Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар


сөздері  мен  мақал-мәтелдері



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#6208
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

сөздері  мен  мақал-мәтелдері:

  «Секілді  өмір



қысқа,  жарты  тұтам,  Надандар  деп  ойлап

жүр  өмірді  ұтам»,  «Өз  етігің  тар  болса,

дүниенің  кеңдігінен  не  пайда,  білемісің?»,

«Таусылмас  ғылым  теңіз,  шалқып  жатқан,

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

57

соңынан қалмас оның дәмін татқан», «Бақ та

қатын, сор да қатын», «Артында жоқ көсеумен

қамшылайды, Ақымақ әуре деген әлін білмей»,

«Жуан етік қазақта жұмыс аз», «Әркімнің өз

аузына  қолы  жуық»,    «Жазмыштан  озмыш

болмас», 

«Темірді 

қызғанда 

соқ»,

«Қыздырманың қызыл тіл, Түбіне жетер соны

біл», «Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес» т.б.

Сұлтанмахмұт 

тіліндегі 

басты


ерекшеліктердің  бірі  -  теңеу  сөздер  тобының

қолданысы.  Мысалы:  «Өнер  ғой  оқу  деген



таңдай  атқан»,  «Хұрмадай  кәміл  піскен»,

«Теңіздей  әлем  қонған орда  болар»,  «Тауысып

ап, желдей ескен аз өмірді», «Тұрмыс диірмен

тасындай  айнал ады»,  «Обь  пен  Нілд ей

тасарлар»,  «Түсі  суық  жыланмен  бірдей

теңсің»,  «Күшің  кем  жұдырықтай  шымшық

құстан», «Қарақаттай көзі бар мөлдір біткен»,

«Жыртқыш  ілген  үйректей,  тірі  жүндеп»,

«Жібектей  үлбірейді  маңдай  шашы»,  «Қара

сүрме тігілген қасы жайдай», «Жайдары, ашық

мінез  сөзі  балдай»,  «Шомылған  сұңқар  бойың

нақ гауһардай» т.б.

Сұлтанмахмұт  өлеңдерінде  бұрын

тілімізде 

кезде спейтін 

алуан-алуан

метафоралардың  болуы  -  ұлттық  сананың,

дарындық  табиғаттың  жоғары  сатыға  аяқ

басуының көрінісі. Мысалы:

Таусылмас ғылым теңіз  - шалқып жатқан,

Соңынан қалмас оның дәмін татқан.

Өмір бойы оқысаң, бір таусылмай,

Қиындығы қинайды жанға батқан.

Шынында ғылым артық мал мен бақтан,



Ғылым болса, қара су тасып аққан.

Немесе,


Сен жоқ болсаң, қарағым,

Дүние жүзі маған көр.

Барлық бақыт талайым -

Цифры жоқ, сенсіз ноль.

Тағы да:


Топас күш – тасқын, біз – жаңқа,

Сең соқса, достар айрылар.

Бар қайғым осы, жан қалқа,

Топанды күш жоқ қайырар.

Берілген мысалдардағы метафоралардың

ұлттық сипаты тілдік тұлғаның ұлттық мінезінің

өлшемін анықтайды.

Қазақ 


дүниетанымының 

ұлттық


ерекшелігін  көрсететін  бір  ақпарат  «Бір

адамға»  шығармасы  мәтінінің  когнитивті

құрылымында сақталған. Онда дүниенің тілдік

көркем  бейнесі  кесе  фреймімен  менталды

берілген. Фреймдік қатынастағы тілдік белгілер

ортақ лексика-семантикалық топ құрап, «қазына

мал»  концептісінің  когнитивтік  моделін

құрайды.  Фреймнің  философиялық  астары

басым бағыт ұстанғанына көз жеткізе аламыз.

Ол рас, аталарың шенге алыпты,

Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.

Байлық  пен  кедейліктің  ит  жығысында,

құндылықтар  күнде  өзгеріп  жатқан  заманның

құбылмалы мінезі кейіпкерлер әрекеті мен ішкі

ойы  арқылы  беріледі.  Автор  дүниенің  тілдік

бейнесін 

шынайы 

о бразбен 



беруде

этнолексемалардың  (оқа,  түйме,  сылдырлақ



теңге, шен, шекпен) семантикасына сүйенеді.

«Біздерде мынадай бар, мынадай бар», -

деп, аталарының байлығын масаттана көрсеткен

ақсақал  шал  мен  «Кесені  қолыма  алып,  қарай

бердім: Ішінде нақақ көзден жас бар ма», - деп,

ойға  кеткен  авто р  әрекеттері  –    адамдар

арасындағы  қоғамдық  қарым-қатынасты

суреттеу  мақсатында  бейнелі  әрі  ұтымды

қолданылған. Тіл жеткізуші осы лингвомәдени

код  арқылы  өмір  шындығын  дәл  беру

мүмкіндігін иеленеді. Мәтін лингвистикасының

прагматикалық мақсатына сәйкес, тілдік тұлға

белгілі  бір  дәуір  шындығын  сол  кезеңге

сәйкестендіре  көрсету  үшін  өз  көркемдік

әлемінің  идио этникалық  сипатын  таныта

алатыны – стильдік талап. «Қай момынның малы



бар  бұл  аяқта?»  дегеніміз  –  ойдың  өмір

метафо расы. 

Мәтіннің 

когнитивті

құрылымындағы  мәтін  түзімінің  (бір  үйде

жиюлы қазына мал суретінің) тиянақталған бір

үзігін толық сипаттаған осы абзацта образдың

ұлттық  сипаты  айшықталып,  шынайы

суреттелген.

С.Торайғыров  тілдің  көмегімен  өзін

қоршаған  дүниеден  өзге  өз  танымына  сәйкес

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)


58

ерекше  шындық  қалыптастырады,  ақынның

тілдік 

тұлғасының 



өзіндік 

шындық


болмысының  бейнесін  жас айды.  Ақын

тезаурусы  мен  мәдениетіндегі  сөз-образдар  -



ғаламның  тілдік  бейнесін  жасауға  ат

салысатын өзіндік тілдік бірліктер. Мысалы:

Алтын ай толықсыған сар дөңгелек,

Нұр сепкен жер жүзіне аспанды өрлеп.

Жұлдыздар да тұрған жоқ босқа қарап,

Ай сәулесін күшейтеді көтермелеп.

Көк ауа, мөлдір аспан бейне жібек,

Көргеннің көңілі өсер, ойы түлеп.

Ай бауыры, көк орайдың қойнында

Сырласар сыбырменен сүйген жүрек.

Демек, «тілдік көрініс» дегеніміз - тілдің

лексикасында,  грамматикасында  таңбаланған

күллі  әлем,  ғалам  туралы  білімдердің

жиынтығы.  Ал  ақынның  өлеңдерін  концепт

тұрғысынан  қарастырсақ,  Сұлтанмахмұт

поэтикасында  айрықша  роль атқарған  аса  жиі

кездесетін  сөзжасам  бірліктері  оның  тілдік

тұлғасының  лингвоко гнитивтік  деңгейін

көрсететін  концептілер  болып  табылады.

Мысалы,  ақын  өлеңдерінде  жиі  кезедесетін



«оқу»,  ««жүрек»,  дүние»

  концептілеріне

талдау жасап көрелік.

Сұлтанмахмұт «қараңғы қазақ көгіне күн»

болудың  бірден-бір  жолы  –  оқу,  білім  деп

таныды.  Бұл  мәселені  ол  өзінің  көптеген

поэтикалық шығармаларымен қатар, 1912 жылы

жазған  «Зарландым»,  1913  жылғы  «Қазақ

ішіндегі  оқу,  о қыту  жолы  қалай»  деген

публицистикалық  еңбектерінің  арқауы  етті.

Қазақ  халқын  сауаттылық  жағынан  үш  топқа

бөлді:  әліпті  т аяқ  деп  танымайтындар;

хадимшыл  надан  молдадан  оқып,  миларын

шатастырып,  қара  т анымай  шыққандар;

жәдитшілдер.

Ақынның  өмірлік  мақсатын  бейнелейтін



«оқу» концептісі – «өнер, білім, ақиқат, рақат

өмір, адалдық, ар-намыс, ғылым, бірлік, теңдік,

тірек,  еңбек,  талап»  ұғымдарын  өз  бойына

жинақтаған.

Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,

Оқыса, басқа елдердей қатарға енбек.

Білімге ел боп аңсап, құмарланса,

Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп -

деп жазады ақын.

Сұлтанмахмұттың  тілдік  тұлғасында  аса

жиі  қолданылған  лексикалық  бірліктің  бірі  –

“жүрек”  семантикасының  лингвокогнитивтік

мәні «ыстық қан, тәтті үміт, сүйген жүрек,



нанғыш,  құлай  сенгіш,  қамығу,  жиіркену,

мұздау,  жылы  емес  қан,  адасу,  тулап  шабу,

уытын  жаю,  қасірет-қайғы,  азап»  ұғымдары

арқылы  беріледі.  Бірде:  «Жүрегім,  тулап



шабасың,  Жоқты  қайдан  табасың»  деп,

жүрегіне  басу  айтса,  енді  бірде:  “Дүниенің



тұрмысынан өтіл жүрек, Менен кетіп, азаптан

құтыл жүрек” деп, өзімен бір тұрғанда азаптан

құтылмайтынын айтып, өмірден түңіледі ақын.

Туламашы, журегім,

Барасың тулап кіміңе?

Тар тағдырдың тасқыны

Су толтырған ініңе, -

деп, жазады.

Ақынның  жан  сырын,  ой-с езімін

бейнелейтін 

«дүние» 

концептісі 



«қызықтырған қызыл киік, у, қу, рахат, жауыз,

ашу» ұғымдарын өз бойына жинақтаған.

Аямады еш уақыт,

Дүние маған ашуын, -

деп, әбден өмірдің азабын тартқан ақын:

Дүние бәрі у екен,

Мені алдайтын қу екен.

Өткізген өмірім бұл күнгі,

Пайдасыз қызу ду екен, -

деген қорытындыға келеді.

Азамат  ақын  қазақ  халқының  бақытты,

мәдениетті ел болуын өмірлік арман етіп еді. Сол

үшін  де,  ол  өзіне  «қараңғылықтың  көгіне  күн

болмағанда кім болам» деп, өршіл мақсат қойған

болатын.  Ұлы  ақынның  сол  арманы  бүгінде

орындалды. Бүгінде тәуелсіз, өркениетті елінің

адал  ұлының  биік  тұлғасы  бұрынғыдан  да

биіктей беретіні  сөзсіз.

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)


59

«Сұлтанмахмұт өмірі, жасаған дәуірі мен

шығармашылығы  жайлы  мәліметтер  бізге

жақсы  таныс.    Бәрін  де  білетін  сияқтымыз.

Дегенмен  жалпы  жұртқа  беймәлім  «ақын

құпиясы»  да  аз  емес.  Оның  өмір  сүрген

орт асының  күрделілігі  мен  қайшылықты

сипаттары тудырған біраз туындылары да жабық

күйінде 

қалып 


келді. 

Бүгін, 


көне

мұраларымызды түгендеп, қайта қарап жатқан

заманда Сұлтанмахмұтты да қайта оқу қажеттігі

де осымен байланысты», - деп жазған болатын

С.Қирабаев.

Олай  болса,  Сұлтанмахмұттың  тілдік

тұлғасын  жан-жақты  зерттеп,  жас  ұрпақтың

санасына сіңіру – болашақтың ісі.



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

Resume

Резюме

В статье автор поднимает вопрос о языковых особенностях поэта С. Торайгырова.

The author raises the question of linguistic features poet S.Toraigyrov's.

60

Г. ӘБІКЕНОВА, филология ғылымдарының докторы

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

М.МАҒАУИННІҢ  «АЛАСАПЫРАН»  РОМАНЫ ТІЛІНІҢ

КӨРКЕМДІК  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада  роман  тілінде  шығармаға  көркемдік  көрік  беріп,  мазмұнына  тереңдік  сипат

беретін ұйқасқа, ырғаққа құрылған параллель түзілімдер мен синтаксистік қайталаулар сияқты

көркемдік элементтерге талдаулар жасалған.

Мұхтар  Мағауин  –  қазіргі  қазақ  көркем

прозасына  елеулі  үлес  қо сушы  белгілі

қаламгерлеріміздің 

бірі. 

Жазушының



«Аласапыран»  тарихи дилогиясы  (1988)  қазақ

тарихи романдары қатарындағы шоқтығы биік

туындылардың  бірі  болса,  «Көк  мұнар»,

«Көкбалақ»,  «Шақан  шері»  романдары  мен

«Тазының өлімі» повестері қазіргі қазақ көркем

әдебиетінде  өзіндік  о рны  бар  айтулы

шығармалар.

Жазушының  «Аласапыран»  дилогиясы

мен  басқа  романдарының  («Көкмұнар»,

«Көкбалақ»)  тілінде,  баяндау  стилінде

ұқсастықтар, жазушының өзіндік қолтаңбасын

танытатын  белгілер 

болуымен  қат ар

өзгешеліктер  де  көрінеді.  Мұның  себебі,  ең

алдымен «Аласапыранның» тарихи стиль тезіне

түсіріліп  жазылған,  қазақ  халқының  өткендегі

тарихын көркем де шешен тілмен баяндайтын

туынды  екендігінде.  Ал    «...тарихи  роман,

эпопеяларға  жазушы  өзінің  шығармашылық

тәжірибесі  әбден  жетілген  «қаламы  төселген»

кезінде  барады,  сондықтан  тарихты  көркем

түрде сөз етудің тілдік-стильдік амал-тәсілдерін

де көп іздейді, табады...» - дейді Р.Сыздық [2,73].

Екіншіден  жазушы  таңдап  қолданған

баяндау  формалары  мен  тілдік  құралдардың

алуан  түрлілігіне  және  қаламгердің  оларды

түрлендіріп  қолдануына  байланысты  бір

жазушы  қаламынан  туған  бұл  туындылар

әртүрлі  сипат  алады.  «Аласапыран»  романы

жазушы  туындыларының  ішіндегі  көркемдігі

жағынан да, тілдік-стильдік белгілері жағынан

ерекше туынды. «Аласапыранның» тілі туралы

ғалым Р.Сыздық былай дейді:

«Жазушы  М.Мағауиннің  «Аласапыран»

романын  қазақ  көркем  әдебиетіндегі  тарихи

шығармалардың  ең  сәтті  үлгілерінің  бірі  деп

санауға  тек  оның  көркемдік-шығармашылық

сипаты  ғана  емес,  тілдік-стильдік  белгілері  де

мүмкіндік  береді.  Бұл  көркем  туындыны

«тарихи стиль» дегеннің тезіне салып жазудың

да  бірден  бір  көрнеу  үлгісі.  Ал  «тарихи  стиль

тезі» (историческая стилизация) жалғыз ғылыми

таным  үшін  емес,  қазақ  халқының  бұдан

бірнеше ғасыр бұрынғы, тіпті күні кешегі ХІХ

ғасырдағы  өмір  шындығын  дұрыс  тануымыз

үшін де қажет» [1,127].

«Аласапыран»  романының  жазушының

өзге шығармаларынан ерекшелігі оның баяндау

стилінен  де  байқалады.  Мұнда  әңгімелеу  мен

диалогтан  гөрі  терең  суреттеу  басым.  Ал

кейіпкер  сөзі,  ойы  көбінесе  монолог,  ішкі

монолог түрінде беріледі.

Романды әдеби тұрғыдан зерттеген ғалым

Т.Сыдықовтың  «сөзге  сараң,  образға  толы,

суретке бай роман» [2] деуі осыдан.

«Аласапыран» 

т арихи 

шығарма


ӘОЖ 811.512.122

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

Тірек сөздер: М.Мағауин, "Аласапыран" романы, синтаксистік қайталаулар, ұйқас, ырғақ.

61

болғандықтан, онда суреттеліп отырған заманға

тән әскери терминдер, лауазым, титул атаулары,

киім-кешек, бұйым атаулары, жер-су аттары көп

ұшырасады.  Жазушы  бұл  күнде  мағынасы

түсініксіз  немесе  ескірген  мұндай  атауларға

кейде қосымша түсініктеме беріп отырады.

Сонымен  қатар  «Аласапыран»  романы

бұдан  төрт  ғасыр  бұрынғы  заманды

суреттейтіндіктен  кейіпкерлерінің  сөйлеу

мәнері де өзгеше.

«...язык  в  историческом  романе  должен

полностью совпадать с языком с той среды и той

эпохи,  которую  воспроизводит  исторический

романист»  [3,410].  Жазушы  кейіпкерлерін  сол

заманның  тілімен  сөйлетеді.  Кейіпкер  тілінде

көнерген  сөздермен  қатар,  мақал-мәтелдер,

қанатты  сөздер,  шешендік  сөз  үлгісіне  тән

ұйқасты 

оралымдарды 

пайдаланады.

Сондықтан шығарма кейіпкерлерінің ішіндегі ел

басындағы  сұлт андар  мен  билер,  кейде

қарапайым  адамдар  да  шешен  де  оралымды

тілмен  сөйлейді.  «Аласапыран»  романын

жазушының  өзге шығармаларынан  ерекшелеп

тұратын  белгілерінің  бірі  –  шығарма  тіліндегі

шешендік  сөз  үлгілері,  мақал-мәтелдер,

авторлық афоризмдер, синтаксистік параллель

түзілімдердің мол ұшырасуы.

Сұлтан  ызғары  -  өткір  сүңгінің  жүзі,

аламан жұрттың ызғары – үңірейген көрдің өзі,

мен сол көрден қорқам. Хан ашуы – қара қылыш,

қайтпай шапқанымен қара орманды отап түгесе

ала  ма;  халық  ашуы  –  қаптаған  өрт,  жалыны

жапандағы орданы шалса, оған адам жұғыса ала

ма.  Мен  сол  өрттен  қорқам.  Мені  алдыңа

келтірген – анау айбары күшті бұқара жұртың.

Мені ашына сөйлеткен – мынау, айдыны сесті

қарашы бегің (8,60).

Томан бидің осы сөздері шешендік өнердің

үлгісін  көрсетеді.  Жазушы  кейіпкер  тілінде

шешендік  үлгіге  жататын  сөз  орамдары  мен

параллель  түзілімдерден  тұратын  сөйлемдерді

пайдалану  арқылы  кейіпкердің  шешендігін,

тапқырлығын т.б. қасиеттерін көрсете отырып,

шығарма  тілінің  шұрайлылығын  арттырады,

шығармаға көркемдік әр береді.

«Аласапыран»  романында  шешендік  сөз

орамына  тән  риторикалық  сұрақт ар  жиі

кездеседі.  «Риторикалық  сұрау  /лепті  сұрау/

шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі.

Ойды,  сезімді  әсерлі  ету  үшін  жауабы  өзінен-

өзі-ақ    айқын  нәрсені  әсерлі  леппен,  сұрау

түрінде  айту.  Бұл  күмандану,  шүбә  келтіру,

мүмкін  емес  деген  айрықша  сенімділікті

білдіреді»  [5,126].  Мысалы:  Біріктірем  деп

жүріп, бөріктіріп алса, азарға бой ұрса да безерге

біржола  кетпеген  ағайынның  көбі  өліп,  кем

қалса қайтесің?! Қырық жылдан соң қайырылып

өзіңді  таппасына,  қылыш  үстінде  еме с,

қырмызы  кілем  үстінде  төс  түйістіре

табыспасына  кім  кепіл?!  (8,102)  «Сырт

қарағанда риторикалық мәндегі сұраулы сөйлем

хабарлы сөйлемге ұқсайтын сияқты. Белгілі бір

жайдың  ақиқат  немесе  жалғандығына  көз

жеткізе  баяндауына  қарай  хабарлы  сөйлем

тәрізді,  ол  да  пікірдің  грамматикалық  көрінісі

деп  танылады.  Мұндай  ұқсастығымен  бірге

риторикалық  сұраулы  сөйлемдер  хабарлы

сөйлемнен  ерекшеленеді.  Ол  ерекшелік  /тіпті

артықшылық 

деуге 

сияды/ 


мынада:

риторикалық  мағынадағы  сұраулы  сөйлем

хабарлы  сөйлем  сияқты  хабар  жеткізіп  қана

қоймайды,  оның  үстіне  сол  айтылған  ойға

оқырманын  не  тыңдарманын  сендіріп,  оны

мақұлдаттырады» [7,29].

Жазушы 

өз 


шығармаларындағы

кейіпкерлерді  шешен  тілмен  сөйлетеді.

«Аласапыран»  романындағы  Тәуекел  хан,

Қадырғали  би,  Томан  би,  т.б.  би-сұлтандарды

сөйлетуде бірінен соң бірі үстемелене берілген

риторикалық  сұраулы  сөйлемдерді  көп

қолданған.

Азып-тозған  ағайынды  паналатс аң

абыройың  аспай  ма!  Бауырыңның  көңілін

тапсаң барақатқа жетпеймісің! (8,126)

Жат именер аламан аттан түссе не болмақ?

Жау  айбынар  ағайын  үйде  бұқса  не  болмақ?

Осындай  риторикалық  сұраулы  сөйлемдерді

қолдану арқылы жазушы біріншіден кейпкердің

шешендігін,  сөз  өнерін  жетік  меңгергендігін

көрсетеді,  екіншіден  мұндай  сөйлемдер  ойды

мәнерлі  етіп  жеткізеді,  үшіншіден  сөйлем

үстемеленген сұрақтар түрінде жұмсалып және

бұл  сұрақтар  белгілі  бір  тәртіппен  тіркесіп,

ырғақпен 

айтылып 

шығарма 


тілінің

көркемдігіне қызмет етеді.

Мен  бастап,  қалғандар  қосылып,  мына

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)


62

қараша  жұртың  түгел  жалған  сөйлесе  сен  не

боласың?

Шын сияпат пен жалпаң аярлықты айыра

алмасаң ел не болады? (8,76).

...ханын  жерге  қаратқан  бидің  құны

қандай,  елін  екіге  бөлген  сұлтанның  сыны

қандай?( 8,76).

Ондан  ағамыздың  өзі  болмаса  да,  көзі  –

Ораз-Мұхамедтен жолы үлкен кім бар ?! Ата тегі

- Әз Жәнібек хан, ана тегі Керей хан, одан асыл

кім бар?!(8,17).

Роман тілінде шығармаға көркемдік көрік

беріп,  мазмұнына  тереңдік  сипат  беретін

ұйқасқа,  ырғаққа  құрылған  параллель

түзілімдер  мен  синтаксистік  қайталаулар  жиі

ұшырасады.

...қалмақ  -  қатты  халық,  ер  халық.  Иіп

бұқтыра  алмайсың.  Қорқытып  ықтыра

алмайсың.  Имендір  де  икемге  келтір.  Өлтір,

бірақ өшпенділік туғызба (8,106).

Жағаңа  жау  қарысы  жетпесін,  денеңе

жезайырдың  оғы  өтпесін.  Емінсең  іліп  түсір,

ұмсынсаң ұрып түсір (8,261).

Туындыда  авторлық  афоризмдер  көп

қолданылған.

Қаламгер  романдағы  оқиға  желісіне

қатысты 


өзіндік 

ой-тұжырымдарын,

түйіндеулерін  қанатты  сөз  түрінде  беріп,

шығарма  тілінің  көркемдігін  арттыра  түседі.

Қайғыға  төзе  білу  де  кісілік.  Өле  білу  де  өнер

(8,233).


Өлім – азаматтың ақыр түбінде айнымай

табысар жан серігі (8,239).

Қорлық ызаға жетелейді, қысым – күреске

нұсқайды (8,474).

 Ел орнында болса, ие табылар. (8,739)

Шығармада  ел  билеу  рәсімі,  ұлттық

дәстүр,  соғыс  көріністері  сияқты  тұрмыстық-

этнографиялық  детальдар  тарихи  көркем

деректілікпен 

суреттеледі. 

Қазақтың

тұрмысына, көш-қоныс жайы, этнографиялық

ерекшеліктерімен  қатар  орыс  тұрмысына

қатыстыларды  да  жазушы  сондай  жетік  біліп,

дәл  суреттейді.  «Аласапыранды»  оқи  отырып,

сол  заманға  тән  қазақтың  киім-кешегі,  салт

дәстүрі,  түрлі  тұрмыстық  бұйымдарын  көзбен

көріп отырғандай әсер аласыз.

Көк  күймелердің  алдыңғы,  ішкі  жақта

тұрған  қатары  әрі  зор,  әрі  әсем  көрінеді.

Арбасының  шарбақ-шарбақ  қайың  доңғалағы

мен  берік  қиюластырып  жас алған  арыс

ағаштары  жосаға  жаңа  ғана  боялғандай  қып-

қызыл.  Арба  үстіне  бітеу  орнатылған  киіз

үйлердің  үзігі  мен  туырлығы  бүгін  ғана

жабылғандай,  аппақ,  дөдеге  жапсырмалары,

белбау, басқұрдың ою-өрнек, әшекейлері анық

ажыратылмағанмен,  андағайлап  тұр,  өзара

ұқсамас  ерекше  көркін  танытады.  Екінші,

ортаңғы  қатардағы  көк  күймелердің  біразы

көлеңкелі, аралықтан анық көрінгендерінің өзі

онша әсем емес сияқты (8,78).

Ораз-Мұхамед  үй-ішіне  жіті  қарап,  тез

шолып  шықты.  Жасау,  жиһаз  атаулыда  асадал

жаққа құрылған ескі шымши мен төрдегі бояуы

оңа  бастаған  терме  алашадан  өзге  ештеңе

көрінбейді. Оң жақ босағада қасы сынған ескі

құранды  ер,  төрде  былғары  қынапты,  ұзын

қайқы  қара  қылыш  ілулі  тұр.  Кереге  атаулы

түгелге жуық жалаңаш. Сыртындағы киіз қара

құрым,  шоқпыт-шоқпыт,  сағанақтардың  көгі

созылған, бүкіл үй қаусап, құлағалы тұрғандай.

Кенет 

бір 


жақ 

іргеде 


әлдене

жыбырлағандай көрінді. Жаңа жыртық тон ба,

ескі  шапан  ба,  әйтеуір  ретсіз  үйіліп  жатқан

киімнен басқа ештеңе аңдамаған.

Сөйтсе, асты толы ұсақ бала екен. Түгел

оянса керек, әр тұстан жылт-жылт етеді. Бесеу-

алтау ма, жеті-сегіз бе, санап болмады (8,85).

Алдыңғы сурет сұлтан көшінің салтанатты

кейпін  берсе,  екіншісінде  Ораз-Мұхамедтің

өзіне  қарасты  Сарыарқа  даласын  аралау

үстіндегі  көшпендінің  қара  лашығындағы

тұрмысты,  жоқ  жітікке  толы  кедей    халықтың

сұрғылт    тіршілігін  бейнелейді.  Екеуі  де

авторлық позицияға сәйкес бас кейіпкер Ораз-

Мұхамедтің  көзімен  беріледі.  Автор  өзінің

қатысын  білдірмейді,  Ораз-Мұхамедтің  көріп-

білгені, ойлап-түйгені түрінде береді.

«Тарихи  романдар  халық  тарихының

терең  қабаттарына  барлау  жасап,  өткеннің

рухын  тірілткендіктен,  тілдік  қорымызға

ғасырлар көшінде жиналып, қордаланған мақал-

мәтелдерді,  афо ризмдерді  неғұрлым  мол

пайдаланса,  соғұрлым ұтады» [2,209].

«Аласапыран» романында жазушы мақал-

мәтелдерді де жиі және орынды пайдаланған.

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет