Қызметінің бірі қорғаныс, екіншісі тер шығару, үшіншісі дем алуға қатнасуы, бұған қоса онда қан тамырлары өте кең мөлшерде дамыған, олар тері артериясынан және бұлшық еттерден басталып, бір-бірімен қосылады, сөйтіп


Меланоманың tnm жүйесі бойынша жіктелуі



бет8/12
Дата19.01.2023
өлшемі0,95 Mb.
#61988
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
249239.pptx

Меланоманың tnm жүйесі бойынша жіктелуі.

  • Меланоманың tnm жүйесі бойынша жіктелуі.
  • Т- бірінші ісік көлемі. Ол тек ісік тұтас сылынғаннан кейін анықталынады.
  • N-- аймақтық лимфа бездері.
  • - аймақтық лимфа бездері анықталмаған, белгісіз.
  • No - аймақтық лимфа бездері білінбейді.
  • N1 - зақымданған жағында қозғалмалы лимфа бездері бар,
  • N2 - зақымданбаған, немесе екі жағында, қозғалмалы лимфа бездері бар,
  • N2а - лимфа бездеріндегі бөгелме ісік көлемі 3см- ден асса,
  • N2б - сателлиттер көп болса,
  • N2с - соңғы екі жағдайдың екеуі де қабаттасып келсе,
  • М- - алыстағы бөгелме ісік.
  • Мо-- алыстағы бөгелме ісік жоқ.
  • М1 - алыстағы бөгелме ісік бар.
  • М1а- бөгелме ісік теріде, немесе тері асты май қабатында бар болса және ол аймақтық емес лимфа бездерінде орналасса,
  • М1б- ішкі мүшелер бөгелме ісікпен зақымданса. жарақаттанса.

1965 жылы Кларк деген ғалым меланоманың тері астына өсуін 5-деңгейге бөлген:

  • 1965 жылы Кларк деген ғалым меланоманың тері астына өсуін 5-деңгейге бөлген:
  • 1- деңгейі - ісік, терінің негізгі қабатындағы мембранасына дейін өсуі. Яғни ісіктің терідегі эпидермистің: 1-түлегіш, 2- мөлдір, 3- дәнді, 4- тегіс емес қабаттан өтуін айтады. Ендігі бесінші қабат базальды клеткасындағы мембраналық сызық болып саналады. Осымен эпидермис бітіп, одан соң негізгі тері қабаты (дерма) басталады.
  • 2- деңгейі – ісік, эпидермистен өтіп, базальды мембранадан (сызықтан) асып, негізгі тері басталған жеріне жетуі,
  • 3- деңгейі – ісік, негізгі терінің бірінші емізікті және екінші торлы қабаттары зақымданғанда,
  • 4- деңгейі - ісік негізгі терінің ең соңғы қабатына шейін жетуі,
  • 5- деңгейі - ісік, тері астындағы май қабатын зақымдауы.

Инвазия деген ұғым, ол ісіктің терідегі өсу деңгейін, меланоманың көлемімен (қалыңдығымен) анықталатын болды, себебі бұл ұғым дәл болжам айтуға мүмкіндік береді.

  • Инвазия деген ұғым, ол ісіктің терідегі өсу деңгейін, меланоманың көлемімен (қалыңдығымен) анықталатын болды, себебі бұл ұғым дәл болжам айтуға мүмкіндік береді.
  • Терідегі инвазия деңгейінің өзгеруі:
  • Т1 - инвазия -1мм-ден кем,
  • Т2 - инвазия 1мм-ден үлкен, бірақ 2 мм-ден кем,
  • Т3 - инвазия 2 мм-ден үлкен, бірақ 4 мм-ден кем,
  • Т4 - инвазия 4 мм-ден асса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет