28
Исламға қызмет және осы жолда жетістікке жету әрдайым бір әдіспен жүзеге
асқан және осы жолда мың түрлі қиындық пен азап кездескен. Аллаһтың жолында
болудың ӛзімен бірге алып келетін қиын және азапты ӛміріне
қатысты мысалдар
ғасырлар бұрын ӛмір сүрген алғашқы адамдардың және олардың нәбилерінің
ӛмірлерінде де кездеседі.
Мысалы, Құранда айтылуы бойынша қауымының ХазіретНұхқа айтқан сӛздері
кӛшеде біздің біреуімізге айтылатын болса және бізге солай тіл тигізілетін болса қатты
ашуланып, ренжиміз. Бес үлкен пайғамбардың бірі болған ұлы пайғамбар күн сайын әр
үйді аралап, «Лә иләһә илләллаһ» деңдер» деп уағыз айтқан, ал олар болса оның аяғына
жіп
байлап тартқан, ұрып-соққан, үстіне
топырақ шашқан, небір жаман сӛздермен
балағаттаған.
ХазіретИбрахимнің ӛміріне қарасақ та оның қандай қиындықтарға душар
болғанын кӛре аламыз. Ол отқа тасталу, әйелін бір жаққа апарып тастау және баласын
құрбандыққа шалу секілді ауыр қиыншылықтарға душар болған.
ХазіретИсаға он екі адам болған үмметінен бірі қиянат жасаған. Тіпті,
қауымы
оның үйін сатқындықпен қоршап, ӛз нәбилерін креске керу үшін жарыса жүгірген.
Нәтижеде нәбилер әрдайым қиындықтар шеккен. Жол - солар жүрген жол. Сол
себептен Юнус Емре былай дейді:
Бұл жол ұзақ, тұрағы кӛп,
Ӛткелі жоқ, терең сулары бар.
Осы тұрғыдан алып қарағанымызда Хақ жолында жүргендер әртүрлі
қиындықтар мен азаптарға дайын болуы керек. Сенген
адамдар хақ пен ақиқатты
мұқтаж адамдарға түсіндіру бағытында бастарына келуі мүмкін қиындықтарды алдын
ала қабылдауы керек және оларға сабырлық етіп шыдаулары керектігін жақсы біліп,
оған разы болулары керек.
Достарыңызбен бөлісу: