Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
159
бұйымдар, анағұрлым сапалы, ыңғайлы, әдемі және өзге фирмаларда дайындалған осы сияқты
бұйымдарға қарағанда арзан бұйымдар жасау кірді.
Әдебиеттерде құрастырудың екі түрін бөліп көрсетеді: техникалық және көркем құрастыру.
Техникалық құрастыру заттарды өзінің материалдық және функционалдық негізінде жасайды.
Көркем құрастыруда заттарды қоғамдық мазмұнмен, ыңғайлылықпен, үйлесіммен, әсемдікпен
толықтырады.
Энциклопедиялық, түсіндірме және арнайы сөздіктерде, оқу-әдістемелік әдебиеттердегі «ди-
зайн» ұғымын анықтауға қатысты мәселені зерттеулер бізге «дизайн» ұғымының өз зерттеу мәселемізге
анағұрлым сәйкес келетін жұмысшы анықтамасын тұжырымдауға мүмкіндік берді.
Дизайн – бұл үйлесімді заттық ортаны және оның элементтерін қалыптастыруға бағытталған
көркемдік-жобалау әрекеті.
Дизайн екі аспектіні біріктіреді:
– техникалық жетілгендікті, технологиялық мақсатқа лайықтылықты, экономикалық және
эргономикалық тиімділікті болжайтын өмірлік практикалық талаптарды қанағаттандыруды қамтамасыз
ететін
утилитарлық аспект;
– эмоциялардың жағымдылығын, эстетикалық мәнерлілікті, көркемдік бейнелілікті, таңбалық
ассоциативтілікті қамтамасыз ететін көркемдік жабдықталған, әдемі, үйлесімді ортаға қажеттілікті
бейнелейтін эстетикалық аспект [3].
Практикада оқушылардың өнімді конструкторлық ойлауы олардың шығармашылық іс-әрекетін
графикалық сауаттылығы мен техникалық түсініктерін
қалыптастыру
негізінде ұйымдастыру арқылы, оқушыларды қарапайым конструкторлық тапсырмаларды шешу
үрдісіне қатыстыру арқылы дамиды.
Біз көркем еңбек сабақтарында көркемдік бастама өзімізді айнала қоршаған барлық заттарды
құру барысында болатынын, әрбір адам әдемі заттарды жасай білуі керек екендігін көрсету қажет деп
есептейміз.
Осы мақсатта көркем құрастыру элементтерін пайдалануға болады және олар пәнде келесілерді
болжайды:
– түс пен пішіннің бірлігін;
– материал мен пішіннің үйлесуін;
– пішіннің мақсатқа сай болуын;
– композициядағы түрлі пішіндердің пропорционалдығын.
Осы білімдер кешенін біз көркем құрастыру немесе дизайнерлік біліктілік деп атаймыз. Осы
білімдерді Көркем еңбексабақтарында оқушылардың эстетикалық тәрбиесімен байланысты пайдала-
нуды қарастырамыз.
Эстетикалық тәрбие – өмірдегі және өнердегі әдемілікті қабылдау, сезіну, түсіну, көркем-
шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы қоршаған дүниені сұлулық заңдары бойынша қайта құруға
қатысу қабілеттерін қалыптастыру.
Мамандар, яғни педагогтар да (Коротаева Г.С., Пестоногова Л.П., Сухомлинский В.А.), жо-
балаушылар да (Чуварина Н.П.) оларға табиғаттың, тұрмыс эстетикасының,
қоғамдық және еңбек
қатынастарының әсері арқылы эстетикалық тәрбие беруге үлкен мән береді.
Заттық ортаның балаларға әсері іс-әрекет барысында жүреді. Мектеп жасындағы балалар ғимаратты
жоспарлау және жиһаздарын өзгертуді эмоционалды қабылдайды, осы өзгерістерде өздерін жеткілікті
дәрежеде дұрыс бағдарлайды. Сондай-ақ, олар заттық ортаның көркем-бейнелі безендірілуін қалайды,
оларды керемет құрылыстар, әдеттен тыс безендірулер, заттардың қозғалғыштығы қызықтырады.
Заттық ортаның заңдылықтарын зерттейтін техникалық эстетика жобалаушылардан ыңғайлы, пай-
далы және әдемі заттарды құруды талап етеді. Сонымен бірге, функционалдық, эргономикалық және
экономикалық талаптағы барлық заттарға түс пен пішіннің, пішін мен материалдың, пішін мен мақсаттың
сәйкес келуі сияқты талаптар қойылады. Көрсетілген талаптардың соңғыларын эстетикалық талаптар деп
атауға болады, өйткені олардың жиынтығы заттардың әдемілігі жайлы пікір білдіруге мүмкіндік береді.
Баланың сезім мүшелеріне әсер ете отырып, заттар оған нақты қатынасты тудырады. Үнемі әдемі заттар-
мен жанасу эстетикалық талғамның, эстетикалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.
Мектеп жасындағы балалардың іс жүзінде өндірістік ортамен байланыста болмайтынына бай-
ланысты, біз қарастырылатын заттардың аясын тек тұрмыстық заттармен шектедік және зерттеу
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
160
үшін көше, тұрғын жай, ойын алаңдары,
қалалық көліктер, киім, ойыншықтар сияқты нысандарды
пайдаландық.
Баланың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру барысында білімдердің, біліктердің,
дағдылардың өзгеруі, күрделенуі ғана жүрмейді, сонымен бірге жеке тұлғаның жалпы қасиеттерінің
дамуы жүзеге асады. Оқыту мен тәрбиелеу барысында балалардың психикалық іс-әрекетінің түрлі
жақтары өзгереді, барынша сан түрлі әрекеттерді орындау тәсілдері, іскерліктері өзгереді, білімдер мен
түсініктері өзгереді, жаңа түрткілері мен қызығушылықтар қалыптасады. Осындай сан түрлі өзгерістер
арасында психологтар келесідей анағұрлым жалпы және анықтаушы қасиеттерді бөліп көрсетеді:
1. Тұлғалық бағыттылық.
2. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы.
3. Ойлау механизмдерінің даму деңгейі.
Аталған қасиеттерден басқа балаларда көру есін, «көру тәжірибесін» дамыту, көру әсерлерін
бағалау қажет.
Осылайша, балабақшадан бастап бала тұлғасының келесідей қасиеттерін дамыту қажет:
1. Шығармашылық қиялы.
2. Көріп қабылдауы және көру есі.
3. Әрекеттердің мақсатқа лайықтылығы, оларды мақсаттың өзгеруіне байланысты өзгерте білу.
4. Абстрактылы және
нақты білімдерді салыстыра, жинақтай білу.
Жеке тұлғаның аталған қасиеттерінің қалыптасуына балалар қоршаған заттық ортаның ықпалы мен
арнайы оқыту нәтижесінде қол жеткізетін көркем-құрастыру білімдері мен біліктері ықпал ете алады.
Оқушылардың алдында ақыл-ой күшін талап ететін техникалық міндеттер пайда болады. Олар-
ды шешудің, оқушылардың құрастыру қабілеттерін дамытудың негізі ретінде мұғалімдер оқушыларда
қалыптасуы қажет құрастыру-техникалық білімдерді, біліктерді анықтайды:
Аспаптармен жұмыс істеу және материалды өңдеу бойынша білімдер мен біліктер.
Материалдың қасиеті мен қарапайым технологияларды білу.
Еңбек тапсырмаларын талдай білу, білімді тәжірибеде жоспарлай және қолдана білу.
Қоршаған заттарды, түрлі формалардың арасалмағын, түстердің үйлесуін қабылдай оты-
рып, сондай-ақ, бала бақша мен мектептегі сабақтарда
қажетті білімді ала отырып, балалар түрлі
қиыстырулар, көркем құрастырудағы мәнерлілік құралдары жайлы нақты білімдер жүйесін игереді.
Бұл білімдер балада кеңістіктік түсініктердің, түсті сезінудің, құрастыру білімдері мен компо-
зиция жайлы білімдерінің қалыптасуына ықпал етеді. Осылайша, көркем-құрастыру білімдерін кіші
жастан бастап қалыптастыру керек, өйткені, олар қоршаған дүниенің сұлулығын қабылдауға және
кеңістіктік түсініктердің дамуына көмектеседі.
Оқушылардың бұйымдардың өздері үшін жаңа құрылымдарын құру бойынша жұмыстарын
ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған түрлерін қарастырайық.
1. Мұғалімнің айтуымен құрастыру.
Мұғалім рет-ретімен бөлшектердің құрылымдарын көрсетеді, оларды дайындау және біріктіру
тәсілдерін, бұйымды өңдеу тәртібін, мақсатқа сай пайдалануды көрсетеді. Оқушылар репродуктивті
іс-әрекетпен айналысады, мұғалімнің әрекетін еске түсіреді, көшіріп алады.
1. Аналогия бойынша құрастыру.
Оқушылар мұғалімнің басшылығымен бұйымды жасағаннан кейін, оларға құрылымы бойынша
соған ұқсас немесе анағұрлым күрделі әрі осыған ұқсас бұйымды құрастыру ұсынылады.
2. Үлгі бойынша құрастыру.
Оқушылар үлгінің құрылымына талдау жасайды, ол қандай бөлшектерден тұратынын анықтайды,
жекелеген операцияларды орындау, жинау және әдемілеу реті мен амалдарын анықтайды. Құрастыруға
үйретудің осы түрінде негізінен балаларға дайын білімдерді тікелей беру қамтамасыз етіледі. Бұл өте
маңызды кезең, оның барысында балалар материалдың қасиеттері жайлы біледі, құрастыру техника-
сын меңгереді. Еліктеу іс-әрекетіне негізделген мұндай үлгі бойынша құрастыру өз бетінше іздену
әрекетіне әкелетін дайындық кезеңі болып табылады [7].
3. Өз ойы бойынша құрастыру.
Бұл бұйымды дайындау үшін оқушылардан белгілі материалдарды, аспаптар мен бұған дейін
игерілген еңбек амалдарын қолдану қажет етілетін, бұйымдарды құрастыруға қатысты тапсырманы өз
бетінше қарастыруға негізделген құрастыру түрі.
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
161
4. Бұйымды жазбаша немесе графикалық сипаттау бойынша құрастыру. Ол дайын бұйымға
техникалық талаптарды қамтиды (оның арналуы, пайдалану шарттары,
материал, құрастыруға
қойылатын жалпы талаптар және басқалар).
5. Шарттар бойынша құрастыру.
Үлгілер мен дайындау тәсілдерін бермей, балаларға тек композицияның түпкі ойы сәйкес келетін
және ереже ретінде оның практикалық міндетін анықтайтын шарттар ұсынылады.
6. Конструкцияны құру және оны материалды іске асыру, әрекетте сынау бойынша міндеттері
бөлінген 2-4 адамнан тұратын ұжымда құрастыру.
Біз өз зерттеуімізде өз ойы бойынша, шарттар бойынша, жазбаша және графикалық сипаттама-
лар бойынша қағаз немесе мата материалын қолданып құрастыруды пайдаланамыз.
Жалпы алғанда, көркем құрастыру, дизайн өнері қарыштап дамуда. Нарықтық қатынастардың
дамуы, өндірістің ұлғая түсуі, тауар айналымының артуы дизайн өнерінің де дамуын жылдамдатады.
Сондықтан да біз дизайн саласында қызмет атқаратын мамандар даярлауды жетілдіру бағытындағы
жұмыстарды жетілдіре беруіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: