«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Шайтан адамдарды қалай мҥсінге табындырды?



Pdf көрінісі
бет103/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Шайтан адамдарды қалай мҥсінге табындырды? 
Аллаһтан қорқатын, күндіз-түні құлшылық жасайтын кӛптеген адам бар 
болатын. Олар Аллаһты, Аллаһ оларды сүйіп, дұғаларын кері қайтармайтын. Аллаһтың 
осы сүйген құлдары адамдар арасында да беделді болатын. Шайтан бұл жағдайды 
пайдалануды ойлайды. 
Бұл Аллаһ достары болған адамдар қайтыс болғаннан кейін шайтан халықтың 
арасына кіріп, олардың ойына орайы келгенде осы Аллаһ достарын түсіре бастайды. 
-
Пәлен, пәлен деген адамдарды білетін ба едіңдер? 
-
Мынаның сұрағына қара. Олар Аллаһқа қатты берілген адамдар еді. 
Дұғалары кері қайтарылмайтын. 
-
Олар үшін қаншалықты қайғырасыңдар? 
-
Ӛте қатты қайғырамыз, айтып жеткізе алмаймыз. 
-
Олай болса оларды кӛргілерің келеді, солай ма? 
-
Әрине! 
-
Неге сендер оларға қарамайсыңдар? 
-
Не дегің келеді? Ол мүмкін бе? Олар қайтыс болған жоқ па? 
-
Сендер олардың суреттері мен мүсіндеріне қараңдар! 
Шайтанның бұл сӛздері халыққа ұнап қалады. Сӛйтіп, сол жақсы адамдардың 
суреттерін салдырып, күнде сол суреттерге қарай бастайды, осылайша сағыныштарын 
басады. Уақыт ӛте келе суреттер мүсіндерге ауысады. Оларды үйлеріне, құлшылық 
жасайтын жерлеріне дейін барлық жерге іліп қояды.
Суреттер мен мүсіндерді алғаш жасаған бұл адамдар Аллаһқа ғибадат етеді, 
Оған ортақ қосқан жоқ. Бұл мүсіндердің тастан жасалғанын, пайдасы да, зарары да жоқ 
екенін біледі, бірақ сонда да құрметтейтін. Бара-бара мүсіндер кӛбейе бастайды. 
Мүсіндердің кӛбеюімен құрмет те арта түседі. Мүсіндерге құрмет жасап, бағыну әдетке 
айналады. Жақсы адам қайтыс болса дереу оның мүсінін жасау міндетке айналады. 
Қаншама ұрпақ ӛсті. Балалар, немерелер әкелерінің және аталарының мүсіндерді 
құрметтегенін, бас игендерін, ізет кӛрсеткенін кӛрді. Балалар құрмет кӛрсетуде 
әкелерінен де асып түсті, уақыт ӛте келе оларға сәжде жасап, қажет нәрселерін 
мүсіндерден сұрай бастады. Осы арада мүсіндер үшін құрбан да шалына бастады.
193
Б
ұ
хари, Либас 95 
194
Б
ұ
хари, Либас, 91 


96 
Ақырында мүсіндер пұтқа айналды. Бір шірк құралы ретінде қолданыла 
бастады. Осылайша, шайтан тағы бір рет мәңгілік дұшпанын жеңген еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет