Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата28.12.2016
өлшемі2,75 Mb.
#665
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

2016  №1  (30)

112
тұрған жауынгерлік  ордендеріне қарап,  аң-таң
болдық та қалдық. Орден таққан адамды  тұңғыш
рет көруіміз де осы болатын» [6,10],- деп еске
алады.  Кейінірек  1966  жылдары  архив
қазыналарын зерттеп жүргенде А.Ярмұхамедов
өміріне қатысты мол деректерді кездестіргендігін
айтады. 1930 жылдары Семей округтік Атқару
Комитетінің  председателі  қызметін  атқарған
Абдолла Ярмұхамедовтің  өмір жолына арналған
мақаласы  -  тарих  беттерінен  сыр  шертетін
қазынаның бір тарамы.
Қ.Мұхамедханов  қаламынан  туындаған
келесі бір топтамасы – туыстас елдер әдебиеті
жөніндегі зерттеулері. Әдеби байланыс жөнінде
ғылыми  құнды пікірлер  қалдырып  А.Пушкин,
И.АКрылов,  М.Лермонтов,  Ф.Достаевский,
сондай-ақ  татар  әдебиеті  өкілдері:  Ғ.Тоқай,
Қ.Насыйри,  Ш.Камал  т.б.  туралы  ғылыми
мақалаларында олардың қазақ көркем ойының
дамуына  қосқан  үлесін  айқындады.  Сонымен
қатар поляк класигі - Лу Силь, тәжік пен парсы
әдебиетінің  тарихынан  құрметті  орын  алатын
ақындардың бірі – Саади Ширази, өзбек ақыны,
әрі драматург, әрі музыкант, әрі суретші, дарқан
дарынды  мәдениет қайраткері Хамза Хаким-зада
Ниязиге  арналған  зерттеулері  сындарлы  ой
иесінің  парасат  сүзгісінен  өткізгендігін
аңғартады.
Зерделей  қарасақ,  Қ.Мұхамедхановтың
зерттеу мақалаларының көлемі ауқымды: әдеби
тарихынан  зерттеу  мақалалар,  әдеби-сын
мақалалар,  әдеби-тарихи  очерктер.  Қандай
тақырыпқа қалам сілтемесін, Қ.Мұхамедханов
үнемі  ғылыми  тұрғыда  саралап,  тарихи
шындықтан 
ауытқымай 
жазады.
Қ.Мұхамедхановтың 
зерттеушілік
лабараториясына  үңілгенде  арнайы  зерттеу
таразысына  салған  қандай  мәселе  болмасын
мағыналы негізділігімен, тұжырымдылығымен
дараланады.  Бар  өмірін  тек  ақиқатпен
астарлатқан ғалым шындықты ар-намысынан да
биік  қояды.  Мазмұнды,  мағыналы  да  нәрлі
пікірлер  түйіндейді.  Зерттеуші    жазған  қай
мақаланы  оқысаңыз  да,  ел,  жер  тарихымен,
әдебиет  тарихымен,  әдебиет  өкілдерінің  өмір
жолының  беймәлім  жатқан  тұсынан  мол
хабардар боласыз.
Қ.Мұхамедхановтың  ғылыми  негізді
мақалалары  –  көпшілік  көкірегіне  білім  нәрін,
тарих  шындығын  дарытқан  құнды  мұралар.
Қазақ әдебиетінің келелі мәселелерін, жекелеген
тұлғалардың  шығармашылығын  дәйекті
зерттеулері негізінде нақтылады.  Қазақ әдебиеті
тарихына 
қатысты 
зерттеулері
Қ.Мұхамедхановтың  зерттеушілік  аясының,
ғалымдық  қарымының  кеңдігін  танытып,
ғалымның  сын-зерттеулерінің  түйіні  құнды
пікірлерімен ерекшеленеді.
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
Резюме
Resume
Автор  этой статьи  рассматривает важность  исследований К.Мухамедханова  области
казахской литературы.
The author of this article examines the importance of the area K.Muhamedhanov's Kazakh literature
studies.

113
2016  №1  (30)
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 2016 жылдың 8-9 сәуірінде
әдебиет зерттеушісі, абайтанушы, ақын Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына орай
өтетін «Қайым Мұхамедханов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Қайым Мұхамедханов және абайтанудың даму бағыттары
2. Қайым Мұхамедханов және әдебиеттану мәселелері
3. ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі: дәстүр және инновация
4. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың маңызды аспектілері
Конференция  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінде  өтеді.  Конференция  материалдары  жинақ
ретінде жарияланады. Конференцияға қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1. Баяндаманың көлемі 5-6 беттен аспауы тиіс, шрифт Times New Roman, кегль 14, үстіңгі және
астыңғы жағы – 2 см., сол жағы – 3 см., оң жағы – 2 см., 1,0 – интервал арқылы.
2. Парақтың жоғарғы сол жақ шетінде ӘОЖ (УДК) беріледі.
3.  Беттің  үстіңгі  жағында  –  жуан  қаріппен  жазылған  баяндаманың  аты,  оның  астында  екі
интервалда, бас әріппен автордың аты-жөні және тегі, жіңішке қаріппен жұмыс орны, қаласы, содан
екі интервалдан кейін мәтін берілуі керек.
4. Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі.
Материалдар  ұқыпты  тексерілген  және  баяндамаларды  рәсімдеуге  қойылатын  талаптарға
сәйкес болуы керек. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес
емес  материалдар  жинаққа  енгізілмейді.  Конференцияны  ұйымдастыру  комитеті  баспаға
ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығына ие. Ұйымдастыру жарнасы 3800 теңге (Шәкәрім
университеті қызметкерлері үшін 2200 теңге).
Қаржылық реквизиттер:
«Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университеті»  шаруашылық  жүргізу
құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
БИН 130840007973
ИИК АО «АТФ Банкте»
KZ79826F1KZTD2002319
БИК ALMNKZKA
КБЕ 16
Конференция  жұмысына  қатысу  үшін  өтініш  пен  баяндаманың  мәтіні  2016  жылғы
наурыздың  15-не  дейін  ұйымдастыру  комитетінің  электронды  поштасына  немесе  көрсетілген
мекенжайға жіберілуі керек. 071410, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Семей қаласы,  Глинка к-сі
20а, 209-кабинет. Электронды почта:  shakarimtanu.semey@mail.ru.
Байланыс телефондары: 8 (7222) 35-48-52 («Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы), 8 (7222)
35-82-99 (Ғылым бөлімі).
Биылғы  жылы    әдебиеттанушы,  Қазақстанның  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,
профессор,  абайтанушы,  текстолог,  ақын,  аудармашы,  драматург  Қайым  Мұхамедханұлының
туғанына  100  жыл  толды.  Осыған  орай  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік
университетінде    «Абай  арманы»  зиялылар  клубының  мәжілісінен  бастау  алған  іс  шаралар  өз
жалғасын табуда. 2016 жылдың 8 сәуірінде «Қайым Мұхамедханов және қазақ әдебиетінің өзекті
мәселелері»  Халықаралық конференциясы жоспарланып отыр.

114
2016  №1  (30)
Информационное письмо
Государственный  университет  имени  Шакарима  г. Семей 8-9 апреля 2016 года проводит
международную  научно-практическую  конференцию,  посвященную  100  летию  Каюма
Мухамедханова  «Каюм Мухамедханов и актуальные проблемы казахской литературы».
Основные направления конференции:
1. Каюм Мухамедханов и развитие абаеведения
2. Каюм Мухамедханов и вопросы литературоведения
3. Образование ХХІ века: традиции и инновации
4. Основные аспекты общественных и гуманитарных наук
Рабочие языки  конференции –  казахский, русский,  английский.   По итогам  конференции
издается  сборник статей.   Участникам конференции выдается сертификат.
Требования к оформлению докладов:
1. Объем доклада не должен превышать 5-6-х полных страниц компьютерного текста. Текст должен
быть набран в Times New Roman, кегль – 14. Межстрочный интервал – 1,0. Поля страницы: левое –
3 см, правое, верхнее и нижнее – 2 см.
2. В левой верхней части листа – УДК.
3. По центру название статьи прописными буквами жирным шрифтом; ниже через пробел фамилия,
и.о. автора(-ов) строчными буквами, ниже через пробел полное название учреждения, в котором
выполнена работа, город. Ниже через пробел – текст доклада.
4. Сноски и список использованной литературы дается в конце доклада.
Материалы, представленные  позднее указанного  срока или  оформленные не  в соответствии  с
требованиями,  не  рассматриваются  и  обратно  не  возвращаются.  Организационный  комитет
оставляет за собой право   отбора статей.
Организационный взнос - 3800 тенге (Для сотрудников университета Шакарим - 2200 тенге).
Финансовые реквизиты для оплаты:
РГП на ПХВ «Государственный университет имени Шакарима города Семей»
БИН 130840007973
ИИК в АО «АТФ Банк»
KZ79826F1KZTD2002319
БИК ALMNKZKA
КБЕ 16
Для публикации материалов конференции необходимо до 15 марта 2016 года прислать текст
доклада. Адрес: 071412, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область (ВКО), г. Семей,
ул. Глинки, 20 «А», 209-кабинет.
Электронная почта: shakarimtanu.semey@mail.ru
Контактные телефоны: Научно-исследовательский центр «Шакаримтану»: 8 (7222) 354852, Отдел
науки: 8 (7222) 358299.

115
«ШӘКӘРІМ» ЖУРНАЛЫ
____________________________________________________
Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті, «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы. Глинка көшесі, №20а.
Бас ғимарат, 209 бөлме. Байланыс телефоны:
8 (7222) 35 48 52;
Е-mail:  shakarimtanu.semey@mail.ru
Компьютерде беттеген: Өндірқан М.
Корректоры: Болесова А.
Беттеуге тапсырылған күні - 17.02.2016 ж. Басуға қол қойылған күні - 23.02.2016 ж.
Форматы - 60х84 1/8. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
баспаханасында басылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет