Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы : Қызыл телпек ертегісін сахналау.
Мақсаты: Білімділік: Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету.
Дамытушылық:Балалардың сөздік қорын молайту. Сахналау арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.Көркем шығарманың тәрбиелік маңызын түсіндіру
Көрнекіліктер:Ертегі кітап , ертегі кейіпкерлерінің маскасы.
Тәрбиеші балаларды шеңберге шақырып бүгінгі күнге тілектер айтуды ұсынады.
Балалар шеңберге тұрып бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу
Тәрбиеші балаларға қонаққа Айжан қуыршақ келгенін айтады.
-тәрбиеші балалар қонағымыз сендердің білімдеріңді,өнерлеріңді көргісі келеді.Біз бүгін қонағымызға ертегіні саханалап берейік.
-Біз өткен қандай ертегілерді тыңдадық, есімізге түсірейікші.
-Апаны қасқыр жеп кетіп,аңшылар көмектесетін қай ертегі?
-Қызыл телпекті анасы қайда жұмсайды?
-Қызыл телпекке не кездеседі?
-Жақсы балалар енді сендер ертегі кейіпкерлеріне бөлініп ойнайық.
Тәрбиеші балалардың кейіпкерлердің интонациясын,дауыс ырғағын,дауыс қаттылығын дұрыс жеткізуін қадағалап отырады.Мәтінді оқып кейіпкерлердің кезекпен шығуын қадағалайды.
Айжан қуыршақ балаларға риза болып сыйлығын беріп қоштасып қайтады
Балалар қонақты қарсы алады.
Ертегіні сахалауға дайындалады.
Балалар ертегілерді атайды.
-Қызыл телпек ертегісі.
-Анасы көрші ауылдағы әжесіне бәліш апарып кел деп жұмсайды.
-Қасқыр кездеседі.
Балалар өздеріне ұнаған кейіпкерді таңдайды.
Ертегіні сахналайды
Балалар қуыршақтың сыйлығына қуанып,қоштасады.