2015 №2 (27)
9
Резюме
Resume
2015 №2 (27)
АБАЙ АРМАНЫ
Статья посвящена музыкальному наследию Абая Кунанбаева.
The article is devoted to musical heritage of Abay Kunanbayev.
10
АБАЙТАНУ
2015 №2 (27)
М.МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор
АБАЙТАНУ ХХІ ҒАСЫР КӨГІНДЕ
Автор мақалада абайтану ғылымының қалыптасуын, дамуын сөз ете отырып, ХХІ
ғасырдағы абайтанудың өзекті мәселелерін атап көрсетеді.
Тірек сөздер: абайтану, Абай, әдеби мұра, қара сөз, шығарма.
Қазақ елі ойшыл хакім Абайдың әдеби
мұрасын танып білуіне 125 жыл толып отыр
(1889-2014). Аз уақыт емес ғасырдан астам
мерзімді қамтиды екен. Осы аралықта абайтану
тарихының үш кезеңін бастан өткізіппіз. Әуелі
абайтану тарихының «Мұхтар Әуезовке дейінгі
зерттелу тарихында (1889-1834)» Абайды
танытудағы Алаш арыстары халықтық таным
тұрғысынан мақала зерттеулері арқылы
насихаттау әркеттері дұрыс жолға түсіп еді. Бірақ
кеңестік билік тұсында 1923 жылы Сәбит
Мұқано втың «Қара тақтаға жазылып
жүрмеңдер, шешендер!» деген аты шулы
мақаласынан
басталған
тұрпайы
социологиялық, компаративистік, формалистік
танымдағы идеялық с аяси шабуылдар
қараборандатып ушығып тұрды. Бұлар, тіпті,
ұлы ақын мұрасын терістеп, әдеби мұра ретінде
мансұқтауға дейін барды.
Мысалы
«Әдебиет
майданы»
журналының 1934 жылғы тұтас бір саны
түгелдей Абай туралы зерттеулерге арналды.
Мақаласы жарияланған авторлардың басым
көпшілігі
Абай
мұрасын
тұрпайы
социологиялық, компаративистік, формалистік
тұрғыдан теріс танытып, Абайдың әдеби
мұрасына таптық, саяси әлеуметтік тегіне қарай
бағаланып жатты. Бұлардан бағыт бағдары мен
мән мағынасы мүлде аулақ М.Әуезовтің «Абай
ақындығының айналасы» мен профессор
Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің
классигі» деген зерттеу мақаласы абайтанудың
сол тұстағы болашағына ғылыми жаңа бағыт
бағдарына тыңнан жол салған көсем ойлы
танымдар болатын.
Осы танымға Мұстфа Шоқайдың шәкірті
Есен Тұрсынның (Таһир Шағатай) «Яш
Түркістан»
журналында
1934
жылы
жарияланған «Түркістанның ұлы ақыны – Абай
Құнанбайұлы» деген мақаласымен үн қатып
жатуында мән бар еді.
1933-1934 жылдан 1961 жыл аралығында
қанаты кең жайылған «Абайтану тарихының
Мұхтар Әуезов кезеңі» дүниеге келді.
М.Әуезовтің Абай мұрасы туралы іздену, зерттеу,
ақын мұрасын әлем жұртшылығына таныстыру
жолында атқарған қызметінің қол жетпес екі
шыңы болды. Бірінші шыңы, көркем сөз өнері
арқылы, әсіресе, «Абай жолы» эпопеясын әлем
халқы жарыса оқып, ХХ ғасырдың ұлы
туындысы деп бағаланып жатты. Екінші шыңы,
абайтану жолындағы ғылыми зерттеу еңбегі
«Абай Құнанбаев» деп аталатын ғылыми
монографиясында ақын туындысы терең
талданып жүйеленді. Осы кезде абайтану
саласында тұңғыш рет кандидаттық, докторлық
диссертациялар қорғалып, монографиялық
еңбектер басылым көріп жатты. М.Әуезов
абайтануды биік деңгейге көтеріп кетті. Абайдың
жүз жылдық мерейтойында ақын мұрасы жан-
ӘОЖ 821.512.122
11
АБАЙТАНУ
2015 №2 (27)
жақты зерттеліп, баспасөзде кең тұрғыдан
насихатталып жатты.
1949 жылы КПСС ОК космополитизм
туралы қаулысы қабылданысымен әдебиет
по литцайлары тарапынан 1934 жылы
М.Әуезовтің ақын мұрасының рухани нәр алған
үш саласы туралы танымының екінші саласы
болып танылатын Абайдың шығысқа қарым-
қатынасы жайлы Абайдың «батысынан шығысы
басым» деген танымы қатты сыналып, аяусыз
терістеліп жатты. Бұл күрделі мәселе, әсіресе,
философ ғалымдар тарапынан да Абайдың
шығысқа қатысы терістеліп сынға алынды. Абай
мұрасының шығысқа қатысы жайлы пікір
білдірген ғалымдар сыналып, бір жағынан
қуғындалып әрі жазаланып жатты.
1961 жылы атақты жазушы өмірден өткен
соң, «абайтанудың М.Әуезовтен кейінгі дәуірі»
басталып та кетті. Біршама үзілістен соң жаңа
буын, жас талапкерлердің ғылыми зерттеу
еңбектері басылым көре бастады. Осы жаңа
буын, жас толқын жастар өкілі ғылыми тұрғыдан
ізденіп, жаңа таным, тың көзқарас тұрғысынан
келіп, Абай мұрасының шығыстық рухани
қазына көздеріне қарым қатынасы жайлы
күрделі мәселелер көтеріліп жатты. М.Әуезов
танымын бастапқы табиғи қалпына келтіруге
қызу атсалысып, о ны ғылыми ойда
қалыптастырды да (М.Мырзахметов. «Мұхтар
Әуезов және абайтану проблемалары. Алматы,
1982»). Мұндағы бір ескерер жағдай
космополитизм туралы қаулы қатаң бақылауда
тұрған кезде, сол саяси қысымнан сескенбей-ақ
«Абайдың шығысы М.Әуезов зерттеуінде» деген
төрт тараудан тұратын еңбектің ең үлкен тарауы
1982 жылы жарияланып кеткен еді. Тұңғыш рет
бұл сала ғылыми тұрғыдан өз шешімін тауып,
1989
жылы
докторлық
диссертация
қорғалғаннан кейін Абай мұрасының шығысына
орай кандидаттық диссертациялар да қорғала
бастады.
Мысалы, Жабал Шойынбеттің «Абай
қарасөзінің жанрлық, стильдік ерекшеліктері»,
Мақсат Әліпханның Абай мен Жүсіп
Баласағунидің «Құтадғу білігіне» байланысты
«Құттың кілті-кісілік», Сайдалы Оразалиевтің
«Абай мен Дауани», Ноябрь Кенжеғараевтың
«Абайдың айтушы мен тыңдаушы туралы
танымы», Тоты Көшенованың «Абай өлең
құрылысындағы
ерекшелік»,
Рахат
Саламатованың «Абайтанудың Мұхт ар
Әуезовтен кейінгі кезеңі», Талғат Ербай «Абай
және Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау»,
Айжан Картаева «Абай мен М.Әуезов әлеміндегі
рухани сабақтастық», Қалипа Әтенова «Қазақ
отбасы тәрбиесінің даму тарихы», Алматы,
«Қазақ университеті» баспасы, 2007, Иманғазы
Нұрахметұлы «Ұлыстық әдебиеттен ұлттық
әдебиетке дейін» /Алматы, 2005/ деген ғылыми
монографиялары жарияланып, Абайдың
шығысына байланысты күрделі мәселелер
көтере отырып әрқайсысы өз үлестерін қосып
жатты.
Ал, Мақсат Әліпхан өзінің докторлық
диссертациялық еңбегінде адамгершілік
идеясының көне грек өркениетті заманынан
бүгінге дейінгі даму жолы туралы «Қазақ
әдебиетіндегі адамгершілік ілімі» деген көлемді
ғылыми моно графиясын 2013 жылы
жариялады. Осы жолдар авторының 2014 жылы
басылым көрген «Абайтанудың» аса көлемді қос
то мдығы (125 баспа табақ) мен «Өнер»
баспасынан жарық көрген «Абай лұғаты», 2013
жылы жарияланған «Қазақ әдебиетіндегі
сопылық таным», 2015 жылы «Медет»
баспасында жарық көрген «Абайтану тарихы»
мен «Абайды оқы, таңырқа» оқулықтары
басылым көрді. Бұлардың бәрі де Абай
мұрасының шығысы туралы жазылған жаңа
таным, соны бағыттағы елеулі туындылар
басылым көріп жатты.
Міне, 1949 жылы космополитизм туралы
қатыгез қаулы Абайдың шығысына қатаң тыйым
салған тақырыпты «өлермен» зерттеушілердің
айтарлықтай өнімді еңбек етіп, жарияланған
ғылыми монографиялары абайтанудың шығысқа
қатысы жайлы соны беттерін айқара ашып,
біршама биік деңгейге көтере алды.
Бұл ғылыми зерттеулер Абай мұрасының
рухани нәр алған мұсылмандық шығысқа
шығармашылық қарым-қатынасы жайлы
ғылыми зерттеу еңбектердің тырнақ алды
бастамасы ғана деп білеміз. Тәуелсіздік
замандағы қазақ жастарының араб, парсы,
шағатай, түрік тілдері мен исламият тарихын
жете меңгеруі арқылы Абай мұрасының
12
АБАЙТАНУ
2015 №2 (27)
мұсылмандық шығысқа қарым қатынасы жайлы
келелі де іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
мейлінше молығып, салаланып, сапалы ғылыми
монографиялық зерттеулер жаңа бағыт алғанда,
ғажап құбылысты сонда көреміз. Бұл кезде
Абайдың жантану ілімі мен толық адам ілімі,
пәлсапалық лирикасы басқаша сөйлеген де, бұл
сала ой санадағы әлемдік рухани құбылысқа
айналып, түрік халықтарының болашақ
моральдық кодексінің іргетасына рухани тірек
болып қаланары талассыз шындыққа айналмақ.
Соңғы жылдарға дейін Абайдың әдеби
мұрасын танып білу, оны насихаттау
жұмысының бәрі де материалистік, атеистік
дүниетаным негізінде зерттеліп насихатталып
келгенін ешкім де терістей алмас. Өйткені
шындық
о сылай
болып
тұр.
Абай
дүниетанымын марксистік материалистік,
жауынгер атеистік т аным тұрғысынан
танытудың басында қазақ философтарының
айғайшы болып тұрғаны да рас. Абай туралы
көркем
өнер
жанрында
жазылған
шығармалардың бәрі де социалистік релизм
талабы шеңберінен шығандап кете алмағаны,
өйткені оған таптық дүниетанымы осылай
қалқан етіп қойылғаны белгілі ғой. Себебі,
КПСС ОК дүниетанымдық ұстанымы
марксистік материалистік, атеистік негізде саяси
идеологиялық
танымды
то лассыз
насихаттаумен айналысты. Әдебиет пен көркем
өнер саласы да осы танымға бейімделді. Қалың
оқырман, тыңдаушы атаулының бәрі де
дүниетанымы жағынан материалистік, атеистік
таным тұрғысынан қалыптасып жатты.
Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай
дүниетанымын
қазақ
фило софтары
материалист, атеист деген байламға келді әрі
осы танымды бүгінге дейін ұстанып малдануда.
Абайды танып білудегі басты кедергі оның
дүниетанымының барлық салаларын яғни
философиялық, этикалық, эстетикалық, саяси-
әлеуметтік салаларын анықтауға келіп тіреледі.
Осы салалардың бәрін де қазіргі философтар
материалистік модель тұрғысынан қарастырып
келеді. Осы әрекет, әсіресе, Абайдың 150
жылдық
мерекесінде
Қазақстан
фило софтарының ұжымдық еңбегі «Абай
дүниетанымы мен философиясы» деп аталатын
арнайы ғылыми зерттеулерінде өз көрінісін
тапты.
Бірақ философтардың бәрі де Абайдың
жетінші қарасөзіндегі «Дүниенің көрінген һәм
көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп
білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны
білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан
жаны болады. Әзелде Құдай Тағала хайуанның
жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол
әсерін көрсетіп жаратқан» (Абай. 2 том, Алматы,
1995, 165 бет), - деген даналық сөзіне назар
салмай келеді. Абай дүниетанымын танып
білуде Абай айтқан бұл ой пікірдің мән
мағынасы, болмысы, тіпті, бөлекше өркештеніп
дараланып тұр. Абай бұл пікірін ХІХ ғасырдың
соңында айтуымен де ерекшеленіп тұр емес пе?
Абай «дүниенің көрінген сыры» деп бізді
қоршаған материалдық әлемді айтса, «дүниенің
көрінбеген сыры» деп біздің тылсым сырға толы
рухани әлемімізді меңзеп отыр. Бұл іспеттес
терең пікірді Ясауидің «Девони хикметінен де»
ұшыратамыз:
Ілім екеудүр: тән мен жанға басшы турар,
Жан ғалымы хазретіне жақын турар.
Тән ғалымы залымдарға ұқсар ерміш
(Ясауи «Девони хикмет, Түркістан, 1993, 74
бет»)
– деп ой толғауында «дүниенің көрінбеген
сыры» мен жан ғалымы айналысады деп кесіп
айтатыны бар. Жан ғалымы көрінбейтін рухани
әлем сырымен айналысса, тән ғалымы
«дүниенің көрінген сырымен» бір жақты
айналысып, нәпсілік жолға ұрынып, дүниеқор,
дүниеқо ңыз болып қалатынына назар
аударатынын ашық аңғартады.
Абай айтқан дүниенің көрінген сырын
ашумен айналысатындар тән ғалымы
(техно крат ғалымдар) болса, дүниенің
көрінбейтін сырын ашуға ұмтылғандар жан
ғалымы болып шығады. Соның бірі хакім
Абайдың өзі болғандықтан, Абай жан
ғалымының ең көрнекті өкілі болып шығады
емес пе? Өйткені Абай 1898 жылы жазылған 38
қарасөзінде жантану ілімі туралы ой танымдары
біздің заманымыздағы квантты физиктерден бір
ғасырдан астам уақыт бұрын «дүниенің
көрінбеген сырына» айрықша мән беруі арқылы
13
АБАЙТАНУ
2015 №2 (27)
жантану ілімімен айналысып, пәлсапалық
лирикаларын жазуы ойшыл ақынның
кемеңгерлік тұлғасын көрсетеді.
1501-1510 жылдар арасында Фирдоусидің
«Шаһнама» дастанын қыпшақ тіліне толық
аударған мамлюк қыпшақ ақыны Шәріп Әмеди:
Хақты тану жолын іздегендер,
Бұл әлемде барша аң таң қалғандар,
– деп, аса жоғары бағалап ой толғауы кездейсоқ
болмаса керек -ті.
Абай «дүниенің көрінген сыры» мен
«дүниенің көрінбеген сырын» бірлікте қатар
алып танып білуді меңзейді.
Абай айтқан бұл даналық ойлардың
дүниені танып білуде мән-мағынасы аса терең
пәлсапалық ой танымдар «дүниенің көрінген
һәм көрінбеген сырын» еуропалықтар ХVI
ғасырда-ақ танып білген. Бірақ олар дүниенің
көрінген сырын ашып тануға, заттық игілікті
молайтуға, баюға шешуші мән беруі себепті,
материалистік, атеистік дүниетанымға
біржолата бағыт алды. Испан ғалымы Рене
Декарт болмыс пен сананы бөліп қарауға ерекше
мән
бере
қарағандықтан
«Арнайы
құрылғылармен өлшеуге болатын нәрселерді
ғана зерттейік, ғылым деп осыны ғана айтайық.
Ал, сана деген көзге көрінбейді, прибормен
өлшенбейді. Бар екенін білеміз. Бірақ көзге
көрінбейтін нәрсені зерттеп қайтеміз?»,-деп,
адамзаттың рухани әлемін танып білуден теріс
айналды. Мұның нәтижесі бүгінгі еуропа
халықтарының мінез-құлқы жағынан бұзылып,
моральдық қасіретке алып келді әрі олар
ғылымды имансыздық жолға түсірді. Яғни олар
ғылым жетістігін адамзатты қырып жоятын қару
жарақ жасауға жансала кірісті. Әлем халқын
отарлап, кейбір халықтарды жойып,
қалғандарын өз дініне зорлап кіргізіп, тілін
қабылдатып, ұлттық дәстүрін жойып, жаппай
мәңгүрттенуге алып келді. Ресей де осы теріс
жолды ұстанып, өзі жаулаған 47 түрік
халықтарын қасіретке ұрындырды.
Енді келіп атом, сутегі бомбасын,
биологиялық, химиялық, лазерлік қару-жарақ
түрлерін жетілдіруде өзара бәсекеге түсіп
жанталасуда…
Абай дүниенің көрінген және көрінбеген
сырын үйлестіре танып білуді мақсат тұтты.
Абайдан бастап түп иені танып білу жолында
пәлсапалық лирика жанрында жантану ілімін
меңгеруге яғни дүниенің көрінбеген сырын
ашып танып білуге ұмтылды. Абай бастаған бұл
дәстүрді ойшыл ақынның шәкірттері Шәкәрім,
Мағжан үдере дамытып тереңдете түсті. Осы
арқылы қазақ поэзиясында пәлсапалық
лириканы әлемдік деңгейге көтеріп, көш
бастады.
Бірақ бұл танымды Кеңе стік билік
тұншықтырып тастады.
Енді ХХ1 ғасыр басында квантты
физиктер танымынан кейін дүние бастауында
САНА тұр деген мүлде жаңа танымға келдік.
Бұрынғы
материалистік,
атеистік
дүниетанымымыз түбірінен қопарыла өзгерді.
Бұл жаңа танымды кванттық физиктердің атасы
неміс ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты
Макс Планктің «Ғаламды ЖОҒАРЫ САНА
билейді. Күллі әлем Оның көзге ілікпес қуаты
мен өзара байланысып тұр» деген шешуші
байламға келді. Біздің «материя мәңгілік, ол
өзгермейді» деген танымымыз жалған таным
болып шықты.
«Материя - сананың туындысы» деген
жаңа танымға біржола бет бұрдық.
Біздер, КСРО-ға қараған түрік тілді
халықтар, бүгінге дейін Дарвин ілімінен кейін
дүние бастауында материя тұр деп марксистік
материалистік дүниетанымға шырмалдық. Ал,
енді квантты физиктер ашқан ғылымдағы мүлде
жаңа танымнан кейін дүние бастауында Сана
тұр деген мүлде жаңа дүниетанымға келдік. Бұл
құбылыс әлем халқының ой санасындағы
шешуші төңкеріс болып, идеялық бағыт
бағдарымыз біртіндеп өзгере бастады. Біздер,
күдіктенгіш ғалымдар, бұл жаңа танымның тез
өріс
алмай,
тым
баяу
қозғалысын
шыдамсыздана әрі күдіктене қараудамыз?!
Енді жаңа дүниетаным тұрғысынан ойлап
қарағанда, Абайдың әдеби мұрасы мен ақын
дүниетанымын танып білу жолында
жүргізілетін бүгінгі ғылыми зерттеу
жұмыстарымыз қандай бағыт-бағдарда
болатындығын айқындауға аса басым түрде мән
беретін уақыт келді. Абайтану саласында 125
жылдық мерзімде жазылған өткендегі ғылыми
творчестволық зерттеулерге де осы жаңа
14
АБАЙТАНУ
2015 №2 (27)
дүниетаным тұрғысынан қарап, жетістіктеріміз
бен кемшіліктерімізге де сын көзімен қарап,
бағалайтын боламыз. Бұл дегеніміз орасан зор
қиын жұмыс болса да, қолға алатын тікелей
парызымызға айналып тұр.
Ал,
Абай
әдеби
мұрасы
мен
дүниетанымын о сы жаңа дүниетаным
тұрғысынан салыстырып ғылыми зерттеу
жұмысына Астана қаласынан бүкіл әлемдік
ғылыми зерттеу институтының деңгейінде тұра
алатын Абайтану, Жамбылтану ғылыми зерттеу
институты өзінің болашақ зерттеу бағыт
бағдарын енді дүние бастауында САНА тұр
деген жаңа дүниетаным тұрғысынан жүргізуді
өзінің ғылыми жоспарына негіз етіп алуы - уақыт
талабы. Жалпы адамзат баласының, әсіресе,
еуропалық және бұрынғы КСРО аумағындағы
халықтардың дүниетанымы түбірлі өзгеріске
түсіп, бұрынғы ұстанып келген марксистік
материалистік, атеистік көзқарас терістелуде.
Материалистік таным бойынша, материя
мәңгілік, ол өзгеріске түспейтін әлем деп келсе,
ол енді дүние бастауында Сана тұр деген жаңа
танымға жол беріп, тарих қойнауына кетуде.
Осы жаңа дүниетаным тұрғысынан
қарағанда, қазақ әдебиетінің басты саласы
абайтану да өзі жүріп келген ғасырдан астам даму
жолында орын алған әрқилы дүниетанымдық
құбылыстары да жаңа таным негізінде қайта
қаралып ғылыми қорытындылар жасалынбақ.
Сондықтан абайтану саласында осы жаңа
танымдық өзгерістерге тікелей байланысты
соны міндеттер алға қойылып, ескірген ұғым
танымдар өзгеріп жаңа таным соны көзқарастар
үстемдік ете бастайтын заман келді. Бұл ұлы
түбірлі өзгеріс мектеп пен арнаулы оқу
орындары мен жоғары оқу орындарын тұтас
қамтып, оларға арналған оқулық атаулының бәрі
де қозғалысқа түсіп, осы жолда ұстанған
дүниетанымдар жаңа дүниетанымға жол беріп
тезірек жаңа таным ұстанатын дүниетаным
негізінде жазып насихатталмақ.
Білім және ғылым министрлігі біздің
ұлттық болмысымыздан сырт не өлмейтін, не
өшпейтін реформалар ендіріп, батысқа еліктей
бергенше, енді күшті жаңа дүниетанымды тез
меңгеріп салбөкселік қалыптан арылып, сілкіне
жұмысқа кірісетін уақыт жеткенін ұғынып жол
бастаса кәніки!? Осы сала оңалмай шабандап
тұруы көпшілікті алаңдатуда. Өйткені оны
ұлттық рухы бар жоғы белгісіз жасыратыны жоқ
қой бастықтар басқаруда. Бұл жерге Жүргенов
тәрізді ұлттық рухы күшті арыстан бастықтар
келмей тұр. Өйткені төменнен көтеріліп, өткір
қойылған күрделі мәселенің біріне де жауап
бермей, томсарып «үндемеген үйдей бәледен
құтылады» дегендей қойылған сұрақтарға үн
қатпай жатып алады. Мысалы баспасөз бетінде
аралас мектеп, немесе қазіргі педагогика
ғылымының жүру рельсін ауыстыру туралы аса
күрделі ой пікірлерге жауап бермей жатып алуы
- осының айғағы.
Абайтану саласында ғылыми зерттеу ісімен
айналысатын Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтындағы Абайтану бөлімі,
Абай атындағы ұлттық педаго гикалық
университетінде ашылған Абайтану ғылыми
зерттеу орталығы, әл Фараби атындағы ұлттық
университетіндегі Абайтану ғылыми зерттеу
институты және М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан облыстық университетіндегі жаңадан
ашылған Немат Келімбето в атындағы
Гуманитарлық ғылыми зерттеу институтындағы
абайтану тобы т.б. зерттеу орт алықт ары
баршылық. Бірақ бұлар бір бірімен байланысы
жоқ, не істеп жатқаны беймағлұм бытыраңқы
күйде келе жатыр. Бытыраған сайын күш
бөлінеді. Бағыт бағдар беруге біреуі де
ұмтылмайды…
Енді Астанадан ашылатын абайтану
ғылыми зерттеу институты осы кемшілікті бір
ыңғайға келтірер. Өзінің ғылыми зерттеу
жұмыстарын жүргізуге арналған ортақ бағыт
бағдары арқылы жүзеге асырар деген үкілі
үміттеміз. Бұл үкілі үміт жүзеге асуы үшін
республикадағы абайтанушы ғалымдардың
басын қосып, ғылыми теориялық семинар
ұйымдастырып, пікірлер ағысын айқындап жаңа
ғылыми танымға негізделген ортақ бағыт
бағдарымызды нақтылы түрде айқындап бекітіп
алуымыз аса қажет болып тұр. Осы тұрғыдан
келіп абайтанудың болашақта алға қойылар
міндеттері туралы өз пікірімізді ортаға салудың
және басқалар тарапынан қосымша толтырулар
болар деген үміттеміз.
Абайтануды кеңе стік билік кезінде
15
АБАЙТАНУ
2015 №2 (27)
коммунистік тоталитарлық идеологияның
шеңберінде қысып ұстағаны жұртқа танымалы,
әсіресе, ақынның әдеби мұрасын танып білуде
әдебиеттің таптық, партиялық талабы шешуші
орында тұрды. Абай мұрасы негізінен осы талап
тұрғысынан ойшыл ақын мұрасын орыс
әдебиетімен байланысы ғылыми зерттеу
жұмыстарының басым түсіп, зерттеу еңбектері
осы тақырыптың айналасынан шыға алмай
жүргені көп мәселенің сырын аңғартады. Яғни
Абай мұрасының рухани нәр алған қазына
көздерінің бірінші саласы Абайдың қазақ
әдебиетіне қарым қатысына бірлі жарымды
зерттеу еңбектері жазылғаны болмаса, ірі,
салалы, жүйелі зерттеу жұмыстары жүргізілмей
келеді. Ал, Абайдың шығысы мүлде зерттелмей
атаусыз қалды. Бұл құбылыстың бәрі де Абай
мұрасын кеңестік дүниетаным тұрғысынан
насихатталып жатты. Оқырман атаулының ой
санасы мен түсінігін осы таным ұялап жаулап
алды, осы таным негізінде қалыптасты. Әбден
ойға ұялап, санаға сіңіп қалған кеңестік
танымнан оңайлықпен құтыла алмаймыз. Ендігі
мақсат зерттеліп жазылған көптеген ғылыми
еңбектердің идеялық ықпалынан оқырман
санасын арылту үшін жаңа дүниетаным
тұрғысынан ақын мұрасын жаңаша бағыттағы
насихатты күшейту уақыт талабына
айналғанын білу қажеттілігі туындап отыр.
Абай дүниетанымы ендігі туындайтын
ғылыми зерттеу жұмыстарында объективті
шындық тұрғысынан ашылуы – басты шартқа
айналмақ. Ойшыл ақын дүниенің көрінбеген
сырын танып білуге ұмтылу арқылы жол салған
жантану ілімі мен толық адам ілімінің құпиясын
ашып, не себепті адамзаттың рухани әлеміндегі
тылсым сырды танып білуге ұмтылу себебін
біле алмаймыз. Абайдың пәлс апалық
лирикасында орын алған басты мәселе – түп
иені танып білу. Абай ой танымындағы сөз
болатын пәлсапалық ой-пікірлердің бәрі де осы
мәселе төңірегіне жинақталған. Соның бір
тармағы жан мен тән туралы:
Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,
«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.
Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі,
– деп, өлең сөздің өрнегімен сыртқа шығарған
ой қазынасын бір шумаққа сыйдырған ақынның
пәлсапалық ой толғаныстарының сыры мен мән
мағынасы бүгінге дейін толық жан жақты
шешімін таппай келеді. Бұл бір шумақ өлеңнің
мән мағынасын қарапайым тыңдаушы мен
оқырманның өзі де бірден түсініп кетуі өте қиын.
Осы қиындықты жете ұғынған Қытай
қазағынан шыққан ірі ақын Ақыт Үлімжіұлы 1930
жылы Абай кітабымен тұңғыш рет танысқан соң,
ойшыл ақын Абайдың мағынасы терең ой пікірін
тыңдаушысына жеңілдетіп беруге кіріскенде
«Абай өлеңдерінің үзіндісін басына алып,
күрделі лебіздерін шештім. Бұл нұсқаға сонан
«Ғақылиялық үндеулер» деп ат қойдым» деп
ескертетіні бар. Мысал ретінде алар болсақ
Абайдың «Ақыл мен жан мен өзім» деген өлең
шумағын тыңдаушы ұғымына лайықт ап,
жеңілдетіп:
Ойласаңдар жігіттер,
Тән өледі, жан өлмес.
Денеден шығып кеткен соң
Қайта айналып, ол келмес.
Мені менен менікі
Айрылғанын ел білмес.
Мен дегенің жан болар,
Менікі деген тән болар.
Жан кеткен соң байқаңыз
Тәнде қандай сән қалар. (Ақыт Үлімжіұлы.
Шығармаларының толық жинағы. Кония)
– деп сол кездегі Қытай қазақтарының ұғымына
түсінікті етіп жеткізуге ұмтылған. Бұл әрекет
қазірдің өзінде қалың оқырмандар ой танымына
жеңіл әрі жетімді түрде қабылданатынын көріп
отырмыз.
Кеңестік танымдағы философтар Абайдың
осы ой пікірін негізінен идеалистік танымға
жатқызып, теріс мағынада насихаттап келді.
Абай осы өлеңінде «мен» яғни жан өлмейді дей
отырып, жанның өлмеу сырының екінші бір
көлеңкелі жұмбақ сырын ашып кететіні бар. Ол
«жан» деген адам баласы жан қуаты арқылы
өзінің өмірден ізденіп танып білгенін ой
сарабынан өткізе отырып:
16
АБАЙТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |