Күні 24. 11. 17 Балапан тобы: Өткізетін тәрбиеші: Тұрсын Г.Р Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі :Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы: «Дос іздеген бота» ертегісін сахналау
Мақсаты: Білімділік: балалардың бота мен оның достары туралы түсініктерін қалыптастыру
Дамытушылық:ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ертегі кітап, кейіпкерлердің суреттері, медальдар
Тәрбиеші балаларға қонаққа Айжан қуыршақ келгенін айтады.
-тәрбиеші балалар қонағымыз сендердің білімдеріңді,өнерлеріңді көргісі келеді.Біз бүгін қонағымызға ертегіні саханалап берейік.
-Біз өткен қандай ертегілерді тыңдадық, есімізге түсірейікші.
Жақсы балалар енді сендер ертегі кейіпкерлеріне бөлініп ойнайық.
Тәрбиеші балалардың кейіпкерлердің интонациясын,дауыс ырғағын, дауыс қаттылығын дұрыс жеткізуін қадағалап отырады. Мәтінді оқып кейіпкерлердің кезекпен шығуын қадағалайды.
"Жалғасын тап"
м\ы: балалардың ойлауын,тілін дамыту.
Тәрбиеші ертегіден үзінді айтады балалар қай ертегіден және жалғасын айтады.
Балалар қонақты қарсы алады.
Ертегіні сахалауға дайындалады.
Балалар ертегілерді атайды.
Балалар өздеріне ұнаған кейіпкерді таңдайды.