Практикалық сабақтарда: – теориялық материалдарды меңгеру;
– құбылыстың мәнін анықтауда, оның үлгісін құру;
– өз іс-әрекетіне міндеттер қою;
– оқытылған материалдарды тәжірибеде қолдануға дағдыландыру;
– іс-әрекетті жүргізу барысында,құбылыстың дамуын анықтау, оның себебін табу;
– дағдыландыру және үйретудің аргументті дамуы,сонымен бірге қарастырылған ережелерді
негіздеу;
Тәжірибелік сабақтарда: – зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
– кәсіби іскерлікпен зерттеу;
– қарастырылып отырған теорияның, пәндік мәнін анықтау;
– математикалық тәжірибелерді сұрыптау және оны есептей білу дағдысын
– қалыптастыру;
– өңдеу техникасы және әртүрлі техникалық құрылғылармен жұмыс істеу
– дағдысын қалыптастыру;
Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және практикалық негізде
педагогикалық-психологоиялық қызмет көрсету қажеттілігі туындайды.
Бұдан оқушы жетекші іс-әрекеттің жаңа түріне енеді- оқу-кәсіптік, оның дұрыс ұйымдастырылуы
көп жағынан оқушының келесі еңбек іс-әрекетінде субъекті ретіндегі қалыптасуын, оның еңбекке де-
ген қатынасын анықтайды. Бұл одан да жоғары дәрежеде оқу іс-әрекетін неғұрлым маңызды мақсатқа
бағындыратындай: болашақ кәсіби немесе кәсіби бағдарланған іс-әрекетке. Оқу іс-әрекетінің өзіндік
құндылығы кәсіби өзін-өзі анықтаудың неғұрлым алыс мақсаттарына бағынады. Адам тек білімнің
өзі үшін ғана оқымайды, болашақта неғұрлым мәнді нәрсе үшін оқиды. Педагог-психологтар әр
түрлі кезеңдегі жастардың бейімделуі кезінде пайда болатын проблемаларды шешіп және кеңестер
беріп қана қоймай, сонымен қатар сол сыныптағы балалардың ішінен дарынды, қиын балаларды
анықтап әрқайсымен жеке сұқпатаса отырып кеңес беруі қажет. Қорыта келе мектеп педагог-психолог
маманның атқаратын іс-әрекетінің ерекшеліктерінің маңызын атап түзету жолдарын көрсетуге талпы-
ныс жасадық.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. «Психология». Адамзат ақыл –ойының қазынасы.10-томдық: когнетивті психология, 7-том/ Жетекші
–акат. Назарбаев Н.Ә., Алматы: «Таймас» баспа үйі, Алматы-2006ж.,
2. Жарықбаев С.М., Аймағанбетова О.Х.Тәжірибелік психология. Нұрмаханбетова Т.Р. Шымкент, 2008
ж.