Территориясы: Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан . Орталығы – Баласағұн кейін Қашғар қаласы. Қарахан мемлекетін түрік тілдес тайпалар:шігіл, ягма, қарлұқтар құрды.
Негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915- 955жж), Саманилердің қолдауымен ағасы Оғылшақтан Қашғар мен Тараз өзенінің бойын жаулап алды.
Билік екі саяси күштің қолында болды Әли Арсылан мен Хасан Боғра ханның ұрпақтары.
Шығыс хандық:Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан.
Батыс хандық: Мәуеренахр жерлері. Орталығы Самарқан қаласы болды.
Саяси құрылымы: Жоғарғы өкімет билігі – Қаған кеңесші, көмекші – уәзір, күзет бастығы, есік қорғаушылары, қазынашылар және елшілер қызмет істеді.
Саяси құрылымы: Жоғарғы өкімет билігі – Қаған кеңесші, көмекші – уәзір, күзет бастығы, есік қорғаушылары, қазынашылар және елшілер қызмет істеді.
Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта деп аталады.
Мемлекеттік діні – Ислам және тәңіршілдік.
ІХ – ХІ ғғ.қазіргі Қазақстан аумағында құдіретті үш мемлекет болды: Жетісуда – Қарлұқ этникалық - әлеуметтік бірлестігін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларында – Оғыз державасын, ал Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанда – Қимақ қағанатын кейін Қыпшақтарға бірікті.
Х-ХІ ғғ. Қазақ жерінде Керей, найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, моңғол, қарақытай, таңғұт т.б этникалық ұлыстар өмір сүрді.
Х-ХІ ғғ. Қазақ жерінде Керей, найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, моңғол, қарақытай, таңғұт т.б этникалық ұлыстар өмір сүрді.
Найман мен керейлер моңғол(түркі) тілдес, христиан дінін қабылдап, ұйғыр тілінде сөйлеген. Қытаймен соғыстың нәтижесінде “қыпшақ”хандығына біріккен.