2015 №2 (27)
90
жерге жолаушылап бара жатқан адам болып ас
ішіп, түнде жүріп кетеді. Үйдегілер жатты-ау
деген мезгілде, жолаушылар байпақшаң,
білдірмей келіп Қодардың келінімен жолығып
жатқанын көреді. Бұған анық көздері жеткен
соң, ел адамдары жоғары діни орны муфтиге кісі
жіберіп, мұндай іске шариғатта қандай жаза
берілетінін сұратады. Муфтиден – ондайларды
дарға асып, таспен атып, аяусыз жаза беру керек
деген ахбар келеді. Сөйтіп, Қодарды ұстап алып
келіп, сұрап мо йнына салғанда: «Құдай
баламды алды – мен құдайға ерегісіп істедім», -
деген. Қодардың келіні мен екеуінің өлтірілуі
жайы осы. Қандай адам, қандай заң Қодардың
айуандық ісін ақтай алар екен?
Қодардың баласы Көгетай, оның баласы
Қиясбайды біз көрдік. Ол Абайдың ағасы
Тәңірбердімен құрдас. Қодар өлгенде Абай
бармақ түгілі туған да жоқ шығар. Құнанбай,
атасы Қодар сайтанға еріп, құдай қоспаған адам
баласына жатпайтын кінәмен өліп еді деп, онан
қалған Қиясбайды қатты еркелеткен және
балаларына еркелетіңдер деп тапсырған. Содан
ел, әрі Құнанбай балалары, әсіресе Абай
еркелетіп кетті. Мұны жазбаса да болатын еді.
Бірақ, мен басындағы айтқаныма қарай тарихи
шындығын жаздым. Жазушы тарих жазып
отырған жоқ қой. Ол роман жазды ғой. Оған
болмаған істі де жазуға, не өзгертіп жазуға ерік
бар емес пе? Жазушының мына сөзі де рас.
Жазушымен оңаша сөйлесіп: «Осы романдағы
адамдар кәдімгі мен білетін адамдар ма?»
дегенімде, жазушы: «Тек олардың аты ұқсас
болғанымен дәл өздері емес, істеген істері де
емес, және мұнда біржолата жоқ адамдар да
бар?» - деп бірнеше кейіпкерлердің (Айдар,
Ажар т.б.) аттарын атады. «Бәрі Абай үшін, қазақ
үшін айтылған», - деді. Осы дұрыс болуға керек.
Тағы бір айтқаны – тип, прототип дегендер
болады деп ұқтырып еді. Мұнда жағымды
адамдардың жағымсыз болып, жағымсыз
адамдардың жағымды болып жазылғаны сөзсіз.
Мысалы, Абайды қара жерге отырғызып, алдап
кететін, үстінен арыз беріп жамандайтын Ербол
– жағымды кейіпкер болып шығады. Бұл біз
білетін Ербол емес, жазушының ойдан қосқан,
өзі жасаған Ерболы т.б. Абайдың:
Күшік асырап ит қылдым,
Балтырымды қанатты.
Мергендікке үйреттім,
Мерген болды, мені атты,
-деген Ерболы емес пе!
Осы романдағы Құнанбайдың қалыпсыз
зорлық, жуандықтарын алып тастап,
адамшылық, беріктік, ұстамдылық, сөзге
шешендігін
ойшылдығын
қалдырса,
Құнанбайдың,
мен
айтып
отырған
Құнанбайдың өзі шыға келеді. Жазушы ақын,
жақсы Құнанбайды өзі іздеп тауып алсын деп
отырған жоқ па?!
Қазақтың келешек қамын ойлап, келешекті
болжап, сол қараңғы кезде, орыс мәдениетіне
бой ұрып, балаларын орысша оқуға берген, дін
оқуы болса да, қазақ баласының жайын ойлап,
жағдай туғызған, үй салып, мешіт салдырып,
балаларды о қыттырған сергек, сезімтал
Құнанбайды басқа надан, тоғышар, зорлықшыл,
парақор, өз басын ғана ойлайтын өзімшіл, топас
би, жуандармен бірге найзаға түйрей, олармен
бірге қоқсыққа қосып өртеп жіберемін деу дұрыс
болмас. Оған асыл жаралған Құнанба й өртене
де қоймас!
Құнанбай орыс халқының мәдениетін,
өнерін сүйген адам дедік. Бұған дәлел: ол өзінің
балаларын жиып алып, орыс халықының білім-
өнерін үйренбей қазаққа жақсы жол болмайды.
Біреуіңді орыс мектебіне берейін деген ойым бар
еді. Осыған қайсың барасыңдар? - дейді. Сонда,
Айқыз деген кіші әйелінен туған Қалиолла деген
баласы: «Тәте, батаңызды берсеңіз мен
барайын», - дейді. Қалиолла оны бітіріп шығып,
қызмет істеп жүргенде, жиырманың ішінде
қайтыс болады. Абайды, немере бауырларын
алғаш орыс мәдениетімен, әдебиетімен
таныстырған – Халел. Жылда демалысқа
келгенде, орыс әдебиетшілерінің шығармаларын
ала келіп, жақындарына таныттырып, орыс
әдебиетін білмей адам болу, адамшылық
борышты ақтау қиын дейтін де осы Халел.
Осыдан бастап Құнанбайдың баласы,
немерелері, ауыл-аймақтың балалары орыс тілін
үйреніп, әдебиететін оқуға ұмтылып, орыс
әңгімелерін ертек етіп айтатын болған. Петр
патша туралы ертектер сол күннен бастап
айт алатын болған. Абайдың Пушкин,
АСЫЛ СӨЗ
2015 №2 (27)
91
Лермонтов, Крылов және басқаларды аударуы,
Шәкәрімнің Пушкин, Толстой шығармаларын
қазақ тіліне аударуы сол Халелдің нұсқауымен
болған жетістіктер.
Құнанбайдың әділдік, адамгершілк атағы,
халықтың оны сүюі арта береді. Алғашқы
сайлаудан кейін Құнанбайды аға сұлтан етіп
сайлайды. Құнанбайдың әділ, ақылды таза,
халқына адал еңбек еткендігіне қазақтан басқа да,
мәдениетті жұрттың адамдарының да көздері
жететін уақыт келер!
Құнанбай жалпы қазақ балаларын оқытуға,
оның ішінде нашар адамдрдың балалары оқуға
Қарқаралы қаласынан құдайы қылып, медресе
салдырып, Хасен деген адамды оқытушыға
тағайындап, қазақ балаларын оқыттырған.
Содан оқып, көздерін ашып шыққан қанша қазақ
балалары болмады? Олар Медреседе әлі бар
болатын. Құнанбайдың осындай еткен еңбегін
бағалап, халқының ардақтайтын себебі
сондықтан. Құнанбай жасынан өте зерек болған
деп айттық. Осыған байланысты ол оқамаған
орыс тілін де аздап білген.
Құнанбайдың ауылы жайлауға барғанда
ауылының үстінен Қарқаралыға баратын үлкен
қара жолмен көп мұжықтар жүріп, солар келіп
сусын ішкенде, олармен орысша сөйлескендерін
естіген де бар. Бір мұжық шара аяқпен берген
қымызды тауыса алмағанда: «Пей, пей, твоя
остатка некто не пьет», - деп айтты дейді
Құнанбайдың немересі. Сонда немересі: «Тәте,
сіз орысша біледі екенсіз ғой, - дегенде: -Біздікі
қарадүрсін, естігеннен үйренген ғой», - деп
күліпті Құнанбай.
Құнанбай халық тілегін де, ұлық бұйрығын
да қалтқысыз орындап отырған адам. Елдің
айтысы, Құнанбай нашар старшынға кедей,
кемтарға налок тарттырмай, ұлық шығынын
малды ауылдарға, малы жетерлік адамдарға
тарттырып отырған. Ол кемтарға өте жомарт еді,
- дейді халық. Сондықтан, нашар, қорлық-
зорлық көргендер, кемтарлар Құнанбайдың
төңірегіне көп жиналған. Қазаннан, Орынбордан
қашып келген ноғайлар, Кавказдан қашып
келген серкеш, Қаратаудан асып келген қожалар,
ұлы жүзден қашып келгендер, Найман, Арғын,
Уақтан келгендер, тіпті Тобықтының басқа
руларынан келіп паналағандарды өзінің
асыранды бала етіп алғандары бар. Баста
айтқанымыздай, осылардың көпшілігіне әйел
әперіп үйлі-баранды етіп, әрқайсысына қыстау
берген Құнанбай. Былай айтқанда, Құнанбай
адал адамның баласын алалаған жоқ. Сонан бәрі
Құнанбайдың қолтығына сыйды. Олардың бәрі
туысындай болып кетті. Олардан қалған
тұқымдар әлі күнге дейін бар. Әлі күнге дейін
Құнанбай аруағын сыйлайды. Құнанбай
сондайлар үшін, жері жоқ нашарлар үшін,
зорлық-зомбылық көргендер үшін елдің әділетсіз
жуандарымен
алысты.
Құнанбайды
жамандаушылар: «Ол Жігітек Көтібақтан айыпқа
бірнеше қыстаулық жер алды», - дейді.
Оның ақиқаты былай: Құнанбай
Омбыдан келген соң, ел жиналады. Бөжей мен
Байсалды да шақыртып алады. Құнанбай
өзі жоқта болған жанжалды тексеріп,
барымтаны қайтарғызады. Оған Көкше Қаратай
бастаған елдің билері билік айтады. Құнанбайды
көрсетуші, оған жау болған жігітектен Бөжей,
Көтібақтан Байсал екені анықталады. Билер
Бөжей мен Байларға көп мал айыбын,
Құнанбайдың шыққан шығынын төлетпек
болады. Сонда Құнанбай: «Оларға малдан айып
салмаңдар, мен арымды малға сатпаймын деген
сертім бар. Және халық сұрады, мен оларды
кештім. Бірақ бұл екі атаның баласына айтатын
менің өкпем бар. Ол мынау: мен Құндызды
бойын Найманнан даулап, қайырып алдым.
Мырза баласын солай қарай жылжытып, Көкше
атам баласын да жер ауыстыруға көндірдім.
Менің бұл екі туысқаным бірге туғанын бұлдап
айтқаныма көнбеді. Жер бөлісіне көнбеді. Жерсіз
нашар таптар көбейді. Көздерің көрді, оларды
зорға орналастырдым. Енді басқа елдерге
келгендер көнбейді. Олар іздеп келді,
атамыздың абыро йына, арысы Тобықты
аруағына қорғалағалы келді. Менің атам
болғанда, бұлардың атасы емес пе? Неге ата
аруағын, ел аруағын бұлар сыйламайды. Қазіргі
келгендердің өздері бір-бір ауыл болды. Оларға
жер керек емес пе? Құдайдың жаратқан жері
барлық адамға ортақ емес пе? Олар бізге келген
жоқ. Саған келді дейді. Олары дау бола ма? Мен
елдікімін, елімнің баласымын, олар мен деп
келсе, ел деп келген жоқ па? Мінеки, менің
бұларға өкпем сол. Бұлар ел намысын қорғап,
АСЫЛ СӨЗ
2015 №2 (27)
92
ата аруағын сыйлайтын болса, айтқанға көнсін.
Ел аруағын паналап келгендердің біразын
орналастыратын жер бөліп берсін. Жоқ, елдің
табысына ғана ортақпын десе оларын айтсын»,
- дейді Құнанбай.
Осыған жиналған ел адамдары билік
айтып Жігітіктен, Көтібақтан жер кесіп береді.
Осы алған жерге Құнанбай басқа рулардан
келгендердің бірнешеуін орналыстырады.
Олардың барлығы Құнанбай өлгенше сол
жерде отырады. Құнанбай өлген соң олардың
қайсы біреулерін жуандар қуып жіберіп, жерін
тартып алып, жерсіз халге түсіреді. Бұл жерінен
айрылғандардың қайсы біреулері Құнанбай
өлген соң әділет те өлді деп Құнанбайдың
моласын құшақтап, жылай-жылай қош айтып
шыққан жеріне кетті. Онымен қоймай
Құнанбайдың өзі орналастырған нашар таптың
балалары Қарабатырдың кейбіреуін қыстауын
тартып алып, қыстаусыз тастайды. Аяғында
оларды Құнанбай немересі Шәкәрім өз жерінен
жер бөліп беріп орналастырады.
Құнанбай ойда жүрген бір арманын
істемек болады. Ел жайлауға шығып, өзінің
белгілі қонысы Байқошқар өзенінің сағасына
барып қонады. Құнанбай, Жігітек, Көтібақ,
Бөкенші, Көкшенің басты адамдарын шақыртып
алдыртады. Қаратай бастаған Көкше адамдары,
Бөжей бастаған Жігітек адамдары Байсал
бастаған Көтібақ адамдары, Сүйіндік бастаған
Бөкенші адамдары келеді.
Сол кезде осылардың араздығы бір түрлі.
Олар бірімен-бірі қандай араз партия болса да,
жай кезде құмалақ ойнасып, әңгімелесіп, тату
кісідей жүріседі екен. Бірінен-бірі ескі сөздерді,
тарихи оқиғаларды сұрасып отырады екен.
Сүйтіп, Құнанбайдың үйіне Олжай мен
Көкшенің адамдары лық толады. Құнанбай
бұларды неге шақырғанын айтады. Құнанбай
сөзін былай бастайды: «Баяғыда қалмақ пен
қазақ соғысқанда Қалмақтың атақты батыры –
Шарышпен Абылай жекпе-жек шығып, басын
алған. Осыған орай, қалмақтың ханы Қоңтажы
Абылайды өлтірем деп, аңдытып, аяғында қолға
түсіріп алған екен. Сонда Абылай үш ауыз
сөзбен құтылған екен өлімнен дегенді бәрің
білесіңдер. Сөйтіп, Абылайды өлімнен босатып,
Қоңтажы Абылайға: «Елің егін сала ма?»-
дегенде, Абылай: «Егін салмайды», - депті. Сонда
Қоңтажы: «Елің жер емшегін ембесе, әлі де
орнықпаса, жер емшегін ембей, ел болып
орнықпайды, орнықпаса ел болмайды», - деген
екен. Және білімді адамдар – отырықшыға
айналмай, елге білім - өнер орнамайды – деседі.
Қай ел болсын егін салып, еңбек қылып, қала
болмай, ер жете алмайды, білім-өнер бос
қалады. Білім-өнер болмаса, елдікте сән
болмайды.
Біз не бітірдік, жағаластық, жауластық,
алыстық-жұлыстық, өмірді осымен өткіздік. Елге
істеген еңбегіміз, артымызға үлгі етерлік іс
қалдырдық па? Жоқ. Айуан екеш айуан да
тұқымының, ұрқының жақсы болуына
қамқорлық жасайды, тұқымның қамын жейді. Біз
адамбыз ғой, біз неге келешек ұрпағымыз үшін
қам жемейміз? Сондықтан, маған бір ой түсіп
жүр. Осы ойымды сендерге ашып айтып,
ақылдаспақпын. Қаратай сенде де, Бөжей сенде
де, Сүйіндік сенде де, Байсал сенде де, менде де
нашар малы аз кедейлер көп. Осы кедейлердің
басын қосып, керекті көлік-саймандарын алып
беріп бір жерге отырықшылыққа орналастырсақ.
Олар еңбек етіп, егін салар еді. Жер емшегін емер
еді. Олардың балалары оқып, білім-өнер
үйренер еді. Қазына да жәрдем етіп, медресе
салып, басқа адамдардың да балалары да оқыр
еді. Ал, малдыларға қала бол деп, бұл күнде
көндіре алмайсың. Малсыздарға аздап мал-
қаражат жинап беріп, егінге қолайлы жер
берсең, олар көнер еді. Егер көнбегендері болса,
зорлауға да болады ғой. Еңбектің жемісін көрген
соң, өздері де құнығады ғой. Осы істі істесек,
адамшылық борышымызға да, елдің болашағына
да пайдалы деп отырмын. Егер осыған келіссек,
бұларға егін шығатын, суы мол жер керек.
Сондай қолайлы жер Қаратай, Бөжей, Байсал,
мен төртеуіміздің қарауымызда бар. Мен
Байқошқар өзенін даласымен босатсам, Бөжей,
Байсал, Қарашоқы, Жәнібекті босатса, Қаратай
Бақанас өзенін босатса. Осы екі өзеннен тоған
алып, даласына егін салып, қала болып орнар
еді. Сүйтсек, біз елге айтарлықтай жақсы жоба
қалтырған болар едік», - деді.
Мырза-ау! Барлық қызықты жайлауды
кедейлерге беріп, біз қайда қаламыз?- деп шулай
жөнелді. Сонда Құнанбай: «- Бізге басқа жетпей
АСЫЛ СӨЗ
2015 №2 (27)
93
ме? Бір-бір қоныс шегінгеннен неміз кетеді.
Бүгінгі өз басымызды ойлап, елдің келешегін
ойламағанымыз жөн бе? Біз жерді бөтенге
берміз бе? Өзіміздің елдің нашарларына бергелі
отырмыз ғой. Біз елге не еңбек етіп, не
жақсылық қылдық? Жағаластық-алыстық,
партияластық осымен өтіп бара жатқанымыз
жоқ па? Енді тоқталып, ел қамын, келшегін
ойлайтын уақытымыз жетті емес пе? Өлсек
жерді ала кетпейтініміз анық емес пе? Сол
кедейлердің еңбегі жанып, өнерге айналса, өз
балаларымыздың, немерелеріміздің соған
ұмытылып кіріспейтініне кепіл бола аламыз
ба?»,- дейді Құнанбай.
Қанша ұқтырып айтса да, жуандар сөзге
көнбейді. Жайлаудағы қоныстарын қимай: «Жер
адамның бауыр еті, Құнанбай елді қала қылмақ.
Қала болғанша, мола бол дегендей, оған орыс
әкелмек, баласын орысқа беріп, шоқындырып,
енді елді шоқындырмақ. Құнанбай шатасқан»,
- деп сыртынан жамандап қайтысты.
Құнанбай осы ойына жете алмағанын
арман етіп, бертінге дейін айтатын болды.
Керейдің нашар жатақтары егін салуға
Байқошқар ағысын сұрағанда, Құнанбай оларға
рұқсат етіп, егін салдырды. Ол егіндіктердің
орны бертінге дейін жататын.
Көкше табынан шыққан Табылды
деген адамның інісі Қарқаралы маңында қолға
түсіп, абақтыға жабылып қалады. Бұл хабарды
Табылды естиді. Ол інісіне тамақ беріп тұруға
келінін алып, Қарқаралыға жүрмек болады.
Осы қарсаңға Қарқаралыға ақша өткізуге тілмаш
жүрмек болады. Соның пар атының басын
ұстай баруға Табылды шығады. Ол келінін қоса
алып, тілмаштың көшірі болып жүріп кетеді.
Қарқаралыға бір күндік жер қалғанда,
жолаушылар бір бұлақтың басына келіп түнейді.
Түнде бұлақтың төменгі жағындағы көгалға ат
жаюға Табылды кетеді. Әлден уақытта, әйелдің
айғайлаған дауысын естиді. Табылды жүгіріп
келсе, келіні жылап отырады. Не болды деп
сұраса, келіні: «Мына орыс мені әуреледі», -
дейді. Сол жерде Табылды тілмашты бас салып
сабап, бар киімін шешіп алып, арбаның
дөңгелегіне мықтап танып, ақшасын, алты
атарын алып, екі атқа екеуі мініп, жөнеп береді.
Келінін бір ауылға таст ап, Табылды
Қарқаралыға келеді. Інісіне тамақ беремін,
жолығамын деп жүріп інісін де шығарып алып
қашып кетеді.
Артынан бұл іс білініп, ұлықтар қазақ
басшыларын қысып, Табылды табылмай,
қашқын болып кетеді. Осыдан кейін Табылды
жол жүріп, Семейден Аягөзге бара жатқан, екі
ат жеккен шаналы майорға кездеседі. Табылды
қасында бір немере інісі бар, майорды Тасбекет
алдында тонап, өлтіріп, қасасын аузына тістетіп,
қазақ көшірді өлтірмей, байлап тастап, екі атты,
қару-жарағын алып кетеді. Бұл хабар елге
жайылған соң, елге ұлықтар солдаттар алып
шығып ылаулап, сойыс жеп елдің тас-талқанын
шығарады. Қазақ орыстар елден белгілі жүйрік
аттарды алуға шығады. Торғай руынан
Садырбай дегеннің әйгілі сұр атын алуға келеді.
Қазақ орыс сырттан: «Атты шығар», - деп
Садырбайға айғайлайды. Садырбай шығып:
«Тақсыр, түсіңіз не боп қалды?, - дегенде, қазақ
орыс: «Түсуге уақыт жоқ, майорды сенің қазағың
өлтіріп кеткен», - дейді. Сонда Садырбай:
«Ойбай-ай! Не дейсіз? Майорды өлтірген», -
дегенде, қазақ орыс: «Не қалай өлтіргені бар,
басын кесіп, қасасын аузына тістетіп кеткен, көп
оттамай атты әкел», - деп ақырды. Сонда
Садырбай: «Қасасы емес, тақсырдың аузындағы
найы шығар», - деп қазақ орысты алдандырып
жүріп, қораның сыртқы есігінен атын баласына
мінгізіп қашырып үлгереді. «Майордың
ауызындағы найы шығар» деген сөз елге мақал
боп тарап кетеді. Қазақтың бірнеше басты
адамдарын Қарқаралыға жауып қояды.
Тілмашты тонау Қарқаралы маңында
бо лғандықтан
алғашында
Қарқаралы
маңындағы қазақ басшылары жабылалы.
Артынан, майорды өлтіру Найман мен Тобықты
жапсарында болып, Барақ пен Құнанбай неге
жабылмайды деген арыз түседі. Осыдан кейін
Қарқаралыға Барақ пен Құнанбай да жабылады.
Тергеуші: «Табылдыны табасыңдар, тілмашты
тонап, майорды өлтірген сол, оны таппасаңдар
орнына өздерің айдаласыңдар», - дейді.
Құнанбай ұлықтарға арыз етеді: «Бірнеше
адамды бұл төрт қабырғаға төрт жыл
қамасаңыздар да, Табылды мұнда өзі келмейді,
егер Табылды керек болса, бізді босатыңыз. Біз
Табылдыны іздейік», - дейді. Ұлықтар
АСЫЛ СӨЗ
2015 №2 (27)
94
ақылдасып, бұл жөн екен егер Табылды
табылмаса, орнына өздерің айдаласыңдар,
тапсаңдар босайсыңдар. Осыған қол қойып,
бармақтарыңды басыңдар», - дейді. Ол кезде
бармақ басуды бас кетуден кем көрмейтін кез.
Бармақ басып, басын байлауға ешкімнің батылы
бармайды. Құнанбай мен Барақ бастап, қол
қойып, бармақтарын басады. Сөйтіп,
Табылдыны табамыз деп, олар босанады.
Тұтқыннан босанған қазақ басшылары
ақылдасқанда, Құнанбай оларға: «Барлығың
үйлеріңе барып жатыңдар. Табылдыны Барақ
екеуіміз ізделік», - деп кеңес береді.
Еліне ардақты, халқы жақсы көретін
Құнанбай мен Барағы қамалған соң, олардың
қамын жеген ел Табылдыны сұрастырып, оның
бір немере інісімен Қытайға қашып кеткенін
анықтайды. Сол хабарды Барақ пен Құнанбайға
жеткізеді.
Құнанбай мен Барақ ұлықтан рұқсат қағаз
алып, екеуі атшы ертіп, Қытайға қарайтын Қызай
еліне жүріп кетеді. Ол кезде Қытайға қараған
қазақтарды Әлен төренің билеп тұрған кезі.
Төренің өзі қартайып, орнына баласы сайланған
мезгіл. Құнанбай мен Барақ барғанда, төре
баласы елдегі сьезде жүрген кезі екен.
Әлен төре Құнанбай мен Барақ келген соң,
үй тіккізіп, сьездегі баласын шақыртады. Баласы
келген соң, Әлен төре: «Бұлардың келген
жұмысын айтып, елді жинап, жақсы жауабын
беріңдер. Қарсы келіп жүрмеңдер. Бұл екеуінің
де атағы ерте шыққан адамдар. Бұларды орысқа
қараған барлық қазақ қадірлейді. Сендер де
силап жіберіңдер», - дейді. Сонда баласы:
«Құнанбай, Барақ болса да өз елінде шығар.
Бұтаға қорғалаған торғай да аман қалады, мен
бұта құрлы болмаймын ба?»- дейді. Әкесі: «Жоқ,
балам, оның болмайды. Бұл екеуі де адамның
көкжалы болып жаралған. Жөн жауап бермесең,
кегін алатын айласын табатын оларда ақыл да
бар, қайрат та бар. Барақ «Көкжал» атанған. Анау
жылы Қытай уәкілі әр елдің басты адамдарын
қабылдағанда, оның ішінде осы Барақ та болған.
Бәріміз Қытай уәкілін қарсы алғанымызда,
бәріміз қол қусырып басымызды жерге игенде,
Барақ басын жерге имей, қолын қусырып тік
тұрған. Сонда Қытай билеушісі: «Сен неге
басыңды имейсің»,- дегенде. Барақ: «Сен құдай
емессің, адамсың, қолымды қусырып,
амандастым, жерге бас иіп жығылу құдайға ғана
арналған, саған арналған жоқ»,- деп жауап
берген. Сонда Қытай әкімі жеңіліп, Барақты
қасына отырғызған. Ол: «Найман туысың, ал
Құнанбай қарадан асып туған ақылды, халқына
адал атағы жайылған ардагер. Жақсы күтіп, ісін
бітіріп жібер»,- дейді. «Және өзің барып сәлем
бер. Аңдаусыз басып, мін тақтырып жүрме»,-
деп тапсырады.
Әлен төренің баласы атшабары екеуі
бірдей жақсы киінеді екен, көрген адамдар
өңінен болмаса, киімдерінен айыра алмайды
екен. Әкесінен шыққан соң, төре баласы
атшабарына айтады: «Құнанбай мен Бараққа
барайық, олардың әулиелігін байқайық, сен
бұрын кіріп, менен жоғары отыр»,- дейді. Екеуі
тігілген үйге келіп, айтқанындай атшабар бұрын
кіріп, сәлем беріп, жоғары отырады. Амандасып,
ел жайын сұрастырып отырған Құнанбай төре
баласына қадала қарап: «Төмен отырсам да,
төрелігімді білдіремін дейсің бе? Жоғары шығып
өз орныңа отыр»,- дейді. Олар үйден шығып өз
әкесіне келіп, көргендерін айтады.
Сонда, Әлен: «Шырағым айттым ғой,
елдің басты адамдарын жинап, дұрыс жауабын
беріп қайтар»,- дейді.
Ертеңінде елдің басты адамдары
жиналып, Құнанбай мен Барақтың келген
шаруаларын сұрайды. Сөзді Құнанбай
бастайды: «Ағайын, саған тілмашты тонап,
майорды өлтірген Табылды қашып келіп отыр.
Біз соны іздеп келдік. Біздің бірнеше басты
адамдарымыздың бастары байлауда, қолхатпен
босады. Мынау Барақ екеуіміздің бастарымыз да
кепілдікте. Табылдыны таппасақ, бәріміз де
айдалатын болып отырмыз. Бізге Табылдыны
қайтарсаңыздар, құдайға да адамгершілікке де
дұрыс істегендеріңіз болады. Қазақтың бірнеше
басты адамдарының айдалуы қалай, бір
Табылдының айдалуы қалай? «Еркек тоқты
құрбандық» деген бар емес пе?- дегенде,
Қызайдың бір биі: «Ей, Құнанбай мырза!
Жаһит-Маһит деп шариғатыңды, құдайды
сұқпай-ақ қой. Бұл жерге бала оқытқалы,
шариғат айтқалы келгеміз жоқ қой. Қысқасы
Табылдыны бер дейсіз ғой»,- дегенде, түгі тік
тұрып, өңі бұзылған Құнанбай биге өткір
АСЫЛ СӨЗ
2015 №2 (27)
95
көзімен қадала қарап: «Дұрыс айтасың,
батырым! Байжігіттің құдаймен шариғат десе,
ат тонын ала қашатыны ежелден белгілі ғой»,-
деп аяғын айта бергенде жанында отырған
Барақ Құнанбайдың білегінен ұстай алып:
«Мырза, өмірімде салған бір-ақ қолқам болсын,
осы сөзіңнің майын маған қишы», - дейді. Сонда
Құнанбай Бараққа қарап шын сұрағанын
аңғарып: «Бердім» дейді. Онан кейінгі сөзді
Барақ жаймалап ала жөнеледі: «Қызай, сен менің
көп Найманымның бауырласы, қандас
туысқанысың. Біз қан жұтып, басымыз айдауда,
тағдырымыз біреудің қолында тұрғанда, сен
қалай болыспай май ішіп отыра аласың?
Майордың өлімі үшін қандас туысың айдалып,
шабылып жатса, сендер қалай тыныш отыра
аласың? Ертең осындай іс өз бастарыңа
келмесіне кім кепіл? Құнанбай айтқандай,
Табылды ел құрбаны болып қанша басты
адамдарын арысы өлімнен, берісі қинаудан алып
қалып бір өзі кетсе, оның арманы бар ма?», -
деп сөзін аз үзген кезде, қалың топтың ішінен
басына ақ орамал тартқан Табылды атып
тұрып: «Ей, туысқан! Қашып келіп қорғаладым.
Сіздер қорғаттыңыздар, көп рахмет! Қазақтың
бірнеше басты адамдарын мына Құнанбай мен
Барақтың бастарын байлатып, жауапқа
қалдырып, ел сүйген халыққа қадірлі болған
ардагерлерімді ренжітіп жолым да болмас,
тіршілігімнің мәні де болмас. Мені беріңдер, мен
барайын қауым! Құнанбай мен Барақтан бір-ақ
тілегім бар. Енді майорды өлтіргенде қасымда
інім бар еді, сол інімді аман қалуын
қорғасаңыздар болғаны», - дейді. Сонда
Құнанбай: «Інің аман қалады. Майордың
өлгеніне жалғыз ғана куә өзің байлап кеткен
атшы қазақ. Бір кісі куәлікке жүрмейді. Майор
өліп қалды, жауапта жалғызбын деп отырып ал.
Мойныңа салатын екі куә табылмайды. Және
ол атшымен де сөйлесіп, ініңді аман қалдыру
жағын Барақ екеуіміз табармыз», - дейді.
Құнанбай мен Барақ Табылдыны ертіп
алып елге тартып жүріп кетеді.
Былай шыққан соң Құнанбай Бараққа:
«Төре менен сіз не қолқа алдыңыз, мен не
айтпақ едім?»- дейді. Сонда Барақ Қызайдың
биіне: «Біз шариғат айтқалы келгеміз жоқ қой»,-
дегенде, сен Қызай, құдай десе ат тоныңды ала
қашасың. Қызай атасыз, саған құдай,
шариғаттың керегі не дегелі отыр едің, мен соны
сезіп, сөзіңнің аяғын қолқалап алғаным сол. Егер
сен сол сөзді айтсаң, бізге Табылдыны бермей
жіберетін еді. Бұлар Қытайға қарайды. Біз
білмейміз деп қисық жауап берсе не істейміз»,-
дейді. Құнанбай Бараққа қалжыңдап: «Барақ
менен төмен жерің осы, мен арым, намысым
кететін жерде жанымды аяп, кезекті сөзімді
айтпай қала алмаймын»,- дейді.
Бұлар жүріп отырып Шәуешекті басып,
үлкен қара жолға түседі. Бұлар түс мезгілінде
Қарақолда жатқан жүкті арбалы, ақ шатыр тіккен
керуенге кездеседі. Бұлақ басында екі қара
арғымақты суарып тұрған жас қазақ жігітіне
жолығып жөн сұрайды. Ол: «Әкәми бай
Шәуешекке жүк апара жатыр, анау шатыр
сонікі»,- дейді. Жігіт Әкәмидің қоста екенін де
айтады. Құнанбай жігітке: «Руың қай ел,- дейді.
Ол: «Орыс Қаржау Жуантаяқпын»,- дейді. Сонда
Құнанбай: «Сен Құнанбайды білесің бе?», -
дейді. Жігіт: «Білемін,- дегенде: - Сол білетін
Құнанбайың – мен, сен менің елімнің адамы
екенсің. Бір мешерге жалшы болып жүргенің
лайық па? Саған жұмыс тауып берем. Бүгін мен
осында болам, мына екі арғымақты алып елге
қайт. Сондық еңбегің сіңген шығар. Егер осыны
істемесең, көкке ұшсаң аяғыңнан, жерге кірсең
шашыңнан тартып, қайда кірсең де қоймаймын.
Мешерге жауабын өзім берем. Осы айтқанымды
істейсің бе?- дейді. Жігіт: «Қазірден бастап
істеймін»,- деп уағыда береді.
Құнанбай Бараққа: «Сен Табылдыны
ертіп, жүре бер, мен бәйбәтшаға амандасып
шығайын»- деп, жолдасы Мырзақанды ертіп
Әкәмидің қасына түседі. Бұлар кірсе бәйбәтша
төсекте жатыр екен, басын көтеріп сәлем беріп,
қарсы алады. Әкәми атқосшысына тамақ
әзірле»,- деп әмір етеді. Сонда Құнанбай: «Етке
қарамаймыз, жеңіл тағам істеп жіберсін»,- дейді.
Аздан соң шай жасалып, палау жеп, шайға қанып
алады. Шай құйып отырған жігіт дастархан
жинап, самаурынды алып кеткенде: «есікті аңди
тұр» деп Мырзақанға ым қағып, қасында
отырған Әкемиді бас салып, екі тақымының
арасына қысып о тырып, шашын құрдай
айғыздап, бір жақ мұртын, бір жақ сақалын
пышақпен алып, лақтай бақыртып дүре салады.
АСЫЛ СӨЗ
Достарыңызбен бөлісу: |