АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
кредиттер алдын-ала төлемді, кепілдік беруді және соманы пайызымен
қайтаруды талап етеді). Мұндай жағдайда елге келетін инвестицияларды
көбейту мүмкіндіктері кеңейеді. Инвестицияларды тарту жолының бұл түрі
төмендегі факторлармен басым [3]:
- тіке шетелдік инвестициялар донордың келешектегі мүдделерінің іске
асырылуына мүмкіндік береді;
- өндіріс үрдісін басқару донорлық қатысу құқығын иелену мүмкіндігі;
- сыртқы қарыздың сомасына тәуелсіз үлкен көлемде қаржы ресурстарын
тартуды қамтамасыз етеді;
- іскерлікпен, шаруашылықпен айналысатын өндірістік және ғылыми –
техникалық
ынтымақтастық
түрлерін
кеңейтуге
мүмкіндіктер
қалыптастырады;
Қазақстан аймақтарына 2008-2012 жылдар аралығында негізгі капиталға
салынған инвестиция көлемінің экономикалық көрсеткіші (Кесте 1)
келтірілген.
Кесте 1. Аймақтар бойынша негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемінің экономикалық
көрсеткіші.
2008
2009
2010
2011
2012
Қазақстан
Республикасы
4 210 878
4 585 298
4 653 528 5 010 231
5 455 037
Ақмола
142 549
149 532
106 864
122 793
147 863
Ақтөбе
287 212
312 523
364 496
386 124
430 537
Алматы
236 717
314 673
306 605
372 942
392 700
Атырау
826 373
1 094 394
1 105 401
1 076 933
1 032 188
Батыс Қазақстан
225 963
244 842
233 599
170 439
165 974
Жамбыл
123 726
222 800
146 797
106 606
149 590
Қарағанды
210 247
214 076
211 085
253 048
321 220
Қостанай
108 694
122 204
120 850
150 730
161 422
Қызылорда
172 339
171 034
246 867
222 004
253 471
Маңғыстау
383 199
314 724
372 039
369 598
393 011
Оңтүстік Қазақстан
203 213
319 043
262 595
273 094
315 089
Павлодар
148 435
165 788
185 492
207 716
258 713
Солтүстік Қазақстан
41 279
49 505
51 203
68 990
96 737
Шығыс Қазақстан
161 376
139 228
144 670
241 630
263 362
Астана қаласы
454 488
368 248
396 557
572 164
615 518
Алматы қаласы
485 068
382 684
398 408
415 419
457 642
Қазақстан Республикасы бойынша негізгі капиталға салынған
инвестиция көлемі 29,5%-ға жоғарылаған. Оңтүстік Қазақстан облысының
негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 55% жоғарылағанын байқауға
болады. Жалпы Қазақстан аймақтарының көп бөлігінде негізгі капиталға
салынған инвестиция көлемі жоғарылағандығы байқалады.
Әрине, экономикалық және әлеуметтік тиімділіктерді, дегенімен
олардың нақты қырларын айқындап, нәтижелерін қадағалап отыру қажет.
303
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
Сонда ғана инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық саланың
құрамдас бөлігі ретінде өз міндеттерін атқарып отырады [4].
Аймақтар экономикасының әлеуметтік–экономикалық дамуына жақсы
ықпалын тигізетін ол инвестициялық саясат. Қаржылық саланы дамытуда
көптеген өндіріс салалары мен туризмдер, ауыл шаруашылығы,
құрылыс және басқа салаларда оң әсерін тигізуде.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Аубакиров Я.А. Национальная экономика: теоретико-методологические и
практические проблемы развития: Сб.науч.тр. – Алматы: Триумф «Т», 2010. -408 с.
2.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауы // ҚР Үкіметінің WEB-сайты. – 2012. –40 б.
3.
Утаров А.К., Нурашова К.К., Шаухаров М.Н. Налоговое стимулирование
инвестиционной активности экономики Казахстана //Вестник МКТУ им. Х.А.Ясави.
–2010. –№6(72). –293-299 с.
4.
ҚР индустриалды-инновациялық дамыту 2003-2015 бағдарламасы //ҚР
Үкіметінің WEB-сайты. – 2003. –36 б.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются роль и значение инвестиции в регионе, его особенности в
социально-экономическом развитии государства.
(Махамбетова У.Р., Кастаева У. Социально-экономическое значение и роль инвестиции в
регионе)
SUMMARY
In clause the role and meaning (importance) of the investment in region, his (its) feature in
socio economic development of the state is considered (examined).
(Mahambetova U.R., Kastaeva U. Socio Economic Meaning (importance) and Role of the
Investment in Region)
304
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
ӘОЖ 338.826 2 (584 5)
Б.М.ДАНДАЕВА
экономика ғылымдарының кандидаты,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРДЫ МЕМЛЕКЕТ
ТАРАПЫНАН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұл мақалада Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындарды
мемлекет тарапынан реттеу мен қолдау жүйесінің ерекшеліктері
қарастырылған. Еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың
әлеуметтік хал-ахуалын көтеруде шаруашылықты жүргізудің жаңа
формаларын қолдану қажет. Ол үшін мемлекет тарапынан шағын және
орта бизнесті дамыту бағыты алға тартылған. Шағын және орта
кәсіпорындарды мемлекетпен қолдаудың негізгі мақсаты – олардың
әлеуметтік-экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер
жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал жасау. Осы негізде
мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру мәселелері айтылған.
Кілт сөздер: инфрақұрылым, инвестиция, трансферттер, несиелендіру,
кәсіпкерлік қызмет, макроэкономикалық саясат, мемлекеттік бюджет,
бюджет тапшылығы.
Экономиканың орнықты және теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге
бағытталған мемлекеттік саясат 2010–2014 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асыруда. Орта
мерзімді
перспективада
экономиканы
әртараптандыруға,
үдемелі
индустрияландыру жолымен қол жеткізілетін болады. Индустрияландырудың
негізіне дәстүрлі экспортқа бағдарланған салаларды дамыту арқылы
мемлекеттік және жеке секторлардың өзара іс-қимылының тиімділігі,
отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанды қамтуды
ұлғайтуды арттырудың, шикізат емес басым секторларды дамыту
қағидаттары алынды. Барлық секторлар экономиканың өнімділігін
арттыруды индустрияландырудың нәтижесіне айналады.
Индустриялдық-инновациялық дамуға бағытталған мемлекеттік саясат
қолайлы макро ортаны, басым секторлар мен қаржылық және қаржылық емес
қолдаудың кешенді шараларын, сондай-ақ озық технологиялар мен импорт
алмастыру өндірістерін дамыту бойынша шағын және орта бизнестің
бастамаларын қолдауды қамтиды.
Қазақстанды индустрияландырудың республикалық және өңірлік
карталарының ірі инвестициялық жобаларын іске асыру индустриялық-
305
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
инновациялық бағдардың негізгі тетігіне айналды. Жобаларды қолдау
қаржылық және қаржылық емес қолдаудың іріктемелі шараларының
құрастырылған пакетін беру арқылы жүзеге асырылуда. Қолдаудың
инфрақұрылымдық шаралары өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру
сызбасы арқылы іске асырылатын болады, жобаларды инфрақұрылымдық
және ресурстық қамтамасыз ету, минералды шикізат және еңбек
ресурстарын, өткізу нарықтарын оңтайлы бөлу мәселелерін шешудің тұрақты
өзектендіріліп отыратын құралы болып табылады.
Бүгінде ірі жоғары технологиялық индустриялық жобаларды іске асыру
және жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау жуырда іске қосылған
«Өнімділік-2020» және «Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру»
бағдарламалары шеңберінде қамтамасыз етілуде. «Өнімділік – 2020»
бағдарламасы шеңберінде өндірістік үдерістерді оңтайландыруды және
инновациялық гранттар беруді қамтамасыз ететін конструкторлық
бюролардың жаңа өнімдерді өндіріске енгізу жолы негізінде еңбек өнімділігі
артады.
Инвестицияларды әлеуметтік маңызы бар секторға ынталандыру
мақсатында бюджет және концессия заңнамасына қажетті өзгерістер арқылы
мемлекеттік – жеке меншік кәсіпкерлік тетіктерін пайдалануды жетілдіру
жолымен жүзеге асырылмақшы. Мемлекет озық технологиялар трансфертіне,
жаңа экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірістерді құруға
инвестицияларды тартуға бағытталған Қазақстанның шағын және орта
бизнесінің бастамаларына қолдау көрсетуде.
Шағын және орта бизнестің бастамалары қазірдің өзінде «Бизнестің жол
картасы 2020» бағдарламасы бойынша, ал микробизнес - Жұмыспен қамту
бағдарламасы шеңберінде қолдауға ие болып отыр. Отандық компанияларды
сыртқы нарықтарға ілгерілеу жөнінде қолдау үшін «Экспорттаушы 2020»
бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілмекші.
Бұл үшін тікелей инвестицияларды тарту жөніндегі тұтастай жүйе құрылатын
болады, ол ынталандыру шараларының кешенін, сондай-ақ шетелдік
инвесторлармен жұмыстың институционалдық тетігін қамтитын болады.
Жоспарлы кезеңде тікелей инвестицияларды тарту мақсатында «Инвестор –
2020» бағдарламасы іске асырылатын болады. Жалпы қолайлы
инвестициялық ахуалдар жасау бойынша шаралармен қатар трансұлттық
компаниялар үшін жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында іске
асыру жөнінде жағдай жасалмақшы.
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің
экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру
мүмкін емес. Сондықтан, шағын және орта кәсіпорындардың дамуын
мемлекет тарапынан басқару жүйесін жетілдіру қажет. Шағын және орта
кәсіпорындар ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі
өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар
мен қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны
306
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
уақытылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін шешуде және орта бизнес
шешуші фактор ретінде маңыздылығы жоғары.
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпорындардың
қалыптаса бастауы мен дамуы нарық реформаларының басталуына тұспа-тұс
келуімен және тауарлы нарықтың, кәсіпкерлік іс-әрекеттің кең ауқымға
құлаш жаюымен байланысты. Мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі,
нарық экономикасына бет бұруының өзі елде кәсіпкерлік пен шағын және
орта бизнеспен айналысуға қойған міндет болып табылады.
Еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-
ахуалын көтеруде шаруашылықты жүргізудің жаңа формаларын қолданбау
мүмкін емес. Ол үшін мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамыту
бағыты алға тартылады. Нақты айтқанда, жұмыссыздықты жоюда, жалақы
мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, нарықты халыққа қажетті тауарлармен
толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны
бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде осы шағын
және орта бизнес шешуші фактор болуы тиіс [1].
Шағын және орта кәсіпорындарды мемлекетпен қолдаудың негізгі
мақсаты – олардың әлеуметтік-экономикалық қызметін тиімді атқаруына
мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал жасау.
Ол үшін мемлекеттік қолдаудың мынадай шараларын нақты жүзеге асырған
дұрыс.
1. Шағын және орта кәсіпорындардың мүдделерін қорғайтын салық
реформасын жасау керек, атап айтатын болсақ, экономиканың бұл секторына
мемлекет тарапынан таза фискалды көзқарасты өзгерту және тиімді
инвестициялар тарту үшін салық жеңілдіктерін ұсыну. Мемлекет
кәсіпкерлерді қылмыстық құрылымдардан қорғауы тиіс, мұнда кәсіпкерлер
өздерін кәсіби жүйе арқылы қорғай алса, өте жақсы болар еді. Құқық қорғау
органдары мен кәсіпкерлердің арасындағы қатынасты жан-жақты қолдап,
қорғаған дұрыс.
2. Шағын кәсіпкерлікке қаржылық жәрдем беретін арнайы қаржылық
қорларды құру қажеттілігі.
3. Монополияға қарсы күрес, әділетті бәсекені орнату, тұтынушылар
құқығын қорғауға, яғни бір жүйе құру керек.
Шағын және орта кәсіпорындарды дамытпай, нарықтық экономиканы
қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені, бұл – нарықтық қатынастарды алға
жетелеуші буын. Нарықтық экономика элементтерін енгізудің әрекеттері
монополияландырылған ортаның қарсылығына тап болуда. Ал монополизмге
қарсы күресудің тиімді жолдардың бірі шағын және орта кәсіпорындарды
дамыту.
Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындарды дамытуға байланысты
шаралар Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6-наурызда қабылдаған «Шағын
және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету
307
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
шаралары» деген қаулысынан басталды. Одан кейін «Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдар қабылданды.
Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау үшін, қаржылай
және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы «Қазақстан
Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары
мен аймақтық бағдарламалары туралы» жарлық шығарған болатын. 1997
жылы 14-қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің шешімімен шағын және орта
бизнесті қолдау департаменті құрылды. Оның мақсаты - кәсіпкерлікпен
айналысушыларға, жеке субъектілерге қолдау көрсету, жаңа кәсіпорындар
ашу [2].
Орта және шағын кәсіпкерлік – экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі
секторының бірі, себебі ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың
үлесінде болғандықтан. Жалпы ұстанып отырған стратегиялық бағытта
қоғамды жаңартуға қабілетті, экономиканың жағдайын ойлайтын
кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлінуде. Мұндағы шағын және орта
кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы – олар аса үлкен қаржыны
керек етпейді. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырып,
қосымша жұмыс орындарының ашылуына, жалақының уақытында төленіп
отыруына есебін тигізетіні сөзсіз. Бүгінгі Қазақстан жағдайында
кәсіпкерліктің осы түрін дамытуға кеңінен жол ашылды. Соның бірі – шағын
несиелендіру.
Экономикалық дағдарыста ірі кәсіпорындар едәуір шығынға ұшырап,
иілмелі нарық жүйесі алдында дәрменсіздік танытса, шағын және орта бизнес
айтарлықтай зардап шекпей, озық технологияларды меңгере отырып, өзінің
өміршеңдігін дәлелдеп, тұрақтылық байқатты. Соның нәтижесінде мыңдаған
жұмыссыздар жұмысқа тартылды, яғни шағын және орта кәсіпкерлік
дағдарыстағы экономикамызға тіреу бола алады деп айта аламыз.
Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындардың бүгінде айтарлықтай
жеткілікті тауашасы бар және өз мүддесін қорғауға құқылы. Бірақ бүгінде
отандық кәсіпкерлер - бірінші кезекте шағын және орта кәсіпорындар –
бірлесуді әрі меншікті ұйымдар мен өз мүдделерін қорғау үшін күресуге
қабілетті бизнес-қоғамдастықтар құру жолының ең төменгі сатысында тұр.
Сондықтан саяси партиялар шағын және орта бизнестің мүдделерін
көрсетудің негізгі арналары мен құралдарының бірі ретінде саналады. Бұл
тұрғыдан алғанда «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының үлесі
жоғары болуы керек. Ол осыдан екі жыл бұрын бірнеше партияларды, оның
ішінде ауыл және индустриялық кәсіпкерлердің мүдделерін білдіретін
Аграрлық және Азаматтық партиялардың бірлестігі ретінде құрылды.
Сондықтан, «Нұр Отанның» өз мүдделерін білдірудің және кәсіпкерлердің
бірлестіктерімен нақты қатынас бойынша тәжірибесі болды. Жалпы алғанда
«Нұр Отанның» түсінігінде мемлекеттік саясат шағын бизнеске қатысы
бойынша мынадай үш негізгі міндетті шешуі тиіс:
308
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
Біріншіден, тұтастай экономикалық қызметтің, оның ішінде шағын
бизнестің жұмыс істеуі үшін қолайлы және тұрақты жағдайлармен
қамтамасыз ету, яғни «оның дамуына» кедергі жасамау.
Екіншіден, кәсіпкерлік қызметті бастауға және өз ісін дамытуға ниет
білдіргендерге қолдау көрсету.
Үшіншіден, кәсіпкердің құқықтарын және оның жеке тұлғасы мен жеке
меншігінің қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету.
Шағын және орта кәсіпорындар қатынасының маңыздылығын ескере
отырып,
«Нұр
Отан»
ХДП-ның
«Қазақстанның
гүлденуі
және
қазақстандықтардың әл-ауқаты үшін: біз елдің әрбір азаматының өмірін
қалай жақсартамыз» атты Халықтық сайлау алды тұғырнамасында «шағын
және орта кәсіпкерлікті қолдау» деген арнайы бөлім бар. Онда шағын және
орта бизнес субъектілерінің Қазақстанның ЖІӨ-дегі үлесін «кемінде 40%-ға»
дейін жеткізу міндеті қойылады. Осы мақсатта мыналарға қол жеткізетін
болады:
- кәсіпкерлік, әкімшілік кедергілерді жою мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
-
мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдері мен бақылау
функцияларын қысқарту негізінде;
- салық салу, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржы-несиелік
қолдау жүйесін жетілдіру;
- шағын бизнестегі технологиялар трансфертін қамтамасыз етуге
арналған заңнама базасын дамыту.
Шағын және орта кәсіпорындардың саяси қорғалушылығын
арттыруды «Нұр Отан» ХДП өзінің елді жаңғыртудағы және оның бәсекеге
қабілетін дамытудағы маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастырады.
Мемлекет іскерлік белсенділіктің осы бөлігін дамытуға және оның гүлденуі
үшін қалыпты жағдайлар құруға тікелей мүдделі болуы тиіс.
Қазіргі таңда кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие. Басты
стратегиялық мақсатқа кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика
азаматтарының конститутциялық құқықтарының шынайы және ажырамас
бөлігіне айналып отыр. Мемлекет тарапынан қажетті жағдайларды жасау
арқылы шағын және орта бизнес экономиканың өсу қарқындарын, ЖҰӨ
құрылымы мен сапасын анықтайтын жетекші секторлардың біріне айналды.
Қазақстан экономикасында ең басты салалар бойынша тамақ және жеңіл
өнеркәсіптерімен қоса ауыл шаруашылығының да орны ерекше. Отандық
аграрлық саланың өнімдері өсімдік және мал шаруашылықтарындағы
материалды-техникалық базаның артта қалғандығы мен тозғандығынан,
еңбек өнімділігі деңгейінің төмендігінен және өнімділік мөлшерінің
салыстырмалы түрде аздығынан әлемдік нарықта бәсекеге қабілетсіз болу
салдарынан мемлекетпен қолдау шаралары жүргізілді.
Қазіргі таңда БСҰ-на мүше елдерге қарағанда Қазақстанда тауар
өндірушілеріне бюджеттік субсидиялар әлі де болса аз бөлінеді. Енді
309
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
Қазақстан Республикасындағы ҰИЖ – қалыптасу кезеңіне назар
аударсақ, төмендегіше 3 кезеңде былай мінездеуге болады, оның 1 кезеңі
2005-2007 жылдарды қамтып, ол мемлекеттің белсенді араласуын қажет етті.
Келесі 2 кезең 2008-2010 жылдарды қамтып, ол кезде механизмдерді
жетілдіруге назар аудару және инновациялық жүйе элементтерін қызметке
енгізуді талап етеді. 3 кезең 2011-2015 жылдармен топтастырыла келе, бұл
кезеңде инновациялық жүйенің тұрақты дамуына көңіл бөлініп, мемлекеттің
шығын үлесін аз жұмсап, осылайша жеке инвестицияны көбейту көзделді,
яғни мемлекет жанама басқару әдісіне көшу керектігін көрсетті. Айталық,
ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлеміндегі және табыс мөлшеріндегі
қаржылық қолдаудың үлесі Австралияда – тиісінше 4% және 5%, Жапонияда
– 71% және 57,5%, ЕО елдерінде – 48% және 34,8%, Канадада – 21% және
19,7%, АҚШ-та – 28% және 19,5%, Ресейде – 6,5% және 4,7%, Қазақстанда –
1,7% және 1,5%, Жаңа Зеландияда – 65% және 1,8% құрайды екен [3].
Нарықтық экономикасы бар елдердің басым көпшілігінде аграрлық
өндірісін мемлекеттік қолдаудың дамыған жүйелері қолданылады. Олардың
негізгі міндеттеріне ауыл шаруашылығында тұрақты экономикалық ахуалды
сақтау, саладағы нарықтық конъюнктура мен табыстылықты тұрақтандыру,
келеңсіз көші-қон үрдістерінің алдын алу, азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, жаңа шарттарға бейімделуге көмектесу, ішкі нарықты
қорғау, тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту, т.б. шаралар
жатады.
Мемлекеттік қаржылық қолдау жөніндегі іс-шаралар кешені, негізінен,
тиісті заңдарда қарастырылып, көбіне ауыл шаруашылығы мен азық-түлік
нарығындағы шынайы жағдайға тәуелді түрде жүзеге асырылады. Мұндай іс-
шаралар кешенін тауар өндірушілерінің табыстылығын қолдауға, баға
саясаты мен макроэкономикалық саясатты реттеуге, нарықтың және
өндірістік инфрақұрылымның дамуын қолдауға, өңірлік бағдарламаларды
жүзеге асыруға бағытталады.
Елімізде ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қаржылық
қолдаудың инновациялық үрдістер негізінде өнім өндірісін қарастыратын
негізгі бағыттары қолға алынған. Оның ішінде индустриаландыру,
инфрақұрылымды дамыту, аграрлық өндірістің бәсекеге қабілеттелігін
арттыру және аграрлық нарықты мемлекеттік реттеу бағыттарын атап кетуге
болады.
Индустриаландыру барысында ғылыми дәйекті технологияларды сақтау
негізінде ғылыми әзірлемелерді ендіру, инфрақұрылымды дамыту,
ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту, ақпараттық маркетингтік қамтамасыз
ету, кластерлерді дамыту мен стандарттарды ендіру есебінен бәсекеге
қабілеттілікті арттыру, нарықтарды мемлекеттік реттеу және азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарастырылған.
Тұтастай алғанда, 2009-2011 жылдары мемлекеттік бюджеттен шығатын
310
Достарыңызбен бөлісу: |