Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер



бет18/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
ТАРИХ

Ерте орта ғасыр лық мемлекет

Территориясы, орталығы

Негізін қалады

Саяси оқиғалары

Тарихи ұғым

Құрамындағы тайпалар

1

Түрік қағанаты
















2

Батыс түрік
















3

Түркеш
















4

Қарлұқ
















5

Оғыз
















6

Қимақ
















7

Қарахандықтар
















8

Қидандар
















9

Найман мен керейлер
















10

Қыпшақ
















7-сыныпта:




Көтерілістер

Уақы-ты

Территория-

сы,орталығы

Қозғаушы күші

Мақсаты

Барысы

Нәти-жесі

1

Сырым Датұлы



















2

К.Қасымұлы



















3

Исатай мен Махамбет



















4

Ж. Нұрмұха-медұлы



















5

Ж.Тіленішұлы



















6

Орал мен Торғай



















7

Маңғыстау
























Атауы

Басшысы

Құрамы

1

Ауылдық басқару

Ауылнай немесе Ауыл басы

Бірнеше отбасынан құралды

2

Ата-аймақ

ақсақал

Бір атадан тараған, 7 атаға дейнгі бірнеше ауылдан

3

Рулық басқару

Ру басы немесе ру биі

10-15 аймақтан құралды

4

Ұлыстық билік

Сұлтандар

Бірнеше рудан құралды

5

Жүздік билік

Хандар

Бірнеше ұлыстан тұрды

6

Хандық билік

Ұлы хан

Үш жүзден тұрды

7

Құрылтай, Мәслихат

Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі









Жүздер

Территория

Рулары

Билері

1

Ұлы жүз

Оңтүстік Қазақстан

Албан, Суан, Дулат, Жа-лайыр, Сіргелі, Сарыүй-сін, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шаныш-қылы, Қаңлы

Төле би

2

Орта жүз

Шығыс Қазақстан

Арғын, Найман, Уақ, Ке рей, Қыпшақ, Қоңырат

Қазыбек би

3

Кіші жүз

Батыс Қазақстан

Адай, Алшын, Жаппас, Алаша,Байбақты, Беріш, Масқар, Табын, Тама, Кердері, Керейіт, Жағал байлы, Қаракесек, Қара-сақал, Ішекті, Төртқара, Шөмекей

Әйтеке би

Шығармашылық күш-қуатын дамытуға дағдыландыру (білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді енгізу, тарихи деректерді оқып үйрену);

Пән аралық байланыс. Өнер, кино, көркем әдебиет, тарихи шығармалармен байланыстыра өту;

Жаңа педагогикалық технологияларды, инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу;

Конференция сабақ (әр елдер бойынша берілген хабарлама, баяндама, рефераттарды тыңдау, жұмыстарын қорғау);

Сабақтың жүйесіне қарай жергілікті жер материалдарын пайдалану;

Әр тараудан соң тест-интервью алу:

Әр тоқсанның аяғында өтілген барлық материалдар бойынша зачет алу;

Жоғарыда көрсетілген талаптардың ішінен өз тәжірбиемді жүзеге асырып жүрген бағыттарыма тоқталайын



2. Тарихқа деген қызығушылығын тереңдету. Оқушы үшін әр сабақтың қызықты өтуі олардың пәнге деген құштарлығын арттырады, қызығушылығы жоғары болған жағдайда оқушының өзінде алға басушылық, ынта-жігер пайда болады.

Қазіргі таңдағы ғылым жетістігін білімде пайдалану сабақтың заманауи талаптарға сай өтуіне мүмкіндік туғызады. Сабақта қолданған тәжірибелерім осының дәлелі.Әртүрлі флипчарттар,презентациялар, видео роликтер оқушы танымын кеңейтіп, білімін жетілдіреді.



3. Пән аралық байланыс. Көркем әдебиет. Өнер. Қазақ әдебиеті пәні, музыка сабақтарымен қазақ өнері,мәдениеті тақырыбында әртүрлі ашық сабақтар өткізу.
Тарих сабағында Ж.Қараевтың ОҮӘЖ технологиясын қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Бүкіл дүние жүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісінде нақты өзгерістер енгізілумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс- әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Қазақстанда Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаева, Қ.Қабдықайыров, М. Жампейісова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Ж.А.Қараевтің ОҮӘЖ технологиясын қолдану арқылы келесі тиімділіктерге қол жеткізеді:

-деңгейлік саралау оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтинг жүйесі бойынша бағалауға мүмкіндік береді;

-деңгейлік тапсырмаларды (олардың қаншалықты орындап жатқанын бақылап отыру мақсатымен) оқушы тақтадағы ілулі тұрған тізімдегі және «жұмыс дәптерінің» соңындағы өзінің тұсына мұғалімнің тексеруінен кейін «+» белгісімен белгілеп отырады. Қалғанын үйде орындайды, олар «V» белгісімен белгіленеді. Берілген кесте «ашық журнал» деп аталады, көрнекі түрде тақтаның шетіне ілінеді.

-Бір-ббрінің алға жылжуын бақылау мүмкіндігі олардың арасында жарысу жағдайын туғызады. Әр оқушы өзінің ілгерілеу динамикасын жоғары бағытта көрсетуге ұмтылады.

Әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді.Себебі, тақырыпты меңгеудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабақ үстінде орындап бітіруге, барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:

Бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға екінші деңгейдің тапсырмалары;

Екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға одан да жоғары деңгейлік тапсырмалар беріледі;

Т.с.с. деңгейден деңгейге көтеріле береді.

Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор оқушылар орныдай алады.

Осылайша, әр тақырып бойынша оқушыларға, сыныптан тыс уақытта, жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту қағидасы орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.

Жинаған ұпайларын оқушылар кестеге әр сабақтың соңында белгілеп отырады, соңында график салады. Ол- оқушының даму мониторингісі деп аталады.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан- жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерде де, жаңа технология бойынша – оқыту мақсаты болып табылады.

Мақсат - өздігімен дамуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің өзара байланыстағы қалыптармен өзгерулерін талап етеді.

Жоғарыдағы талапты орындау үшін төрт ұсынысты қажет деп санаймын:

Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігімен танып, іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл жағдайда бірінші орынға оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.

Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түріндегі ең бастысы- оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір- қасиетін сезімін дамыту. Оқытудың фронталды түрі, бағыт беру, талқылау, түзеті енгізуде ғана пайдаланылады.

Оқытуды ізгілендіру - оқыту құралдарына деген көзқарасты өзгертуді талап етеді. Өзгерістер бойынша оқу құралын оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болу керек. Осы жерде компьютерлік техниканың функционалдық мүмкіндіктерінің мол екенідігін ескере кету керек, себебі, компьютерлік техника- оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Оқушының өздігімен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы қажет.

Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің «оқыту процесінде оқушының ақыл- ойының дамуы «актуальды дамуы» аймағынан «жақын арадағы» аймағына ауысу» туралы теориясы. Бұл ауысу – тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1- деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізінде іс-әрекет арқылы жүзеге асады.

Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.

Тарих пәнінің мазмұнымен мақсат-міндеттері төмендегі шешуші біліктерді қалыптастыруға бағытталған:

-саяси және әлеуметтік- оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының проблемаларына сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығында белсенді түрде бейімделу қабілеті.

-толеранттылық - басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тіл табысушылық.

-когнитивтілік - өз білімін үнемі жетілдіруге дағдылану, шешімін іздеу, түсінігін білдіру, нақты өмірдегі оқиғалардың себеп- салдарын өздігінен тану.

-дүниетанымдылық - әлем туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру, қоғамдағы әлеуметтік орнын дұрыс таба білу, отаншылдық, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрін, адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық өмірдің демократиялық қағидаларын құрметтеу.

Барлық жаңа технологияның мақсаты- пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін басқарып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Заман талабына сай, электронды оқулық, интернет, web сайдты қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих пәні үшін маңызы зор.



Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта түсу бағытында әрқилы әдістер негізінде пайдалану тиімді.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың сызба нұсқасы төменде көрсетілген:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет