АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (кұнды) қағаздар да
саналады. Бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі.
Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп
рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар: вексельдер, депозиттер және жинақ
сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір
мәртелік сипатқа ие болады
және олар өзінің номиналдық (атаулы) кұнынан
төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар,
әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Инвестиция мыналарға бөлінеді: үлестік – жай және артықшылықты
акциялар; борышқорлық – облигациялар, қазыналы вексельдер, депозиттік
сертификаттар және т.б.
Инвестиция көздері: а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған
бөлігі); ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация); б) кредиттік
ресурстар.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1.
Жұмсау мерзімі бойынша: қысқа мерзімді –бір жылға дейін иемдену
мерзімі (еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай
өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы); ұзақ мерзімді –бір
жылдан көп иемдену мерзімі; мерзімсіз инвестициялар. Ұзақ мерзімді және
мерзімсіз инвестициялар - бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды
қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе
бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың
мұндай жұмсамалы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.
2.
Тағайындалуы бойынша: қаржылық-құнды қағаздарға жұмсау; нақты
(мүліктік жұмсау) - субъектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-
өндірістік қордың өсуіне жұмсау.
3.
Шығу тегі бойынша- бірінші, екінші.
4.
Болу формасы бойынша - құжаттық, құжатсыз.
5.
Ұлттық тегі бойынша - отандық, шетелдік.
6.
Қолдану түрі бойынша - инвестициялық (капиталдық), инвестициялық
емес.
7.
Иемдену қатары бойынша - жеке, жалпы.
8.
Шығарылым формасы бойынша - эмиссиондық, эмиссиондық емес.
9.
Меншік формасы бойынша - мемлекеттік, корпоративтік.
10.
Айналыс сипаты бойынша - нарықтық, нарықтық емес.
11.
Тәуекелдік деңгейі бойынша - аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен
тәуекелдікпен.
Тәуекелдік түрлерін мынаған бөлуге болады: капиталды тәуекелдік – бұл
барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелдік, инвестор өзінің инвестициясын
ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік; уақытша
тәуекелдік – міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы
инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелділік; заңдық өзгерістер
тәуекелділігі - шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелдік; өтімділік
тәуекелділігі - инвестицияны өткізу барысындағы болуы мүмкін ысырапқа
ұрындыратын тәуекелдік; нарықтық тәуекелдік - нарықтың жалпы құлдырауы
295
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
мен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын
тәуекелдік; кредиттік және іскерлік тәуекелдік - борыштық құнды қағаздар
шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге
жағдайын болдырмайтын тәуекелдік; пайыздық тәуекелдік - нарықтағы
пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі
мүмкін тәуекелдік; валюталық тәуекелдік - шет елдік валютадағы инвестициямен
байланысты тәуекелдік.
12. Қолма-қол табыс бойынша - табыстық, табыссыз.
13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша: борыштық – құнды қағаздардағы
немесе міндеттердегі инвестиция; иелі үлестік - нарықты субъектінің
капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес
және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес; жеке жобалар
(кенішті игеру).
14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша - мүліктік, міндеттік.
15. Халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция
мыналарға бөлінеді: №27 ХҚЕС «Шоғырландырылған және жеке қаржы
есептілігі»; №28 ХҚЕС «Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар»;
№39 ХҚЕС «Қаржы құралдары: тану және өлшем»; № 40 ХҚЕС «Жылжымайтын
мүлік инвестициясы».
Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді: тікелей - басқа субъектілердің
жарғылық капиталындағы инвестициялар; портфельдік - субъект иелігіндегі
құнды қағаздар жиынтығы; венчурлік (тәуекелшіл)- жаңадан пайда болған
субъектілердегі (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар)
тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар.
Инвестицияның бухгалтерлік есебі №27 ХҚЕС «Бірлескен қаржылық есеп
және
еншілес
компанияларға
инвестицияның
есебі»,
№28
ХҚЕС
«Қауымдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу», №39
ХҚЕС «Қаржы құралдарды: тану және бағалау», № 40 ХҚЕС «Жылжымайтын
мүлік инвестициясы» қарастырылған.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында бірінші және екінші
бөлімдерінде орналасқан, активті кіріске алуы дебет бойынша, шығысқа
шығаруы кредит бойынша - инвестиция 1100-«Қысқа мерзімді қаржы
инвестициялары» кіші бөлімі.
1110 - «Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар», онда ұйымдардың мерзімі бір
жылға дейін берген қарыздары есепке алынады;
1120 - «Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері», онда бағалардың
қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа
мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін, егер ол құрылымы қысқа
мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын
портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай,
саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері, хеджирлеудің
тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда, саудаға арналған
ретінде қаралады;
296
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
1130 - «Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар», онда
ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, өтеу мерзімі
басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе
анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы
активтері есепке алынады; 1140-«Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы
инвестициялары», онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы
инвестициялары есепке алынады: ұйым берген қарыздар мен дебиторлық
берешек; өтеуге дейін ұсталатын инвестиция; саудаға арналған қаржы активтері;
1150-«Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», онда алдыңғы топтарда
көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар есепке алынады.
2000 - «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» кіші бөлімі үлестік
қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық
берешекті қоспағанда, ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттар тобынан тұрады:
2010 - «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар», онда ұйым бір жылдан асатын
мерзімге берген қарыздар есепке алынады; 2020 - «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ
мерзімді инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық
берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті
және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу
мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады; 2030 - «Сатуға арналған қолда бар
ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», онда мынадай санаттарға кірмеген
қаржы активтері есепке алынады: ұйым берген қарыздар мен дебиторлық
берешек, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар; 2040 - «Өзге ұзақ мерзімді
қаржылық активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы
активтері есепке алынады, мысалы, өзіндік құны бойынша есепке алынатын
еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен
есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар.
Міндеттемелер үшінші, төртінші бөлімдерде 3380-«Төлеуге қысқа мерзімді
сыйақылар», алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы
қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген
сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және
өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады; 3390-«Өзге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге
қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
Кірістер мен табыс пайыздары алтыншы бөлімде 6120-«Дивидендттер
бойынша кірістер», онда бағалы қағаздар бойыша алынған дивидендттер
бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6140-
«Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер»,
онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері
немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе
жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың билігі)
жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6400-«Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі»
кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін
297
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 6410-
«Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен
ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі; 6420 –
«Бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен
ескерілген бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі.
Есептелген шығындармен зияндар 7310-«Сыйақылар бойынша шығыстар»,
онда қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар
бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі; 7410-
«Активтердің шығуынан алынатын шығыстар», онда активтерді сатудан түсетін
шығыстар ескеріледі, мәселен сатылған негізгі құралдардың, материалдық емес
активтердің, қаржылық активтердің өзіндік құны, бөлшектеу бойынша
шығыстар; 7600-«Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы
үлес» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына
үлесті көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 7610-
«Қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес», онда үлестік қатысу
әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлесі
ескеріледі; 7620-«Бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес» онда үлестік
қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі.
Шаруашылық жүргізуші акцияларға ие болу жолымен немесе үлестік
қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерді қаржыландыру құқылы.
Қазақстан Республикасы заңдары мен заңдылық актілеріне сәйкес, басқа заңды
тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру барысында сол заңды еншілес
тұлғаға негізгі болып табылады. Негізгі тұлға еншілес тұлғаға 100% немесе 90%
бақылау жасай алады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңы. //Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Жаршысы, 2007 ж. –№4. –32-құжат; «Егемен Қазақстан». 2007 жылғы 12 наурыз №63-64.
2.
Ряжнова О.В. Международные стандарты бухгалтерского учета и финансовой
отчетности. – М., 2002.
3.
Тулешова Г.К. Халықаралық стандартқа сәйкес қаржылық есеп және
есептілік. –Алматы, 2005 (1,2 бөлім).
РЕЗЮМЕ
В статье исследованы проблемы введения финансового учета инвестиций с переходом
предприятий
на
международные
стандарты
бухгалтерского
учета.
Первоначальной
стоимостью финансовых вложений, по которой они принимаются к бухгалтерскому учету, считается
сумма фактических затрат организации на их приобретение. Обоснованы основные понятия,
связанные с учетом финансовых вложений, виды и счета учета финансовых инвестиций,
особенности учета вложений, учет затрат на приобретение ценных бумаг, вложений в займы, учет
прибылей и убытков финансовых инвестиций.
(Мырзалиев Б.С., Рысбеков А.K. Учет финансовых инвестиций)
SUMMARY
Article is based on International Bookkeeping Standards, which investigates problems of the
transition works on the financial accounting investment. Original cost of financial investments that they are
accepted for accounting is the amount of actual expenses of the organization to acquire them. Associated
with the investments, types of accounts and accounting for financial investment, especially investment
accounting, cost accounting for the purchase of securities, investments in loans and earnings statement of
financial investments.
(Myrzaliyev B.S., Rysbekov A.K. Maintain the financial accounting investment)
298
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
ӘОЖ 338.826
Ұ.Р.МАХАНБЕТОВА
экономика ғылымдарының кандидаты,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушы
Ү.ҚАСТАЕВА
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
АЙМАҚТАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТIК-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ МЕН МӘНІ
Қазіргі
кезде
еліміздің
аймақтарының
әлеуметтік-экономикалық
дамуына
инвестицияның әсері. Инвестицияның түрлері, принциптері мен қолданылу көлемі. Әлемнің
экономикалық даму деңгейіндегі капитал қозғалысының ерекшелігі. Инвестициялық
қызметтің субъектілері, объектілері мен принциптері. Шетелдік инвестицияны тарту
жолдары. Қазақстан аймақтары бойынша негізгі капиталға салынатын инвестиция
көлемінің динамикасы. Мақалада аймақтағы инвестицияның әлеуметтік-экономикалық
маңызы қарастырылады.
Кілт сөздер: аймақ, инвестиция, әлеуметтік, портфельдік, салық,
инфрақұрылым, инвесторлар, принциптер.
Қазақстан
Республикасы
экономикасында
күрделі
өзгерістер
тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап болды. Экономиканы реформалау
әлеуметтік жағдайларды жақсарту мақсаты алда тұрды, оған жету, бұрын
одақтың экономикалық жүйесінен жаңа жүйеге өту қажет етті, ал оны жүзеге
асыру күрделі де ауыр процесс екені белгілі.
Әлемдік тәжірибені қарастырсақ, капиталдың халықаралық миграциясы,
барлық ұлттардың қарым-қатынасының теңдігінің тереңдеуіне шаруашылық
өмірі келтіреді. Өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарда
капиталдың өзара қозғалысының дамуы жақсы білінеді.
Әлемдік елдер шаруашылық істерін талдағанда «инвестиция» терминін
пайдалануда ұқсас еместігі әртүрлі айтыс-тартысты жағдайға соқтырады.
Содан оны реттеуге көп уақыт пен ақша жұмсауға тура келеді.
Инвестицияны талдағанда бұған қаржы салудың мынадай түрлерін
жатқызуға болады:
а) материалдық заттай – ол түрліше өндіріс салаларында тауар өндіруге,
станоктар, механизмдер, қолданылатын құрал-саймандар.
б) қаржылық - ол несие-қаржылық қызмет және бағалы қағаздармен
жұмыс жасау.
в) мамандар дайындау, ой еңбегінің өндірісті басқару тәжірибесін,
лицензиялау, біріккен ғылыми еңбектерді.
Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді:
Кәсіпорынның
негізгі
қорларына
инвестициялар
болып
–
кәсіпорындардың өздерінің өндірістік қызметтеріне пайдаланулары үшін
299
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
алған ғимарат, құрылыс және құрал-жабдықтары саналады.
Тұрғын үйлер құрылысы инвестициялары – тұру үшін алынған үйге,
сондай-ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды.
Сақтық қор инвестициясы – фирмалардың сақтауға қалдырған
тауарларын, оның ішінде шикізаттар мен материалдарды, бітпеген өндіріс
пен дайын өнімді қамтиды.
Сонымен қатар тәжірибеде инвестиция деп капиталдың екі бағытта
пайдалануын айтуға болады:
Нақтылы инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау;
Қаржылық инвестиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы
айқындалуда: тікелей инвестициялар және портфельді инвестициялар.
Тікелей өндірістік кәсіпорындарына жасалынған инвестициялауды
тікелей инвестиция дейміз.
Пайда табу үшін инвестордың кәсіпорындардан акция, облигация,
басқадай құнды қағаздарын сатып алуларын портфельдік инвестиция. Олар
халық қаржысын қайта бөлуде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Адамдар
пайда алу үмітімен инвестициялық қорға ақша салады.
Инвестициялық қызметтің субъектілері (адамдар және әлеуметтік топ)
инвестициялық қызметке қатысушылардың екі немесе одан да көп
қызметтерін үйлестіріп атқаруға құқы бар.
Инвестициялық қызметтің объектілері: барлық халық шаруашылығы
мен салалар көлеміндегі жаңадан және жетілдірілген негізгі қорлар мен
ғылыми-техникалық өнімдер, айналмалы қаржылар, бағалы қағаздар,
меншікті басқа объектілері, мақсатты ақша салымдары, сонымен қатар
мүліктің құқық пен интеллектуалды меншік құқығы, яғни заңмен тыйым
салынбаған қызметтің барлық түрі есептеледі.
Сонымен қатар, инвестициялық қызмет мынадай негізгі принциптерге
сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
-
инвестициялаудың еріктігі;
-
заңға қайшы келмейтін өмірде қолданылып жатқан инвестициялық
қызметке заңды тұлғалар мен азаматтар, қоғамдық ұйымдардың
басқармалары мен мемлекеттік билік мекемелері кедергі келтірмеуі керек;
-
меншік және қызмет түрлеріне қарамастан;
-
инвестициялық қызметке қатысушылардың тең құқығы;
-
инвестициялық қорғалуы;
-
инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолдарын еркін заңдауға;
-
инвестициялық қызметті жүзеге асырудағы азаматтар мүддесі мен
құқығын бұзбай сақтау.
Тікелей инвестиция мен портфельдік инвестиция халық қаржысын қайта
бөлуде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Нарықтық экономикасы дамыған
елдерде капиталдың ішкі құйылысында тікелей және портфельдік
300
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
инвестициялар да белсенді түрде қатысады.
Кез келген дағдарыстан шығудың ең маңызды құралы – инвестициялық
қызметтің белсенділігі болып саналады. Инвестициялық қызметтің ең негізгі
шарты жағымды инвестициялық жағдайдың қалыптасуы деп айтуға болады,
ал бұл жағдай мынадай қажеттіліктер болуын болжап береді [1]:
-
Инвестициялық ауқымның қалыпты тұрақтануы мен кезекті
жандануының өндірістегі бәсекеге икемді бөлігін, тірек ету арқылы жүзеге
асуы;
-
өндірістік өсімді икемдейтін жағымды салық тәртібін жасау;
-
төлем-ақылық және қаржылық тәртіпті реттеудің, нормалаудың
кешенді шегін қалыптастыру;
-
іс-жүзіндегі нақты банкілік алғашқы төлемнің пайызын белгілі бір
деңгейге дейін, яғни өндірістік сектордан капитал ағымын тоқтатуға
икемдейтін және нақты инвестицияны жандандыруға әкелетін деңгейге дейін
төмендету;
-
тиімді мемлекеттік кепілдіктер жүйесін дамыту;
-
инвестициялық инфрақұрылымдар дамуы мен тиімділігін арттыру;
-
толық салмақты шаруашылықтық механизмді жаңа технологиялық
құрылымдағы өндірістік–техникалық жүйеде болашағы күңгірт өндірістер,
ресурстарын бөлу үшін, ресурстар шоғырын олардың өндірілетін жерлеріне
шоғырландыру, экономиканы модернизациялау үшін құрып шығу.
Аймақтарда салықтық реттеудің жүйесін мемлекеттік және жергілікті
жеңілдіктер арқылы қалыптастыру, өндірістік ұйымдарға мекенжай
тұрғысынан, жекеше, болжау жағынан салықты жақсарту тәсілінің көптеген
факторларға тәуелділігі - әртүрлі аймақтағы қызметтердегі кіріс нормасын
инвесторланатын капиталға жақындастырады және капитал құйылымын
реттейді, ал бұл инвестиция белсенділігін күшейтуде.
Салықты реттеу жүйесін қарастыруға мына мәселелерді ескеруіміз тиіс
[1]:
өндірістің сипаты және құрылымы айналымға түскен өнімнің
қосымша құнының үлесі, өндірістің еңбектік сыйымдылығы және ақшалай
сыйымдылығы, құрылымы;
өнімдегі орташа өсімдік пайда;
ұйымның мүліктік көлемі, сонымен қатар бұның ішінде
консервіленген және қолданылған өндірістік мақсаттағылары бар,
амортизацияланған саясат;
Өндірістік ұйымның инвестициялық жоспарлары және олардың
жаңашылдығы.
Қазақстан аймақтарында қазіргі шетелдік инвесторлар қызметіне
әлеуметтік-экономикалық құқықтық ережелер жасап, олардың мүдделеріне
сәйкес инвестициялық климатта өте ыңғайлы жасауға ұмтылып отыр,
сонымен қатар өзіндегі экономикалық қиындықтарды шешіп алдына
301
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
қойылған мақсатқа жетуді көздейді.
Экономистердің пікірінше аймақтарда шетелдік күрделі қаржының
қатыстыруымен төмендегі мәселелерді шешуге мүмкіндік тудырады [1]:
- сыртқа шығару мүмкіндігінің тиімділігін арттыру, оны шикізаттық
сипатынан арылту;
- елдің сыртқа шығару қызметтерін күшейту және сыртқы нарықтағы өз
орнын табу;
- сырттан әкелетін өнімдерді ауыстыратын өндірісті дамыту;
- өндірісітің ғылыми-техникалық деңгейі, жаңа техника мен технология,
басқару әдісін өнім өткізу арқылы көтеру;
- дайын өнімді шығарудың технологиялық бөлігінің қалыптасуын бітіру;
- артта қалған және тоқырап ыдыраған аудандардың дамуына көмектесу;
- ұлттық экономикада жаңа жұмыс орнын жасау;
- қазіргі заманғы өндірістік және басқару тәжірибелеріне кадр
мамандарды оқыту, дайындау;
- Қазақстанның экономикалық өз дербестігін қамтамасыз ету.
Бұл мақсатты белгілерді барлық дамыған және дамушы елдер
пайдалануда. Қазақстан аймақтары да ашық нарықтық экономикасын
дамытуға бағытталған саяси және экономикалық бір жүйелілікке бет
алыспен келеді.
Ел экономикасын дамытуда шетел капиталдарының тартылу бағыттарын
анықтау үшін бұрынғы КСРО елдеріне де шетелдердің тәжірибесін зерттеу
маңызды. Қазақстан Республикасының ерекшеліктері Жапония, Германиямен
ортақ ұқсастықтарға ие:
-
шетелден инвестициялар ағымын көбейтуге қажетті объективті
алғышарттардың болуы (заңдық режим, инвесторлардың ұлттық режиммен
тең қарастырылуы, жеңілдіктер жүйесінің болуы);
-
Қазақстандық қоғамның тұтастығы, халықтың сабырлығы, үкіметтің
шетелдік инвесторларға жағдай жасауы және оппозициялық партиялардың
толық қалыптаспауы көрініс тапқан жағымды әлеуметтік–психологиялық
ортаның болуы.
Қазақстан Республикасының Президентінің - «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында «Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу,
инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне
негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм»-деп атап
көрсеткендей, инвестициялық саясаттың міндеті бәсекелі нарықты
экономикада пайда табу [2].
Инвестициялық саясаттың әлеуметтік–экономикалық салдарын есепке
ала отырып Қазақстан төмендегі бағыттарды қамтитын экономиканың
қаржылық тұрақтану кезеңінің бастапқы уақытында қажетті қатаң әдістерді
қолданды, үкіметтік несиелер мен кепілдіктерді шектеу (себебі үкіметтік
302
Достарыңызбен бөлісу: |