Музыкалық үзінді Жүргізуші: Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойына жинағандай өнер бағын.
«Ана көрген тон пішер»деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын - дей келе келесі
«Ою ойғанның ойы – ұшқыр» деп аталатын сайысымыздың шарты бойынша матаның бетіне ою-өрнек әшекейлеу қажет. Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Әр топ өзінің таңдап алған оюына сипаттама береді.
«Қошқар мүйіз» - қошқардың екі шекесіне иіріліп кеткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап т.б.киіз бұйымдарында кездеседі.
Ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендік деген сауалға суретші Әділхан Қастеев:
Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен - деп жауап беріпті.
Жұлдыз өрнегі - аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Бұл өрнек көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.
Түйетабан - түйенің табанына ұқсас ою. Ол киімдерде, бұйымдарда кездеседі.
Сынық мүйіз - сынық жасап барып, мүйізді бейнелейтін өрнек.Ол көбінесе шым, шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.
Әр топ оюлар туралы мәлімет береді.
Музыкалық үзінді. Келесі сайысымыз «Фантазия» үй тапсырмасы.
Шарты: әр топ фантазияға байланысты матадан, өзге материалдан жапсырмалауды көрсету
Сөз кезегі әділқазыларға беріледі:
Қадірменді көрермен қауым, сайысымызды көріп тамашалағандарыңызға көп көп рахмет!
Көрме «Қол өнері – ой өнері»
.
.
сайыстың алғашқы кезеңінде, Таныстырсын өздерін топ құрамын. Ортаға сайыскерлерді шақырайық.
1. Өнер тобы/5мақал-мәтел/ «Өнер іздеген өсер, өсек іздеген өшер» «Өнер түбі елде мол, өнім сыры жерде мол»т.б
2. Шебер тобы./5мақал-мәтел/ «Шебердің қола ортақ» «Шын шеберде мін болмас»т.б
3. Іскер тобы /5 мақал-мәтел/ Еңбек туралы.
4. Зергер тобы /5мақал-мәтел/ Тиым сөздер, ырымдар.
Брейн –ринг. Аспаздық. 1.Қамырды ашытып көтеретін не?(ашытқы, сода)
2.Борщ дайындауға оның құрамында міндетті түрде не болу керек?(қызылша, қырыққабат)
3.Қымыз неден жасалады?(биенің ашыған сүті)
4.Десерт қай елдің сөзінен шыққан? (Француз)
5.Шайдың отаны? (Қытай)
Машинатану: 1.Қандай маймен тігін машинасы майланады? (машина майымен)
2. Тігін тікенде саусаққа не киеді? (оймақ)
3. 1990 жылы Подольск қаласында қандай фирма завод салды?(Зингер)
4. Тігін машина жібінің қай номерлісі өтімді?(40жіп )
5.Түйме қадауға арналған табан қанша тесігі бар түймелерді қадайды? (2-4 тесігі бар түймелерді қадайды)
Мататану. 1. Қандай талшықты мата жылуды жақсы сақтайды? (жүн талшықтары)
2. «Канва» деген не?(кесте тігуге арналған селдір мата)
3. Тон бізді жылыта ма ?(Жоқ жылуды сақтайды)
4. Капрон синтетикалық па, әлде жасанды ма?(синтетикалық)
5. Жабағы деген не ?(малдың көктемде қырқып алынатын жүні)