Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу
|
Тәрбиеші балаларды шеңбер бойымен кілемшеге жайғасып отыруларын сұрайды.
-Балалар бізге ертегілер әлемінен "Ғажайып қоржын" беріп жіберіпті
Қоржынды ашайық не бар екенін көрейік.
-Балалар бізге ертегі кейіпкерлерінің суретін беріп жіберіпті.
Сендер ойын ойнағыларың келеме?
Д\ойын :"Кейіпкерлерді ата"
Мақсаты: балаларды ертегі кейіпкерлерінің атын атауға,дұрыс орналастыруға дағдыландыру.
-Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар?
-Мен бүгін "Жеті лақ" ертегісін оқып берейін зер салып,мұхият тыңдаңдар. Баяғы заманда бір ешкі болыпты. Оның жеті лағы бар екен. Олардың үйі орманның шетінде орналасыпты. Ешкі лақтарына азық әкелу үшін күнде орманға кетеді екен. Үйінен шығып бара жатып «Есікті ешкімге ашпаңдар» деп кетеді екен. Бір күні ешкі орманға кеткенде, үйіне қасқыр келіп есігін қағады. Бірақ лақтар есікті ашпайды.
Үйге кіре алмаған қасқыр тасаға тығылып, ешкінің келуін күтеді. Бір кезде ешкі келіп:
- Қарақтарым, шырақтарым, мен сендерге азық әкелген аналарыңмын, - дейді. Лақтар есікті ашып, ешкі үйге кіреді.
Ертесіне ешкі орманға кеткенде қасқыр үйдің есігін қағып:
- Қарақтарым, шырақтарым, мен сендерге азық әкелген аналарыңмын, - дейді. Лақтар есікті ашады. Қасқыр үйге еніп лақтарды алып кетеді.
Тек кішкентай лақ қана пештің ішіне тығылып, аман қалады. Ешкі үйіне оралғанда лақтарды таппай қайғырады. Сол кезде пештен кішкентай лақ шығып, болған жағдайды анасына айтады. Ешкі тездетіп аңшыға жолығып, лақтарын құтқаруын өтінеді. Аңшы қасқырды тауып, атып тастайды да, лақтарды үйлеріне алып келеді.
Тәрбиеші ертегіні оқып берген соң балалармен бірнеше қайтара қайталап,сұрақтар қойып ертегі кейіпкерлерін көрсете отырып түсіндіреді.Балаларға ертегі кейіпкерлерінің суретін беріп ертегі желісімен орналастыруды тапсырады.
|
Балалар кілемге отырып тәрбиеші апайларына назар аударады.
Балалар қоржынға қуана назар аударады.
Балалар ойынды қызыға ойнап кейіпкерлерді апайды.
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
Балалар ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерді ертегі желісімен орналастырады.
Балалар ертегі желісі бойынша кейіпкерлерді көрсете отырып баяндайды. ертегі желісі бойынша кейіпкерлерді орналастырады.
|