Қыпшақ” атауы ең алғаш рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде жазылған, түркі тектес халық. Еуропада “командар” д.а
Этно саяси бірлестіктер үштігі: кимек, қыпшақ, кумандар.
Х ғ. бастап “Оғыздар даласы” (Мафазат әл-гуз) деген атаудың орнына “Дешті Қыпшақ” (Қыпшақтар даласы) деген атау пайда болады.
Территориясы: ХІ ғ. Орталық Азия, шығыс-батыс Еуропа, Еділ, Қара теңіз, Византия, Венгрия шекараларына дейін қоныс аударады. Еділ мен Днепрді орыс жылнамаларында “Половецтер өлкесі” деп атады.
Билік мұрагерлікпен беріліп отырды;
Саяси құрылымы: хан, тархан, басқақ, бек пен байлар тұрды.
Теңсіздік - малға жеке меншік болды, жайылым мен жерді хан реттеп отырды.
Қыпшақтарды этникалық құрамына:қимақ, куман, башқұрт, оғыз, қаңлылар, баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер кірді.
Қыпшақтардың әлсіру себептері:
1. Ордада хорезмдіктердің көбеюі;
2. Шыңғысхан жорықтары.
Белгілі қол басшылары: Текеш, Бошпан, Бейбарыс.
Орта ғасырдағы қала мәдениеті және сәулет өнері:
Орта ғасырдағы өркениеті қалалар: Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран ғылым мен сауда орталығы болды.
Тараз, Испиджаб қалаларында ішкі сауда айналымында маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір Батыс пен Шығыс елдеріне теңгелер, күміс, алтынға сатылды.
Іле алқабының ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк- Тума сияқты қалалар ғылым-білімнің орталығы болған.
Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (X-XI ғғ.), Айша–бибі (XI-XII ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі, Сырдарияның төменгі сағасындағы Сырлытам, Орталық Қазақстанның Домбауыл кесенесі ортағасырлық сәулеттік ескерткіштерге жатады.
Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (X-XI ғғ.), Айша–бибі (XI-XII ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі, Сырдарияның төменгі сағасындағы Сырлытам, Орталық Қазақстанның Домбауыл кесенесі ортағасырлық сәулеттік ескерткіштерге жатады.
Үйлерді салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды.
Орта ғасырдағы ислам дінінің орнауы түркілердің сәулет өнерін өзгертті.