Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,99 Mb.
#6078
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

2015  №2  (27)
кетейік. Алматыда Жазушылар Одағы ғимараты
жанындағы саябақта  егде тартса  да, сұлу  өңі
таймаған  жұпыны  киімді  бір  әйел  дұрыстап
сөйлесе  білсеңіз,  сұраған  нәрсеңізді  жан-
жағына бір қарап қойып, қолыңызға ұстатар еді.
Ол 
машинкаға 
басылып, 
түптелген
Мағжанның бір томдығы, ол – әйел ақынның
жары Зухра шешей болатын.
Қазақ мемлекеттік университетінде 1966
жылы  бір  жиналыс  өтті.  Ұйымдастырған
про фессор  Бейсенбай  Кенжебаев  пен
профессор Хайролла Махмудов. Сөйлегендер
про фессо р  Темірғали  Нұртазин,  доцент
Александр Жовтис, жазушы  Тахауи Ахтанов.
Әңгіме  Мағжан,  оның  поэзиясы,  кітабын
бастыру туралы болды.
Қауіпсіздік  комитеті  қызметкерлері
жиналысқа келген адамдардың бәрін тізімдепті.
Сөйленген  сөздердің  бәрі  магнитафонға
жазылыпты.  Кейін  білдік,  сол  жиын  туралы
Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің
бюросы  арнайы  мәселе  қараған.  Татар
Хайролла Махмудов, еврей Александр Жовтис
партияда  жоқ  екен,  ал  коммунист  қазақ
Бейсенбай Кенжебаевқа партиялық қатаң сөгіс
берілген.
Мағжан өлеңдерін орыс  тіліне аударып,
енді басқалы жатқан «Простор» журналының
бас  редакторы,  жазушы  Иван  Шухов,  осы
әрекетті  қолдаған  мәдениет  министрі  Ілияс
Омаров қызметтерінен босатылды.
«Жастық  шақты  бойлап»  естелік
кітабында  башқұрт жазушысы  Сайфи  Құдаш
Мағжан Жұмабаевты ұлы ақын деп мадақтады.
Сол  кітап  СССР  Мемлекеттік  сыйлығына
ұсынылғанда  біздің  ағайындар  башқұрт
«ұлтшылын» әшкерелеп, арыз түсірді. Сыйлық
берілмей қалды.
Тағы  да  сол  Сайфи  Құдаш  Мағжанның
өмірі мен шығармашылығы туралы, оны ақтау
керектігін дәлелдеп, Қонаевқа 100 беттік хат-
зерттеу жіберді. Бірақ одан ештеңе өнген жоқ.
Алаш  қозғалысы,  Алаш  Орда  өкіметі,
Алаш қайраткерлері туралы шетелдерде қазақ
Мұстафа Шоқай, башқұрт Зәки Уәлиди Тоған,
өзбек Баймырза Хайт, орыс, неміс, ағылшын,
жапон  ғалымдары  еңбектері  басылды.
Анықтама,  энциклопедияларда  мәліметтер
берілді. Ең үлкен ерлікті Қытайдан Тахла Макан
шөлінен өтіп, Гималай тауларынан асып, Кашмир
арқылы  Түркияға  жеткен  көштің  басшысы
Қалибек Хәкім Рахымбекұлының перзенті Хасен
Оралтай жасады. Ол 1973 жылы Түркияда «Алаш
– Орта Азия түркі қазақтарының ұлттық ұраны»
атты  кітап  шығарды.  Автор  өз  қолы  жеткен
құжаттар, деректер, суреттер, мәтіндер арқылы
Алаш Орда, Алаш қайраткерлері туралы қысқаша
анықтамалық, миниэнциклопедия дерлік еңбек
тудырған. Кейін бұл саладағы қызметтерін Хасен
Оралтай «Азаттық» радиосында жалғастырды.
«Елім айлап өткен өмір» және «Елім айлап өткен
өмірден кейін» кітаптарында толық тиянақтады.
Мәскеуде  шыққан  түркологтар  туралы
анықтамалық кітапқа  Ахмет Байтұрсыновтың
өмірбаяндық деректерін бергені үшін (оның өзі
М.Дулатовтың 1923 жылғы мақаласынан көшіріп
алынған) академик А.Кононов үстінен қазақтар
арыз айтты. Ол аз болғандай В.Колбин алдында
1987 жылы сөйлеген бір тарихшы профессор «Біз
өз  ұлтшылдықтарымызбен  өзіміз-ақ  күресе
алатын  деңгейге  әлдеқашан  жеткенбіз»  деп
шіренгенін «Торжество ленинской национальной
политики в Казахстане» деген кітапшадан оқи
аласыздар. (Алматы, 1987, Қазақстан баспасы.)
Алаш қайраткерлерінің түп қазық идеясы –
қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-баба қанын төгіп
қорғаған,  сақтап  қалған,  мыңжылдар  бойы
ешқайда  көшпей,  тұрақты  мекен  еткен  жерді
бөлшектемей,  жатжұртқа  таптатпау,  сатпау,
жерден  айрылғаның  барлық  байлықтан,
дәулетіңнен,  құт-берекеңнен  айрылу,  өлу,  өшу
деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай
отырып,  алдыңғы  қатарлы  Европа,  Америка,
Жапония  үлгісіндегі  қағидаттарға  негізделген
демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған
жүйелермен  жүру  керек;  бұл  ретте  ешкімнің
нәсіліне,  жынысына,  дәулетіне  байланысты
шектеу жоқ; шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда
әкелетін  өнім  шығару  мемлекет  әрекетінің  ең
бірінші  шарты;  қазақ  тілін  дамыту,  оқулықтар,
сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу;
өз  ақшасын  шығару,  әскер  құрып,  елді  –
мемлекетті қорғау керек.
Қазақы дәстүрлерді берік ұстану, шариғат
шарттарына  адалдық,  әлемдік  ақсүйектік
әдептерді жете меңгеру, достық, қарызға беріктік,
АЛАШТАНУ

53
2015  №2  (27)
ең бастысы ұлт мүддесі үшін бәрін құрбан ету
сияқты асыл қасиеттерді Алаш қайраткерлерінің
баршасының  бойынан  табуға  болады.  Қазақ
елінің  пайдасына  қызмет  етер  деген  үмітпен
Әлихан Кадет партиясына, Ахмет пен Мұхтар
Коммунист партиясына мүше болды, бұл үміт
үзілген соң, үшеуі де ол партиялар қатарынан
өз еріктерімен шығып кеткен. Олар мансапқа
сатылу, билік алдында құлшылық ету, дүниеге,
байлыққа  ұмтылу  дегенді  мүлде  білмеген.
Біреудің  ала  жібін  аттау  жоқ.  Ашаршылыққа
ұшыраған  қазақтарға  жиналған  жылу  малды
есепсіз  шашты,  ағайындарына  берді  деген
жаламен жауапқа тартылып, Қызылордада көп
алдына шыққан Жүсіпбек Аймауытов сүттен ақ,
судан таза екенін оп-оңай дәлелдеп берген.
Халыққа аты мәшһүр, ұлтқа «Оян!» деп
ұран тастаған ұлы Міржақып еліне қаламымен
еңбек етемін деп, Думаның депутаттығынан бас
тартқан  ғой.  Жөн-жосығын  ешкім  білмейтін,
қарақан  басы  болмаса,  әлеуметке  жасаған
тырнақтай  еңбегі  жоқ,  сайлау  десе  атын
борбайлап шаба жөнелетін қазіргі далбаңбайлар
осыдан үлгі алса етті.
Тарих қадірін білген ағалар: Әлихан, Ахмет,
Міржақып,  Халел,  Мұхамеджан  –  алдымен
Абылайды,  Шоқанды,  Абайды,  Махамбетті,
Кенесарыны таныды. Бір-бірінің орнын ерекше
ұқты.  Әлиханды  серке  деп  мойындады.
Сұлтанмахмұт,  Шәкәрім,  Ахмет,  Міржақып,
Мағжан,  Мұхтар  сөзі  бір  жерден  шықты.
Мұндай  рухани  табысу,  бағалау,  емірене  сүю
Ахмет – Міржақып, Ахмет – Мұхтар, Мағжан –
Жүсіпбек,  Әлихан  –  Ахмет  араларындағы
бауырластық сыйластық құрметтен көрініп тұр.
Олар  басқа  ұлт  өкілдерімен  де  мұраттастық
негізде  құшақ  жайыса  білген  Щербина  –
Ә.Бөкейханов,  Потанин  –  А.Байтұрсынов,
Брюсов – М.Жұмабаев.
Алаш қайраткерлерін ақтау үшін құрылған
арнаулы комиссия 1988 орасан зор құжаттарды,
деректерді,  сот  хаттамаларын,  айыпт ау
актілерін,  көркем  шығармаларды,  зерттеу
еңбектерін, газет-журнал материалдарын, түрлі
арыз-шағымдарды,  әртүрлі  қорытындыларды
түгел  қарап,  зердеден  өткізіп,  ақырында
ұлтымыздың алып тұлғаларын өзіне қайтарды.
Бұл іске белгілі ғалымдар, жазушылар, қоғам
қайраткерлері қатысты.
Сол  шешімнен  кейін  тез  арада  газет-
журналдар, баспалар алпыс жылдан астам темір
құлыптың аржағында жатқан асыл дүниелерді
жариялай  бастады.  Зерттеушілерге  мүмкіндік
туды.  Кітаптар  шықты,  дисс ертациялар
жазылды.  Алаш  арыстарының  еңбектері  орта
мектептерде,  жоғары  о қу  о рындарында
оқытылатын  болды.  Алаш  зерттеуші
ғалымдардың үлкен шоғыры қалыптасты десек,
заңгерлер  С.Зиманов,  М.Құлмұхамед,
Ө.Озғанбаев,  С.Өзбекұлы,  фило софтар
Ж.Әбділдин, Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, тарихшылар
М.Қозыбаев,  К.Нұрпейісов,  М.Қойгелдиев,
Е.Сыдықов,  Х.Әбжано в,  әдебиетшілер
Қ.Мұхаметқанов,  Ш.Сәтбаева,  Р.Нұрғали,
Ж.Әбдіғазиев,  Ш.Елеукенов,  М.Базарбаев,
А.Еспенбетов,  Т.Жұртбай,  Р.Тұрысбек,
Д.Қамзабекұлы,    Ө.Әбдиманов,  тілшілер
Т.Қордабаев, Р.Сыздықова, Ш.Құрманбайұлы,
баспагерлер Ғ.Әнес, Д.Әшімханов, Е.Тілешов,
Т.Шаңбай  еңбектері  толық  дәлел  бола  алады.
Бұған Алматыда, Астанада, Семейде ашылған,
жұмыс істеп жатқан Алаштану орталықтарын
қосыңыз.  Арнаулы  журнал  шыға  бастады.
Семейде «Алаш» энциклопедиясы дайындалып
жатыр.
Алаш қозғалысының әлеуметтік істердегі
салған  арнасы  азат  Қазақстан  мұраттарымен
сабақтас  болса,  рухани,  шығармашылық
мұраттары  көркем  шығармашылығымызбен
кіндіктес.
Қазақ  әдебиетінің  жан-жақты  дамып,
барлық  жанрларда  қарыштап  өскен,  ұлттың
рухани сұранысына жауап берген бай-бағылан
дәуірін  тудырған  ХХ  ғасыр  қаламгерлері,
олардың  ғұмыры,  тағдыры,  шығармалары
туралы  бүгінге  дейін  айтылып  келген  пікір,
талдау,  зерттеу  енді  жаңа  тұрғыда  толығып,
соны пайым, жинақтау тұжырыммен қоюлана
түспек.
Жасыратыны  жоқ,  кеңес  өкіметі  құлап,
компартия билігі құрығанға дейінгі жетпіс жыл
бойы  әдебиет,  өнер,  гуманитарлық  ғалымдар
марксизм-ленинизмнің аузына қарады. Бейнелі
өнер,  ишарамен  сөйлейтін  әдебиет  тұп-тура
саясат шапанын кие алмайды, бірақ әдебиеттану,
сын саласында зорлықпен енгізілген қисындар
АЛАШТАНУ

54
көп болатын. Сондықтан да ХХ ғасыр әдебиетін
жаңаша  пайымдау,  оның  кезең-кезеңіндегі
стильдік-жанрлық ізденістеріне, бейне, көркемдік
қазынасына  баға  беру,  талантты  қаламгерлер
шығармаларының  эстетикалық  байлығын
анықтау, бір сөзбен бос топырақтан кенді аршып
алу – жеңіл-желпі шаруа емес, бұл – көп қажыр-
қайрат жұмсауды талап ететін ұзақ шиыр.
Қазақ  халқының  ұлттық  рухының
тамырына  балта  шабу  үшін  коммунистер  ең
алдымен осы қозғалыстың бастау көзінде тұрған
Алаш көсемдерін, олардың ізбасар шәкірттерін
бір  қырып  тастады  да  артынан  большевизмді
жақтаған, кеңес өкіметін мадақтаған коммунист
зиялылардың  өзін  де  сыпырып  әкетіп,  көзін
жойды. Аман-есен қалған оқығандарды үнемі
үркітіп-қорқытып  отырды,  анда-санда  науқан
жариялап, солардың ішінен де біреулерді жұлып
алып, түрмеге тығып отырды.
Кеңес  үкіметі,  партиялық  органдар
қаншалықты  қаталдық  жасап,  қырағылық
көрсеттім  дегенмен,  алаш  идеялары,  ұлттық
азаттық  рухы,  тәуелсіздік  сарындары,  әсіресе
әдебиетте,  өнерде, ғылымда  жойылып  кеткен
жоқ.
Партия 
қаулы-қарарларымен 
ой
нысанасын, тақырып жүйесін, бейне бағытын,
әдіс  тәсілін  белгілеп  берген  кеңес  дәуірі
әдебиетінің алғашқы өкілдерінің бәрі де Алаш
ұранды әдебиет шығармаларымен  ауызданған,
жазу-сызудың әліпбиін солардан үйренген.
Тарихшылар, әдебиетшілер еңбектерінде,
оқулықт арда,  түрлі  құжаттарда,  көркем
шығармаларда,  кинофильмдерде  күні  кешеге
дейін  партия,  үкімет  тарапынан  қадағаланып,
жоспарлы түрде бағытталып отырған арнаулы
саясаттың нәтижесінде Алаш қозғалысы, Алаш
партиясы,  Алашорда  өкіметі  туралы  тарихи
шындық  бұрмаланып,  қып-қызыл  өтірік
айтылып келді. Ең бастысы, Алаш қайраткерлері
қазақ ұлтының қас дұшпаны болып көрсетіліп,
олардың  шығармаларына  тыйым  салынды.
Әділіне келгенде, Алаш қозғалысына қатысқан
азаматтардың  басым  көпшілігі  ұлт  мүддесіне
арналған  күнделікті  аршынды  іс,  қарымды
әрекеттермен  айналыса  жүріп,  қуғын-сүргін
азабына  қарамастан,  әдебиет,  публицистика,
ғылым, аударма салаларында орасан бай мұра
қалдырды.  Кейін  қолдарынан  билік  кетіп,
халыққа қызмет етудің бір-ақ жолы – оқу-ағарту
саласы ғана қалған аз уақыт тыныс шақта ұлт
тілінде  ғылымның  барлық  жүйесі  бойынша
оқулықтар  жасауға  кірісті.  Алаш  ұранды
әдебиетті жасаған қаламгерлердің жеке басына,
шығармаларына  тән  ортақ,  сапалы  белгілер
олардың тағдырын, мұрасын біртұтас құбылыс
ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Қоғамдық белсенді әрекетке, негізінен ХХ
ғасыр басында шыққан бұл толқын 1905 жылғы
алғашқы  орыс  революциясы,  1917  жылғы
ақпан,  қазан  революциялары,  өкімет  басына
большевиктердің келіп, кеңес өкіметінің орнауы
секілді  аспан  жарылып,  жер  сілкінгендей
ғаламат жарылыстар тұсында қайрат көрсетті.
Осы ұлы ағыстардың  баршасы олардың жеке
өміріне, қоғамдық, шығармашылық тағдырына
ықпал жасап, терең із тастады.
Табиғатынан  дарынды  жаратылған  бұл
буын  өкілдері  қазақы  тал  бесікте  тербетіліп,
исламның  иманды  бұлағынан  нәр  алып,
мұсылманша хат танып, одан кейін жәдитше,
орысша оқып, орта, жоғары дәрежелі білім алған:
Орынбор, Омбы, Семей, Алматы, Ташкент, Уфа,
Қазан,  Мәскеу,  Петербор  секілді  шаһарлар
тәрбиесін  көрген,  өз  заманының  көзі  ашық
зиялылары.  Бұлар  мұғалімдік,  инженерлік,
заңгерлік,  экономистік,  дәрігерлік  секілді  сан
алуан мамандық иелері. Түркі, славянды былай
қойғанда, араб-парсы, ағылшын, неміс, француз
секілді  жеті  жұрттың  тілін  меңгерген.  Күрес
жолына шыққан кезде бұл ерлердің бес қаруы
сай еді. Сол замандағы кез келген озық елдің
зиялыларынан  асып  түспесе,  кем  соқпайтын,
әртүрлі ғылым негіздерін меңгерген, сегіз қырлы,
бір  сырлы  тұлғалар  еді.  Алаш  қозғалысына
қатысып, Алаш партиясын құрысып, Алашорда
өкіметін  жасаған  қайраткерлер  ішінен  қазақ
әдебиетінің алтын діңгек, сом тұлғалары шықты.
Отаршылдықпен шайқас,  артта қалушылыққа
қарсылық, надандықты мансұқ ету, азат, тәуелсіз
демократиялық, дербес мемлекет құруды биік
нысана ету, белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы
ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту
– бұл ағымда болған ұлылы-кішілі азаматтардың
баршасының  дүниетанымына  ортақ,  етене
қасиет сапалар еді.
АЛАШТАНУ
2015  №2  (27)

55
Бұл идеялар қазақ  әдебиетінде бұрынна
бар үлгілермен қоса жанрлық формалар арқылы
жүзеге 
асырылып, 
ро ман, 
драма,
публицистиканың  соны  түрлері  туды.  Әлем
әдебиетінің  классикалық  шығармалары
аударылды.  Сөйтіп,  әсіресе  Абай  сабақтарын
нысана  тұтқан,  бұрынғы  озық  дәстүрлерді
жалғастырған  жаңа  сапалы  Алаш  ұранды
әдебиет тарихымыздағы  ерекше кезең  болып
табылады.
Кеңес  өкіметі,  компартия  тап  тартысы,
саясат  шаруашылық  саласында  ғана  емес,
ғылым, білім, идеологияның да тізгінін қатал
тартып  ұстап  отырды.  Дәлірек  айтқанда,
марксизм-ленинизм  ілімін  темір  заңға
айналдырды,  бұра  тартқандардың  басын
шапты,  тілін  кесті.  Орасан  зор  мақсатты  іске
асыру  үшін  арнаулы  ұйымдар  құрылды
(Пролетар  жазушылардың  ассоциациясы,
Жазушылар  Одағы),  партия,  қауіпсіздік
комитеттерінде  өнер  қызметін  бақылап,
бағыттап, тексеріп, жазалап отыратын арнаулы
бөлімдер  болды.  Бұлар  жазушы,  әнші-күйші,
суретші,  композитор,  сәулетшілердің  жазған-
сызған, істеген-жасағанын ғана емес, жүрген-
тұрғаны,  ішкен-жегені,  ымдаған-сөйлегеніне
дейін түгел аңдып, жіпке тізіп, біліп отырды. Тап
тартысы, орыс үстемдігі, коммунистік мұратқа
көлеңке түсіретін  сәл нәрсенің өзі қырқылып,
өшіріліп, жойылды. Бұл үшін жоғарыдан қаулы-
қарарлар түсірілді, оларды талқылайтын, жан
беріп,  жан  алатын  жиналыстар  өтті,
«күнәһарларға»  тас  боран  жасалды.  Кеңестік
идеология санасына әбден сіңген, соған ұйыған,
Алланы  ұмытқан,  мұсылмандықтан  безген,
обал-сауапты,  рахым-қайырды  білмейтін
қаныпезерлер  әулеті  қалыптасып,  олар  ел
тарихын  мансұқтап,  отаршылар  алдында  бас
шұлғып,  ұлттық  игіліктерден  безіп  шығып,
санаткерлер төбесіне әзірейіл қамшысын үйірді.
Бірнеше  репрессия,  қызыл  қырғыннан
кейін  ұлы  қайраткер,  қаламгерлерінен
айырылып,  есеңгіреп  қалған,  тұла  бойын
түрме,  азап,  ажал  қорқынышы  билеген
жазушылар  біріне-бірі  сенбеді,  аяғын  аңдып
басты, шошынды. Сөйтіп табиғи дарын еңсесі
түсіп,  қор  болып,  партия  не  айт  десе  соны
айтты. Көр-жерді, бір күндік науқанды әуезе етті.
Тырнақтай қабілеті жоқ әлдекімдер таудай талант
иелеріне уағыз  айтты, не  жақсы, не  жаманды
үйретті, арыстанның басына албасты шықты.
Уақыт  өтті.  Заман  өзгерді.  Кешегі  бай,
кедей, завод, фабрика, колхоз, совхоз, 8 март, 23
февраль,  1  май,  Халықтар  достығы,  Октябрь
революциясы,  Ленин,  коммунист,  азамат
соғысы,  колхоздастыру,  индустрияландыру,
Отан соғысы, шаруашылықты қалпына келтіру,
тың шабуылы, космосты игеру секілді тақырып
қуалап,  саяси  тапсырыспен  өнер  заңдарын
мансұқ  етіп,  соцреализм  талаптарына  жауап
ретінде  жазылған  дәмсіз,  нәрсіз,  өтірік
шығармалар  бүгінде  жер  жастанды.  Бірақ
саптаяққа  ас  құйып,  басынан  қарауыл  қарап,
қаһарлы  қылыштан  қан  тамып  отырған  қат-
қабат қайшылықты заманда зорлық-зомбылық
көріп, боздақтары қуғын-сүргінге ұшырап, мерт
болғанмен, тірілер тірлігін жасады, қазақтың ұлы
сөзі – қазақтың әдебиеті өлген жоқ.
ХХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті  әлемдік
көркемдік  тәжірибені  меңгерген  дарынды
қаламгерлер  жасаған,  барлық  жанрларда
дамыған,  сұлулық  жүйесі  қалыптасқан,  биік
эстетикалық деңгейге көтерілген маманданған
өнер  екенін  тамаша  туындыларымен  әйгілеп
берді. Алаш ұранды әдебиет мұраттары ілгері
дамып, жай көзге оп-оңай шалына бермейтін,
өнердің ғажайып ұлттық игілік, асыл арна, биік
нысаналары  көгала  толқын  іспетті  ағыстар
талантты қаламгерлер шығармаларында өрістен
өріске  көтеріліп,  жаңа  арналар  тауып,  буы
бұрқырап жатты. Саясаттан қашу, тоталитаризм
құрығынан құтылу үшін қаламгерлер шыншыл
сөз  өткізудің  сан  алуан  тәсілін  тапты:  бүгінгі
тақырыптардан кетіп, тарих қойнауына сүңгіді;
астарлы, емеурін ой айту амалдарын меңгерді;
сөз өнерінің табиғатына жат сарындардан безді.
Көкейкесті  сырларды  бейнелі,  суретті,  ишара
сырлы  сөзбен  айта  білген  үздік  шығармалар
халық  махаббатына  бөленді,  ұлттың  рухани
игілігіне  айналды;  еліміздің  тұрмыс-салтын,
тарихын,  мінез-құлқын  өзге  жұрттарға
таныстырды.
Алаш  тарихын  1917  жылдан  бастау
шындыққа  келмейді  деп  білеміз.  Тұтастай
алғанда  қазақ  халқының  ұлт-азаттық
қозғалысының нақты әрекеттері, әдебиеті мен
АЛАШТАНУ
2015  №2  (27)

56
музыкасындағы 
сарын-мотивтер,
данагөйлерінің  ой  тағылымындағы  сан
ғасырлық рухани қуат 1905 жылы жанартаудай
атылды.  Бұл  әйгілі  Қарқаралы  құзырхатында
(петициясында)  көрініс  берді.  Қазақ  елі  орыс
патшалығына қарағаннан кейінгі әлеуметтік –
саяси жағдайға толық баға берілген. Жер-суға,
экономикаға,  мемелекеттік  құрылысқа,
мәдениетке, дінге, мектепке қатысты талаптар
нақты  айтылған.  Осы  көкейкесті  ойлар  1913
жылдан шыға бастаған «Қазақ» газетінің негізгі
арнасын  құрады,  1917  жылы  құрылған  Алаш
партиясы  бағдарламасының  жұмыс  жүйесіне
айналды.
Алаш қайраткерлері шоқ жұлдыз іспетті
қазақ  елінің  барлық  өлкелерінде  туған  аса
дарынды,  жан-жақты  таланттар.  Олар
партиялық 
ұйымдастыру 
істерінде,
құрылтайлар  өткізуде,  бағдарлама  жасауда,
көркем  әдебиетте,  публицистикада,  ғылымда,
педагогикада, дипломатияда қатар, тең еңбек ете
білді. Партияға мүше болған, ұлт үшін жандарын
қиған мыңдаған қатардағы қаракөз тағы бар.
Алаш  мүшелерін  түгелдей  қырып
тастағанмен,  о лардың  идеялары  қазақ
халқының санасында, жаужүрек перзенттерінің
іс  әрекетінде  жалғасып  жатты.  Бұл  ретте
Алаштың  бас  шығармасын  тудырған  Мұхтар
Әуезов, коммунист бола жүріп алаш идеяларын
іске асырған Смағұл Садуақасов, Ілияс Омаров,
Бауыржан  Момышұлы,  Ілияс  Есенберлин,
Ермұхан  Бекмаханов,  Бейсенбай  Кенжебаев,
Жұмабек  Тәшено в,  Өзбекәлі  Жәнібеков
ерліктері ұмытылмақ емес.
АЛАШТАНУ
2015  №2  (27)
Резюме
Resume
Автор рассматривает связь идеи Алаш с суверенным Казахстаном.
The author compares communications of an idea of Alash with sovereign Kazakhstan.

57
ӘДЕБИЕТТАНУ  ЖӘНЕ  ТІЛ  БІЛІМІ
АБАЙДЫҢ ШЫҒЫСТАҒЫ ШӘКІРТІ
Мақалада автор ақын Ақыт Үлімжіұлының шығармашылығына тоқталады.
Тірек сөздер: Абай, ақын, Ақыт Үлімжіұлы, сабақтастық, сөз өнері.
С.ЖАНБОЛАТОВ, профессор, жазушы, тарихшы,
ҚР мен ҚХР жазушылар одақтарының мүшесі
Ақындар бізден бұрын өтті талай,
                    Әсіресе Құнанбай баласы Абай.
                      Дәл сондай өткір сөзді болмасам да,
                      Мен де аз сөз жазып қойдым құрап-жамай....
Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов
 Алтайдың сонау батысындағы Арқаның
Шыңғыст ау  өңірінде  жатқан  Қасқабұлақ
жайлауының  тумасы,  қазақ  халқының  рухани
көсемі, әлемге әйгілі ғұлама, ақын хакім Абай
(Ибраһим) Құнанбайұлы Құнанбаевтан  23 жыл
кейін,  ҚХР  на  қарасты  Өр  Алтайдң  Қайырты
күзеулігінде  дүниеге  келіп,  Абай  қайтыс
болғаннан соң да қырық жылға жуық өмір сүрген
Ақыт құныға оқыған, Абайға құмарта еліктеген,
Абай  тұжырымдамасын  (ко нцепциясын)
барынша қолдаған, Абайды өзі тұрған елге кең
таныстырған, өзін Абайдың шәкірті есептеген
тұлға.  1897-1909  жылдардың  өзінде-ақ
Қазандағы  Хұсайыновтар  баспасы  мен  Қазан
университеті  баспаларынан  кемінде  тоғыз
(өлеңдерін,  жырларын,  назиралық  қисса-
дастандарын  қамтыған)  кітабы  (он  үш  рет)
жарық көрген ақын.
Ақыт  –  нағыз  ірі  тұлға,  кесек  тақырып.
Ойпыл  -тойпылға  толы  қараңғы  да  күрделі
заманына қасқая қарап, шындық пен әділдікті
батыл  жақтаған  еңбегі  сан  салалы  ұлы  ақын.
Соған сай бүгінгілер айтар, зерттер, таныстырар
қыры  да  көп.  Бұл  арадағы  мендік  сөз  тек
Ақыттың  Абай  атамыздың  шығыстағы
қазақтардан шыққан шәкірті екені жайлы ғана
өрбімек. Шәкіртсіз ұстаз – тұл. Жақтассыз көсем
– тұл. Абай атамыз – ұлы шәкірттері мен қалың
жақтаушылары  арқылы  тіпті  ұлылаған  алып.
Мұны білмеу хакім Абайды кішірейтуге итереді.
Ескерте  кетерлігі,  мен  бұл  мақаламда
Ақыттың  Абайдың  шәкірті  екенін  баяндауды
басты орынға қойғаным үшін тек Ақытты ғана
сөйледім.  Абай  әлемге  әйгілі.  Оның  үстіне
Ақыттың ұлы шәкірттігін Ақыттың үш қырымен
– ақындығын, ағартушылығын, философиясын
ғана көрсетуді жетерлік санадым. Және Ақыттың
ақындығына, ағартушылығына, философиясына,
көп  мысал  мен  көп  дәлелді  бастырмалатпай,
уәкілдік сипаты күшті мысалдарды ғана алып,
мақаламның ұзақ болып кетпеуінен сақтандым.
Өйткені  Ақытқа  қызыққан  жандар  үшін  оның
томдаған туындысы тұр.
Меніңше,  кім  де  кімнің  ұлы  Абайдың
шәкірті мәртебесіне ие деп танылуы үшін ол ең
әуелі аты затына сай, Абай атын төмендетпейтін,
қолынан келсе Абайды жоғарылататын ықпалды
ақын болуы шарт. Ақыт тап сондай ақын еді.
Ақындар  –  өлең,  жыр,  дастан,  поэма
сықылды  поэзиялық  туындыларды  жазып
2015  №2  (27)
ӘОЖ 821.512.122

58
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
шығаратын,  сол арқылы  халықтың  көркемдік
талғамын  өрлететін,  өмір  шындығын  жаңа
бейнелеу әдісімен, жаңа көркемдік ой жүйесімен,
жаңа  жанрлар,  соны  стильдер,  тың  тіл
өзгешеліктерімен бейнелейтін  өнер иелері,  әр
түрлі тарихи кезеңдердегі, әр қилы дарындылар.
Әлемдегі біртұтас қазақ жөнінен алғанда, оның
диаспорасындағы ірі тұлғалар (өзге елдерде өмір
сүрген  дарын  иелері  мен  қайраткерлер)
қағаберісте қалмауға тиісті, қалмайды да. Оның
ішіндегі  Ақыт,  Таңжарық  сынды  тұлғалар
міндетті  түрде  өзіне  лайық  орынға  қойылуы
керек.
Қазақ әдебиетiнiң ежелгi бастаулары Сақ,
Ғұн  (Күн),  Үйсін,  Қаңлы,  Алан  мемлекеттері
дәурендеген тұстарда (б.з.б. ІІІ-І ғасырларына
шейін), қазақ тайпаларының тарихымен тығыз
байланысты пайда болған “Алып Ер Тоңға”, “Шу
батыр”  дастандарында  жатыр  десек,  Түрік
қағандығы  кезіндегі  Орхон-Енисей  жазба
ескерткiштерi мен «Қозы Көрпеш, Баян сұлу»
жырлары арқылы түріктің (демек қазақтың да)
жазба  әдебиеті  дүниеге  әйгілене  түсті.  Түрiк
қағандығы  құлағаннан  кейiнгі  түркi  тiлдi
тайпалардың мәдениетiнің (өнерi, әдебиетi және
тiлiнiң, т.б.) дамуының негiзгi орталығы қазақ
даласы болды. Арабтардың мәдени және әдеби
мұрасы,  рухани  дүниетанымы  қазақ  елінің
ғасырлап жасаған дәстүрiн бұзып жiбере алмай,
оның баюына, өркендеуiне ғана ықпал жасады.
Сондықтан,  Қазақ  хандығының  құрылуы  да,
ұлы Абайдың шығармашылық ықпалы да, қазақ
жазба  әдебиетінің  бастауы  емес,  қазақ  жазба
әдебиетінің тың серпінмен көтерілуі деген дұрыс
болмақ.
Хакім  Абай  –  қазақ  жазба  әдебиетінің
дәстүрін жан-жақтылы байытқан, дамытқан ұлы
ақын. Абайдың ақындық қуатын танытқан үлкен
шығармасы  «Қансонарда»  1882  жылы
жазылыпты.  Одан  соң  (әсіресе    қырыққа
келгеннен  кейін)  ғана  көркем  әдебиетке
көзқарасы қалыптасып, оған бел шеше кірісіп,
халыққа сөз өнерімен ықпал жасауын күшейтіп,
шығармашылығын  үш  арнамен  (төл
туындылары;  «Қарасөз»  атанған  ғақлиялары;
аударған өлеңдері арқылы) өрбіткен екен.
 Бұл дәстүрді Абайдан соң жалғастырған,
оған 
үлес 
қо сқан 
С.Торайғыров,
А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев,
С.Сейфуллин,  І.Жансүгіровтер  екені  белгілі.
Алайда қытайлық (қазір екі миллионға жуықтап
бара жатқан) қазақ диаспорасында өмір сүрген,
Қазанда  жарық  көрген  мол  еңбектері  мен
қыруар  қоғамдық  қайраткерлігі  арқылы  өз
заманына  күшті  әсер  еткен,  Абай  мен
шығыстағы қазақ арасына алтын көпір болған
Ақыт Үлімжіұлы бұлармен қатар аталуға тиісті
тұлға екенін ұмытпауымыз тиіс. Бұл да «бірін
бірі батыр дейтін...» елдігіміздің маңызды белгісі.
Ақыт  о зық  ойлы,  биік  өрелі,  көп
туындылы күшті ықпалға ие болған. Сондықтан
да ірі ақын, әрі ұлы Абайдың шәкірті саналады.
Оған мына төрт мысал-ақ дәлел болады:
Бірі,  замандастарына  уәкіл,  әйгілі  ақын
Арғынбек Апашбайұлының 1926-жылы:
Абақтан аты шыққан Ақыт молда,
Тараған жазған хаты оң мен солға.
Басылып кітаптары Еуропада,
Оқып жүр қазақ алып қолдан қолға,
–  дегені.  Бұл  замандас,  қаламдас  тұлғаның
бағасы ғана емес, өз кезіндегі шығыстық күллі
қазақтың Ақытты алып санағанының да белгісі.
Енді  бірі,  Ақыт  71  жасында  қамалған
түрме қинауында 1940 жылы қайтыс болғаннан
со ң,  халық  жүрегінде  берік  сақталды,
шығармалары ұқыпты мәдениеткерлер қолында
құпия  қорғалды,  бірақ  солақай  саясаттың
салдарынан  40  жылдай  өзіне  лайық  биікке
көтерілмей келді. Солақай саясаттың беті қайта
салып, зерделі зиялы қауым Ақыт ақынды қайта
жарқ  еткізді  (мысалы,  1980  жылы,  Қалибек
Манапұлының  «Ақынның  сөзі  өлмейді»
мақаласы жарияланды) [1], 1994 жылдан бастап
томдаған  еңбектері  жарық  көрді.  Қытайлық
«Қазақ  тарихындағы  әйгілі  адамдар»  атты
кітаптар  тізбегінде,  Ақытты  арнайы
таныстырған «Ақыт Үлімжіұлы» атты кітапша
баспадан  шықты.  Мұның  арты  еңбектердің,
зерттеу  мақалалардың  интернетте,  Қытайда,
Қазақстанда, Түркияда жариялануына ұласты.
  Тағы  бірі,  Қытай,  Түркия,  Қазақстан
қазақтарының  көзқарақты  зиялы  уәкілдері
(мысалы,  Уаң  Жұңмиң,  Әуелхан  Қалиұлы,
Ахметбек  Кірішбаев,  Шәкен  Оңалбаев,  Ғазез

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет