Тарих пәнінде модульдік технологияны қолдану арқылы
ҰБТ көрсеткішін арттыру
Әрбір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалмай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға көп жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені, еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында.
Тарих пәнін оқытудағы басты міндет – Отан тарихын оқушы санасына сіңіріп, ел тарихын жете меңгертіп,отанына деген патриоттық сезімін ұялатып, азаматтық көзқарас қалыптастыру. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жаңа технология бойынша талапкердің білім сапасын білім беру ұйымына тәуелсіз бағалайтын мемлекеттік жүйе. Тестілеу оқушылардың оқудағы жетістігін бағалауды бекітілген оқу бағдарламасы бойынша және барлығына бірдей ортақ құрылған стандартты тестерді пайдалану арқылы жүзеге асырады.
ҰБТ жалпы орта білім беру жүйесіндегі білім беру сапасының нақты көрінісіне айналып, мектеп бітіруші оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартын меңгеруін объективті бағалауға қол жеткізеді Пән бойынша алған білімдерін ҰБТ кезінде тиімді қолданып, жоғары көрсеткіш көрсету. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. ҰБТ-ға дайындық кезінде қойылатын талаптар:
1. Білім берудің сапасын арттыру;
2.Сапалы білім беру жүйесін құру;
3.Жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көз қарасын қалыптастыру;
4.Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу;
Тарих пәнін оқытуда осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, бағдарлама талаптары негізінде сапалы білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. ҰБТ-ға оқушыларда даярлауда Тарих және Қазақстан тарихы пәнінен 5-9 сыныптарда өтілген тақырыптардың барлығы енгізілген және сол тақырыптар бойынша жоспар құрылған. Өтілген тақырыптарды жүйелеп тарауларға бөліп әр тарау бойынша тест әзірленген.
ҰБТ-ға дайындық кезінде төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырамыз, бұл жұмыстар оқушылардың алған білімдерін терең меңгертіп, есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Модульдік технологияны ҰБТ-ға сапалы дайындық кезінде қолданудың тиімді жолдары:
Технологияға өтуге дейінгі дайындық кезеңі
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
Оқу материалдарын мазмұнына қарай оқуыту моделіне бөлу
Әр модульді сағат санын анықтау
Әр модульдің технологиялық картасын жасау, сабақтың мақсаты, түрі, әдіс-тәсілдері, формасын айқындау
Әр модульдің кіріспе бөлімінің тірек схемасы көрнекіліктерін жасау
Модульдік технологияның алгоритмі
Мақсат қоя білу теориялық білім беру оқушының шығарма-шылық, өз бетімен жұмысы аралық бақылау білім тексеру.
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:
* Жан – жақтылығы;
* Коммуникативті құзыреттілігін дамыту;
* Жүйелі түрдегі бақылау;
* Өз бетімен іздену;
* Тәрбиелік мәні.
Бағдарламаны басшылыққа алып сабақ жоспарын жасағанда ең негізгі берілетін ұғымдарды іріктеп алып, сол ұғымдарды меңгерту;
1. Модульдік технология тақырыптарды жүйелеп оқытуға негізделген.Оның ҰБТ-ға дайындық кезінде тигізетін көмегі зор. Әр бөлімді жүйелеп (сандар, даталар, есімдер, атаулар, ұғымдар, анықтамалар), есте сақтауға ықпал ететін бірден-бір технология. Тарихқа деген қызығушылығын тереңдетеді. Ол үшін әр елдің тарихына байланысты сабақты өту кезінде сол елдің ерекшелігін көрсетіп, есте қалатындай тарихи, мәдени мұралары туралы айту;
Оқушылардың материалды өз бетімен оқып,саралай білуі. Мысалы, мемлекеттерге тән ортақ белгілерді анықтап,тірек сызба құрап,толтыру.
6-сыныпта
№
|
|
Алтын Орда
|
Ақ Орда
|
Ноғай Орда
|
Моғол-стан
|
Әбілқайыр хандығы
|
Батыс Сібір
|
1
|
Уақыт
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Территориясы
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Негізін қалады
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Орталығы
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Саяси оқиғалары
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Соңғы ханы
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Тарихи ұғым
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |