Осылардың ішіндегі ең маңыздысы - ол ұзақ уақытқа созылған ультракүлгін сәуленің зиянды әсері.
Клиника Базальды клеткалы рак- көбінесе бетте кездеседі және ол кішкене ғана, тері деңгейінен шығып тұрған, ортасы шұңқырланған жылтырланған ісік болып көрінеді. Кейіннен ортасы ойық жара болып, беті қабықтанады, қабығын алсаң жара бетінен қан шығады. Жараның жағалары тегіс емес және білеуленіп, тері деңгейінен қөтеріліп тұрады. Кейде жара қабықсыз келіп, үнемі қан кетеді, айналасындағы, не астындағы тіндерге өтеді, ол кезде жараның қозғалысы нашарлайды. Базальды клеткалы рак емнен кейін жиі-жиі қайталанып, басқа жерінде пайда болады.

Жайылма клеткалы рак.Ол көбінесе бастың, кеуденің, аяқтардың, құлақ қалқаншасының, сыртқы жыныс мүшелерінің терілерінде орналасады. Беткей және жайылмалы түрде кездеседі. Ісік еш уақытта ауыртпайды, тері деңгейінен көтеріліп, тез арада ойық жара пайда болып, одан қанды-су ағады, кейде мұның алдында теріде қышыма пайда болады. Кейіннен барып, ісік айналысындағы, немесе астындағы тіндерге көшеді, лимфа бездерге тарайды. Фунгозды ракта ісік қырыққабат сияқты сыртқа қарай өсіп, үлкен көлемге жетеді, беті жараланып, үнемі қан кетуі байқалады. Мұндай рак аймақтық лимфа бездеріне тез арада бөгелме ісік береді.
Жайылма клеткалы рак. Ол көбінесе бастың, кеуденің, аяқтардың, құлақ қалқаншасының, сыртқы жыныс мүшелерінің терілерінде орналасады. Беткей және жайылмалы түрде кездеседі. Ісік еш уақытта ауыртпайды, тері деңгейінен көтеріліп, тез арада ойық жара пайда болып, одан қанды-су ағады, кейде мұның алдында теріде қышыма пайда болады. Кейіннен барып, ісік айналысындағы, немесе астындағы тіндерге көшеді, лимфа бездерге тарайды. Фунгозды ракта ісік қырыққабат сияқты сыртқа қарай өсіп, үлкен көлемге жетеді, беті жараланып, үнемі қан кетуі байқалады. Мұндай рак аймақтық лимфа бездеріне тез арада бөгелме ісік береді.