Әдебиет
1.
Маманов Ы.Қазақ тіл білімінің
мәселелері. Алматы: Арыс, 2007.
2.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі
зерттеулер. А., 2010
3.
Қазақ грамматикасы, 2002.
4.
Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше
категориясы. – Алматы, 1958.
5.
Исаев С. Қазақ тілі. – Алматы, Қайнар,
1993; Ысқақов А.Ы. Қазіргі қазақ тілі.
Морфология. –Алматы, 1991; Қожахметова Х.
40 уроков казахского языка. –Алматы, 1990.
6. Түймебаев Ж. Қазақ тілі. Грамматикалық
81
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2014 №2 (23)
анықтағыш.Алматы, 1991.
7. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі
етістіктің шақ категориясы.– Алматы:
ҚМОПБ, 1953.
Резюме
Статья посвящена вопросам изучения казахского причастия в исследованиях Ы. Маманова.
Resume
The article is deals with the problems of participle in Mamanov’s researches. Author compares
professor Mamanov’s poin of view with other linguists.
82
ӘОЖ 811.512.122
С. МАҒЖАН, филология ғылымдарының кандидаты
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті, Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі
Ж.КУБАЙДАРОВА, магистрант
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
ТІЛ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ЖОСПАРЛАНУЫ, ТІЛ ИДЕОЛОГИЯСЫ
Мақала әлі толық зерттелмеген тілдің жоспарлану теориясына арналған. Авторлар тіл
саясаты - ұлттық, әлеуметтік және мәдени саясаттың құраушы бөлігі деген ой ұсынады.
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
Тірек сөздер: тіл саясаты, тілдің жоспарлануы, тіл идеологиясы, тіл құрлымы.
Заманауи кезеңде тілдің жоспарлану
теориясының дамуы аса терең зерттелген
сипаттаманы талап етеді, тілдің жоспарлануы
туралы көптеген сұрақтар және мәселелер
жауабын таппай әлі де талас үстінде. Осының
ең маңызды мәселесі терминологиялық
сөздікпен жұмыс істелмеуінде, бұл теориялық
бағытты дамытуды қиындаттырады.
А.Е.Карлинскийдің жазуы бойынша,
«түсіністік жүйесі объективті әлемде теориялық
жағынан белгілі бір бөлікті бейнелейді. Қандай
да бір теорияның болуы - бұл үнемі шегін табу
және негізгі түсініктерден ерекшеленуі»,
«терминологиялық әрқилылық, әсіресе негізгі
түсінік бойынша мамандар тілдік қордан
шатасып, теориялық жағынан тілдік қор
жетіспей қалады» [1, 21 б.]. А. Д.Швейцердің
пікірінше, «кез келген деңгейде сәтті дамудың
ең маңызды бір бөлігі ғылыми қорытынды
жұмыстарында оның түсіністігімен жұмыс істеу
болып табылады, бірақ жүйелік байланысты
анықтай отырып кейбір түсініктер осымен
іспеттес болады, осыдан түсінік құрылымының
бірқатар бөлігі анықталынады» [2, 31 б.].
Айтылғандардың барлығы толықтай тілдің
жоспарлануына тиісті. Заманауи уақытта
баршаға ортақ терминдер жоқ, бір ғана
мағынаны білдіретін көптеген терминдер бар:
2014 №2 (23)
тіл саясаты, тілдің жоспарлануы, тіл
инжинерлігі, саяси жұтынулар, тілдің дамуы,
тілдің түзетілуі, тіл болжамдары, тіл
менеджменті, тіл реформасы туралы
терминдерді әдебиеттерде кездестіруге болады.
Кеңінен таралған және жалпылай қабылданған
терминдерді анықтағанда бірдей түсінік
келмейді. Кеңестік және Кеңес үкіметі кезіндегі
әдебиеттерде тіл құрылысы туралы терминдер
қолданылған, олар тілдің жоспарлануының
синонимі ретінде қарастырылған, бірақ олар екі
түрлі түсінік береді. Тіл саясаты туралы термині
кейде тілдің жоспарлануының синонимі ретінде
қарастырылады, әдетте тіл саясаты арқасында
тілдің жоспарлануының мақсаты шығады.
Сонымен қатар тіл идеологиясы термині де
қолданылады, бұл термин тіл саясатының
синонимі ретінде қарастылады. Анық көрініп
тұрғандай-ақ, әрбір терминнің өзінің шектеуі
теориялық жүзінде көрсетілгенімен, тәжірибе
жүзінде де өз қызметтері айқын көрінеді.
Н.А.Бенедиктов пен А.П.Бердашевич [3, 16 б.]
Ресей мемлекеттік тіл саясаты құқығының
құрылымын талқылай келе, мемлекеттік саясат
ұғымын анықтай отырып, үш түрлі
тұжырымдамалық түсініктер шығарды: саясат,
мемлекеттік саясат, қызметіне байланысты
мемлекеттік саясат, бұл біздің пікірімізше тілдің
83
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2014 №2 (23)
жоспарлануы мен тіл саясаты.
Бір қызмет ауқымының нәтижесінде
тұжырымдамалы теория жүйесін толық жасауға
болады, бірақ нәтижелі қорытынды шығару
мақсатында, біз қорытындылаған жүйенің
басты элементтерін белгілеп алуымыз керек:
•
Тіл тәжірибесі немесе тіл тәртібі, тіл
арқылы күнделікті сөйлеу қабілетінен
әдеттенген тәсілдерді түсіну; тіл тәжірибесі
тіл мәселесінің бір бөлігі – қоғамда мәтінді
мағына түрде тілмен жеткізу.
•
Тіл идеологиясы және әсерлі –
бағалы қатынас.
•
Тіл тәжірибесіне саналы түрде
әрекет жасау немесе әсер ету.
Тіл идеологиясы - тілдің әлеуметтік
тобындағы қатынаста көзқарастар мен ойдың
жүйесі, оның рөлі қоғамда, ұлт өкілдерін
анықтауда, ұлттық және мемлекеттік қатынаста,
әлеуметтік мәселелер мен қақтығыстарда, діни
ұйымдарда, ғылым мен білімде орнайды.
Сонымен қатар тіл мәселесінің сақталу мақсаты
мен өзгеруінде жүзеге асады.
Тіл саясаты - ұлттық, әлеуметтік және
мәдени саясаттың құраушы бөлігі. Ол
мемлекеттік қызметте, қоғамдағы тіл арқылы
қарым – қатынастың түзетушісі ретінде (барлық
қоғамды жұмылдыра қызықтыратын және
азаматтардың шешімін талап ететін орындарда)
көрініс табады. Тіл саясаты қоғамдағы тіл
қатынасының стратегиялық түрде дамуын
қарастырады, ол әдетте Конституциямен және
арнайы ұлттық бағдарламалармен бекітілген.
Тіл саясаты басқа да саясаттар секілді үкімет
мәселелерінен тұрады, оның табылуы,
құрылуы және қолдануымен бірге жүзеге
асырылады.
Тілдің жоспарлануы – анықталған
субъектілердің тіл арқылы сөйлеушілердің
(объектілердің) тіл құрылысын өзгерту
мақсатында (тілге дәреже беру), тілді меңгеру
үшін жағдай жасау (меңгеруді жоспарлау) тіл
тәртібін саналы, нақты шаралармен (әдістер)
іске асыру, тілді саясат арқылы, білім арқылы,
экономика, қоғамдық және лингвистикалық оқу
орындар арқылы мемлекеттік шекара бойынша
кеңінен тарату (кеңінен таратуды жоспарлау).
Кестеде тіл идеологиясы мен тіл саясаты,
тілдің жоспарлану мақсаттарын салыстырмалы
түрде көрсеткен.
Тіл идеологиясы, тіл саясаты, тілдің жоспарлануының мақсаттары
Негізігі
түсініктер
Тіл
идеологиясы
Тіл саясаты
Тілдің
жоспарлануы
Анықталуы
Тілге көз-
қарас жүйесі
және оның
қоғамдағы рөлі
Қоғамдағы
тілдік
қатынасты
түзету бойынша
стратегиялық
шешімдер жүйесі
Тіл
тәжірибесі
бойынша әрекет
ететін шаралар
жүйесі
Мақсаты
Қоғамдағы
қатынасты,
нақты тіл
мәселесін сақтау
немесе өзгерту
Тұжырымда
малық
жұмыстар және
стратегиялық
өзгерістер
немесе тіл
мәселесін сақтау
(негізгі
мақсатта) және
қоғамдағы
қатынастардың
өзгерісі
(жасырынды
мақсатта)
Сөйлеушілер
дің тіл
арқылы сөйлеу
тәртібін сақтау
немесе өзгерту
84
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2014 №2 (23)
Тіл идеологиясы терминін барлық
зерттеушілер қолдана бермейді, өйткені бұл
терминнің аса маңызды емес екені көрініп тұр.
Мысалы, Л.Б.Никольский идеология терминін
қолданбайды, бірақ әрбір тіл саясаты өзінің
«саяси және өңірлік ұстанымында» тіл
идеологиясын жалпылай қарастырып өтеді [4].
О. Зацепина және Ч.Родригес «тіл құндылығы»
терминін қолданады. Тіл идеологиясы термині
батыс еуропа әдебиеттерінде көп қолданыс
тапқан, соңғы уақыттарда орыс тілі
жұмыстарында көрініс тауып жатыр [5].
Идеология түсінігі философияда және
политологияда жеке-жеке түсінік беріп, бөліп
қарастырылған, түсіндірмелі ақпаратты біз
жасаған тіл идеологиясы қорытындысы
бойынша жалпы идеологияның соңғы бір
түсінік бөлігі деп есептейміз.
Кез келген идеология сияқты тіл
идеологиясы өзіндік әлеуметтік құрылымды,
ойлау типтерін құрайды, әлеуметтік әрекеттер
бағдарламасы мен тәртібін, анықталған
топтардың қызығушылықтарымен сәйкестігін
қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тіл
идеологиясы белгілі бір топтардың
қызығушылығын оятады, әсіресе саясаттың
субъект бөлігін анықтаушылар саясаткерлер
мен
экономика
қызметкерлерінің
қызығушылығы басымырақ болады.
Идеология түсінігі қалестіктен немесе
кездейсоқ қолданыста жүрген жоқ, ол тарихи
көріністің нәтижесі, ол әлеуметтік белгісі бар
ұғым. Идеология бірінші тіл академиясында
аңғал және құрғақ қияли күйде қарастырылған:
«Тіл күй мәселесін толықтай анықтап
шешімін табуға болады деп Академияның
тұжырымдамасы болатын» деген түсінік
қалыптасқан еді. Идеология түсінігі ұлттық
әдебиеттің (стандарттың) қалыптасуы кезінде
белең алды, нақты әлеуметтік құрылымды -
жаңа орталық биліктерін бекітті, жаңа
ұлттардың тілге деген өзіндік қалыптасуы
болды, қоғамдағы диалекттік қалыпқа бірікті,
қоғамдық
гемогендендіру
(ұрпаққа
жалғасушылық) жүзеге асты, жаңа құрылым
тілдің дамуынсыз жүзеге аспайтындай күйге
жетті.
Тіл идеологиясы - тарихтан қалған
қоғамдағы әлеуметтік және саяси ұғым деп
бекітеміз. Қоғам өзгерсе, идеологияда сәйкес
өзгереді. Ұлы француз революциясы кезінде
Францияның мықты көптілді идеологиясы
француз тілін республиканың символы ретінде
қарастырды, қазіргі таңда ұлттық қозғалысты
белсендірумен байланысы аса мәртебелі және
қоғамдық демократия транформатты, ол
миноритарлық тілге аса салмақтылықты
көрсетеді.
Белгілі бір әлеуметтік топтардың
идеологиялық көзқарас жүйесі бұл топтың
идеологиялық құрамы сәйкес келмей қалса
қақтығыстарға ұшырайды деген тұжырымда.
Соңғы жүз жылдықта сансыз тіл қақтығыстары
болған: хинди, урду, сербиялық, хорваттық,
испандық, каталондық, француз, араб, орыс,
латын, түрік, күрт тілі арасында болды. Бұл
тізімге қоса қақтығыстардың түрі мен
деңгейіне байланысты (бұлардың кейбіреулері
құпия түрде сипатталынады, ал кейбіреулері
ашық түрде күреседі, егер біршара қолданбаса,
онда бұл жағдай ушығады) тізім жазуға да
болады. Бұл жағдайлар бір-біріне өте ұқсас:
қақтығыстың
туу
себебі
мәдени
гемогенетикалық ойлар мен тәуелсіздік болып
отыр.
«Қоғамдық
ғылым
теориясы
идеологияның рөлін атқарады, әдетте
әлеуметтік мәселелердің түрлі шығарылған
идеологиялық бағыттар мен қондырғылардың
шешімін
табу
үшін
қолданылады».
Лингвистика ешқашан жүйеден шықпайды,
бірақ мұны көп мойындай бермейді.
Идеологиялық бағыттардың ерекшелігі
қорытынды деректердің маңызды дамуына
әкеледі. Осылай КСРО кезінде тіл мәселесі мен
тіл саясатына бағаны батыспен кеңестік
социолингвистикалық көріністер түрлі бағамен
бөлініп кетті. Кеңестік социолингвистика оның
тілдердің өзара сапаландыру теориясымен
және орыс тілінің құрылымдық ілгерілігінің
ішкі теориясымен (орыс тілі әдебиеті)
орыстандырудың негізгі идеологиялық саясаты
жүрді. Өзге де мысалдармен, идеологиялық
бағытты аса ашық жүргізушілік көптеген
ресейлік түрколог авторларының жұмыстары
қызмет етеді, олардың жұмыстары әсіресе және
85
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2014 №2 (23)
заманауи түрік тіліне қатынасы болып
табылады. Бұл жұмыстар көне түрік тілінің
жаңғыртылуы мен дамуына кері әсерін тигізіп,
беделін түсіреді. М.Ж. Хасанаевтің жазуына
қарасақ, «кеңестік кездегі лингвистика және
әдебиеттану аксиомаға (дәлелдеуді керек
етпейтін ғылыми айқын, шындық) негізделіп
орныққан: ежелгі түрік әліпбиі бар, бірақ
қазақ, өзбек, қырғыз әліпбиінің оған
ешқандай қатысы жоқ» [6, 4 б.]. М. Ж.
Хасанаевтің пікірінше, мұндай түрік тіліне
қатынастар жалғасын таба береді, ол аса
таңғаларлық жайт емес: ежелгі тарихтан-ақ
түрік тілінің дамуы және ежелгі хат
жазушылық орыс тілінің ілгері деген және
лигітімді дамыған тіл деген ойына қайшы
келеді. Кейбір лингвистер өзінің саяси және
идеологиялық ұстаным бағыттарын ашық
көрсетіп, жүргізіп отырады [6]. Мәселен, У.
Лабов социолингвистикалық зерттеуінде
«әлеуметтік дамытушылық және әлеуметтік
мән-мағына» туралы жазды және ол
лингвистер әлеуметтік сипаттама шешімін
қабылдауға қатысуға міндетті деп сенім
білдіреді, мысалы афро-америкалық тілде
білім алуды нығайтуға жәрдем беру секілді [7].
Тіл идеологиясы тілдің жоспарлануын
анықтайды, ол тіл саясатының негізгі
тұтандырушысы болып табылады. Саясат өз
кезегімен идеологияның дамуына көмек
береді, әдетте қоғамдағы әлеуметтік
құрылымды өзгертуге итермелейді. Жоғарыда
айтылғандай, тіл саясатында өзге де
саясаттардағыдай үкімет басшылығының
мәселелері тұрады, олардың жасалуы,
ұйымдастырылуы, қолдануы. Кез келген
биліктің мақсаты қоғамдағы тұрақтылық,
заманауи саясатта ұйымдардың қарама-
қайшы қызығушылықтарына төтеп болмақ,
шешімі екі жақты келісіммен шешіледі және
ұйымның талабына сәйкес бағынады.
Қазақстандағы тіл саясаты - қазақ тіліндегі
және орыс тіліндегі азаматтардың
қызығушылығын толықтырушы. ҚР және
Мемлекеттік тілдің дамуы мен құрылымы
бағдарламасы бойынша тіл саясатының
концепциясы мынандай талап қойып отыр:
азаматтардың келісімімен тұрақтылықты
қолдануды сақтау.
Кез келген саясат үш негізгі сәтте жүзеге
асады:
1. Мақсатқа бағытталған тапсырмаларда,
келешектік маңыздылықты анықтауда, аз ғана
уақыттағы мақсаттарға сәйкес бағытталған
мәселелерде;
2. Әдістердің, құрамның жасалуында,
оңтайлы үлгіге жету мақсатында қоғамдық
қызметтерде;
3. Кадрларды жинау және қайта
орналастыруда, түсінуге және белгіленген
тапсырмаларды орындауда;
Тіл саясатына қатысты келесі
сәйкестендірілген кезеңдерді көрсетсек болады:
Концепцияның жасалуы, идеологиялық
қамтамасыз етілуі (теориялық және ғылыми
тұрғыда),
мысалы:
«Қазақстан
Республикасының тіл саясаты концепциясы»
(1996 жыл 4 қараша).
1. Объектілердің, саяси құралдармен
заттардың таңдалуы; тілдердің өзара қатынасы
туралы заңды тәртіп белгілері (регламенті),
тілдердің өзаралық түзету әкімшілігі, тіл
саясатын материалдық-техникалық және
қаржылай-экономикалық тұрғыдан қамтамасыз
ету, шаралардың жоспарын жасау, мысалы «
Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы»
(1997 жыл 11 шілде), «Тілдің дамуы мен
құрылымы туралы мемлекеттік бағдарлама»
(1998 жыл 5 қазан), «Тілдің дамуы мен
құрылымы туралы мемлекеттік бағдарлама»
(2001 жыл 7 ақпан) және «2001 – 2002 жыл
аралығындағы тілдің дамуы мен құрылымы
туралы мемлекеттік бағдарламаны орындау іс-
шарасының жоспары» (2001 жыл 6 сәуір).
2. Тіл саясатының орындалуын қадағалау,
құрылымын құру, мысалы, Қазақстанда мұндай
құрылымдарға мыналар жатады: Тіл дамыту
департаменті,
Мәдениет
министрлігі
мемлекеттік тілді жедел түрде үйрету,
Қоғамдық және ақпараттық ұйымдар, Әділет
министрлігі мемлекеттік тілді басқару, Еңбек
министрлігі мемлекеттік тіл бөлімі, Білім
министрлігі, Ақпараттық және мөр істері
ұлттық агенттігі, А.Байтұрсынов атындағы Тіл
білімі институты, ҚР мемлекеттік терминдік
комиссиясы, ҚР мемлекеттік ономастикалық
86
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2014 №2 (23)
Тіл идеологиясы
Тіл саясаты
Тілдің жоспарлануы
2.1 – сурет. Тілдің жоспарлануының, тіл идеологиясының, тіл саясатының қатынастары
болдыра бермейді.
Тіл саясаты - мемлекеттік қызметтің
құралы (қоғамдық саяси жүйесінің, мысалы,
үкімет, мемлекеттік – шекаралық білім,
саяси партиялар және басқалар) және ол
өзімен тәртіп түрінде тіл мәселелерін
туындатады. Тәжірибенің көрсеткіші
бойынша тілдің жоспарлануымен өзге де
субъектілер әрекет етеді, көптеген жағдайда
тілдің жоспарлануы - аса ауыспалы
құбылыс. Қандай жайт болмаса да, тілдің
жоспарлануы «үнемі зердесіне жетпейді»,
анықталған тіл идеологиясы концепциялы
тіл саясатын жариялайды. 2.1-суретте тіл
идеологиясы түсінігін, тіл саясаты мен
тілдің жоспарлануы түсінігін сипаттап
бейнелейді. Тіл идеологиясы кез келген
тілдің жоспарлануының қозғалмалы
механизмі тәріздес, әсіресе тіл мәселелеріне
оның сақталуы мен өзгеруіне көп назар
салғызады. Ата-аналардың балаларына
қандай тілде білім алуға таңдау шешімі ( бұл
индивид (жеке тұлға) деңгейінде тілдің
жоспарлануының актісі ретінде көрсетілген)
олар үшін қазіргі және келешек үшін негізгі
қадам болады. Егер жоспарлау субъектісі
мемлекет болса, онда тіл идеологиясы
саясаттық тұжырымдамасы болады, одан кейін
негізгі стратегияның жасалуын тілдің
жоспарлануы жүзеге асырады.
Тіл саясаты тілдің жоспарлау әрекетіне кейбір
құрылымдық және жүйелік өзгерістер енгізеді,
бірақ тәжірибеге сүйенсек тілдің жоспарлануы,
тіпті оны мемлекет жоспарласа да, ол мақсатты
түрде бағытталмайды.
Тілдің
жоспарлануының
түрлі
сипаттамасы идеологиялық тұжырымдарға
төмен тұрған субъектілерге байланысты, олар
идеологиялық басқару жасайтын топтар.
Осымен қоса, қоғамда мемлекеттік
қызметтерден бөлек басқа да субъектілер
болады, олар өзінің тіл жоспарлауын жүргізеді.
Осы үшін біз тіл идеологиясының тілдің
жоспарлануы туралы екі түрлі жолды
көрсетеміз, бірінші жағдайда - бұл тікелей әсер
етушілік, екінші жағдайда - тіл саясаты арқылы
ептеп әсер ету.
комиссиясы, ҚР елшілігі, әкімшілік.
Барлық тіл идеологиясы тіл саясатын
87
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2014 №2 (23)
Тілдің жоспарлануының кейбір анықтамаларын
қарастырамыз.
Э.Хауген
тілдің
жоспарлануының жолдарын көрсетеді
«қалыпты орфографияны қалыптастырудың
белсенділігі, біртұқымдас емес қоғамдағы
сөйлеуші және жазушылардың сөздіктері және
грамматикасының белсенділігі».
Ж.Фишманның пікірінше, тілдің
жоспарлануы - бұл «тіл мәселесін, әдетте
ұлттық деңгейде шешетін ұйымдастырылған
әдістер». Тілдің жоспарлануы лингвистикалық
менеджмент
секілді
анықталынады.
Л.Б.Никольский мынандай анықтаманы мысал
етеді – «жинақталған тәсілдер, қоғамдағы тіл
мәселесіне мақсатты түрде бағытталған
түзеуші құралдар». Э.Д.Сүлейменова және
Н.Ж. Шаймерденова үшін тілдің жоспарлануы
- «тіл дамуының түзеуші құралы, тілге
өзгерістер енгізуші, саяси, ғылыми,
лингвистикалық және өзге де ұйымдармен
жоспарланған, арнайы осы мақсатқа
бағытталған немесе осы бағыттардың
көмегімен жүзеге асатындар» [8, 141 б.].
Біздің
көзқарасымыз
бойынша,
анықтамалар аз ғана тілдің жоспарлануына
түсінік береді, субъектілерді, объектілерді
қысқартып, құралдармен тілдің жоспарлану
мақсатына бағытталған. Біздің ойымызша,
тілдің жоспарлануы түсінігі көлемді
түсініктемені талап етеді, кез келген субъект
қызметін қосуға міндеттейді, кез келген
объектілердің тіл тәртібіне әсер ететін кез
келген құралды қолданады. Сондықтан біз
мынандай тұжырымдамаға келдік, тілдің
жоспарлануы өзге тілдің енуіне, тілдің
құрылымы немесе тілдің құрылымдық
орналасуына әсер етуші. Анықтама аса
қабылдауға жағымды деп ойлаймыз, өйткені,
біріншіден, тіл оның сөйлеушілері арқылы
жарнамаланылады: жоспарлаушы субъекттер
сөйлеушілер тіліне әсер етеді, бірақ тілдің
өзіне әсер етпейді. Екіншіден, бұл анықтама
жоспарлау мүмкіндіктерін лимиттейді
(қысқартады), барша тілдің жоспарлануы тіл
мәселесін қалауынша өзгерте алмайды, сол
үшін бұл әрекет объектілердің әрекетіне әсер
етуші болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |