56
ғибадаттың қабыл болуының жалғыз шарты да ықылас болып табылады.
Тіпті, Құранда «имандарыңда ықыласты болыңдар» дегеннің орнына «иман
келтіріңдер» сӛзінің қолданылуы ықыласты болмаған иманның онсыз да
иман болып саналмайтынын кӛрсетеді
114
.
Бәдиуззаман хазретлері бұл мәселеде ең қауіпті
нәрсенің иманға қызмет
барысында адамдардың ризалығын жасырын түрде болса талап етуге тырысу екенін
айтады. Бірқатар хатында осы мәселеге тоқталып, шәкірттеріне ескерту жасайды. Тіпті,
ӛзін мақтап жазған кӛптеген хаттарды тек Аллаһ ризалығына қайшы келмесін деп
қайтаратын не болмаса Рисале-и нұр үшін деп қабылдап, бірақ оған ӛзгертулер енгізуге
тырысатын. «Лүтфидің жолдасы Зеки» деп қол қойған бір шәкіртінің ӛзіне жазған
хатында «Құрметті Ұстаз! Қызметің кӛктерді кезсін, сіз дастандарда кезіңіз» деген
сӛзіне Бәдиуззаман былай деп жазған: «Бұл бауырымның бұл сӛзіне қосылмаймын.
Аллаһтың ризалығы жетеді. Егер ол жақын болса барлық нәрсе жақын.
Егер ол
қабылдамаса бүкіл дүние қолдаса да бес тиынға арзымайды. Адамдардың қолдауы
осындай ақыреттік істе қатер тӛндірсе ол іс-амалды жояды».
4.
Ықыластағы рухани күшті байқау: Бәдиуззаман хазретлері бұл дәстүрді
түсіндірген кезде «Бар күшіңізді ықыласта және ақиқатта деп білуіңіз керек»
деп мәселенің маңыздығын меңзейді. Оның ойынша ықыласты болу немесе
орынды жағдайда болу адамға күш беретін жағдайлар болып табылады.
Ықыластың адамға және қоғамға осыншама күш беруіне байланысты
заңсыздардың ӛзі кӛрсеткен заңсыздықтары ішінде танытқан ықыласы мен
адалдығына байланысты күшке ие болады. Ӛйткені,
жетістік пен сәтсіздік
үшін сипаттар мен себептер маңызды. Басқаша айтқанда, бір кәпірдің
бойындағы мұсылмандық сипат мұсылмандағы жаман сипаттарды жеңеді,
нәтижеде мұсылман емес, кәпір жетістікке жетеді.
Ұстаз хазретлері ықыластағы күш пен қуатқа ӛзінің қызметін мысал етіп беріп,
жүз, тіпті мың есе артық кӛмекшілері бола тұра жиырма жылда Стамбулда және ӛз елі
Ванда жасаған діни және ғылыми қызметтің жүз есесінің Барлада жеті-сегіз жылда
жүзеге асқанын айтып, былай дейді: «... Бұл жерде (Барлада) менің жалғыз ӛзім жүріп
бӛтен, жартылай сауатсыз және ынсапсыз қызметкерлердің қарамағында жеті-сегіз жыл
сіздермен жасаған қызметім бұрынғы қызметтен жүз
есе артық жетістікке жеткен
рухани күштің сендердегі ықыластан келгеніне ешқандай күмәнім қалмады».
Бәдиуззаман хазретлерінің ойынша Аллаһ та ықылас иелеріне айрықша мән
береді. Адамдардағы ықылас күші Аллаһтың рақымдылығына бӛленуге себепші
болады деуге болатындай. Осы мағынада бірнеше жерде ӛзінің және Нұр шәкірттерінің
«жұмысқа алынғанын» айтып, ықыласты, адал адамдардың Аллаһ тарапынан іске
сайланғанын айтады. Сүлеймен деген ӛзіне қызмет еткен
бір шәкіртінің қызметінің
ақысына материалдық ешнәрсе қабылдамағанына назар аударған Ұстаз хазретлері ол
шәкірттің қызметін таза, ықыласпен және Аллаһ үшін жасағанына байланысты Аллаһ
тарапынан қызметке тағайындалғанын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: