Қытайдың саяси жүйесі бойынша лекциялар Лекция кіріспе сөз. Жүйе және саяси жүйе ұғымдары


Таң патшалығының Сот және бақылау жүйесі



бет8/25
Дата16.10.2023
өлшемі197 Kb.
#115642
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Таң патшалығының Сот және бақылау жүйесі. Таң патшалығының сот және бақылау жүйесі барынша жетілдірілген. Орталықта Далисы (大理寺), Шиу бу (刑部) және (御史太) деген заң органдары болған.
Далисы – ең жоғарғы сот – жазалау мекемесі. Онда жеті сала бойынша 200 ден аса адам жұмыс істейді. Олар орталықта жұмыс істейтін шенуниктер мен астанада ауыр қылмыс өткізгендердің ісін қарастырып өкім шығарып жазалайды.
Шиң бу – орталықтың заң органы. Олар Далисының шығарған сұргінге айдау жазасынан өтеменгі қылыскерлерді, облыс, ауданнан жоғарғы қылмыстық істерді қайта қарайды.
Үйшытай негізінен Далишы мен Шиңбудың сот процестерін бақылайды, сондай-ақ аса ірі қылмысты істі қарауға ортақ қатысады, немесе әкімшілік, саяси істерді қабылдап қарайды. Бұл үшеуінің пікірі бір жерден шықпаса патшаға жолдап, патшаның шешімін алады.
Емтихан – конкурестік жүйесі. Таң патшалығы бұрынғы өзіне дейінгі патшалықтардың емтихан алу немесе конкурес жүргізу тәртібін дамытып, оның қолданыс аясын кеңейтті. Тұрақты емтихан алу тәртібін қалыптастырды. Ол әр жылы мансапқа талаптанушылардан емтихан қабылайды. Емтихан немесе конгурес сегіз пән бойынша қабылдаған. Оғын қатысатындар мемлекеттік мектептер және обылыс аудандардан келген талапткерлер. Алдымен аудан, облыстарда емтихан тапсырып, одан өткендері орталыққа келіп емтихан тапсырады.
Екіншісі бағдар бойынша емтихан тапсыру жүйесі. Оны импаротор қажет болғанда, пән белгілеп, «ерекше таланттардан» емтихан қабылдайды. Бұлардың тапсыратын сабақтары өте көп, Мысалы, жазушылық, жан-ақтылы өнер ғылымы, қаруға жатылуы, әскери тәктика, классикалы ілімджерден өз дарындылығын көрсететін сабақтардан емтихан береді. Солайда көптеген шенуниктер жиншы, миң жиң (进士, 明经) сабақтарынан өткендер болады. Жиншыға екі өлең және бес ағымдағы саяси тақырыптар бойынша сауал қойылады. Бұнда билеушілердің қолданып отырған саясаи, экономика, қаржы, қорғаныс саясатына өзінің жеке көзқарасын, пікірін жазбасша білдіру. Емтихан тапсырған 100 жиншыдан 1-2 адам қабылданады; миңжиңнан 10 адамнан 1-2 адам іріктеледі.
Емтихан алу Таң патшалығының алғашқы жалдарында (629-649 жж.) Жиншы 205 адам қабылданған болса, У-Зытянь кезінде (684-705 жж.) және одан кейінгілер кезінде 55 жылда 1000 артық адам қабылданған екен. Сонымен бірге қару қолданудан емтиханын алған. Оны «У жүй (武举) қару көтеру» деп атаған. Олар қабылданған соң, 9 дәрежелі қызмет нәтижесін тексеріп, олардың мансабының өрлеуі мен төмендеуін белгілеп отырған.
Таң патшалығында Гао зүң Лижы билеп тұрған кезден бастап (650-684) Жиедушы (节度使 jie du shi) жүйесі қатты дамытылды. Ол әсілі 623 жылы құрылған. Алғаш ол шекара өңірлерін қорғау мен халық бұқарасының көтерілістерді жаныштау үшін құрылған әскери ұйым болған. Кейін олар тың игеріп экономикалық кіріс табатын құқыққа да қол жеткізді. Сонымен Жиедушылардың күшеі нығая түскен ...
Ан Лушань мен Шы Сымиң деген 200 мың және 150 мың қолмен 755 жылы қараша айында Таң патшалығына қарсы көтеріліске шығып, 8 жыл соғыс жүргізді. Таң патшалығының шаңырағын шайқалтып жіберді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет