Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер



бет16/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
а) пәндерді оқытудың әдіснамалық мәселелері. Егер тарих, қоғам және мемлекет негіздері пәндері әдіснамалық тұрғыда, яғни оның аса маңызды мәселелері дұрыс, шындық тұрғыда оқытылмаса, оларды оқыту сапасын жақсарту қиын.

Қазақстанда тарихтағы бұрмалаушылықтарды жою, ақтаңдақтардың орнын шындық фактілермен толықтыру жөнінде бірқатар елеулі шаралар жасалғанына қарамастан, әлі де дұрыс шешуді күтіп тұрған ғылыми мәселелер баршылық. Солардың ХХ ғасырға дейінгі және онан кейінгі кезеңдеріне қатысты бірқатар мәселелер, атап айтсақ, Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың пайда болуы, Қазақ халқының құрылуы, Орталық Азия мен Қазақстан жеріндегі көшпелілер өркениеті, Қазақ мемлекетінің тарихы, Қазақстан Ресей империясы қол астында, ұлт-азаттық қозғалыстар, алфавиттің үш рет өзгертілуі, Қазақстандағы ұлт саясаты, демографиялық жағдай, ұлттық мәдениетті кемсітушілік, басқа да бірқатар мәселелер жатады. Бұл мәселелерді шындық тұрғыда оқыту үшін олар туралы жүргізілген соңғы зерттеулердің нәтижелерін үнемі ескеріп отыру керек. Мұның қажеттігін мыналармен негіздеуге болады.

Көп уақыт бойы Қазақстандағы отаршылдыққа қарсы қозғалыс ХҮІІ ғас. 70-80 жж-да басталды делініп келді. Ал шынында да, ол ХҮІ ғас. 80-90 жж-нан Ермактың Сібір хандығының жеріне шабуыл жасауынан басталған. Немесе, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1837 жылы ғана басталған жоқ, ол қозғалыс Кенесарының ағалары Есенгелді мен Саржанның 20-30 жж отаршылдыққа қарсы жүргізілген қозғалыстарынан бастау алып, одан әрі өрістеді... 1959 ж. Теміртау қаласындағы оқиғалар, 1970-1980 жж әртүрлі наразылықтар, 1979 жылғы Ақмоладағы ереуіл, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғалары, 1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы қазақ жастарының бас көтерулерінің бәрі ұлт саясатының бұрмалануына қарсы болған қозғалыстың түрлері. Бұлар тарих оқулықтарында әзірге түгел көрсетілмеген.

ә) пәндердің тәрбиелік міндеттерін жүзеге асыру. Бұл мәселеге ерекше назар аудару қажет болып отыр. Оның екі себебі бар: біріншіден: кеңес мектептерінде қоғамдық пәндердің тәрбиелік міндеттері сыңаржақ анықталды. Оның басым бағдары оқушыларды марксизм-ленинизм идеясына берілгендік, дүниежүзінде капитализмнің құрып, коммунистік қоғамның салтанат құратынына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологияларды жек көру рухында тәрбиелеу болды. Бұлардың теріс бағыттар екендігін өмір тәжірибесі көрсетті. Мұның өзі тарих, қоғамтану, мемлекет негіздері сабақтарындағы тәрбие мәселелеріне көзқарасты өзгертуді қажет етіп отыр. Екіншіден: соңғы 10-15 жылда тарих сабақтарының тәрбиелік міндеттеріне, оларды жүзеге асыруға ойдағыдай көңіл бөлінбейтіні байқалады. Ал, шындығында тарих, қоғам тану сабақтарында оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруға, адамгершілікке, отаншылдыққа, қаһармандыққа, ұлтжандыққа, барлық халықтарды құрметтеуге, олармен достық қатынас орнатуға, еңбексүйгіштікке, діннің тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелеуге, оларға эстетикалық, экологиялық, экономикалық тәрбие беруге толық мүмкіндік бар. Оқушыларға сабақ үстінде тәрбие берудің ерекше әдіс-тәсілдері жоқ, күнделікті дәстүрлі оқыту әдіс-тәсілдері пайдаланылады. Әңгіме сол әдістерді қолдану тәсілдерінде және олардың әсерлілігінде, эмоциялылығында. Мұғалімнің тебірене айтқан әңгімесі; тарихи немесе көркем романнан оқыған бір-екі минуттік әсерлі үзінді; экранға түскен кино, оқу фильмдерінің фрагменттері; ғимараттарға берілген әсерлі сипаттама; жеке қайраткерлердің (хандардың, билердің, байлардың, қоғам, мемлекет қайраткерлерінің, «Алаш» партиясы көсемдерінің, өнер қайраткерлерінің) портреттерін іліп қойып, адамгершілік қасиеттері мен қайраткерлік істерін, шығармашылығын талдау т.б. тиімді қолданылған жағдайда оқушылардың ішкі жан-дүниесіне әсер етеді. Оларды толғанысқа түсіреді, тебірентеді, демек, тәрбиелік мақсатқа қолданылған әдістің нәтижесі оқушының жүрегіне, санасына, сезіміне, сеніміне әсер ету арқылы көрінеді.

Оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мазмұны ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан, тарихи мәдени мұраларынан, асыл классикалық философиялық ой толғауларынан, ғұламалық бұлақтарынан, яғни тереңге бойлаған түп тамырынан нәр алып, табиғи таза мәдени-рухани құндылық-тармен үнемі және үздіксіз қанықтырылып отырылуы тиіс. Білімі мен технологиясы жедел өрлеп, экономикалық және қоғамдық тұрақты да жедел дамудың жолына түскен елдердің тарихи тәжірибелері осының айқын дәлелі болып отыр.



б) жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану туралы.

Білім берудің мақсаты - терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Осыған байланысты білім беру сапасы бойынша басты назар адамның алған білімін қолдануына қажетті және үздіксіз оқуға мүмкіндік беретін біліктер, жеткен дағдыларды қамтитын сапалы білім беру жүйесін құруға бағытталуы қажет. Қоғамдық пәндерді оқушыларға оқытып үйретуде мұғалім үнемі өзінің ой-өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажет. Педагог-ғалымдар қазіргі кезде қолданып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып көрсетуде.

Б. Лехачев педагогикалық технология оқу үрдісінде белгілі бір мақсат көздейтін педагогикалық ықпал десе, В.И.Беспалько «Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама береді. М.Кларин «Педагогикалық технология—белгілі бір мақсатқа қол жеткізу жолында қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп жазады.

Оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын қалыптастыру мәселесіне педагогтардың, психологтардың көптеген еңбектері арналған. Мәселен, белгілі антикалық ғалым Сократ оқыту үлгісінде оқушылардың іздемпаздығын арнайы басқарып отырудың керектігі туралы айтқан болатын. Кейіннен бұл қағидалар Я.А. Коменский, А. Дистервег, т.б. еңбектерінде дамытылды. Сондай-ақ, М. Скаткиннің, И. Есимовтың, И.Я. Лернердің, М.И. Шамовтың зерттеулерінде бұл мәселеге айтарлықтай көңіл бөлінді. Қазіргі кезде осы заманғы білім берді дамытуға қатысты 50-ден астам оқыту технологиясы қолданылып жүргендігі мәлім.

Біздің әріптестеріміз өз шәкірттеріне мемлекеттік білім стандартарында, оқу бағдарламаларында көрсетілген талаптарға сай білім, тәрбие береміз, өмірде қажет болатын біліктер мен құзыреттіліктерді қалыптастырамыз десе, өздерінің күнделікті тәжірибелерінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен ендіруге белсене кірісу керек. Әрине, оған белгілі дайындық қажеттігі түсінікті.

Мектептегі міндетті пәндер ішіндегі бірден бір ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелейтін, рухани азық беретін өз пәніміздің бағасын, болашақ ұрпаққа олардың малшысы мен манабы бір дәрежеде сөйлей алатын өресі кең ұлттың өкілі екенін үнемі естен шығармауын санасына сіңіруіміз қажет. Қазақ – болмысынан тарихшыл халық. Әр қазақ өзін ұдайы халық тарихының бір бөлшегі ретінде сезінген. Тарих – адамзат зердесі, ол ешкімге немесе белгілі бір уақыт талабына икемделіп қызмет етпеуі тиіс. Ақиқаттылық – тарихтың басты сипаты. Тарих тек ғылым үшін зерттелмейді. Ол ең алдымен тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі, еліміздің ертеңгі иелеріне осы бағытты сіңіруіміз қажет.

Болашақты дұрыс болжап, тереңнен ойластыра отырып, жүзеге асырылған, жоғарғы талаптар деңгейіндегі қалыптастырылған ұлттық білім жүйесі сөз жоқ, Қазақстан мемлекетінің саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік тәуелсіздігін нығайтудың, еліміздің және тұрақты даму дәрежесіне көтерілуінің, адами ресурстарын, интеллектуалдық капиталын молайтудың, жаһандану үрдісіндегі бәсекелестік қабілеттерін арттырудың бірден-бір қуатты да ұтымды құралы болмақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет