Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
156
бейнелемей-ақ абстракты көріністер арқылы өз ойларын бере алады. Мысылы, кенеп бетіне хаосты
жағылған бояулар, түрлі мағынасыз сызықтар, осылар арқылы да суретшілер өз ойларын білдіреді.
Осылайша әнер адамдарының көркем бейнелер, абстракциалы көріністер арқылы ойлау қасиеттеріне
өзінше атау беріп көркем ойлау деп атаймыз. Көркем ойлау деген терминді қолданысқа енгізген бей-
нелеу өнерін теориялық жағынан негіздеп, оқыту әдістемесіне өлшеусіз үлес қосқан белгілі ғалым В.С.
Кузин болып табылады. Көркем ойлау, көркем образдар жасай білу ақыл ойды үнемі нақты істермен
шыңдап отыруды қажет етеді. Суретші үшін маңызды әрекеттердің бірі – ол алғашқы әсерді жылдам
нобайлар мен зарисовкалар арқылы бейнелеп отыру керек. Сондықтан да белгілі қылқалам шеберлері
жылдам орындалған нобайларға көп көңіл бөлген. Репин сурет салатын қағазы мен қаламын жанынан
тастамайды екен. Оның түрлі жиындарда отырып салған адам портретері бәрімізге белгілі. Пейзаж
өнерінің белгілі шебері В.К. Бялыницкий- Бируля былай дейді "өзің жазамын деген көріністен алған
алғашқы әсер өте маңызды болып саналады. Осы әсерді бүкіл картинаны жазу барысында жоғалтпаған
жөн". Көркем образдардың бір ерекшелігі- мұнда бейнелеу әрекеті мен көркемдік ерекшеліктерінің
бірігіп, қабысып жатуы. Егерде суретші нұсқаны өзінен айнытпай бейнелеуді ғана мақсат тұтса. оны
фотоаппарат көмегімен-ақ іске асыруға болар еді. Керісінше, суретші нұсқаға қарамай тек көркемдік
жағын ғана ойласа онда ешкімге түсініксіз, мақсатсыз бірнәрсе шығар еді. Бейнелеу мен көркемдік
тартымдылығы көркем образдың бүтіндігін анықтайды. Әсіресе белгілі өнер шеберлерінің картина-
ларынан көркемдік бүтіндіктің айқын үлгісін көре аламыз. Мысалыға мазмұны күрделі Рембрандтың
"Возвращение блудного сына" және И.Е. Репиннің "Не ждали", Ә. Қастеевтің "Амангелдісін" алатын
болсақ олардың көркемдік құндылығы осы картинаны жазуғу кеткен уақыт өлшемімен, немесе ізденіс
ретінде жасалған этюд, эскиздің санымен емес суретшінің философиалық дүниетаным деңгейімен,
өмірлік ұстанымдарымен, картинаның идеялық құндылығымен бағаланады [5].
Бейнелеу шығармашылығының тағы бір ерекшелігі өнер адамы тек туындыны жасау барысында
ғана емес бос кезінде де үнемі ой үстінде ізденісте болады. Қоршаған ортадағы түрлі оқиғалар мен
құбылыстарды шығармашылық сыни тұрғыда ой елегінен өткізе отырып көптеген сұрақтарға жауап
іздеумен болады. Суретшінің үнемі ізденісте, ойда жүретінінің мысылы ретінде суретші Н. П. Крымов
туралы естеліктерде мынадай ойлар айтылады. "Николай Петрович шеберханадан тыс бос кездердің
өзінде тбиғаттағы
құбылыстарды бақылайды, өзін мазалаған сұрақтарға жауап іздейді. Мысалыға
"бүгін жерге түсіп жатқан көлеңке кешегіге қарағанда жарықтау, бұлай болу себебі: кеше бұлтсыз
ашық күн болған еді, бүгін аспанда жеңіл ақша бұлттар бар. Күн саулесі осы бұлттар арқылы өтіп
шашырап түсіп жатыр, сол себепті көлеңке де жұмсақ, жарықтау. Өзімізге сабақ берген суретші, ҚР
Мәдениет қайраткері А.Айдосов сабақтан бос кезінде үнемі өзінің шеберханасында
ізденісте бола-
ды, жыл бойы жұмыс істейді. Біз көркем ойлау, образды бейнелер жасау сиякты кәсіптік ұғымдарды
сол кісіден үйрендік. Белгілі суретшілердің пікірінше "нұсқаны қағаз бетінде бейнелемей тұрып-ақ
оның композициасын ойша анықтап қоюға болады. Егерде суретші заттар арасындағы үйлесім мен
композициалық байланысты сезіне алмаса оның композиция түзуі қиын болады.
Осы мысалдарды келтіре отырып көркем бейнелі ойлаудың суретші шығармашылығындағы
орынына біршама тоқталдық. Сонымен, жалпы білім беретін орта мектептердегі көркем еңбек пәнінің
шешуге тиісті міндеттерінің бірі – оқушылардың көркем ойлау қабілетін дамыту да болып табылады.
Жалпы алғанда бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мақсат – оқушыларға білім бере
отырып ойлау қабілетін дамыту,
қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Бастауыш мектеп
кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай
алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы
кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті
ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге, жалпылауға, жинақтауға үйрене бастайды. Көркем ой-
лау анықтылығымен, бірізділігімен, дәлелділігімен ерекшеленеді. Бастауыш сынып оқушыларының
көркем ойлауын дамытуға біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден – баланың тап-
сырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден – сөздік қорының кеңеюі, рухани
дүниесінің, сезім жүйесінің жетілуі әсер етеді.
Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттері
туралы пайымдауларының негізінде көбінесе көрнекі бейнелеулер мен суреттеулер жатады. Сонымен
қатар бұл пайымдаулар оқиға мен көріністі талдау, оның жекеленген бөліктерін ойша салыстыру, бұл
бөліктердегі басты сәттерді ойша айқындау, оларды бірегей көрініске біріктіру, ақыр соңында, кейбір
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
157
жаңа, ендігі жерде тікелей түп нұсқадан қашық жатқан және абстрактілі білім болған пайымдаулардағы
жеке нәрселерді жалпылау болып табылады. Белгілі заттар мен құбылыстарды жіктеу іскерлігі баста-
уыш мектеп оқушыларының ақыл-ой әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады, ол қабылдаудан
біртіндеп бөлінеді де оқу материалдарымен жұмыс істеудің өз алдына бөлек, өзінің ерекше әдістері
мен тәсілдерін жинақтай бастаған үдерісі болады.
Бастауыш сынып оқушыларының көркем еңбек сабақтарында көркем бейнелі ойлау қабілетін
дамытудың
маңызды факторы, баланың психикалық, ақыл-ой іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін оқу үдерісін жолға қою. Оқушыларды ой қорытулар жасау мен дұрыс қорытынды
шығаруға үйрету – мектептегі барлық пәндерді оқытудағы басты педагогикалық мәселелердің бірі.
Мұнда барлық пәннің маңызы ерекше. Мысалы, ана тілі сабағында жинақталған ана образы туралы
айтатұғын болсақ дәл осы мәселе бейнелеу өнеріне де қатысты. Себебі жаңа білімдерді алу мен оларды
игеру барысының әрбір қадамы сайын ой қорытулар жасау және қорытынды шығарып отыруға тура
келеді.
Зерттеліп отырған мәселеге қатысты жарық көрген еңбектердің бәрінің мазмұны,
оларда ба-
стауыш сынып оқушыларының көркем бейнелі ойлау қабілетін дамытудың арнайы нысаны жетік
болмағандығын дәлелдейді. Мектеп бағдарламалары мен құралдарында да, сондай-ақ әдістемелік
нұсқаулар мен ұсыныстарда да бұл мәселеге әлі де болса жүйелі көңіл бөлінбегендігі байқалады. Сөйтіп,
бастауыш сынып оқушыларының көркем бейнелі ойлау қабілетін
дамытуға ғылыми-практикалық
нұсқаулардың, арнайы оқу кешендерінің аздығы белгілі бір қолбайлау болып отырғаны байқалады.
Осыны мәселе ретінде қарап бастауыш сынып оқушыларының көркем бейнелі ойлау қабілетін
дамытудың дидактикалық ерекшелігін анықтаудың, мәнін ашу мен құрылымы, құрамдас бөліктері,
өлшемдер, көрсеткіштер бірлігінде моделін құруды, қалыптасу деңгейлерін анықтау бағытындағы
ізденіс жұмыстары жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: