Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері



Pdf көрінісі
бет17/46
Дата11.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42315
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
Инклюзивті-білім беру книга

Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері. 
 
-дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру 
технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу 
қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын 
қамтамасыз ету; 
-мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, 
әлеуметтік бейімдеу және оларға жалпы білім беру үшін 
арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан 
оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы 
қолайлы жағдайлар жасау; 
-қашықтықтан 
білім 
беру 
моделінің 
мүгедек-балалардың 
даму 
ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімділігі; 
-жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын 
қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау. 
 
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалтумен сүйемелдеу. 
 
Мүгедектерді 
әлеуметтік 
қолдау және қорғау, 
оларға экономикалық, 
саяси және өзге құқығы мен бостандықтарды тең іске асыру мүмкіндіктерін 
қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сондай-ақ 
қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен кепілденген. 
Мүгедектердiң әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды 
реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың 
тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың 
құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындаушы 
заң «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 
ҚР 2005 жылғы 13 сәуiрдегi № 39-III Заңы болып табылады. 
Мүгедектер мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен медициналық, 
әлеуметтік және кәсіптік оңалту курстарынан өтеді, арнаулы қозғалыс 
құралдарымен, 
санаторлық-курорттық 
емделумен, 
сурдотехникалық, 
тифлотехникалық және басқа оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі. 
Мүгедектерге мемлекеттік бюджеттен кепілденген жәрдемақылармен бірге 
мүгедектерді әлеуметтік қорғау элементтерінің бірі организмді қалпына 
келтіру және бұзылған немесе жоғалтқан қызметін қалыптастыруға, өзіне-өзі 
қызмет көрсетуге,кәсіби қызметтің әртүрлі түрлеріне бағытталған медициналық, 
психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін 
ұсынушы оңалту болып табылады. 
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, 
мүгедек балаларды тәрбиелеу және оқыту жалпы немесе арнаулы мектепке 
дейінгі 
ұйымдарда және басқа оқу мекемлерінде жүзеге 
асыру 
мүмкін 
болмағанда, 
психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультативтік 


29 
қорытынды негізінде тағайындалады. Әлеуметтік көмек мөлшері тоқсанға 6,5 
АЕК құрайды. 
Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында 
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кадрлық даярлау жеңіл мамандықтар 
бойынша жүргізіледі: «әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері»; «сылақшы–
майлаушы», «ағаш ұстасы», «ауылшаруашылық техникасының темір ұстасы–
жөндеушісі», «автомеханик», «аспазшы», «тігін өндірісі және киімді 
модельдеу», «аяқ-киім жөндеу шебері», «есептеу техникасы мен бағдарламалық 
қамсыздандыру», «тамақтануды ұйымдастыру», «емдеу ісі», «аударма ісі», «іс 
қағаздары және мұрағаттану», «қаржы», «құқықтану», «ақпараттық жүйе» және 
т.б. І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар 
арасынан шыққан азаматтарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 296 қаулысына сәйкес жоғары оқу 
орындарына қабылдау кезінде бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан 
1 пайыз көлемінде қабылдау квотасы қарастырылған. Бұрын бұл квота 0,5 
пайызды құрайтын. 
2012-2013 оқу жылында 273 мүгедекке, оның ішінде белгіленген квота 
шегінде 204 адамға білім беру гранты тағайындалды. 
Соңғы үш жылда 713 мүгедекке гранттар тағайындалды. Осыған қоса, 2008 
жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес көзі нашар көретін мүгедектер мен 
құлағы кеміс мүгедектер, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз 
қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығында-ғы) балалар 
ұлғайтылған (+75 пайыз) мемлекеттік стипендия алады. 
Сондай-ақ, мүгедектер білім алып жатқан жоғары оқу орындарында 
олардың еркін кіруі үшін (пандус) жағдай жасалады, арнайы оқу құралдары 
пайдаланылады. 
Қазақстан Республикасының Елбасы өз жолдауында әлеуметтік 
мәселелерге көп көңіл бөлді. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасының 
білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – білім беру 
үдерісінің барлық қатысушыларын жақсы білім беру қорлары мен 
технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып отыр. 
Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – мүмкіндіктері шектеулі 
балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алу 
құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады. 
Білім беру саласындағы халықаралық құжаттар негізінде құрылған 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі баланың 
білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады. 
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақстан 
Республикасының Ата Заңы – Конституциясында, «Қазақстан Республикасында 
бала құқықтары», «Білім», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді 
әлеуметтік қорғау», «Арнай әлеуметтік қызметтер», «Мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық 
түзете қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген. 


30 
Мүмкіндіктері шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың 
басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере 
отыра балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған. 
Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, 
экологиялық-экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық 
аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп 
отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мектепте және 
үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың 
психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзету 
жұмыстарын ұйымдастыру керек. 
Келісімшартпен бекітілген нормаларды мүгедектерді әлеуметтік қорғауға 
байланысты қазақстандық заңнамада бар нормалармен салыстыра отырып, ең 
алдымен мүгедектік мәселесіне тұжырымдамалық жағынан келуге назар аудару 
керек. Келісімшартта мүгедектердің кемшіліктеріне баса назар аударылмайды
керісінше, мүгедектік мәселесі барлығын жаппай қамти алатын және дербес 
әртүрлілікті қабылдай алатын қоғам дерті болып саналады. Адам құқығы туралы 
(ары қарай – Нұсқаулық) БҰҰ Жоғарғы комиссарының Басқармасымен 2010 
жылы жарияланған «Адам құқығы туралы Келісімшарттың жүзеге асуын 
бақылау» атты адам құқығы саласындағы бақылаушыларға арналған 
нұсқаулықта көрсетілгендей, Келісімшарт мүгедектікті болдырмау емес, ең 
алдымен, мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті болдырмауға бағытталған. 
Қазақстанның мемлекеттік саясаты мүгедектерге қатысты көбіне мүмкіндігі 
шектеулі жандардың олқылықтарына және оларды қоғамға біріктіру 
қажеттіліктеріне негізделген. 
Мүгедектігі бар адамдардың заңды мүддесі мен құқықтарын қорғау 
саласында негізгі нормативті-құқықтық акт (НҚА) «Мүгедектерді әлеуметтік 
қорғау туралы» (ары қарай –Заң) 2005 жылдың 13 сәуіріндегі №39 ҚР Заңы 
болып табылады. Ол Қазақстандағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау 
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды, олар: 
мүгедектіктің алдын алу, әлеуметтік қорғау, сонымен бірге мүгедектерді 
сауықтыру; мүгедектерді қоғамға тарту. 
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңда мүгедектік 4 ағза 
қызметінің қатты бұзылуы салдарынан адам өмірінің шектеулі сатысы ретінде 
қарастырылады. 
Заң мүгедекті «өмір сүруді шектеуге дейін әкелетін және әлеуметтік 
қорғауды қажет ететін аурулар, жарақаттар, олардан келген зияндар, кемістіктер 
салдарынан ағза қызметінің қатты бұзылуынан денсаулығында ауытқушылық 
болған тұлға» ретінде қарастырады. 
Келісімшартқа сәйкес, мүгедектерге «түрлі кедергілермен өзара әрекет 
жасау кезінде олардың басқалармен тең дәрежеде қоғам өміріне толық және 
тиімді араласуына кедергі келтіретін физикалық, психикалық, интеллектуалдық 
немесе сенсорлық ауытқушылықтары бар тұлғалар» жатады. Келісімшартта 
және мүгедектер құқығын қорғау бойынша ҚР негізгі заңында «мүгедек» және 


31 
«мүгедектік» 
деген 
анықтамалардың 
айырмасы 
жоғарыда 
айтылған 
мүгедектердің қабылдауы мен мүгедектікке деген қатынасты көрсетеді. 
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заң 2002 жылдың 8 тамызынан 
№345 «Балалар құқығы туралы» ҚР Заңында бекітілген «мүгедек бала» түсінігін 
де анықтап береді. Екі НҚА-ге сәйкес, «өмір сүруді шектеуге дейін әкелетін 
және әлеуметтік қорғауды қажет ететін аурулар, жарақаттар, олардан келген 
зияндар, кемістіктер салдарынан ағза қызметінің қатты бұзылуынан 
денсаулығында ауытқушылық болған он сегіз жасқа дейінгі тұлға» мүгедек бала 
болып саналады. 2002 жылдың 11 шілдесінен №343 «Мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық демеу туралы» 
Заңының 1 бабының 2 тармақшасы «он сегіз жасқа дейінгі физикалық және 
(немесе) 
психикалық 
ауытқушылықтары 
бар, 
туыла 
салысымен, 
тұқымқуалаушылық әсерінен, аурулардың немесе түрлі жарақаттардың 
салдарынан болған белгілі бір тәртіпте анықталған өмір сүру қабілеті шектелген 
бала (балалар) «мүмкіндігі шектеулі бала (балалар)» түсінігін енгізді. Заңнамаға 
сәйкес «мүгедек бала» және «мүмкіндігі шектеулі бала» терминдеріне шек 
қойылмаған (ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2008 ҚР Заңына 
сараптамалық анықтама). 
ҚР «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13 бабына сәйкес 
мүгедектік тобы он алты жаста бекітіледі. 
Сонымен бірге Келісімшартқа сәйкес мүгедектігі бар адамдарға қатысты 
«мүгедектер» және «мүмкіндіктері шектеулі адамдар» терминдерінің 
мағыналары әртүрлі. 
Төменде көрсетілген кестеде аталған келісімнің 3 бабында бекітілген 
мүгедектер құқығы туралы БҰҰ Келісімшартының және «Мүгедектерді 
әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының 2 бабында бекітілген мүгедектерді 
әлеуметтік қорғау саласында Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі 
ұстанымдары көрсетілген. Келісімшарт негізінде жатқан ережелердің 
қалыптасуына мүгедектік мәселесін құқық қорғау мәселесі ретінде түсіне 
жатқанын айта кету керек. Шолу авторларының пікірі бойынша екі жақты 
құқықтық жақтардың негізгі ұстанымы кемсітпеушілік немесе кемсітушілікке 
тиым салу болып табылады. 
Теңдік пен кемсітпеушілікке Келісімшартта жеке бап берілген –5 бап. 
Аталған баптың мүгедектік бойынша кемсітушілікке тиым салу ғана емес, кез 
келген жағдайда кемсітушіліктен теңдей және тиімді құқықтық қорғауға 
мүгедектерге кепілдік беретінін айта кеткен жөн. Сонымен қатар қазақстандық 
заңнамада ол аясы тар түсінікте бекітілген - мүгедектік белгілері бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет