Біледі: Әдепті болуды біледі.
Орындай алады: Әңгімені рөлдерге бөліп сомдай алады.
Түсінігі бар: Бай , кедей, әкім, әдеп туралы түсініктері бар.
Күні 02. 02. 18. Балапан тобы Өткізген тәрбиеші: Қалиасқарова И.К Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: «Тышқанның өсиеті»ертегісі
Мақсаты: Білімділік: Балаларға халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы артыру.
дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін,есте сақтау қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Адамгершілікке,үлкенді тыңдай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: ірімшік, қақпан.
Қолданылған көрнекіліктер: тышқанның, ірімшіктің, қақпанның суреттері.
Тәрбиеші балаларға топқа қонаққа Ата келгенін хабарлайды.
Балалармен амандасады.
Балалар қонақ келгеніне қуанады. Атамен амандасады.
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу
Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сонау алыс ауылдан келдім, мен сендерге ертегі кітап ала келдім.
Тәрбиеші балаларға « Ата бізге ертегі кітап ала келіпті» мен сендерге сол кітаптың ішінен «Тышқанның өсиеті» атты ертегіні оқып берейін.
Тәрбиеші ертегіні оқып берген соң балалармен бірнеше қайтара қайталап,сұрақтар қойып ертегі кейіпкерлерін көрсете отырып түсіндіреді. Балаларға ертегі кейіпкерлерінің суретін беріп ертегі желісімен орналастыруды тапсырады.