«Ізгі сөздер патшалығы» үйірмесінің



бет33/49
Дата16.01.2023
өлшемі170,36 Kb.
#61481
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
Вариатив.Ертегілер елінде

Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегі кейіпкерлерін атай біледі.
Түсінігі бар: Ертегі туралы түсінігі бар.
Орындай алады. Ертегіні сахнай алады.

Күні 16. 02. 18. Балапан тобы жүргізген тәрбиеші: Қалиасқарова И.К
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: «Үш аю» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды ертегі желісіне байланысты суретттерді орналастыруды үйрету.
Дамытушылық: Ертегі желісі туралы түсініктерірін артыру.
Тәрбиелік: Ертегі желісін түсініп тындай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің суреті

Әрект кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Балалар бүгін ерекше күн. Мен жолдан мына бір хатты тауып алдым. Ішінде ертегі кітап бар екен

Балалардың назары тәрбиешінің қолындағы хат пен ертегі кітапқа ауады.

Ұйымдастыру ізденіс жүргізу


Тәрбиеші балаларға «Үш аю» ертегісін оқып береді.
Ерте –ерте , ертеде Машенька деген қыз өмір сүріпті. Ол бір күні орманға саңырауқұлақ теруге барыпты. Машенка бір себет саңырауқұлақ теріп алып, үйіне қайтар кезде адасып кетеді. Ол орман ішінде көп жүрді. Бір кезде ол ескі ағаш үйді көреді. Есік ашық тұрған соң кіріп кетеді. Ол үйде үш аю тұрады екен. Әкесінің аты Михайло Иванович.
Ал екінші аю кішірек, оның аты Настасья Петровна. Үшінші ең кішкентай қонжығы, ол Мишутка екен.
Аюлар үйінде болған жоқ, олар орманға серуендеп кетіпті.
Үйдің ішінде екі бөлме бар екен. Ал Маша бірінші бөлмеге кіргенде, үш тостағанға салынған ботқаны көрді. Бірінші өте үлкен тостаған, Михаил Ивановичтікі, екншісі орташа, Настасия Петровнанікі, ал үшінші ыдыс Минутканікі еді. Әрбір тостағанның қасында қасық жатты: үлкен, корташа, кішкентай. Маша үлкен қасықты алып, үлкен тостағаннан жеді. Одан кейін ортаншы қасықты алып, ортаншы тостағаннан жеді. Сосын кішкентай қасықты алып, кішкентай тостағаннан жеді. Оған Мишутканың ботқасы бәрінен дәмдірек болып көрінді. Маша шаршап, отырғысы келді жанында орындықтар тұр екен: Бірінші өте үлкен орындық, Михаил Ивановичтікі, екншісі орташа, Настасия Петровнанікі, ал үшінші орындық Мишутканікі еді. Маша үш орындыққа да отырып көрді. Оған кішкентай орындықта өте ыңғайлы болды, ол тербетіле бастады.Орындық әрі-бері шайқалған сайын сықырлап жатты. Орындық ырғала –ырғала сынып қалды. Ал Маша еденге құлап түсті. Ол енді келесі бөлмеге өтті. Онда үш төсек тұр екен. Бірінші өте үлкен төсек, екіншісі орташа, ал үшінші төсек Мишутканікі еді.Маша үлкен төсекке жатып көрді тым кең екен, екіншісі тым биік болды, ал кішкентай төсекке жатып бір дәмді тәтті ұйқыға батты. Аюлар серуеннен оралып, үстелге отырды.
- Кім менің тостағанымдағы ботқаны жеген? – деп үлкен аю ақырды.
Аю – ана өзінің тостағанына қарап: -Кім менің тостағанымдағы ботқаны жеген? – деді. Мишутка өзінің бос тұрған ыдысын көріп:

  • Менің тостағанымдағы ботқамды кім жеп қойған? – деп жылап жіберді.

Михаил Ивановичтің көзі орындығына түсті де,

  • Менің орындығымды кім қозғады, біреу отырыпты ғой? - деп ақырды

Настасия Петровнада өз орындығын көріп:

  • Менің орындығыма кім отырған? – деп күбірледі.

Қонжық өзінің тербетіліп ойнайтын орындығының сынып қалғанын көріп:

  • Менің орындығыма кім отырды, кім сындарған? – деп жыламсырады.

Үш аю жатын бөлмеге кірді.

  • Менің төсегіме кім жатқан, кім шашты? – деп Михаил Иванович ақырды.

  • Кім менің төсегіме жатқан? – деп ана- аю шырылдады.

Ал Мишутка өз төсегінде жатқан қызды көріп, айғайлады:

  • Мынау ғой! Ұстаңдар! Ұстаңдар! Ай-яй яй! Маша көзін ашып, аюларды көрдідеапыр топыр терезеден секіріп қаша жөнелді. Ал аюлар оған жете алмады. Маша тоғай арқылы жүгірген күйде үйіне жетті. Содан кейін Маша орманға жалғыз бармайтын болыпты.

Д/о: Қай сурет өз орнында тұрған жоқ.
Мақсаты: Сурет арқылы ертегі желісін есте сақтауын арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет