қазақи дәстүрімізге сай емес әдеттерден аулақ ұстайтынына
кім кепіл.
Қылмыстық заңдарды басып шығару және оларды бұқаралық ақпарат құралдары, құқықтық на-
сихаттын басқа да формалары арқылы жұртшылыққа жеткізудің де азаматтардың құқықтық санасына
тигізер ықпалы едәуір екендігін айта отырып, біз де ұрпағымыздың жаман теріс әрекеттерге бармас
үшін заман көшіне ілесе отырып әрекет жасағанымыз абзал.
«Қылмыстың болатын, болмайтындығы отбасына, оның санаға құйған тәрбиесіне байланысты.
Сондықтан да отбасында қалыптасқан қыздың немесе ұлдың жеке басының әлеуметтік, психологиялық,
психикалық және басқа ерекшелі оған қолданылатын сақтандыру шараларының мазмұнына, ал
қылмыстың алдын ала алмаған жағдайда қылмыстық жауапкершілік шараларын қолдануға елеулі
ықпал етеді. Адам, қоғам өмірінің өнегелік, моральдық және әділдік аспектілерінің заң ережелеріне
сай келетіндігін, олардың ешбір қоғамда еш уақытта жоғалмайтындығын жасөспірімдерге ұғындырып
түсіндірудің маңызы зор» [10; 11б.] .
Сот жаза тағайындағанда айыптының жеке басына қатысты мән-жайларды да ескеруі шарт.
Жаза мәселесіне байланысты 1990жылғы 30 сәуірдегі ҚР Жоғар Соты пленумының «Қылмыстық
жаза тағайындау кезіндегі соттардың заңдылықтарды сақтау турала» қаулысында мынадай пікір
бар: Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкімде сот
үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды, және қылмыстық жазаға тартыла алмай-
ды. Соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына айыптының қызметі мен мансабына қарамастан әрбір
қылмыстық істі заңға сәйкес шешуі тиіс».
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38 бабында: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті
қалпына келтіру, сондай-ақ, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да
қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады» делінген
Яғни жазаның мақсаты:
– «Халықтар арасындағы әлеуметтік теңдікті сақтау;
– Қылмыс жасаған тұлғаны екінші мәрте қылмыстылыққа бармайтындай етіп тәрбиелеу, түзеу;
– Қоғамда сотталғандар арасында жаңа қылмыстылықтың белен алып кетпеуіне жол бермеу;
– Сақтандыру аясында адамзатты қылмыстылықтан сақтау».
Біздің қазақи тәрбиемізде бесіктегі жатан кезден бастап тіпті бала ана құрсағында пайда болғаннан
бастап тәрбиелеу керек екендігін айтылады. Төменгі сыныптарда тәрбиеден шет қалған, жас өспірімді
14-15 жасқа жеткенде сауықтырып, салауатты ортаға қосу қыин шаруа екендігін тәжірибе барысында
көріп жүрміз. Тіпті мұндай балаларды балалар колониясы мен абақтылардағы темірдей тәртіптің өзі
түзей алмай, керісінше өмірге деген көзқарасын өзгертіп жіберіп тұлғалық көзқарастарына әсер ететіні
сөзсіз.
Бірақ сәл ғана тентектік жасаған жасөспірімдерге оның мәнін түсіндірмей жатып, бірден қатал
жазаға кесу енді ғана көктеп келе жатқан жас ғұмырға залалын тигізе ме еп ойлайсыз. Бәріміз көріп
сусындап өскен «Менің атым Қожа» киносында Қожа да бірден жаман болғысы келген жоқ қой. От-
басы мен мектептегі келеңсіз оқиғалардан жаман деп безінген Қожаның жан дүниесі қаңдай таза болса
соған үңілген бір жанды таппайсын.
Жас ұрпақты жақсы әдеттерге үйретіп, жамандықтан жирендіретін ұстаздар қауымының бала
бойына тәрбиенің ең жақсысын бере отырып отбасындағы анадан көп әсер етеіні бар. Сондықтан
ұстаздар қауымына бала тәрбиесі жолында сақ болғаны дұрыс.
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
49
Жоғарыдағылардың негізінде, бала біздің болашағымыз деген қорытынды жасай келе, не ек-
сен соны орасын деген қазақ халқы әрдайым отбасы мәселесін биік қойған. Отбасында үлгі өнегеге
толы өмірмен байланысқан әке мен ананың әдемі қарым қатынасынан өрбіген ұл мен қыздан шыққан
қылмыскерлерді көріп кейде таңданасын әрине. Дегенмен отбасы ошақ қасынан көрген тәрбие бала
бойында мәңгіге өнеге болатыны сөзсіз. Сондықтан біз әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер
дегенді ескерсек баланы емес бірінші өзімізді тәрбиелегеніміз абзал.
Жалпы, республикамызда жас балалардың болашағы үшін жан-жақты жағдайлар жасалуда. Де-
генмен, осы жеткіншектердің бүгіні мен ертеңін, болашағын алаңдатар жағдайлар, ара-тұра болса да
олардың қолымен жүзеге асырып жатқан құқық бұзушылық пен қылмыстар өз көріністерін табуда.
«Здоровье» журналының тілшісі Карнинская Л.Я. дәрігер – наркологпен сұхбатында, спирт
ішімдіктерін әр адамның ағзасы әртүрлі қабылдайды, яғни мидағы токсинни клеткалары алкогольдік
не есірткі, нәсіп құмарлықты жедел қабылдайтын және баяу қабылдайтын болып бөлінетіндігін атап
өткен.
ҚР Қылмыстық кодексінің 132-бабына «адамдар тобымен», «ұйымдасқан қылмыстық топпен»,
«қылмыстық қауымдастықпен» немесе оның мүшесімен кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске
тартқаны үшін жауапкершілік тағайындау керек. Себебі, бір ғана адаммен кәмелетке толмаған тұлғаны
қылмысқа тарту мен аталған топтардың мүшелерімен жасалған бұл қылмыстық әрекеттерден келетін
зардапты салыстыруға келмейді. Және де соңғыларының әрекеттерінен соң кәмелетке толмаған тұлға
сол топтардың мүшесі болып, олардан ешқашан құтыла алмай, солардың жетегінде жүретіндігінде.
Оны қайта тәрбиелеу мен болашақ қылмыстардан арашалап алып қалу мүмкіндігінің жоқтығында.
Жасөспірімдердің қалыпты дамуы және дұрыс адамгершілікке тәрбиеленуін қамтамасыз ету туралы
қоғамдық қарым қатынастар жайлы сөз қозғаудың да қажеттігі жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |