2016 №1 (30)
15
дүниесін байыта отырып, “досыңа достық қарыз
іс” деген Абайдың өсиетіне адал болды.
Қайым Мұхамедхановтың қанаттас аға-
бауырлары, ғылымдағы із кесушілері оған сенді.
Бірде әңгіме орайы иіліп келіп әдебиет
тарихының әлде бір мәселесіне ауысқанда ғұлама
ғалым, марқұм Әлкей Марғұлан қолыма Қайым
Мұхамедхановқа жолданған хатты ұстатып:
“Саған айттым ғой, Семейдегі Мотяштар
семьясының Мұхтарға етене жақындығын.
Оның “Оқыған азаматындағы” жайларға
қатысты хаттары бар еді. Менің сол кезде және
тағы бір дүниеге қатысты деректі анықтағым кеп
тұрғаны. Қайым аяулы жігіт. Оған сенуге болады.
Әдемілеп жазады. Шын ғалым. Өтірігі жоқ.
Салып жіберші”, – деді. Өзге түгіл өзі туралы
артық сөйлегенді ұнатпайтын Әлекеңнің бұл
бағасына еселеп ештеңе қоса алмайсың.
Сірә, жаңылмасам, осы хат Әлекеңнің
соңғы қолтаңбаларының бірі шығар. Қайым
ағадан не өтінді екен деген пендешілік сауал жиі
оралады. Ерекше ұнататын ғалым інісіне ғылыми
өсиеті ме екен деген де ой келді. Біздің арымыз
таза, Қайым аға хатты алды. Тек жауабын Әлекең
оқып үлгерді ме екен. Әйтеуір, өмірден кетерінде
қойған сұрағына соңында жауап берер, сенер інісі
болғанының өзі қандай ғанибет. Әлекеңнің: “Енді
сен сонымен әңгімелесіп жүр” – деген емеурінін
де қазір түсінген деймін.
Оның
жиырма
бес
жасында
республикамыздағы
тұңғыш
әдеби-
мемориалдық музейді – Семейдегі Абай музейін
басқаруына тура келді. Бұрын із түспеген тың
жұмысты – ұйымдастырушылық әрі ғылыми
зерттеуді қатар тізгіндетті. Көші-қоны көп елдің
әр жұртынан жұрнақтап Абайдың көзі көріп,
қолы ұстаған заттарды табу оның иесінің тілін
тауып алу, қалпына келтіру, замандастарының
естеліктерін жию, ғылыми түсінік беру – оңайға
түскен жоқ. Бейнеті зор еңбектің зейнеті одан да
асып түсті. Қазір сол қара шаңырақ кеңейе,
кемеріне келіп, үш үлкен мәдени мекемеге
айналды. Семейдегі, Жидебайдағы Абай музейі
және Бөрілідегі Мұхаңның отауы. Бұл да Қайым
ағаның өтелген азаматтық парыздарының оқшау
белгісі.
Ғылымға ат ізін салған елу жылдың
көлеміндегі індете зерттеп, иіріміне үңіліп, иін
қандыра айналысқан тақырыбы, бәлкім, ең
арналы өмірлік мақсаты мен мұраты Қайым
Мұхамедханов үшін – Абай по эзиясының
қатпарлы құбылыстары шығар. Ол ұлы ақынның
творчествосының барлық саласына ат салысып,
тың тұжырымдар, соны пікірлер ұсынып келді.
Атап айтсақ: ол – Абай өлеңдерін жинаушы,
Абай мұрасының жазылуы, басылуы тарихын
зерттеген историограф, үш-төрт басылымына
түсініктеме жазған библио граф, Абай
шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген
текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі
хақында монографиялық еңбек бітірген теоретик,
сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды
зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби
нұсқаларды, ел аузындағы жыр-өлеңді, әңгіме-
аңызды қағазға түсірген фольклорист… Қайым
(Ғабдұлқайым) Мұхамедханов 1941 жылы
Семей педагогикалық институтын бітірісімен сол
институтта қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.
Ұлы Отан соғысынан оралған соң 1942-47
жылдары Қазақстан Жазушылар одағының
Семей облысы бойынша өкілі, 1947-51 жылдары
Абай музейінің директоры, 1955 жылдан Семей
пединститутының доценті болып қызмет істеді.
Ол шығармашылық жолын ақын ретінде бастап,
Қазақ ССР-нің Мемлекеттік гимнінің
авторларының
бірі
болды.
"Абай
шығармаларының текстологиясы" (1959), "Ақын
Мағауия Құнанбаев" (1959), «Абайдың ақын
шәкірттері» ( 1994-1997, төрт кітап), «Абай
мұрагерлері» (1995) атты монографиялық
кітаптары, "Перне" (1944), "Майданнан –
майданға" (1947), "Комиссар Ғаббасов" (1960)
атты пьесалары сахнада қойылды. Абай
творчествосы мен оның дәуірін зерттеген "Абай
төңірегіндегі ақындар" (1950-1959) атты көлемді
еңбегінің маңызы ерекше. Әдебиетіміз бен
мәдени тарихымыздың көкейкесті мәселелерін
қозғайтын жүзден астам мақала – зерттеулері бар.
Егер аталған әр еңбекті жеке сұрыптап, салаға
бөлсек, салмағын бағаласақ, бір ғалымның
халық, қоғам алдындағы парызын өтеуге осы
еңбектер де аздық етпес еді. Алайда білімге
марқаю, ізденіссіз шиырға бой алдыру Қайымға
тән мінез емес еді. Ол сонау ежелгі әдебиет
тарихынан бастап, бүгінгі күнгі Мұхтар Әуезов
шығармаларының толық басылымына дейін
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016 №1 (30)
16
өзінің зерттеу объектісіне айналдырды. Бұхар
жыраудың өмірі мен творчествосы, Сегіз серінің
әндері, Әлиханның, Ахметтің, Мағжанның,
Жүсіпбектің қайраткерлігі, Көкбай, Әріп,
Мағауия, Ақылбайдың ғұмырнамалары – бәрі-
бәрі де назарында. Тіпті зерттеумен шектелмей,
“Ер Бiлісай”, “Комиссар Ғаббасов” атты пьеса да
жазды. Соның барлығында да Қайымға тән
ғылыми дәлдік өлшемі, ой тереңдігі шоқтығын
көрсетті.
Ол ұстазы Мұхтар Әуезовтің өсиетіне адал
бола отырып “Абайдың ақындық мектебі” деген
аты-шулы тақырыпты түбегейлі зерттеп, ақыры
дәлелдеп шықты. Оны қазақ әдебиетінің
тарихындағы бел-белестің бірі ретінде бағалауға
Қайымдай еңбек сіңірген адам жоқ. Демек,
абайтанудағы жаңа бағыттың, ғылыми
тұрғының негізін қалады. Қазақ елі тәуелсіздік
алғаннан кейін ғана тынысы ашылып, өрісі
кеңіген Қайым Мұхамедханов Мұхтар Әуезовтің
орындай алмай кеткен арманын, “қазақтың
әдебиеттану ғылымының ішіне дұшпандық әрі
бүлдірушілік әрекет ретінде сіңіруге тырысқан”
мақсатын жүзеге асырды. Соңғы жылдары
Семейдегі екі Абай қорының көмегімен және
“Атамұра” баспасының азаматтық әрекетімен
жарыққа шыққан “Абайдың ақын шәкірттері”
атты үш томдық монография мен “Абай
мұрагерлері” деген көлемді еңбек – Қайымның
бұл саладағы жүргізген ғылыми еңбегінің
қорытындысы. Абайдың ақындық мектебі деген
ұғым Қайымның есімімен тікелей байланысты.
Сондықтан да, бұл еңбектің қадір-қасиеті
жылдар өткен сайын арта бермек. Оған еш күмән
жоқ.
Қайымның қазақ әдебиеті тарихындағы
екінші үлкен еңбегі – Абай шығармаларының
текстологиялық тұрғыдан зерттелуі мәселесі. Бұл
– бұрын қазақ сыни көзқарастарында назарға
ілінбеген, Қайым негізін салған ғылыми сала.
Әрине, Мұхтар Әуезовтің ақылымен жүзеге
асқан, сол дегдардың шапағатымен жарыққа
шыққан еңбек. Бұдан бұрын текстологиялық
зерттеу жүргізуге тарихы ғылымның мүмкіндігі
де келмеп еді. Дәл қазір де бұл сала жеке дара
дамып
кеткен
жо қ.
Әр
ғалымның
мо нографияларының соңғы бөліміндегі
түсініктер дәрежесінде ғана көшке ілесіп келеді.
Ал Қайымның Абай өлеңдері жөніндегі пікірлері
мен көкейкесті мәселелері әлі де күн тәртібінен
түскен жоқ. Қайым Мұхамедханов негізін қалап,
Әбіш Жиренше үн қосып, З.Ахметов пен
С.Қирабаев, М.Мырзахметов сияқты ғалымдар
тереңдеп із салғанымен де, Абайдың “сөзі
түзеліп” біткен жоқ. Түзеу үшін емес, түзу сөзді
орнына қою үшін түзеу жүргізілетін
жұмыстардың басы қайырылып бітті деуге әлі
де ерте. Абай шығармаларының соңғы толық
басылымына Қайым Мұхамедханов та қатысты,
бірақ сол тұста көзі ауырып, қағаз оқуы қиындап
кеткендіктен де белсеніп кірісуге мүмкіндігі
болмады. Алайда, ең әуелі Кәкітай мен
Тұрағұлдың өзі “Абайдың тұңғыш жинағында
жіберілген қате көп болды, соны анықтау керек
деген пікірінің жаны бар. Оған біздің де көзіміз
жетті. Әрине, бұл – басқа мәселе. Алайда,
Абайдың текстологиялық тұрғыдан зерттелуінің
жүлгесін салып, жүйесін жасауда Қайымның
еңбегі қашан да бірінші назарда тұратыны ақиқат.
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі де өте
салмақты. Соның ішінде жыраулар жөніндегі
өмірбаяндық зерттеулері мен текстологиялық
салыстырмалары бұл саладағы көптеген көмескі
жайлардың бетін ашып, тың деректермен соны
пікірлер түйіндеуге негіз қалады. Әсіресе, Бұқар
жырау, Махамбет туралы еңбектері ғылыми
дәлелімен құнды. Бір өкініштісі, ғалымның бұл
саладағы ғылыми мақалаларының басы
қосылып, дербес жинақ ретінде басылған жоқ.
Тарихи тұлғалар мен оқиғалардың ара жігін
ашып, оның көркем сөзде көрініс табулары
қақындағы дәйекті талдаулар бізге белгісіз және
қазіргі күнге дейін жаңсақ айтылып, қате түсінік
беріп жүрген бірталай мәселелердің анық-
қанығына көз жеткізді.
Қайым Мұхамедхановтың төртінші бір
түбегейлі зерттелген тақырыбы –ХІХ ғасырдың
аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген
жазба ақындардың өмір тарихы мен
шығармашылығы. Кезінде “кітаби ақындар” деп
шетке қақпайланған осынау талант иелерінің
мұралары енді ғана зерттеле бастады. Заманның
әр түрлі қақпақылына түскен олардың біраз
еңбектері
жоғалып
тынды.
Қайым
Мұхамедханов қилы-қилы қысымға қарамастан,
Әріп, Көкбай, Әділқан, Әсет, Әубәкір, Ақылбек,
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016 №1 (30)
17
Уәйіс, Шәкәрім, Шәкәрімнің Қабышы туралы
деректерді елу жыл бойы жинап, рухани
мұрамыздың ауқымды саласын құрып кетуден
сақтап қалды.
Қазір “Абай жолы” эпопеясы әлемдік
рухани
қазынаға,
қазақ
халқының
энциклопедиялық айнасына айналды. Мұхаң
оны өмір бойы зерттеп, жиырма жыл жазды. Сол
жиырма жыл ішінде Алматы мен Семейдің
арасына толассыз жолданған хаттардың саны
қаншама десеңші. Ұлы жазушының материалы
мол, зерттеуі мен зерделеуі тыңғылықты. Бірақ
таза түбіттің қылшықсыз түтілуі, жібектей
кіршіксіз болуы тиіс. Сондықтан да Қайымның
атына: “Осы ашық күні Ертіс жағалауынан
қарағанда мешіттің айы жарқырай ма екен…
Пәленбай көпестің үйінің ішкі бөлмелерінің
орналасуы былай емес пе… Мына сөзді
Шыңғыстағы Қатпадан, не Әрқамнан сұрашы.
Оның ішінде анау адам бар ма? Архивтегі
пәленбай материалдың көшірмесі керек.
Түгеннің түр-түсін анығырақ білші. Әлгі бір
оқиғаның өзге себептерін анықташы. Қоңыраулы
шана есіңде ме” – іспетті сұрақты арқалаған жұқа
хаттар іші томпиған жауаптарды алып, жеделдете
Мұқаңа қайта оралып жатты.
Әрине, бұдан бөгде емеурін ұшық
бермейді. Аға мен інідей араласқан жандардың
несиесіз достығы риза етеді. Мұқаң архивтің
шаңын қағып отырмай алаңсыз творчествомен
айналысты. Игілігін бүкіл халық көрді. Демек,
Қайым адал ниетімен сол жылдары тек жазушы
Мұхтар Әуезовке қол ұшын беріп қана қойған
жоқ, туған халқы үшін қызмет етті деген сөз. Міне,
ғалымның ерекше еңбегінің бірі осы.
Қайым Мұхамедхановтың ғалымдық,
ақындық, драматургтік қасиеттері жөнінде
кеңінен талдап айтуға да болар еді. Бірақ та, “Біз
қазақ, ежелден еркіндік аңсаған” – деген
әнұранның сөзін жасынан жаттап өскен ұрпақ
үшін мұның барлығы да белгілі.
Тағдыр талқысына түскен Қайым
Мұхамедхановтың бұдан кейінгі тағдыры да
тақтақ жолға түсті деуге болмайды. “Халық
жауынан” сескеніп қалған ел жұрт, ғылыми орта,
партия-әкімшілік орындары оны бауырына баса
қоймады. Ғылыми жұмыстарын қайтадан
тұжырымды негізге түсіріп, жүйеледі,
кандидаттық дәрежесін қайта алу үшін
жүргізілген кеңестер мен пікір айтушылардың
тексеруінен өткен тар жол, тайғақ кешулер,
ақыры “Абай шығармаларының текстологиясы”
жайында жаңа еңбек жазуға алып келеді.
Қаншама рухы күшті болғанымен де,
сергелдеңмен өткен он жыл өзінің салқынын
тигізді. Қайымның әрбір пікірінен кілтипан іздеп,
әр мақаласына қарауыл қойды. Сөйтіп,
“С емейдегі халық жауының бөлімшесін
басқарған”, “Абай музейін алашордашылардың
ұясына айналдырған”, “идеясы тұрақсыз, саяси
көзқарасы таяз”, “дұшпандық пен бүлдірушілікке
ұқыпты түрде дайындалған Қ. Мұхамедханов
деген әлдебір ғалымсымақ” туған қаласында өз
бетімен тыныш өмір сүріп жатты. Мұхтар
Омарханұлы дүниеден қайтқаннан кейін
Алматыда айлап жүруді де қойды. Бірақ та,
ұстаздық ете жүріп ғылыми ізденістерін
тереңдете білді. Соның нәтижесінде,
жоғарыдағыдай менменсіп, менсінбей сөйлейтін,
ғылыммен емес, ғылымның төңірегіндегі дау-
дамаймен, даңғазамен аты шыққандардың өзі
ғалымсымаққа айналып, есімдері ұмытылып
тынды да, Қайымның жұлдызы жана берді.
Әдебиеттану мен абайтану ғылымында өзіндік
дербес пікір, тұжырымы бар қазақтың
оқымыстысы дәрежесіне көтерілді.
Ал бұл күнде жаңағы “абайшылардың
атын” кім біліп жатыр? Біз де олардың кім екенін
білгіміз келмейді, жария етудің де пәлендей қажеті
шамалы. Ол өзі – шырмауық сияқты шұбатылған,
қырық буынды тақырып. Біз үшін ең маңыздысы,
тағдырдың диірменінен Қайымның қажымай,
сатпай, сатылмай өз пікірін қорғай отырып
тоқсан жасқа дейін өмір сүрді. Өйткені, “ұйқысы
тыныш, ойы орнында”, бірақ сол үшін қаншама
құқайды көрді десеңші.
Ғалымның соңында тоғыз томдық мұра
қалыпты. Со ның басылымына себепші
болғаныма ұстаз аға алдындағы парызымның
орындалғаны деп медет етемін.
ІІІ
«Арын жастан сақтаған» – деп үмітті
баласы Әбдірахманға қарата айтылған дәл осы
сөзді ұлы Абай бүкіл саналы өмірін, дәлірек
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016 №1 (30)
18
айтсақ адамға берген пенделік ғұмырын ақынды
зерттеуге бағыштаған алаштың адал азаматы
Қайым Мұхамедхановқа арнаған сияқты.
Өйткені бұл азамат Абайдың өзін мегзеп, сүйініп
отырған "келер күннің" арлы ұрпақтарының бірі
болғандығын тіршіліктегі бар болмысымен
дәлелдеп берді. Менің ойымша, біле-білген кісіге
бұдан артық Қайым туралы айтып жатудың
қажеті шамалы. Осындайда тағы да Абайдың:
"Арсыз болмай атақ жоқ, алдамшы болмай бақ
қайда" – деген сөзі еске түседі. Кімнің қанша
жасайтынын кім білген, әйтеуір анық ақиқат
біреу – әр адам көзі тірісінде игілікті ісі үшін жылы
сөз естуге тиісті. Оның үстіне, халқымыздың ұлы
рухани қазынасы Абайды бүге-шігесіне дейін
білетін ғалым жөнінде тарынатын ретіміз жоқ еді.
Мен бұл арада ғылыми атақ үшін немесе сілтеме
жас ауға ғана Абайды ауызына алған
ағайындарды айтып отырғам жоқ. Өзімнің бір
пендешілік ісім түсіп барған академиктің: "Абай
философияны біліп пе еді. Аристотельді естіді ме
екен" – деген сөзін естіген соң: осындай да
ағаларымыз елдің тізгінін ұстап отыр-ау деген
қыжылды ойға қалдым. Өзінен басқа ойшыл
таппай, білімсіздерге жөн сілтеп, көрегендік
танытып үйренген бұл «данышпан» Абайды
менсінбегенде, Қайымды қалай көзіне ілсін.
Абайтану ілімінің қилы-қилы талқыдан өткенін
білсе де, есіне алуды ауырсынған жаңағыдай
"жақсылардың" есінде түсіру үшін және
жастардың назарына іліктіру ниетімен қадірлі
ағаның өміріндегі ең бір қиын кезіне тоқталып,
қысқаша мағлұмат бере кетуді жөн көрдім.
"Адам жақсылықты да, жамандықты да
өзінің мінезінен табады" – деп Абай айтпақшы,
Қайым Мұхамедханов та өзінің жеке және
ғылыми өміріндегі "алғыс пен қарғысты" сол
турашыл, адал мінезінен тапқан. Мүмкін, оның
бұлай қалыптасуына үй-ішінің тәрбиесі де әсер
еткен шығар. Семейдегі қазақтардың игі
жақсыларының басы қосылып, Мұхамедханның
шатырлы үйінен Ахмет Байтұрсынов, Әлихан
Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел
Ғаббасо в, Жүсіпбек Аймауытов, Мәннен
Тұрғанбаев бастатқан ел ағалары үнемі дәм
татып, талай-талай сұхбат құрған. Шәкәрім,
Көкбай, Иса, Әміре, Мұхтар, Мағжан, Сәбит
Дөнентаев ол үйдің өз адамындай болды.
Бұлардың ішінде Мұхтар, Әміре, Исадан
басқаларының барлығы да халық жауы боп
ұсталды. Қайымды әкесінің үйінен қуып шыққан
соң да "шәкірт бала" олардан ат тонын ала
қашқан жоқ. Керісінше, солардың мұрасын
тірнектеп, сенімді жерге жасырумен болды.
Қандай қиыншылықты басынан кешсе де, сол
үшін түрмеге қамалса да, осынау халық көсемдері
жөнінде бір ауыз қиянат сөз айтпады. Ал ол тұста
атақ-даңқы дәуірлеп тұрған, ауыздарынан от
шашыраған "ел қамқорлары" қазір "ол кезде заман
солай болды" деп ойдан оқиға қосып естелік
жазып жүр. Соларды сөз орайында сұрай
қалғанымда Қайым аға:
– Ей, олардың жамылғаны – түн, жастығы
– қара мысық емес пе. Қанша бүркенсе де
адамның ойынан қашып құтыла ма? Ары мысық
боп мияулап, тырмалап тыныштық бермейді. Екі
қабатты үй де, жібекпен тұмшаланған перде де,
кілемі қалың еден де, атақ-даңқ та оған пана
болмайды. Әруақтардың елесі көзін жұмса – көз
алдында тұрады. Жаза, қарғысқа ұшырады деген
сол. Ертеңінде мыж-мыж боп оянып: ойбай
ұйықтай алмадым деп шағынып, қалайда ізін
жасыру үшін тағы да жылап-сықтап естелік
жазады. Онымды біреу өтірік деп айта ма деп
ішкен асы тағы батпайды. Айла-амалға көшеді.
Құдайға шүкір, ұйқым тыныш, ішкенім – адал.
Бетім ашық. Мен несіне жасимын. Сен оларды
әшкерелеймін, ұялтамын деп әуре болма. Қанша
жылағанмен көздің жасы көңілдің кірін
кетірмейді. Қайтесің, о л бейшараларды,
толағайсымақтарды. Тағдырдың өзі жазғырған.
Сол азап та жетеді. Және ашынған жандар
аямайды. Әлі де уыттары бойында. Олардың
өтірігін тоқтата алмайсың. Бір сөйлеміңе бір
мақаламен жауап береді де шындықты одан
әрмен шырмап қояды. Ал халық сенің сөзіңе
емес, оған сенеді. Қалай қармауды олар біледі.
Өзің сегіз жыл бойы кітабым шықпай жатыр
дейсің. Мұхаңның әруағын сыйласа қол ұшын
бермей ме. Олар әлі өтірігін айтып біткен жоқ.
Байқа, бала, аулақ жүр. Жолама, – деді, "өзінің
тәжірибесін" үйретіп.
Оның бұл айтқаны дәл келді. Араға біраз
уақыт салып барып отыз жеті-отыз сегізінші
жылдарғы науқан туралы архив деректерін
қарастырдым. Сондай бір тітіркенішті дерекке
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016 №1 (30)
19
жолығып, ертең жақсылап көшірермін деп
сақтауға қойдым. Таңғы сағат алты жарымда
«толағайдың» өзі телефон шалып, сағат сегізде
тез жетуімді «бұйырды». Ішім ашып қоя берді.
Кешегі деректен айырылғанымды, бұл адамның
әлі де салпаң құлақ тыңшылық жасайтынын,
архивтің ерекше бөлімінің қызметкерлері мен
тапқан құжаттарды бұған айтқанын бірден
білдім. Екі сағат шахмат ойнадық. «Сенгенің кім?
Деректерді нұсқаған кім? Кімнің туысысың?» –
деді. Мен Қайымды аузыма алдым. Сойдиған
кәрі тістері мен арса-арса беті шалбарлана
жиырылды да қолын сілтеді. Архивке жетіп
барғанымда кешегі құжаттарды «өңдеуге» алып
кеткен болып шықты.
Мен сонда ғана Қайым ағаның жан
сырының бір қатпарын түсінгендей болдым.
Бәсе: Мұхтар туралы естелік неге жазбайсыз,
қалай түрмеге түстіңіз, өсек-аяңға іліктірген кім
еді, сотта сізді кім қаралап сөйледі – деген қолқаға
үнемі немкетті жауап беруінің астары осында
екен. Ол өзін емес, шындықты арашалап, соны
сақтап қалу үшін ашық әңгімеден бой тартады
екен.
Бұл
мінезі,
Шыңғыстаудың
ақсақалдарының "әдісін" еске түсіреді. Марқұм,
Жұмакүлбай, Қабыш, Леймен, Әбіш, Балтақай
сияқты қариялар әңгіме сұраған адамның кім
екеніне анық көзі жеткенше шындығын ішінде
ұстап, түлкі жортаққа салып, ізінен адастырып
кетуші еді. Сол әңгімелерді шала ұққандар талай
дүниені шатастырып жазды. Кейін өздері ұялды.
Қауесетті әлі де малданып, "ойбай, анау алай
екен, Абай былай өліпті" – деп сыбырлап,
жыбырлап, өтірік күле әңгіме айтып, білгішсініп
сөз тасыған ағалар да арамызда жүрді-ау.
Әлгі дегдарлардың құрдасы Шәкір
Әбеновке және о лардың інісі Қайым
Мұқамедхановқа шындығын айтқыздым дейтін
адамға ешқашан сенбес едім. Өйткені, бұл екі
марқасқа да шындықтан басқа туыс жоқ,
шындықтан өзге дүние-мүлкі жоқ. Ал асылды
әркім шығара бермейді. Айтпайды, айтса –
қоспасыз ақиқат болғаны. Сондықтан да мен осы
мақаланы жазар кезде тым құрығанда өзім білетін
бірер жайды айтайын деп сарғайған газет
қиындыларын қарап шықтым. Соның ең
біріншісі "Семей әдебиетшілері" деп аталатын
1947 жылы 2 август күні "Социалды Қазақстан"
газетінде жарияланған мақала. Қайымға
құрылған алғашқы тұзақ еді бұл. Абайдың
ақындық мектебі туралы алғаш дербес әңгіме
қозғаған Қ. Мұхамедхановқа дүрсе қоя беріп,
тікелей саяси айыпқа көшеді. Онда: "Челкашты"
аударған адам мейлі Абайдың туысы, жақыны
болсын, ондай адамның бәрі прогресшіл,
Абайдың шәкірті бола алған жоқ. Абайдың
"Челкашты" аударған "шәкірті" Совет өкіметіне,
партияға қарсы күрескен, соңынан әшкерленген
адам. Облыстық газет бұл мақалада оның атын
бүркемелеп, атамай кіргізіп, "прогресшіл еді,
шәкірті еді" деп босқа лағып отыр. Абайдың бір
шәкірті Әріп ақын дейді газет. Әріп патша
чиновниктерінің, қазақ байларының мүддесіне
қызмет еткен атышулы тілмәш, өмір бойы Абайға
қарсы пікірде болған, үнемі бақастықпен өткен
адам… Абайдың енді бір шәкірті "Еңлік - Кебек"
поэмасын жазып еді дейді. Бірақ Абайдың бұл
"шәкіртінің" атын газет дәл айтудан қаймығып (?)
басқа біреуге бұра салыпты. "Екпінді" газеті оны
қаншама бүркегісі келсе де "Еңлік - Кебек"
поэмасын жазған адамды әдебиеттен сауаты бар
адамның бәрі біледі. Ол соңынан қолына қару
алып, Совет өкіметіне қарсы күрескен қас
дұшпан!… Облыстық газет осыны Абайдың
шәкірті еді, прогресшіл адам еді деп саяси
сауатсыздықтың шегіне жетіп отыр… Ішінде
азиялық, түріктік бағыттың шеңберінде болған
адамдар да бар. Газет осы "шәкірттердің" бәрін
сапқа қойып, "жаңашыл, прогресшіл әдебиет
өкілдері" деп бәріне бір ат қояды. Міне, Семей
"әдебиетшілерінің" бірі Қ. Мұқамедхановтың
қаламынан шыққан және редакцияның қабылдап
жариялаған "ғылыми мақаласының бірі осындай"
– деп әрі қарай кекетіп-мұқата жөнеледі.
Ол кезде Орталық басылымда мұндай
айып тағылған адамның жергілікті жердегі
жағдайының қандай болатыны өз-өзінен
түсінікті еді. Абайдың айналасындағы
адамдардың бәрін халық жауы етіп шығарған
осы мақаланың авторы алдыңғы қатардағы
санаткерге саналып жүрді. Осыдан жиырма бес
жыл бұрын Ақылия Тұрағұлқызының естелігін
«Лениншіл жас» газетіне жариялағанымызда
ішінде: Тұрағұлдың аты аталды – деп Орталық
комитетті шулатып, ақыры орынбасар редакторы
Сағат Әшімбаевқа түсініктеме жаздырып, сол
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
Достарыңызбен бөлісу: |