Байланысты: Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)
– репродуктивтік, адам өз игерген білімді басқаға жеткізу;
– білім мен икемділікті бейімдеу, пәнді білу ғана емес, оны қабылдау мен ұғыну ерекшеліктерін
де білу;
– білімді локальды моделдеу, педагог білімді жеткізумен шектелмейді, өтілген және кейін
өтілетін қандай материалмен байланыстырып, салыстыру қажет екенін, жаңа материалды өтуде қандай
қиындық кездесетінін және ол қиындықты жеңу үшін не істеу керек екендігін ескере отырып, білім
құрамын түзе алады;
– білімді жүйелі моделдеу, білімдердіњ барлыќ жүйесін сипаттау мен есепке алу;
– оқушылар мінез-құлықы жүйесін моделдеу, мұғалімнің осы оқу орнынын түпкі маќсатын
ұғынуы.
Бұл жіктеу мұғалімнің қажетті білім жүйесін теруі мен оны оқушы дамуының құралы ретінде
қолдану мөлшерін бейнелейді.
Сонымен қатар, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекеттің бес компоненттен тұратын
функционалдық моделін ұсынды:
1) гностикалық, педагогикалыќ жүйені қолдаудың заңдары мен механизмдері туралы жаңа білім
алу мен білімдік қор жинау міндетін шешеді;
2) жобалаушылық, бұл – оқытылып отырған курс мақсаты мен ол мақсатқа жету жолдарын жо-
балаумен байланысты;
3) конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны, сабақты өткізу түрі мен
әдістерінің композициясын түзу мен таңдау жөніндегі іс-әрекеттер енеді;ұйымдастырушылық бойын-
ша жоспарланғанды жүзеге асыру міндеттері шешеді;
4) коммуникативтік компонент, бұған педагогикалық процесс субъектілерінің арасында
педагогикалық мақсатқа сай өзара қатынас орнатумен байланысты іс-әрекеттер енеді.
Маманның педагогикалық- психологиялық іс-әрекеті жоғарыда баяндалғандай, жекелеген
іс-әрекет жиынтығы, нақтырақ айтсақ: әртүрлі әдебиетті, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-
әдістемелік кешендерді және тағы да басқа оқыту құралдарын талдау, соның негізінде оқушылардың
жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті оқу материалын іріктеп таңдау және оларды құрастыру
болып табылады.
В.А.Сластенин [32 ]ұжырымдауынша түрткі студенттердің оқу-танымдық іс- әрекетіндегі
маңыздылығын атап көрсетеді:
– жеке тұлғаның қалыптасуының негізі,ол студенттің әрі қарай дамуының факторы ретінде
көрінеді;
– ойлау жүйесін реттеуге әсер етіп,интеллектуалды белсенділігінің көзі болады;
– танымдық тапсырмаларды шешуге,ізденуге шығармашылық күш беріп, білім сапасына, оның
тереңдеуіне әсер етеді;
– өздігінен білім алуға ұмтылушылықтың дамуының ішкі шарты болып табылады; Аталған
зерттеулерді қарастыра келе танымдық түрткілер мен қызығушылықтар-
оқушылардың білімін дамытып, әртүрлі әдістер арқылы әрі қарай жетілдіреді. Яғни,ғылыми
танымға – оқу әрекетін білуге,зерттеуге, ізденуге деген қызығушылықтарын туғызады.
Ал,өзіндік білім түрткісі – оқушылардың білімін жетілдіру әдістері. Бұл деңгейлер оқушылардың
нәтижеге жетуін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік топтар да бірнеше қосымша топтарға бөлінеді. Кеңейген әлеуметтік топтар деп
оқушылардың өз Отанына, қоғамына тиімді болу үшін білім алуға ұмтылуы, қоғам алдында өз боры-
шын өтеу, жауапкершілік сезіммен қарайды.
Мектептегі педагог-психолог оқушылармен төмендегідей жұмыстар атқара алады:
– оқу әдебиеттерімен жұмыс;
– қосымша әдебиеттермен жұмыс;
– сөздіктер мен энциклопедияларды еркін бағдарлау;
– библиографиялармен жұмыс істеу;
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
226
– коллоквиум мен семинарларда өз көзқарасын білдіру;
– конспектілеу, тезистер құрастыру, аннотациялар жасау, шығармалар, рефераттар, пікірлер жазу;
– көрнекіліктер дайындау т.б.