2015 №2 (27)
желеумен, қолма-қол жылжытып жіберді.
Тыныштық күндегі жасанды бөгесін нәтижесінде
біршама кешіккен кітап тым озғындамаса да,
«академиялық» жинақтан бұрын шықты. Мейлі
ғой, бәрі бір Шәкерім дерсіз. Бәрі бір емес екен.
Әуелден қисық, бұрыс таңбаға түскен
Шәкерім жырлары енді «Жазушы» баспасының,
әжептәуір ақын атанып жүрсе де, уәзін турасында
ұғымы жоқ әрі сырлы сөзден алыс, әйткенмен
өзінің артықшылығына кәміл сенген жауапты
редактордың қолына тиеді. Енді өлең өлшемінің
одан әрмен бүлінгені өз алдына, сол кездегі
советтік-балшабектік түсінік бойынша, нақты
мәтіннің өзі тағы қаншама «түзетуге» түседі. Мана
ғана жағалап айттық, біз сол заманның өзінде осы
бұзылған жинақ, бұрмаланған уәзін турасында
ұзын-сүре мақала жазғанбыз, ағымдағы
баспасөзде, одан соң жеке зерттеу кітабымыз,
ақыры көптомдық жинағымыз да басылған. Ал
мәтіндер текстологиясы тақырыбына арнайы
қалам тартуға мұрша келмепті. Бәрібір ештеңе
оңалмас еді деп ойлаймын. Өйткені уәзін жайын
ежіктеп айтқан, нақты атап көрсеткен сорақы
қателердің өзінің
ешқайсысы кейінгі
басылымдарда мүлде ескерілмепті. Бүгінгі
жұртшылық алдына тартылып отырған Шәкерім
мұрасының көпшілік бөлігі – «түзетілген», яғни
бүлдірілген, бұрмаланған нұсқалар. Заң қысып,
өкімет өкіріп тұрған жоқ. Бәрі өз қолыңызда. Аз
ғана ыждағат, жауапкершілік болса жетіп жатыр.
Қарап тұрып ішің ашиды. Қылмысқа ұласқан
немқұрайлыққа ыза боласың.
Уәзін, яғни өлшеміне қатысты арнайы
мақаламызда айтылмай қалған және қаншама
кілтипан бар еді. Бәлкім, тағы да езбелеуге тура
келер. Бұл жерде басқа тараптағы жалғыз-ақ
мысал. Әйгілі «Еңлік-Кебектің» «академиялық»
басылымы.
Трагедиялық дастан:
«А, құдай! Кінәмді өшір, сауапқа жаз,
Таусылмайды рақметің, не болмайды аз;
Жан кетіп, ағайын, мал қалған кезде
Өлмес, өшпес дәулетім осы қағаз!»,
- деген, сырлы, мұңды толғаныспен аяқталатын.
1988 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан
«академиялық» жинақта және атаулы бетінде
қаншама ғұлама тұлғалардың есімі тұрғаннан соң
күмәнсіз, қаз-қалпында көшіре салған кейінгі
басылымдарда бұл шумақ түп-түбірімен жоқ.
Со л кездегі рәсім бойынша, атеистік,
коммунистік көзқарас деп есептейік. Енді дәл
осы дастандағы ең бір мәнді, психологиялық
тұрғыдан шебер дәйектелген:
«Келе жатып қыз айтты:
- Батыр, саған,
Бір сөзім қалған екен айтылмаған...»,
- деп басталып, Кебектің баяғы Нысан – Абыз
болжаған бақытсыздық белгісі қара жартасқа көзі
түсетін, әйткенмен бойын бекітіп, қатал
тағдырына қарсы жүретін көрініс, соған орай
кейіпкердің ой тұрғысынан берілген: «Еңлік
үшін өлгеннің қапысы не!?» - деп аяқталатын
тұтас алты шумақтың қатардан шығуын қалай
ұғынуға болады? (Салғастырып қараңыз:
«Шәкерім, Өлеңдер мен поэмалар», «Жалын»,
1988 ж., 190, 180-181 беттер). Әлде
құрастырушылар мен баспа редакторына
жазмыш, тағдыр туралы толғамдар ұнамай
қалды ма екен...
Сорақының шеті қапелімде ашылған соң,
енді «академиялық» «Еңлік-Кебектің» бүлінген,
бұрмаланған кейбір тұстарын нақтылай кетейік.
Мұндай қателердің бірінші тобы – түпнұсқаның
жаңсақ оқылуынан туындаған. Мәселен:
«Қырылған соң қалмақтар жаман сасқан, -
Нұржайсын, Шәуешектен аса қашқан...» -
дұрысы «Нор – Жайсаң»; «Қалмақты шабысуға
Матай келген» және «Елді бастап әкелген Матай
батыр...» - «Мамай», «Мамай батыр»; «Қырды
алып, Бөктерге таласыпты» - «Қыдырды алып»;
«Тағы сынап көріңіз мұның түрін» -
«Тағысынан»; «Ту тіккен тобықтының қос
басшысы» - «қол басшысы»; «Кебекпен мені аз
ғана араздастыр» - «арыздастыр». Біз теріс
ұғылатын, мағыналық қателерді ғана
санамаладық, әйтпесе, ұсақ-түйегі толып
жатыр. Ендігі бір кілтипан – бүтінді бұзған ақсақ
тармақтарға байланысты. Оқып отырғанда,
жинақты дайындаушылар мен арнайы
редактордың әдепкі сауатының өзі тым төмен
екені андағайлап тұрады. Міне, қараңыз:
«Досыңды жау, дұшпанынды дос көрсетіп, –
Көзді байлап, нәпсінің қылғаны осы...» – Шоқаң
ете түстіңіз, алғашқы (толық мәтінде шумақтағы
үшінші) жолдың бір буыны асып кеткені бірден
аңғарылады. «До сыңды» бо лғаннан соң
46
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №2 (27)
«дұшпаныңды» деп үстеген, түпнұсқаны
оқымаған кісіге де айқын: «Досыңды – жау,
дұшпаныңды – дос көрсетіп». Мұндай, сауатсыз
қолмен көпе-көрнеу бүлдірген қиқалақ-шиқалақ
өлең тармақтары бірнешеу. «Ей, абыз! Аш
балыңды, қобызыңды тарт...» - «қобызын тарт»;
«Нышаны жоқ бет аузында сақал мұрттан...» -
«Нышан жоқ...».
Біз бағзыда Шәкерімнің күрделі өлең
өлшемдері танылмады деп кейіген едік, ол – білім
керек, сауат керек, өзгеше жағдай, енді мына он
бір буынды қара өлеңнің өзін ажырата алмай
жатқанда не айтарсыз. Ең кереметі, «Еңлік-
Кебек» осы қысқартылған, қидаланған, мүгедек,
кембағал қалпында ХХІ ғасырға өтіп, екінші,
үшінші қайтара басылып жатыр. Жалғыз «Еңлік-
Кебек» қана емес, Шәкерімнің барлық мұрасы.
Қазақ әдебиеттану ғылымының бұрнағы
жандайшап, жатақ қалыбы, бүгінгі сауатсыз,
сорлы кейпі осыншамалық мүсәпір жағдайға
жеткізді. Міне, Шәкерім қайта ашылғаннан бері
жиырма екі жыл өтіпті. Тақаудағы сегіз жыл –
яғни Құрқұдықпен жарысқан о тыз жыл
орайында ештеңе оңалатын түрі көрінбейді.
«Үмітсіз – шайтан» деп, бар тілеуімізді келесі –
ХХІІ ғасырдан күтпесек.
Иә, айтпақшы, Шәкерім тағдырының ең бір
қиын кезінде, 70-жылдардың басы, атақты,
беделді «Советский писатель» баспасының
Ленинград бөлімшесіне арнап, қазақ
поэзиясының алты ғасырлық антологиясын
дайындап жаттым. Белгісізді айтпағанда, атына
да, затына да тыйым салынған қаншама тұлға
бар: Нарманбет, Ғұмар, Мәшһүр-Жүсіп, Дулат,
Шортанбай, Мұрат... және Шәкерім.
Әрқайсының азды-көпті жыр-толғаулары,
ғұмырбаяндық анықтама және әдебиет
тарихындағы орындарын айғақтаған көлемді бас
мақала. Және дәйектеме һәм сөздік. Өте қиын
болды. Жұмыстың өзі емес, оны өткеру. Әйтеуір
«Бұл жақтың қасқыры білген жоқ, ол жақтың
қасқыры естіген жоқ» деген үміт қана. Бар
жағдайды құпия сақтаған едім. Ақыры, бір күні
түс көрдім.
Шәкерім біздің үйге келіпті. Киіз үй екен,
төрге шығып отырды. Өңі жүдеу, ұзын, қаба
сақалы ғана сол қалпында, үстіндегі киімі де,
әлде шапан, әлде тон, жөндем. Менің көңілім
босайды. Өлмепті, тірі екен деймін. Өзімнің атам
қайда? Көзге түспейді. Сол кезде оянып кеттім.
Абайды – әулие, Шәкерімді – пір тұтқан,
мені тәрбилеп, өсірген, қаршадайымнан
көкірегіме қазақтық сәуле құйған, өңімде ойда,
ал түсімде таба алмаған үлкен әкем Мағауия
ақсақал арада бірер ай озбай, сексен алтыға
қараған жасында дүние салып еді. Ол –
кейінірек. Сол сәтінде өзгеше түсті, әрине, жақсы
жорамалға баладым. Жарыққа шығады екен,
дедім. Шынында да, қаншама жүйкемізді
құртып, ішінара бірталай бүлініп, соншама азап,
бейнеттен соң әрең шықты. «Поэты Казахстана»
деп аталатын толымды антология. Әуелгі
қорлық пен мехнат, кейінгі сөгіс пен қырыс өз
алдына, әйтеуір ұзын сұлбасы, асыл сүйегі
бүтін. Ежелгі ақын, жыраулар аман өтті, тергеуге,
тексеруге алынған – жаманаты әйгілі Бұқар мен
Дулат, Шортанбай мен Мұрат. Дәл осы жолы
Шәкерімге шаң жұқпады. Алғаш рет жария
баспасөз бетінде нақтылап айтылған
қаламгерлік қызметі, әдебиет тарихында алатын
орны, шығармашылық бағасы және үлкен бір
топ өлең-толғауларының орысша аудармасы.
Ғайыптан өтіп кетті. Түнек заман – 1978 жыл
болатын. Шәкерім біржола ашылғанға дейін әлі
де ұзақ он жыл бар екен.
Ахат ақсақал (1900-1985) соңғы қуанышқа
жетпегенімен, алты ғасыр антологиясын көрді,
қолымен ұстады; өзінің әкесі, қазақ халқының
ұлы тұлғаларының бірі Шәкерімнің ақыр
түбінде кең дүниеге шағарына нық сеніп кетті.
Резюме
Статья посвящена проблемам текстологических изменений в наследиях Шакарима.
Resume
The article is devoted to the problems of the textual changes in the legacies of Shakarim.
47
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №2 (27)
Г. АПЕЕВА
, филология ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор м.а.
Орталық Азия университеті
ШӘКӘРІМ ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ ЖАЙЫНДА
Тірек сөздер: Шәкәрім, поэма, текстология, шығармашылық.
Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмаларындағы текстология мәселесі қозғалады.
Ғасырлар көшінде ұрпақтан-ұрпаққа,
атадан-балаға мирас етіліп қалуы тиіс әрбір
қаламгер шығармашылығының келешекке
іргесінің сетінемей жетуі – абыройлы іс. Әсіресе,
сонау ызғарлы жылдар ылаңы өз дегенін қылған
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларына
жанашырлықтың керегі жұртшылыққа жасырын
емес.
Ақын шығармаларын бастыру барысында
байқалмаған әр алуан дыбыстық ауытқулар мен
тыныс белгілерінің өзі тынысы терең туынды
үшін жаза қадым. Бұл жөнінде абайтанудың
шырақшысы
атанған
білікті
ғалым
Қ.Мұқамедханов «Ақынның бұдан дәл алпыс
төрт жыл бұрын жарияланған және ешқашан
маңызын жоймайтын өтініш-хатын, біздің
бәрімізге, әсіресе, әдебиет зерттеуші ғалымдарға
арнап айтылған өсиет деп білемін» [1], –десе,
А.Еспенбетов «Белгісіз себептермен жариялану
барысында қисапсыз қателердің орын алуы
ақынды қатты күйзелткен. Мәтіннің адам
айтқысыз қателікке ұшырауын сөз қадірін
жанымен ұғатын нәзік сезімнің, салиқалы
ойдың иесі қиналыспен қабылдап, қолына қалам
алған. Шәкәрім-суреткер мәтін айқындығына,
түзулігіне аса жо ғары талап қойс а,
зерттеушілердің алдындағы ең ірі проблема сол
деп ұғалық» [2, 215-б], – дейді.
Шәкәрім шығармаларының 1988 жылы
«Жазушы» және «Жалын» баспасынан екі
жинағы жарық көргені мәлім. Алысқа бармай-
ақ, «таза корректорлық ағаттық» тұрғысынан
талқылауға осының өзі жетерлік. Бірінің сөзіне
күмәнданған жағдайда екіншісіне жүгініп жауап
алуға да болады. Ақын шығармаларының
біршама толық топтастырылған, жиірек қолға
түсетін жинағына үңіліп көрелік.
Кім оқтатар әзелде болмақ істі...
Асын жеп әңгімеге айланған соң...
Бейне бір қоятұғын малға балап...
Кебекпен мені азғана араздастыр...
Текпілеп үйден шық деп шаштан алған...
Жан қаққандай жығылды бір ойбайлап...
Өкінбей, әлем демей өрге басқан...
Поэмадағы осы сипатты жолдардан
байқалатыны белгілі бір дыбыстың түсіп қалуы
немесе алмасып қолданылуы кейде мағыналық
реңкке ие болса, енді бірде мән-мағына берудің
мүлде кері жолына шыққан. Оқтатар-
тоқтатар, қоятұғын-соятұғын, араздастыр-
арыздастыр, жан қағу-жын қағу, әлем демей-
өлем демей алмасулары осы айтқанның айғағы.
Ал, айлану-айналу, текпілеу-тепкілеу ауызекі
тілде қолданылатын метатезалық құбылыс екені
белгілі.
Жоғарыда аталған екі жинақтағы поэмалар
сөзінің жалпы сипаты бір болғанымен де,
пунктуациялық алшақтық адым сайын кезігеді,
ӘОЖ 821.512.122
48
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №2 (27)
оның үстіне тармақ жолдарының әр қилы
қолданылуы қаншама. Бірерін мысал үшін атап
өтелік:
-Аямай қақ жүректен атып қалды...
Аямай дәл жүректен атып салды...
-Онан кетсе түк те жоқ, бітімі сол!
Аман кетсе түк те жоқ, бітімі сол!..
-Кетер ме өлгенімше ойдан зарым...
Кетер ме, өлгенімше іштен зарым...
-Ес білмейтін ескіге кез болыппын...
Ес білмейтін есекке кез болыппын...
Ту тіккен Тобықтының қосбасшысы...
Ту тіккен Тобықтының қолбасшысы...
Осы тәрізділердің әлденеше қатарын тізіп
көрсетуге болады. Бір қарағанда, бұлар айрықша
мән артып, мағына үстеп тұрмаған болып көрінуі
мүмкін. Алайда, ақынның өз өлеңінің «соқыр,
ақсақ, шолақ қол» [3] болуына әуел баста қатты
наразылық білдіргені баршамызға мәлім бола
тұра, бей-жай отыруды ақын рухы кешпесе керек.
Қазақ тарихының білгірі, әйгілі шежіреші
Шәкәрім ақын поэмаларындағы Есіл-Ешім,
Мұғажар-Мұғаджар, Әбілхайыр-Әуәлхайыр,
Нұржайсын-Нор-Жайсаң қолданысы да дәл
осындай ой туғызары күмәнсіз.
-Қалмақты шабысуға Матай келген,
Босап қалған Шыңғысты көзі көрген.
-Қалмақты шабысуға Мамай келген,
Босап қалған Шыңғысты көзі көрген.
Елді бастап әкелген Матай батыр,
Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға.
Елді бастап әкелген Мамай батыр,
Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға.
Қырды алып, Бөктерге таласыпты,
Матай-Сатай дегенді тыңдамай-ақ.
Қыдырды алып, бөктерге тарасыпты,
Матай-Сатай дегенді тыңдамай-ақ.
Ел жатпай бір ауылға қонайын деп,
Шығыстың бөктерімен қайта салды.
Ел жатпай бір ауылға қонайын деп,
Шыңғыстың бөктерімен қайта салды.
Соңғы екі жолдағы түсіп қалған әріптердің
орнының о йсырап тұрғандығы ешқандай
түпнұсқаның қажетінсіз-ақ бірден көрініп тұр.
Дұрысы, «Қыдырды алып, Бөктерге таласыпты»
және «Шыңғыстың бөктерімен» болуы керек.
Салыстыра
қарағанда,
ақын
поэмаларындағы мұндай ауытқушылықтардың
тек көркемдік кестеге кеселін тигізіп қоймай,
мағынаға да үлкен нұқсан тигізері хақ.
-Мен ұнасам, алмаймын сені демес....
Мен ұнатсам, алмаймын сені демес...
-Ей, Қалқаман, тегі жоқ, құдай жалғыз...
Әй, Қалқаман, теңі жоқ құдай жалғыз...
Әрекетсіз отырмақ дұрыс болса,
Неге берген аяқ-қол, тіл менен тіс.
Характерсіз отырмақ дұрыс болса,
Неге берген аяқ-қол, тіл менен тіс.
Әрине, біз бұл жерде «біткен іске сыншы
көптің» кебін келтіруден аулақпыз, тек кім-кімнің
де көкейінде жүрген істі алдағы уақытта назарда
ұстаса деген ниеттен туғанын айтқымыз келеді.
Шындығында,
о рнын
тауып
қолданылмаған бір үтірдің өзі ақынның айтар
ойын әр тарапқа әкетеді.
Зәйіт пен Ләйлі, Мәжнүн, ата-анасы
Зарлаумен сонда тұрып өтті жасы.
Мәжнүнді асыраған сорлы кемпір,
Оның да сол арада бітті жасы [4, 396-б.].
Ләйлі-Мәжнүннің ата-анасы мен Зәйіттің
қабір басында зарлағаны жайлы айтылмақ ойдың
қисыны бұзылып тұр. Мәжнүн сөзінен кейін
қойылған үтір белгісі Ләйлі мен Мәжнүн қабірінің
басында Зәйіт, Ләйлі, Мәжнүн және олардың ата-
анасының қосылып зарлауына мәжбүр етеді. Осы
сияқты қарапайым ғана қателердің ақын
поэмаларына әкелер әсері айтпаса да түсінікті.
М.Разданұлы «Дубровский» әңгімесін 1940
не 1941 жылы әпшем бір жақтан көшіріп ала
келген екен. «Шыр айналмай тұра алмас дүние
жәй, келер-кетер артына із қалдырмай» деп
басталатын осы жолдар 1988 жылы басылғанда
«Жер айналмай тұра алмас дүние жай»-деп
алыныпты. Бізше «Шыр айналмай»-деген дұрыс.
Бұл арада «Жердің» мағынасын «дүние жай
тұрмай шыр айналып тұрады деген сөз» [5, 204-
49
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №2 (27)
б.],-деуінің де ой саларлық негізі бар.
Екі жинақта да поэма шумақтарының түсіп
қалуы кездеседі. Мәселен, «Қалқаман-Мамыр»
поэмасында Мамырдың Көкенайға айтқан
сөздерінің арасынан бір шумақ «Жалын»
баспасынан шыққан жинаққа енбеген.
Кешікпей мен өлемін, сен тірісің,
Іс емес құдай кешер қылған ісің.
Өлтіртпе, тілегім сол Қалқаманды,
Барасың тәңір алдына білемісің? [4, 286-
б.].
Сол сияқты «Еңлік-Кебек» поэмасының
алты шумағы «Жалын» баспасынан шыққан
жинаққа еніп, «Жазушы» баспасынан шыққан
жинақтан түсіп қалған.
Таң жарығы түскен соң шаңыраққа,
Кебек тұрды арқандап ат қоймаққа.
Еңлік үйден арқанды ала шығып,
Құшақтасып жөнелді жартас жаққа.
Соны ойлап көңілін басты Кебек батыр,
Құдай қосқан іс болмай қоймайды ақыр.
«Тамақ дайын» деп хабар бергеннен соң,
Аяңдап үйге таман келе жатыр [4, 302-
б.].
Қарасақ, екі шумақ арасындағы логикалық
байланыс сақталмай, мазмұндық желі үзілген.
Ат арқандап болды да Кебек өзі,
Қыз артынан қадалып екі көзі.
Еңлікке бір, тасқа бір қарады да,
Сонда түсті ойына балгер сөзі. [4, 180-б.].
Осыны байқап білгеннен кейін де ол өзінің
тәуекелшілдігіне салып, төмендегіше ойлайды.
Біржолата кім тұрар бұл дүниеде,
Өлім көрмей тұра ма туған пенде.
Қарап жүріп қаңғырып босқа өлгенше,
Еңлік үшін өлгеннің қапысы не? [4, 181-
б.].
Міне, поэмадағы Еңлік пен Кебектің нағыз
уағдаласар кезіндегі осындай маңызды тұстар
қамтылмай қалған. Сондай-ақ, «Жазушы»
баспасынан шыққан жинаққа поэманың ең
соңғы шумағы енбеген.
А, құдай! Кінәмді өшір, сауапқа жаз,
Таусылмайды рақметің, не болмайды аз.
Жан кетіп, ағайын, мал қалған кезде,
Өлмес, өшпес дәулетім осы қағаз! [4, 190-
б.].
Шәкәрімтанушы ғалым Б. Әбдіғазиев
«Шығыс мәдениетінің інжу-маржандарын
таңдап, талғап терген Шәкәрімнің ерекше назар
аударған дүниесі әйгілі «Ләйлә-Мәжнүн»
по эмасы бо лды. Қолда бар деректерге
қарағанда, Шәкәрімнің осы тақырыптағы белгілі
дастаны 1907 жылы дүниеге келген. Поэма
1922-1923 жылдары «Шолпан» журналының
бірнеше сандарында басылды. Кейінірек, 1935
жылы жеке кітап болып шықты. Ал 1988 жылы
ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы
толық ақталғаннан кейін жарық көрген Шәкәрім
шығармаларының жинағында бұл поэма
«Ләйлі-Мәжнүн» деген атпен жарияланды.
Әрине, дастанның атауындағы бір әріп
айырмашылығы шығарманың мән-маңызына
бәлендей нұқсан келтірмейтіні анық. Әйтсе де,
авторлық түпнұсқаны сақтау мәдениетін ескере
отырып, біз Шәкәрімнің көзі тірісінде
жарияланған нұсқаның атауын басшылыққа
алдық» [6, 184-б.], – дейді. Осы ойдың
дұрыстығын поэмадағы ұйқас реті де көрсетеді.
Бұл қыздың сұрасаңыз аты Ләйлі,
Біз таптық жылағанға мұндай айла.
Далада күнде бүйтіп отырмалық,
Бір үйден күндіз кірер пәтер сайла.
Дертіме табылмайды сізден айла,
Кісендеп, жынды десең, мені байла».
Аузынан аһ дегенде жалын шығып,
Деді де талып кетті «Ләйлі-Ләйлі».
Тармақ соңындағы айла, сайла, байла деп
алынған сөздердің Ләйлә сөзіне ұйқастырыла
алынғаны байқалады. Біз бұл арада көпшіліктің
құлағына
таныс
Ләйлі
нұсқасын
пайдаланғанымызбен, түптің-түбінде ақынның
50
ШӘКӘРІМТАНУ
Резюме
Resume
2015 №2 (27)
өзі қолданған Ләйлә сөзіне көшкеніміз жөн
тәрізді.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді
саралай келгенде, Шәкәрім Құдайбердіұлы
поэмаларының текстологиялық тұрғыдан да
қарастырылуы кезек күттірмес келелі мәселе
екендігі көрінеді. Шығармадағы әрбір дыбысқа
мән бере жұмсап, оның мән-мазмұны мен
әуезділігін қатар қадағалап отыратын
ақынның шығарма мәтініне аса мұқият
қарағандығы анық. Ақын поэмаларындағы
басылым барысында байқалмай кеткен
кейбір техникалық қателер салдары мен
шығармадағы тарихи жер-су атауларының
өзінің әр басқа аталуы шежіреші Шәкәрім
шығармашылығына үлкен қиянат екендігі
сөзсіз.
Әдебиет
1
Мұхамедханұлы Қ. Біздің міндет
// Қазақ әдебиеті. 1988. 15-сәуір.
2
Еспенбетов А. Шәкәрімді тануға
ұмтылыс / Шәкәрімтану мәселелері.
Сериялық ғылыми жинақ. 2-кітап. (Құраст.
Т.Шаңбай) – Семей-Новосибирск, «Талер-Пресс»,
2006. – 360 б.
3
Шәһкәрім. «Қазақ тілі» газетінің
басқармасына өтініш // Қазақ тілі. 1924. №13.
4
Құдайбердиев Ш. Шығармалары. –
Алматы: Жазушы, 1988. – 559 б.
5 Разданұлы М. Өр Алтайда Шәкәрімнің
ізі бар // Жұлдыз. 1995. №1.
6. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім поэзиясының
көркемдік қайнары. Қарағанды: Болашақ-Баспа,
2003.
В статье рассматривается текстология поэмы Шакарима Кудайбердиева.
The article discusses the textual poem Shakarima.
51
АЛАШТАНУ
2015 №2 (27)
Р.НҰРҒАЛИ, филология ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА академигі
Мақалада алаш қайраткерлері идеяларының тәуелсіз Қазақстан мұраттарымен астасып
жатқандығы жайында сөз қозғалады.
Тірек сөздер: Алаш, алаш арыстары, тәуелсіздік, алаш идеясы.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН МҰРАТТАРЫНЫҢ АЛАШ
ИДЕЯЛАРЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
Қазақстанға Сталин жендеті Голощекин
келгенше Алаш қозғалысы, Алаш орда өкіметі
оның серкелері туралы әредік обьективті пікірлер
де айтылып отырды. Бұл ретте Ахмет
Байтұрсыновтың өмірі мен қо ғамдық-
шығармашылық қызметі туралы М.Дулатов
очеркі мен М.Әуезов мақаласын, Мағжан
Жұмабаевтың ұлы ақындық сырын ашқан
Ж.Аймауытов эссесінің салмағы мен құны,
ғылыми және танымдық мәні бүгінде бір мысқал
төмендеген жоқ.
Арнайы
партиялық
тапсырмамен
құрастырылған
Шафиро,
Мартыненко
жинақтарында қасақана жасалған бұрмалаулар,
жабылған өтірік жалалар жыртылып айрылады,
соған қарамастан бұл кітаптардағы бірталай
тарихи деректер, құжаттар Алаштануға нақты
қызмет ете алады.
Жиырмасыншы жылдардың аяғында
басталған репрессия алпыс жылдай Алаш
қайраткерлерінің атын атасаң – аузыңды қарыды,
жазсаң – қолыңды шапты. Орыс отаршылары,
коммунистік идеология қанша қылышынан қан
тамғанмен, қазақ санасынан Алаш идеясын
сөндіре алған жоқ. Алаш ұранды әдебиетті оқып
біліп өскен тұтас буын бар еді. Олар көптеген
шығармаларды жатқа айтатын. Жазушы Тахауи
Ахтано в Мағжанның «Батыр Баянын»
композитор Ахмет Жұбановтан естіген. Сөз
саптауға келгенде Жүсіпбек Аймауытовты өз
ұстазы екенін Ғабит Мүсірепов жасырмай
айтатын болған. Большевизмнің ұраншысы
Сәбит Мұқановтың өзі қызды-қыздымен
Мағжанның ғашықтық жырларын қалай жатқа
айтып кеткенін байқамай қалатын. Әдеби
сарындастық Мағжан – Илияс – Қасым –
Әбділда – Мұқағали болып жалғасты. Дала
циклын, өлім туралы жырларды, өмір – өзен
мотивін еске түсіріңіз.
Қолда бар, кітапханада тұрған Алаш
қайраткерлері шығармалары түгелге жуық
жиналып, өртелгенімен, арнаулы қорларда олар
бәрібір сақталды. Жандарын шүберекке түйіп,
үкімет қаһарынан қорықпай, кейбір адамдар
үрейлі кітаптарды үйлерінде ұстады. Бұл
қатарда өзіміз араласқан, білген жазушы
Сапарғали Бегалин Мағжан, Жүсіпбек,
профессор Бейсенбай Кенжебаев Ахмет,
Міржақып еңбектерін алпысыншы жылдарда
аспирант кезімізде оқып білуімізге мүмкіндік
берді. Мұндай байланыс әртүрлі арнада жүріп
жатқан, Мекемтас Мырзахметов Бауыржан
Момышұлы, Әди Шәріпов, Төкен Әбдірахманов
қоймасында жатқан Алаш жазушылары
шығармаларын оқыған. Университетке бізбен
бірге түскен ақын Құрманбай Толыбаев
Қытайдан жасырын алып келген М.Дулатовтың
«Оян, қазақ!» жинағын студент кезімізде
таныстырды.
Ерекше қызық тағы бір деректі айта
ӘОЖ 821.512.122:94(574)
|