«Бір есеп бар, шеше алмай жатырмын!» Фетхуллаһ Гүлен Хожаефенди айтады:
«Қайтыс боларында нағашым да дәл әкем сияқты қайта-қайта есінен танып, есін
жинаған кезде басында отырған адамға «Бір нәрсе қалды, соның астынан шыға алмай
жатырмын» депті. Ол кезде қасында Алвар Имамының баласы Сейфеддин мырза
болған екен.
Сӛйлеуге шамасы келсе «Сейфеддин мырза, алдыма бір машина есеп әкелді!...
Пәлен кӛшемен жүрмеуім керек еді, неге ол жерде жүрдің? Пәлен жерге бара жатқанда
басыңды июің керек еді, неге басыңды кӛтеріп, кӛзіңе харам ілінді? Мына жерде неге
құлағыңды қорғамай, жағысмыз дауысты естідің? Соншама кӛп есеп бар, олардың
бәріне жауап беруге тырысамын, есептерден аппақ болып шыққым келеді. Алайда,
мырза, бір есеп бар, одан шыға алмар емеспін...» деп ыңырсиды. Иә, менің туысым,
анамның ағасы, нағашым...
Шыға алмаған есебінің не екенін білсем жанымды беріп, оны ӛтер едім, оны сол
жүктен құтқару үшін барымды салар едім. Бірақ, оның не екенін білмеймін ғой...»
185
***
Осман Шимшек айтады:
Құрметті ұстазымыздың фыкыхтық кӛзқарасы шеңберінде бір адам ӛзі (басқа
табысы болмағандықтан) нақты харам болмаған күмәнді нәрселерді жеп-ішсе де
отбасын онымен асыруы дұрыс емес. Адам бала-шағасын міндетті түрде халал
ризықпен асырауы керек. Хожаефенди тура жолды насихаттауды (ӛзі үшін) құлшылық
парызы деп біліп, сол іспен айналысқаны үшін ӛзіне бӛлінген ресми жалақыны күмәнді
деп санап, тек ӛзіне қажетін ғана алған.
Ӛмірінің кӛп бӛлігін кедейлікте ӛткізіп, харам нәрседен қорыққандықтан
бірнеше күн аш та қалған. Жалақысы аз қызметкер болып жұмыс істеген жылдарында
кӛбін иман қызметі жолындағы іссапарларына жұмсағандықтан ӛзіне әзер жеткізген.
Азық-түлікке бӛлетін ақшасы болмағандықтан айлар бойы тек картоп қайнатып жеумен
шектелген ұстазымыздың сол тар күндерде басқаға қарасуы қиын, отбасының ризығы
үшін де болса қарызға кіруі мүмкін емес.
Үйлену туралы бір-екі рет ойлаған алғашқы кезінде ішінен «Заңсыз табысқа
кіруге мәжбүр болмаймын ба? Негізгі міндетімді тастап, дүниеге салынып кетем ба?»
деп үрейленген
186
.