Қытайдың саяси жүйесі бойынша лекциялар Лекция кіріспе сөз. Жүйе және саяси жүйе ұғымдары


Жергілікті Басқару жүйесіндегі өзгерістер



бет4/25
Дата16.10.2023
өлшемі197 Kb.
#115642
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Жергілікті Басқару жүйесіндегі өзгерістер. Шығыс Хань патшалығының соңғы кезінде Чжоу () Чжун () Шиян дық () үш дәрежелі жергілікті әкімшілік саяси басқару жүйесі қалыптасқан. Оны Үш патшылық мемлекеттері жалғастырды. Бұл кездегі ең жоғары жергілікті билеуші чжоу болды. Оның бастығын Лашы (剌史) деп атады. Мемлекет астанасы тұрған облыс бастығын чжоу мү (州牧) деп атады. Лашының қоластында бежия, чжы жүң, жаңшы, сыма (别驾, 治中, 长史, 司马) деген мансатылар болды.
Лашы көбінесе әскери билікті де иеленді. Кейін келе дамып әскери бақылаушы билігінде қолға алды. Оның құқығы 2 мың шы жалақы алатын шенуникті де өлтіретін дәрежеге жеткен. Лашылардың билігі кеңейіп, орталықпен үзеңгі соғыстыратын дәрежеге жеткізбеу үшін, император өзінің туыстарынан лашы қоятын болған. Немесе лашыға қарасты заң бақылаушысын қойған. Ол лашыны билігіне ортақтасады және оны бақылап патшағы мәлімет беріп отырады.
Чжоудан төмен Чжун. Чжунның бастығын Тай шоу (太守tai shou) деп атайды. Олардың да қол ұстауға құқығы болды. Оларда чжаң чжүн (将军 Jiang jun) деген титульда болады. Тай шоу қоластындағы мансаптылардың адам саны Хань патшалығы кезінен көп болды.
Чжуннен төмен Шиян - аудан болды. Аудан бастығын Шиян лиң (县令)-деп атады. Аудан әкіміне қарасты мансаптылардың саны да Хань патшалығы кезінен көп болды.
Ауданнан төмен Шияң, ли дегендер Хань патшалығы кезіндегімен бірдей болды.
Суй патшалығының саяси жүйесі
581 жылы Бей Чжоудың маңызды билігін ұстап тұрған Ян Чжан (императордың жиені. 杨坚 Yang Jian) мемлекет билігін тартып алып, Суй патшалығын құрды. Өзін Су Вэнди патшамын деп атанды. 589 жылы ол Қытайды қайтадан біртұтай абсалюты феодалдық мемлекет етіп қайта құрды.
Суй Вэнди патша тарихи тәжірибелерді қортындылай отырып, екі тұжырым жасайды. Бірініш, үнемшілікдік істеу, халық бұқарасын қанауды жеңілдету; енді бірі – аямай өлтіру, сол арқылы байлар мен манастылардың шектен шыққан зұлымдығын ауыздықтау.
Сонымен ол үнемшілік істеген жақсы шенеуниктерді сыйлап, мадақтайды да, заңсыздық істеген, парақорлық жасаған шенуниктерді аяусыз жазалап, халыққа бір шама кең қолдық саясат жүргізеді. Ол өзінің осы саясатын өзі билік жүргізген 24 жыл бойы атқарылып, қоғамдық саяси жағдайды біршама оңайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет