Issn 2306-7365 Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013



Pdf көрінісі
бет36/40
Дата06.03.2017
өлшемі6,74 Mb.
#7648
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
инвестициялар  1,5  трлн.теңгеден  астамға  өстті.    Мұның  баста  мақсаты 
экономиканың  ғаламдық  құлдырау  кезеңіне  Қазақстан  алтын  валюта 
резервтерінің және Ұлттық қордың  берік қорымен кіруде. Олардың жалпы  
көлемі  47  млрд.АҚШ  долларынан  астамды  құрады.  Мемлекеттік  борыштың 
мөлшері  ІЖӨ-нің  1,5  %-ынан  аспайды,  бюджет  тапшылығы  төмен  деңгейде 
тұр  және  ІЖӨ-нің  2%-ынан  аспайды.  Міне,  мемлекетпен  жасалынған 
бағдарлама негізінде мына бағытта жұмыс істеуді қарастырған болатын: 
1.
 
Қаржы секторын тұрақтандыру; 
2.
 
Шағын және орта бизнесті қолдау; 
3.
 
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту. 
Үкімет  «Самұрық-Қазына»  қорымен  бірлесіп  шағын  және  орта  бизнес 
үшін  сыйақы  ставкасын  дағдарысқа  дейінгі  деңгейге  дейін  (14%-дан 
аспайтын)  тұрақтандыру  бойынша  шара  қабылдады,  сонымен  қатар  тиімді 
ставкасын  тағайындай отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша 
қабылданған  барлық  бағдарламалар  қайта  қаралып,  мына  бағытта  жұмыс 
істеуді ұйымдастырады.  
Біріншіден, Даму кәсіпкерлікті  дамыту қоры шағын және орта бизнеске 
берілетін кредиттерге кепілдік беру тетігін енгізетін болады.  
Екіншіден,  «Самұрық-Қазына»  қоры    ауылдық  жерде  шағын  кредит  
берудің, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге кредит берудің бағдарламасын 
әзірлейді.  
Үшіншіден,  шағын  және  орта  бизнес  субъектілерін  тұрақты 
тапсырыстармен  қамтамасыз  ету  мақсатында  олардың  «Мемлекеттік  сатып 
алу туралы» жаңа заңның қолданылуы шеңберінде мемлекеттік органдардың, 
мемлекеттік  холдингтер  мен  ұлттық  компаниялардың  мемлекеттік 
тапсырыстарына  қол  жеткізуіне  жағдай  жасалады.  Жер  қойнауын 
пайдаланушылармен және сервистік компаниялармен қазақстандық қатысуды 
ұлғайту бойынша жұмыс күшейтілді. 
Төртіншіден, Үкімет кәсіпкерлікті  дамыту үшін әкімшілік кедергілерді 
төмендету және рұқсат беру жүйесін  одан әрі жетілдіру  бойынша жұмыстар 
жүргізілуде. 
Қазіргі  таңда  экономиканың  даму  бағыты  мемлекеттік  тұрғыдан 
басқарылатын  экономикалық  жүйенің  кәсіпкерлік  түріне  негізделіп  отыр. 
Шағын  кәсіпкерлік  нысандары  тұрғындарды  жұмыс  орындарымен 
қамтамасыз  етіп,  халықтың  әл-ауқатын,  әлеуметтік  деңгейін  жоғарылатумен 
қатар,  нарықтағы  қажеттіліктің  қанағаттануына,  тауар  түрлерінің  көбейіп 
толуына,  жергілікті  шикізат  ресурстарының  дұрыс  пайдаланылуына  өз 
ықпалын  тигізуде.  Шағын  кәсіпкерліктің  экономикалық  және  әлеуметтік 
қызметтерін  маңызды  мемлекеттік  міндеттер  қатарына  жатқызуға  және 
экономиканы дамытудың ажырамас бөлігі болып қала беретініне біз сенеміз. 
Себебі,  кәсіпкерлік  қызметті  басқаруда  өсу  қарқынын  зерттеу  және  оны 
болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды болып табылады. 

311 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
Бүгінде  шағын  және  орта  кәсіпорындардың  төңірегінде  көптеген 
мәселелердің  көтерілуі  оның  экономикадағы  маңыздылығын  айғақтайды. 
Республиканың  біраз  аймақтарында  ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  өндірісі 
мен сауда саласындағы кәсіпкерліктің дамуы байқалғанымен, өндіріс  
саласының  даму  қарқыны  төмен  екені  әлі  де  болса  көрініп  тұр.  Сонымен 
қатар,  сыртқы  әлемдік  ортада  Қазақстан  экономикасы  үшін  даму 
тұрақтылығын сақтаудағы іс-шараларды іске асыруды қажет етеді. Айталық, 
индустриалды-инновациялық саясаттың аясында өндірістік шағын және орта 
кәсіпорындарды  басқару  және    дамыту  аймақтарда  өмір  сүрудің  және 
әлеуметтік-экономикалық  дамудың  маңызды  факторына  айналуы  керек. 
Демек,  шағын  және  орта  кәсіпорындарды  мемлекеттік  қолдаудың  негізгі 
қағидаларына сүйене отырып, басқару жүйесін ұйымдастыру қажет: 
-
 
шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығын анықтау
-
 
шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі; 
-
 
инфрақұрылымды  дамытуда  және  кәсіпкерліктің  ұйымдастырушылық 
формаларын таңдауға жағдай туғызу; 
-
 
алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолдану. 
Сондықтан,  экономиканы  жаһандық  қалпына  келтіруге  дайындау  және 
оның  сыртқы  сынақтарға  тұрақтылығын  арттыру  үшін  біртұтас  үш  міндетті 
шешу  қажет  болады:  біріншіден,  бизнес-ахуалды  елеулі  жақсарту; 
екіншіден,  қаржы  жүйесінің  тұрақты  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету; 
үшіншіден,  сенімді  құқықтық  орта  қалыптастыруды  жалғастыру  қажет. 
Үкіметке  2011  жылы  бизнесті  тіркеуге  және  бизнесті жүргізуге  байланысты 
операциялық шығындарды 30%-ға, ал 2015 жылы тағы да 30%-ға қысқартуды 
тапсырды.  Онжылдықтың  соңында  шағын  және  орта  бизнестің  ІЖӨ-дегі 
үлесі 40%-ға дейін көтерілуі тиіс. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Керимбекова  Р.Н.  Қазақстандағы  шағын  және  орта  бизнестің  қалыптасу 
ерекшеліктері //АльПари. – 2009. –№1/2. –Б. 24-26. 
2.
 
Назарбаев  Н.  Казахстан-2030.  Процветание,  безопасность  и  улучшение 
благосостояния  всех  казахстанцев.  Послание  Президента  страны  народу  Казахстана. 
//Казахстанская правда, 1997. 
3.
 
Қадыр  Д.  Шағын  және  орта  бизнесті  қолдауды  жалғастырамыз  //Президент  және 
Халық. -2009, 24 сәуір (№16). – 2 б. 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  особенности  системы  поддержки  и  государственного 
регулирования малого и среднего бизнеса Казахстана. Роль государства в совершенствовании 
индустриально-инновационной политики в малом и среднем бизнесе. 
(Дандаева  Б.М.  Особенности  системы  поддержки  и  государственного  регулирования 
малого и среднего предприятия) 
SUMMARY 
In  article  regulation  of  small  and  medium  business  of  Kazakhstan  is  considered  features  of 
system  of  support  and  state.  State  role  in  improvement  of  industrial  and  innovative  policy  in  small 
and medium business. 
(Dandayeva  B.M.  Features  of  system  of  support  and  state  regulation  of  small  and  medium  – 
sized enterprise) 

312 
 
   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
ӘОЖ: 657 
 
Б.С.МЫРЗАЛИЕВ  
экономика ғылымдарының докторы, профессор 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
Е.Б.БЕККУЛОВ 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ 
БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП ЖҮРГІЗУДІҢ 
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
 
Кәсіпорындарда  меншікті  капиталды  пайдалануды  бағалау  жүйесі 
үлкен  рөл  атқарады.  Кәсіпорынның  қаржылық  есебін  жүргізуде  меншікті 
капиталды  бағалау  бухгалтерлік  баланстың  активінде  көрсетілсе,  оның 
каржыландыру  көздері  баланстың  пассивінде  көрсетіледі.  Кәсіпорынның 
шаруашылық-экономикалық  әрекеттері  арқылы  оның  қаржылық  жағдайы 
анықталады.  Төлем  қабілеттілігін  бағалау  айналым  активтерінің 
сипаттамасы 
негізінде 
баланс 
мәліметтері 
бойынша 
жүргізілуі 
қарастырылған.  Мақалада  кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығын 
сипаттайтын коэффициенттері мен көрсеткіштері зерттелген. 
 
Кілт  сөздер:  меншікті  капитал,  бухгалтерлік  баланс,  тартылған 
қаражаттар, қаржылық коэффициенттер, айналым қаражаттары. 
 
Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  кәсіпорындар  өзінің 
құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір 
мөлшерде  мүліктерге  ие  болуы  тиіс.  Осы  жоғарыда  аталған  мүліктердің 
ақшалай  өлшемге  айналдырылғандағы  жиынтығы  ұйымның  меншікті 
капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы 
Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс 
және  де  ол  сол  ұйымның  құрылтайшыларының,  акционерлерінің  ақшалай, 
заттай  және  басқадай  түрде  қоғамға  қосқан  үлестерінен  құралады.  Бұл 
қаражат,  яғни  кәсіпорынның  капиталы  осы  ұйымның  қызметі  барысында 
тапқан табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай 
қаржылар есебінен өсіп отырады.  
Жалпы  кәсіпорынның  есебін  жүргізу  барысында  жұмыс  істеп  тұрған, 
қызмет  атқарушы,  яғни  қолданыстағы  капиталы  және  оның  құрамы  мен 
құрылымы  бухгалтерлік  баланстың  активінде  көрсетілсе,  ол  капиталдың 
қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.  
Ұйымның  барлық  мүлігі  қысқа  мерзімді  активтер  және  ұзақ  мерзімді 
активтер болып екіге бөлінеді.  
Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдардан, метериалдық емес  

313 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
активтерден,  ұзақ  мерзімді  қаржылық  инвестициялардан,  басқа  да  ұзақ 
мерзімді активтерден құралады. Жалпы ұзақ мерзімді активтер шаруашылық 
субъектінің  материалдық-техникалық  базасын  жасауға  және  дамытуға 
арналады.  
Ал,  қысқа  мерзімді  активтер  кәсіпорынның  қызмет  атқаруы  барысында 
пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, 
қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық 
берешектер және басқа да қысқа мерзімді активтер жатады.  
Кәсіпорын  мүлкі  оның  негізгі  құралдары  мен  қысқа  мерзімді 
қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері 
болып мыналар саналады:  
- жарғылық капитал;  
- резервтік капитал;  
- бөлінбеген кіріс.  
Кәсіпорындар  өздерінің  қызмет  атқаруы  барысында  меншікті 
қаржыларының  басқа  қарыз  қаражаттарын  да  пайдаланады.  Ал  олардың 
қатарына  қысқа  және  ұзақ  мерзімді  несиелер,  қарыздар,  алынған  аванстар 
және басқа да кредиторлық қарыздар жатады.  
Жарғылық  қор  меншік  иесінің  (кәсіпорынның)  жарғысында  қаралған 
қызметтерін  қамтамасыз  ету  үшін  инвестициялық  қаржылардың  сомасы 
болып табылады.  
Меншік  иесінің  тиісті  құқығымен  жауапкершілігіне  қарай  ұйымның 
жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді.  
Кәсіпорындардың  (толық  серіктестік,  коммандиттік  серіктестік, 
жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік,  қосымша  жауапкершілігі  бар 
серіктестік, акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.  
Жарғылық  қор  мөлшері  ұйымның  жарғысында  және  басқа  да 
құрылтайшылық 
құжаттарында 
белгіленген, 
үкіметтің 
атқарушы 
органдарында  тіркелуі  керек.  Оның  мөлшері  құрылтайшылық  құжаттарға 
тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.  
Барлық ұйымдардың меншікті капиталына екі қасиет тән. Біріншіден, ол 
материалдық-құндылық  құрылым  иеленбегендіктен  сезілмейді  және  ол 
әрқашанда  активтің  көзі  рөлінде  қатысады.  Екіншіден,  меншікті  капитал 
ақшалай түрден заттық түрге ауыса алатын немесе керісінше жағдайда өзінің 
нысанын өзгертетін «меншікті құралдар» түсінігіне синоним деп қарастыруға 
болмайды [1].  
Меншікті  капиталдың  қаржылық  есебінің  негізгі  мақсаты  ресурстарды 
дұрыс  қолдану  мен  сақтауда  бақылаудың  болуы.  Бұл  мақсатқа  жету  үшін 
қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:  
-  жарғылық  капиталға  қатысушылардың  үлестерін  уақытында  және 
толық қабылдап алу;  
-  мерзімінде,  толық  және  дәл  көрсетілген  жарғылық  капиталдың  немесе 
оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы  

314 
 
   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
өзгерістерді айқындап отыру;  
- меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;  
-  инфляцияға байланысты негізгі  құралдарды,  инвестицияларды және басқа 
да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл 
анықтау;  
-  резервтік  капиталдың  уақытында  және  дұрыс  құрылуы  мен  оны  дұрыс 
қолдану;  
- алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген 
кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету. 
Кәсіпорынның іс-әрекеті мен оның дамуы өзін-өзі қаржыландыру есебінен, 
ал  меншікті  қаржылық  қорлардың  жетіспеушілігінде  несиелік  қорлар  есебінен 
жүзеге  асырылатын  кездегі  нарық  шарттарында
 
кәсіпорынның  қаржылық 
тәуелсіздігі талдамалы сипатқа ие болады. Меншікті қаражаттар көздерінің қоры 
–  бұл  кәсіпорынның  меншікті  қаражаттары  несиеліктен  асып  түсетін 
шарттардағы  оның қаржылық  тұрақтылығының қосымша  қоры  болып саналады 
[2]. 
Қаржылық  тұрақтылық  кәсіпорын  активтеріндегі  меншікті  және  несиелік 
қаражаттардың  арақатынасы  бойынша,  шарушылық  іс-әрекеттің  нәтижесінде 
кәсіпорынның  ұзақ  мерзімді  және  қысқа  мерзімді  мендеттемелерінің 
арақатынасы  қорлану  қарқындары  бойынша,  кәсіпорынның  материалдық 
айналым қаражаттарының жеткілікті қамтамасыз етумен бағаланады [3]. 
Тартылған  несиелік  қаражаттар  бойынша  міндеттердің  барлық  сомасын 
меншікті қаражаттар сомасына бөлуден алынған бөлінді несиелік және меншікті 
қаражаттардың  арақатынасы  коэффиценті  болып  табылады.  Ол  кәсіпорынның 
меншікті  қаражаттар  активіне  салынған  теңгеге  қанша  несиелік  қаражаттар 
тартқанын көрсетеді. 
    
 
1 кесте. - Кәсіпорын мүлкіне жұмсалған меншікті және несиелік капиталды   бағалау 
Көрсеткіштердің атауы 
Жыл басында  Есептілік мерзімге  Ауытқулар    
(+;-) 
1. Барлық мүлік: соның ішінде 
520000 
610000 
+90000 
2. Кәсіпорынның өзіндік 
капиталы, мүлікке пайызбен  
374800 
 72,1 
434900 
71,1 
+60100 
2.1. Меншікті айналым 
қаражаттарының барлығы, 
меншікті капиталға пайызбен 
225200 
60,1 
297000 
68,3 
+71800 
3. Зайымдық капитал, мүлікке 
пайызбен 
186000 
35,7 
245500 
40,2 
+153500 
3.1. Ұзақ мерзімді зайымдар, 
зайымдық капиталға пайызбен 
37800 
26,0 
42500 
14,2 
+4700 
3.2. Қысқа мерзімді зайымдар, 
зайымдық капиталға пайызбен 






3.3. Кредиторлық қарыздар, 
зайымдық капиталға пайызбен 
107400 
73,9 
132600 
44,4 
+25200 
 
 
1- кестенің мәліметтері бойынша коэффицентті есептеу: 
Есепті кезеңнің басында 186000:374800=0,496 

315 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
 
Есепті кезеңде                     245500: 434900=0,564 
Зайымдық  қорлардың  ұзақ  мерзімге  тарту  коэффиценті  ұзақ  мерзімді 
несиелер  мен  қарыздарды  меншікті  қаражаттар,  оған  қоса  ұзақ  мерзімді 
зайымдық  қорлар  мөлшеріне  бөлу  арқылы  есептеледі.  Ол  меншікті 
қаражаттармен  қатар,  кәсіпорынның  активтерін  қаржыландыру  үшін  тартылған 
ұзақ  мерзімді  қарыздар  үлесін  көрсетеді.  1-кесте  мәліметтері  бойынша  бұл 
коэффицент мынаған тең: 
Есепті кезеңнің басында:         37800:37800+37800=0,092 
Есепті кезеңде:                          42500:434900+42500=0,089 
Меншікті  қаражаттардың  ептілік  коэффиценті  –  меншікті  айналым 
қаражаттарын  меншікті  қаражат  көздерінің  барлық  сомасына  бөлуден  шыққан 
бөлінді.  Ол  кәсіпорынның  меншікті  қаражаттарын  пайдаланудың  икемділік 
дәрежесін  көрсетеді.  Кесте  мәліметтері  бойынша  (2,1  пункті)  бұл  коэффициент 
есепті  кезең  басында  0,391-ге(39,11%),  ал  оның  соңында  –  0,415-ке(41,5%)  тең 
болды. 
Амортизацияның 
қорлану 
коэффициенті 
амортизацияның 
қорлану 
сомасының  амортизацияланған  мүліктің  бастапқы  құнына  қатынасын көрсетеді. 
Ол  жұмылдырылған  қаражаттардың  босап  шығу  қарқынын  көрсетеді.  Бұл 
коэффициент мынаған тең: 
Есепті кезеңнің басында:    27300:266000=0.103 
Есепті кезеңде:                     29800:29700=0.100 
Кәсіпорын  мүлігінде  негізгі  қаражаттардың  нақты  құнының  коэффициенті 
баланс-нетто  бойынша  кәсіпорын  мүлігінің  таза  құнынан  тозу  құнын  шегеріп 
тастауда  негізгі  қаражаттардың  құнына  тең.  Кәсіпкерлік  іс-әрекет  үшін 
кәсіпорын  қаражатының  қаншалықты  тиімді  пайдаланылатынын  көрсетеді.  Бұл 
коэффициент  кәсіпорын  мүлігіндегі  негізгі  және  материалдық  айналым 
қаражаттарының нақты құнының  жалпы коэффициентінің жеке жағдайы болып 
табылады. Оның мәні мынаған тең: 
Есепті кезеңнің басына:  
(190000+24500+76000)=290500 немесе барлық активтердің  55%. 
Есепті кезеңге:  
(210000+293000+98000)=337300 немесе барлық активтердің 55,3%. 
Негізгі  қорлардың  нақты  құнының  коэффиценті  қазіргі  жылдың  басында  
190000:520010=0,365-ке,    есепті  кезеңнің  соңына  210000:610000=0,344-ке  тең 
болды. 
Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығын  сипаттайтын  коэффициенттердің 
бізбен келтірілген есептеулерін келесі 2-кестеде қорытындылаймыз. 
       
 
Кесте 2. «Жібек» АҚ қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер. 
Көрсеткіштер 
Есепті 
кезеңнің 
басына 
Есепті  
мерзімде 
Ауытқулар 
(+;-) 
1. Зайымдық және өзіндік қорлар 
арақатынасының коэффициенті 
0,387 
0,686 
+0,299 
2. Зайымдық қорларды ұзақ мезімге 
тарту коэффициенті  
0,092 
0,089 
-0,003 

316 
 
   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
3. Өзіндік қорлардың ептілік 
коэффициенті 
0,391 
0,415 
+0,024 
4. Амортизацияның қорлану 
коэффициенті 
0,103 
0,100 
-0,003 
5. Кәсіпорын мүлігіндегі негізгі 
және материалдық қорлардың 
нақты құнының коэффициенті 
0,558 
0,553 
-0,005 
6. Кәсіпорын мүлігіндегі негізгі 
қорлардың нақты құнының 
коэффициенті 
0,365 
0,344 
-0,021 
 
 
Сөзсіз,  кәсіпорынның  қаржылық  дербестілігін  сипаттайтын  ең  маңызды 
көрсеткіш  зайымдық  қорлар  мен  өзіндік  қорлар  арақатынастарының 
коэффициенті  болып  табылады.  Оның  мәндері  мынаған  куәлік  етеді,  есепті 
кезең басында кәсіпорын өзіндік қорлардың 38,7 тиынын тартты. Есепті кезең 
ішінде  талданушы  фирманың  өзіндік  қорлары  жеке  меншік  жұмсаулардың 
әрбір  теңгесіне  68,6  тиынға  дейін  өсті.  Сондықтан,  өзіндік  қорлар  тартудан 
кәсіпорынның 
тәуелділігі 
күшейеді, 
фирма 
біртіндеп 
қаржылық 
тұрақтылығын жоғалтады. 
Әдебиеттерде  қаржылық  қатынастарды  бағалау  бойынша  бұл 
коэффициенттің  айнымалы  мәндеріне  көңіл  аударады.  Егер  оның  мәндері 
бірден  асатын  болса,  онда  кәсіпорынның  қаржылық  дербестігі  мен 
тұрақтылығы  өте  қиын  нүктеге  жетеді.  Борыштық  және  өзіндік  қорлардың 
арақатынас  коэффициенті  кәсіпорынның  шаруашылық  іс-әрекетінің  барлық  
айналым қаражатының сипатына байланысты болады. 
Тартылған  қаражаттар  ішінде  кәсіпорында  ұзақ  мерзімді  борыштық 
қорлар сомасы мүлдем жеткіліксіз. Олардың үлесі барлық борыштық қорлар 
сомасында  26,0-ден  14,2-ге  дейін  қысқарды.  Борыштық  қорларды  ұзақ 
мерзімді  тарту  коэффициенті  де  төмендейді.  Есепті  мерзімде  бұл 
коэффициент  небәрі  0,089  құрады.  Бұл  ұзақ  мерзімді  жұмсаулардың  әрбір 
теңгесі  кәсіпорын  мүлігінде  зайымдық  көздерде  тек  28,9  тиынға  ғана 
қаржыландырылғанын білдіреді.  
Ептілік  коэффициенті  жеткілікті  жоғары  және  өсуін  жалғастыруда.  Бұл 
ақпарат  келешекте  қаржылық  дербестіктің  біртіндеп  жақсару  үмітіне 
жетелейді. 
Амортизацияның қорлану коэффициенті негізгі қаражаттардың бастапқы 
құнының  үштен  бірінің  көбісін  амортизациялық  аударымдармен  өтелгенін 
көрсетеді.  Есепті  кезеңнің  соңына  қарай  оның  төмендеуі  үлкен  қауіптер 
тудырмайды,  себебі  негізгі  қаражаттардың  кезекті  топтамасын  пайдалануға 
енгізілумен түсіндіріледі. Оны есепті кезеңдегі амортизациялық аударымдар 
сомасын  осы  кезеңнің  басындағы  негізгі  қаражаттардың  бастапқы  құнына 
бөлу  арқылы  алады.  Біздің  мысалда  есепті  кезеңдегі  амортизациялық 
аударымдар 20010 теңгені, ал негізгі қаражаттардың бастапқы құны – 190000 
теңгені құрады. Орташа амортизация мөлшері – 7,5. Амортизацияның  

317 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
 
қорлануы өте жоғары, елеулі тездетілген әдіс болып табылады. 
Фирманың  қаржылық  жағдайын  жалпы  бағалау  баланс  мәліметтері 
бойынша істеледі.  
Оның қаржылық жағдайының маңызды көрсеткіші  кәсіпорынның төлем 
қабілеттілігі болып табылады. 
Кәсіпорынның  банкроттық  салдарынан  оның  жойылуы  мүмкін  кезінде, 
нарықтық экономикаға өтуде баланстың өтімділігі маңызды мәнге ие болады. 
Төлем  қабілеттілігін  бағалау  айналым  активтерінің  сипаттамасы 
негізінде  баланс  мәліметтері  бойынша  жүргізіледі,  яғни  оларды  қолма-қол 
ақшаға айналдыру үшін қажет уақыт. 
Айналым  қаражаттарының  ең  жұмылушы  бөлігі  ақшалай  қаражаттар 
және  қысқа  мерзімді  құнды  қағаздар  болып  табылады.  Соңғылары  мына 
мағынада  болады,  олар  тез  және  оңай  ақшаға  айнала  алады.  Ақшалай 
айналым қаражаттарын төлеуге және есептеуге тез дайын болады, сондықтан 
айналым  қаражаттарының  бұл  бөлігінің  кәсіпорынның  қысқа  мерзімді 
міндеттеріне  қатынасы  абсолюттік  өтімділік  коэффициенті  деп  аталады. 
Оның мәні егер ол 0,2-0,25-тен асатын болса, теория жүзінде жеткілікті деп 
танылады. 
Біздің  мысалда  абсолюттік  өтімділік  коэффициенті  есепті  кезеңнің 
басында мынаған тең болды: 
(1500+28300+19500+78100):(22300+38100+18500)=127400:78900=1,61. 
Есепті  кезең  ішінде  нақты  ақшалар  мен  қысқа  мерзімді  құнды 
қағаздардың  құны  елеулі  ұлғайды.  Бірақ  қысқа  мерзімді  міндеттер  де  өсті, 
абсолюттік өтімділік коэффициенті есепті мерзімде қатты нашарламады: 
(1800+59900+23400+6400):(51300+29800+19100)=149100:100200=1.49. 
Абсолюттік  өтімділік  коэффициенті  оның  шекті  теориялық  мәндерінен 
недәуір асып түседі, бұл да жағымды нәтиже болмақ. 
Айналым  қаражаттарының  әртүрлі  құраушыларын  ақшаға  айналдыру 
үшін  қажет  уақыт  дебиторлық  қарызды  және  материалдық  айналым 
қаражаттарын  жоюда  елеулі  ерекшеленеді.  Оның  үстіне,  материалдық 
айналым  қаражаттары  бір  текті  емес,  дайын  өнімнің  тауарлық  және 
материалдық қорлардың, аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттардың 
өтімділігі елеулі ерекшеленеді. 
Дебиторлық  қарызға  жұмсалған  қаражаттардың  өтімділігі  ел 
банктеріндегі  төлем  құжат  айналымының  жылдамдығынан,  жеке  сатып 
алушыларға  коммерциялық  несиелерді  беру  мерзімдерінен,  олардың  төлем 
қабілеттігінен,  бірқатар  басқа  себептерге  тәуелді.  Егер  несиелік  міндеттерді 
жабуға дебиторлармен есептесудегі қаражаттарды жұмылдырса, аралық жабу 
коэффициенті  деп  аталуға  болады.  Ол  ақшалай  қаражаттар,  қысқа  мерзімді 
құнды  қағаздар  мен  есептеулер  мөлшерін  кәсіпорынның  қысқа  мерзімді 
міндеттерінің  сомасына  бөлгеннен  шыққан  бөліндіге  тең  болады.  Бұл 
коэффициенттің теориялық ақталған бағалары 0,7-0,8 мөлшерінде жатады. 

318 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет