«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


«Әдемі ҥй екен, бірақ оның іргетасы болғанда ғой»



Pdf көрінісі
бет10/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   127
«Әдемі ҥй екен, бірақ оның іргетасы болғанда ғой» 
Білім мен парасаты асқан бір адам бір күні бір кӛркем жігітті кӛреді. Алайда, бұл 
жігіттің ұят мәселесінде бірқатар кемшіліктері бар екен. Осы кемшіліктерін байқаған 
данагӛй адам ол жігітке мынадай даналыққа толы сӛздер айтады:
«Әдемі үй, бірақ оның іргетасы болса ғой!» 
Иә, барлық нәрсенің басы мен негізі ұят пен әдеп болып табылады. Ол болмаса 
басқа әсемдіктердің онша маңызы қалмайды. Дәл бір іргетассыз ғимараттың 
болмайтыны секілді ұяттан жұрдай адам да басқа сипаттарына сеніп аяқта тұра 
алмайды. Олай болса адам ең алдымен ұятты болуға, яғни негізді мықтап қалауға күш 
салуы керек.
Адам жалғыз қалған кезде шынында да жалғыз бола ма? 
Адам ұят сезімін ӛзін біреу кӛріп тұрғанын білген сәттерде сезінеді. Мысалы, 
жалғыз қалған кезімізде жасаған кейбір әрекеттерімізді біреу кӛріп тұрған кезде жасай 
алмаймыз. Негізінде бұл сезім бізді кӛбінесе күнә істеуден, жаман нәрселер жасаудан 
тыяды. Әрине, бұл адамның ұят сезімінің деңгейімен тікелей қатысты. Сол себептен де 
ұлыларымыз «Адам ұятсыздығы мӛлшерінде күнә істейді, ұяты мӛлшерінде күнә 
істеуден ұялады» деген.
Енді осы жерде ӛзімізге мынадай сұрақ қояйық: Адам жалғыз болған кезінде 
шынында да жалғыз бола ма? Әрине, жалғыз емес. Аллаһ бар. Оның адамдардың 
жасаған істерін жазуға міндеттелген періштелері бар. Яғни, негізінде біреу немесе 
біреулер адамды әрдайым бақылауда. Міне, осы сезім мен түсінікке ие адам жалғыз 
кезінде де жалғыз емес екенін ұғып, дамдардың жанында жасауға ұялған әрекеттерден 
Сәми (барлық нәрсені естуші), Басир (барлық нәрсені кӛруші) және Хабир (барлық 
нәрседен хабардар) Раббының құзырында және періштелер қасында кезде одан да 
қатты ұялады.
Сол себептен ұятты болғысы келген мүмін адам осы сезім мен түсінікті бір сәтке 
болса да есінен шығармауы керек. Ұлы сахаба ХазіретОсманды ұят мәселесінде шыңға 
шығарған да осы сезім емес пе еді? 
21
Ибн Маже, З
ү
хд, 17 



ХазіретОсман - ұят пен әдептің үлгісі болған тұлға. Нежип Фазылдың 
түсіндіруімен «ХазіретӘбу Бәкір аяушылық пен мейірімнің, ХазіретОмар күш пен 
әділеттің, ХазіретОсман ұят пен әдептің, ХазіретАли ақыл мен даналықтың 
жаршылары. Осы тӛрт сахаба адамзат баласын толықтырады. Тӛртеуі де тӛрт жүзі бар 
шамның тӛрт әйнегі!»
22
ХазіретОсманның ең белгілі ерекшеліктерінің бірі оның ұяты мен әдебі болатын. 
Оның бұл сипаты туралы айтқанда ХазіретАйша анамыз мынадай ғибратты оқиғаны 
жеткізеді: 
«Аллаһ расулы бір күні менің үйімде үстіне бір жамылғыны жамылып, екі аяғы 
ашық демалып жатты. Сол кезде ХазіретӘбу Бәкір келіп, ішке кіруге рұқсат сұрады. 
Расулуллаһ сол қалпында оған кіруге рұқсат берді. Онымен сӛйлесті. Сосын 
ХазіретОмар келді. Оған да сол қалпында қабылдап, онымен де солай сӛйлесті. Одан 
кейін ХазіретОмар келіп, кіруге рұқсат сұрады. Осы жолы расулуллаһ дереу түзеліп 
отырып жинақталды.
Мен мұның себебін білу үшін «Ей, Аллаһтың расулы! ХазіретӘбу Бәкір мен 
Омар келгенде жинақталмай, ХазіретОсман келгенде жиналып, киіміңізді түзеттіңіз. 
Мұның себебі неде?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз сонда былай дейді: «Осман 
шынында да ӛте ұятты адам. Одан періштелердің ӛзі ұялғанда мен ұялмайын ба?». 
ХазіретОсман ұяты жағынан сахабалардың арасында үшінші қатарға кӛтерілген. 
ХазіретОсманның осы ұяты қазіргі адамдар үшін де үлгі. Мүмін ӛзін ақыретте Хақ 
Тағаланың құзырында ұялтатын, ӛкінетін әрекеттерден, жағдайлардан сақтауы керек. 
Бұған әсіресе жастар кӛп кӛңіл бӛлуі тиіс. Ар-намыспен ӛмір сүріп, қарым-қатынастың 
шегінен шықпауы керек, кейін ӛкінетін іске бармауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет