Issn 2307-1079 Dulaty University Хабаршысы Вестник Dulaty University Bulletin of the Dulaty University



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата17.09.2023
өлшемі0,58 Mb.
#108296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ISSN 2307-1079 
Dulaty University Хабаршысы 
Вестник Dulaty University
Bulletin of the Dulaty University 
2021, №1 
80 
зерттеу әдіснамасын таңдауда маңызды рөл атқарды. Сонымен, IT-
технологиялардың жоғары енуі бар желілік ұйымдардың қалыптасуы мен 
жұмысының ерекшеліктерін В.Вютрих, П. Зибер, А.Б. Катаев, И.П. 
Пономарев, В.П. Тарасов, Е.Х. Ткачева және т.б. зерттейді. Мұндай 
ұйымдарды басқарудың теориялық және қолданбалы аспектілерін Р.Акофф, 
И.Т. Балабанов, Э.Брукинг, Г.Р.Латфуллин, Дж. Форрестер т.б. зерделеген. 
Жинақталған ақпараттың үлкен ауқымына қарамастан, ол көбінесе 
Ақпараттық экономика форматымен және экономиканың ақпараттық 
секторындағы ұйымдарды басқару ерекшелігімен аз байланысты гетерогенді 
әзірлемелермен ұсынылған, ал олардағы көшбасшылық мәселелері әлі күнге 
дейін терең зерттеу тақырыбы болған жоқ [3] деп тұжырымдайды топтама 
ұсынушы ғалым.
Жоғарыда берілген мәліметтерді негізге ала отырып эмоционалды 
интеллектті адамдар, әсіресе білім алушы жастар бойында қалыптастыру 
үшін оны оқу процесіне ендіру қажеттілігі туып отыр. Биылғы 2020-2021 оқу 
жылдарынан бастап социология, мәдениеттану, саясаттану және психология 
пәндерін кіріктірген «Саяси-әлеуметтік ілімдер» атты 8 кредиттік пән 
енгізілді. Аталмыш пән бойынша мақаланың қосалқы авторы Г.А. 
Абдиалимова эмоционалды интеллектің оқу процесіне енгізу қажеттілік 
деңгейін анықтау мақсатында өзіндік зерттеу жүргізген.
Зерттеу әдістері: 
зерттеу жұмысының теориялық әдісі ретінде ғылыми 
әдебиеттерді салыстырмалы талдау, жіктеу және жүйелеу, жалпылау әдістері 
қолданылса, эмпирикалық әдіс ретінде психодиагностикалық әдістер мен 
сауалнама жүргізілді. Респонденттер эмоционалды интеллект ұғымын 
ғылыми айналымға ендіруші Д.Гоулманның тест сұрақтарына жауап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет